Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі туралы қазақша реферат

Судья– сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген.Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады. Қазақстанда барлық Судьялардың мәртебесі бірдей және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” заңымен және өзге де заңдармен айқындалады. Оған заңда көзделмеген соттан тыс атқарымдар мен міндеттер жүктелмейді, сондай-ақ ол қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізілмейді. Қызметке конституция мен заңдарға сәйкес сайланады немесе тағайындалады, оның қызметі аталмыш конституц. заңда көзделген негізде және тәртіппен тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады. Судьялар ауыстырылмайды әрі тәуелсіздігі конституциямен және заңмен қорғалады және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде осы екеуіне ғана бағынады. Оған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне, қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген. Істі Судьялар алқасының құрамында қарайтын Судья істі қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелерді шешу кезінде төрағалық етушімен және басқа Судьялармен тең құқықта болады. Судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін, Судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Судья өзінің жоғары мәртебесіне сәйкес мемлекет есебінен материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандырылады.

 

Мемлекеттік биліктің бір тұтқасы болып саналатын сот саласындағы реформаларды жүзеге асыруда екі сьезд аралығында қыруар жұмыстар тындырылғанын баршамыз да жақсы білеміз. Атап айтар болсақ, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңға қомақты өзгерістер енгізіліп, «Жоғарға Сот Кеңесі туралы» ҚР-ның жаңа заңы қабылданды. Сот жүйесінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітіліп, еліміз бойынша өлім жазасына мораторий енгізілді. Алқа билер институты жұмысқа кірісіп, тұтқындау санкциясы соттарға берілді.

 

Қоғам мен мемлекет мүддесін, ел азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын сот арқылы қорғауды толықтай қамтамасыз ету үшін сот құрылысын жетілдіру, соттардың мамандануын кеңейту, істердің қаралу мерзімін сақтауды қамтамасыз ету,соттың бақылау жасау аясын кеңейту,сот рәсімдерінің ашықтығына кең жол ашып, білікті кадрлармен толықтыру бағытындағы атқарылған істер де сот саласын өркенниет көшіне бір табан жақындата түсті деп сеніммен айтуға болады.
Елбасы Н.Назарбаев таяуда Атырау облыстық сотының жаңа ғимаратында судьялармен кездескен кезде :«Кеңес үкіметі кезінде жұртшылық өздерінің арыз-шағымдарын партия, атқару, кәсіподақ комитеттеріне айтатын. Енді әділдік іздеген адамдар сотқа жүгінетін болды. Сондықтан да жауапкершілік жүгін сезіне отырып, қандай ма істі қарасаңыздар да Ата Заңымызды басшылыққа алып, имандылық тұрғысынан шешіңіздер» деп атап көрсетті.Экономикамыздың өркендеуіне, қоғамымыздың дамуына үлкен қатер төндіріп отырған сыбайлас жемқорлыққа, басқа да қылмыс түрлеріне батыл тосқауыл қойып, сот үкімдерінің әділ болып, мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Елбасы алға қойған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруда Атырау обылысының соттар ұжымы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара еңбек етуде.
Сонымен қатар соттардың тиімді жұмыс жасаулары үшін егеменді еліміздің ұзақ мерзіміді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, бүкіләлемдік стандарттарға сай іргелі заңдар қабылдауға жол ашылады деп сенемін. Тек қана тұтқындау емес, сот шешімін керексінетін санкциялардың өзге де түрлерін сот құзіретіне беру қажеттігін уақыттың өзі талап етіп отыр.
Судьялар тәуелсіздігінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту, адамдардың жеке басы мен бостандығына қол сұқпау құқығын қамтамасыз ету үшін алдын ала тергеу сатысында соттарға қадағалау өкілеттігін беру мақсатында Қылмыстық-процессуалдық кодекске де өзгерістер енгізу қажеттігі байқалады.
Сот шешімдерінің орындалуы кей жағдайларда тым ұзаққа созылып кететіні шағымданушы жақтардың орынды реніштерін туғызуда. Осынау аса маңызды мәселені тезірек шешу үшін өркенниетті елдердегідей, біздің елімізде де жеке сот орындаушылар институтын құру ісі қолға алынды. Болашақта олардың белгіленген заң аясында тиімді жұмыс жасаулары үшін олардың әрекеттерін реттейтін, тараптардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған механизмдер керек. Жеке сот орындаушыларының жұмысына мемлекеттік қадағалау мен басқа да бақылаушы органдардың араласуын барынша азайтып бұл мәселелерді толықтай шешуді соттардың құзіретіне беру керек. Сонда ғана бұл проблеме толықтай шешімін табатын болады деп ойлаймын.
Сот саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңадан қабылданған заңдарды облыс тұрғындарына дер кезінде жеткізуде бұқаралық-ақпарат құралдарының ролі ұшан- теңіз. Сондықтан да олармен жанды байланыс орнатуға, сол арқылы сот процестеріне журналистерді жиі қатыстырып, қажетті ақпараттармен толықтай қамтамасыз етуге барлық мүмкіндік туғызылуда. Заңды сыйлайтын, салиқалы да салмақты , әділ мақалалары арқылы өздерін де сыйлата білетін басылымдармен қашанда тіл табыса жұмыс жасаудамыз. Біз оларды мемлекеттік немесе тәуелсіз деп бөлмейміз. Өйткені пікір таласы арқылы шындыққа жол ашылатынын ешқашанда естен шығаруға болмайды.
Біздің бәріміздің де мақсатымыз біреу болуы керек деп есептеймін. Ол –еліміздің егемендігін, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп, жариялылыққа, демократияға кең жол ашып, қоғамымыздың жегі құртына айналып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, бітіспес күрес жүргізу.

