Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері туралы қазақша реферат

Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар құрайды.

Әкімшілік — құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.

Әкімшілік — құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:

1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;

2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;

3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;

Әкімшілік реттеудің мәні — басқару қатынастарын ретке келтіру, әкімшілік құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез — құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.

Әкімшілік құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:

1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;

2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.

3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;

4)қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған.

Әкімшілік — құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін белгілейді.

Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды.

Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды әртүрлі бұзушылықтан қорғайтын нормаларда бар.

Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке болып бөлінеді. Мемлекет және құқық теориясында мемлекет пен құқықтың арақатынасы жөніндегі сұрақ бойынша екі амал – жолды бөліп атауға болады. Біріншісі –мемлекеттің құқықтан басымдылығынан туындайтын этатикалық тәсіл. Екінші тәсіл табиғи – құқықтың көзқарастар арнасында нығайтылды және мемлекетпен салыстырғанда құқықтың басымдылығынан туындады.

Әкімшілік нормалардың көпшілігі имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы – дегеніміз нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген тәртібі.

Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:

1)гипотеза;

2)диспозиция;

3)санкция.

Гипотеза – бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік — құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет).

Гипотезаның мынадай түрлері болады:

— абсолютті — анықталған — бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.

— салыстырмалы — анықталған — бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.

Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.

Санкция – бұл мінез — құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.

Әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.

Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасы — үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс масштабы. Құқық нормасының белгілері: формалды анықтаушылық жалпы міндеттілік, жүйелілік, әрекеттің қат-қабаттылығы, адресаттық кейіптеушіліксізі мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсынушылық-міндеттілік сипаты.

Құкықтың(қайнар көздерінің) формаларының түсінігі. Санкциялы дәстүр. Әдет-ғұрпы құқығы. Сот және әкімшілік прецеденті. Нормативтік құқықтық акт.Зандық доктрина құқықтың қайнар көзі ретінде.

Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жалпы ситапттамасы. Нормативтік құқықтық актілерлің түрлері, заңдық күші, әрекет ету ортасы, оларды шығару субъектілері және әрекет ету мерзімі бойынша саралануының критериилері.

Қағида шығармашылығының, құқықшығармашылықтың заңшығарушылықтың түсінігі. Халықтың бірден-бір құқықшығармашылығы. Референдум түсінігі. Заң шығару процессінің сатысы және түсінігі.

Құқық жүйесінің түсінігі. Құқықтың құрылымы. ҚҰҚЫҚТЫҚ институттар және олардың түрлері.

Құқықтық қатынастардың түсінігі.Құқықтық қатынастардың құрамы. Құқықтық қатынастардың мазмұны. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның түрлері мен әдістері.

Құқықты қолдану — құқықтық жүйе асырудың ерекше формасы (әдісі). Құқықты қолдану субъектілері: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдары.

Нормативтік құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқық нормаларының мазмұмын түсіндіру және анықтау.

Құқықтық сана — қоғамдық сананың түрі. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен арақатынасы: сасяси, өнегелік, діндік.Құқықтық мәдениеттің түсінігі элементтері және деңгейлері.

Құқықтағы кемтіктің түсінігі. Құқықтағы аналогия институты. Заңның аналогиясы және құқықтық аналогиясы.

3аңды мінезқұлық заң нормаларының нұсқауларына сәйкес мінез құлық ретінде.3аңды мінез құлықтың түрлері. Активті, пассивті және қалыпты мінезқұлық.

Құқық бұзушылықтың түсінігі, түрлері. Қылмыстылықтық себептері және басқа да құқық бұзушылыктардың әлеуметтік табиғаты. Заңды жауапкершілік және оның түрлері.3аңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен ролі. Конституциялық заңлылық заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі


Тағы рефераттар