 

Дала демократиясының озық үлгілерінің бірі — билер институты. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейтін қазылық жүйенің басты мәні би үкіміне айыптаушы жақ та, айыпталушы жақ та риза болып тарқасуында. Бүгінгі сот төрелері осы бабалар дәстүріне қаншалықты адал?

Облыстық сот үйінің мәжіліс залында судьялар этикасы жөніндегі тәртіптік кеңестің мүшесі Майра Жақанова жыл басынан бері осы есепті кезеңге дейін судьяларға қатысты 275 арыз-шағым түскенін мәлім етті. Тіпті, кейбір мантия кигендердің үстінен 3-4 арыз қатар түскен жайттар да кездеседі. Мәселен, Шет аудандық сот төрағасының үстінен үш арыз жазылып, тексеріс кезінде сот төрағасының қылмыстық іс бойынша шығар-ған үкімі заңға қайшы келетіні әшкереленді. Яғни, қарапайым халықты әділ заң алдында қорғайды деген құзырлы адамының өзі заңды белшесінен басқан. «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді қазақ, мұндай масқара фактілер жетіп артылмаса да, жоқ емес екені анық. Осындайда орекеңдердің «Түрме мен кедейліктен адамын деме» («От тюрмы и от сумы не зарекайся») деген мәтелі еске түседі.
Дегенмен, заң бұзушылықтың да заң бұзушылығы бар. Сот төрелігін жүргізген кезде біреулер істі көпе-көрнеу өз жағына бұра тартса, енді бірінің кәсіби біліктілігі жетпей жатады. Шешім шығарғанда жаза басып, қате үкім кесетін жайттар да сирек дей алмаймыз. Кейбір Фемида қызметкерінің сот процесі кездерінде дөрекіленіп «өзім Құдай, өзім бай» дейтін тасыраң мінез көрсететіні де өтірік емес. Алайда, ол солай, біздегі заң жүйесі түгел былыққа батқан деп ойлаған жөн емес шығар. Шағымдардың көпшілігі істердің судьялар қарауында тым ұзақ жатып қалатындығына байланысты болып отыр. Өйткені, бізде судьяларға артылған жүктеме шамадан тыс. Облыс бойынша орташа есеппен алғанда әр судьяға шаққанда 5-6 қылмыстық істен, 30 шақты азаматтық істен келеді екен. Мұндай жағдайда әрбір істі тыңғылықты тексеріп, мұқият зерттеуге уақыт жете бермейтіні, қандайда бір қателіктердің кететіні жасырын емес. Оны да есептен шығармаған жөн. Тәртіптік орган осы жайтты ескерген болуы керек, айып-кінәсі анықталған судьяларды аса қатты жазалай қойған жоқ: біреулеріне ескерту, біреулеріне сөгіс, енді біріне қатаң сөгіс берілді.
— Сот жүйесінде 15 жылдан артық жұмыс істеп келе жат-қан судья Сергей Шапель тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған қылмыстық істі қарауды тым ұзақ созыңқырап жібергені, ол бойынша материалдарды облыстық соттың апелляциялық алқасына жарты жыл өткеннен кейін барып жолдағаны үшін ескерту жасалды, — деді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаның төрағасы Бауыржан Жұмағұлов.
Айта кетейік, тәжірибелі судьяға ескерту «әперген» іс шын мәнінде оңай шағып тастайтын жаңғақ емес, шетелдің шым-шытырық детектив оқиғасына бергісіз атышулы «автопирамидаға» қатысты күрделі материал. Тек, осы бір іске қатысты жүзден астам куәгерлер мен криминалдық эпизодтар тіркелген. Қылмыстық істің жазбасының өзі екі-үш романға арқау боларлықтай әлденеше томға жеткен. Судья «автопирамида ісі» бойынша Қазақстанның әр бұрышынан қаншама куәгерлер мен зардап шегушілерді шақыртып, куәлік алған.
Бұл істі сары тіс сақа судьялар болмаса, анау-мынау адамның шеше алмасы анық. Сондықтан да шығар көпшілік судьялар оны қараудан бас тартты. Сөйтіп, аудандық сот төрағасы осы қылмыстық істің күрмеуін шешуді Сергей Шапельге тапсырған еді. Ол өзіне тән (облыстық соттың апелляциялық алқа төрағасының сөзіне сүйенсек) ыждаһаттықпен қылмыстық істің әрбір эпизодын аса мұқият талдауға бас қойған. Бәрінен бұрын, бірнеше жүздеген парақтан тұратын «автопирамида ісін» компьютерге өзі терген. Әлбетте, қатардағы судьялардың материалдарын теріп беріп отыратын бас-басына жеке хатшылары жоқ. Іс қарауының созылып кетуіне де осы жайт себеп болған.
Облыстық сот төрағасының айтуынша, алдағы уақытта тәртіптік комиссия бес судьяның «тәрбиесімен» айналысатын болады. Комиссия тарапынан олардың жұмыс сапасы мен сот төрелігін жасауына көңіл толмаушылық аз емес. Үстерінен түскен арыз-шағымның да әсері бар. Осы жерде айта кетейік, Жоғарғы соттың рейтингісі бойынша Қарағанды өңірі 14 облыстың ішінде 5-ші орында тұр.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады, судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады» деп көрсетілген.
Бүгінгі таңда халықтың сотқа, сот төрелігіне деген сенімі күннен күнге артып келеді.

Сот саласында жүріп жатқан реформалар барысында соттардың қызметін жан-жақты жетілдіруде, соттардың материалдық — техникалық жағдайына, сот ғимараттарының күрделі жөнделуіне, жаңадан салынуына, соттарды заман талабына сай жабдықтау, судьялардың және мамандардың біліктілігін көтеруіне, сот билігінің дәрежесін көтеруге айрықша көңіл бөлініп отыр.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет таратылып, Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті құрылды. Осы болып жатқан өзгерістер соттардың материалдық техникалық жағдайын шешілуіне игі әсері тиіп отыр, себебі Департамент тек біріңғай соттарды материалдық техникамен жабдықтаумен қамтамасыз ету сияқты шаруамен айналысады.
Аудандық сот — сот жүйесінің төменгі және маңызды буыны болып табылады, істің көпшілігі осы соттарда қаралады. Себебі алдымен кез келген адам өзінің құқығын қорғау үшін төрелік сұрап бірінші сатыдағы сотқа жүгінеді.
Мұғалжар аудандық сотының сот төрелігін бұрын бес судья асырса, бүгінгі таңда екі судьяның орны қысқарып, яғни бес судьяның жүгі үш судьяға түсіп отыр. Дегенмен де бұл болған өзгеріс судьялардың жұмысын тоқтатпай, заңды, дұрыс шешім қабылдауға одан да үлкен жауапкершілікпен қарауды жүктейді. Өткен жылда 184 қылмыстық, 1322 әкімшілік, 1250 азаматтық іс, 70 санкциялау туралы жадығаттар қаралған. Жылдан жылға соттарға түсіп жатқан істер саны өсіп келеді, себебі кез келген мәселе тек сот арқылы шешілетінін түсініп, халық сот жүйесінен әділ шешім іздейді. Сондықтан судьялар халықтын, елдің сенімін ақтап, әділ сот төрелігін атқаруды ең басты міндет деп есептеуі қажет.
Судьяның сот төрелігін атқаруы аясындағы жауапкершілігі күн тәртібінен түспейтін мәселе. Себебі сот төрелігін атқаруда, істерді қарау барысында кездесетін қиыншылықтар да кемшіліктер де аз емес. Атап айтқанда әр судьяның қарауына айына 45-50 іс түседі, ол істер бойынша сот процесін жүргізу уақытынан басқа, ол істермен танысуға, адамның тағдырын шешуге, оны техникалық ресімдеу біраз уақыт алады. Осының салдарынан күрделі істер бойынша іс қарау мерзімдері бұзылу және тағы басқада кемшіліктер орын алып жатады. Осы кемшіліктерді жібермеу мақсатында жан жақты кешенді жұмыс істелуде. Бүгінгі күнде істің қаралу мерзімі бұзылмауын қатаң қадағалап, бұзыла қалған жағдайда оның себебін анықтап, талдау жасау күнделікті қағидамызға айналды, сонымен қатар соттардың іс қарау тәжірибесіндегі ең өзекті мәселелер бойынша семинарлар өткізіліп тұрады.
Тәуелсіз еліміздің сот жүйесіне халық үлкен сенім артып, әділдікті орнататын, төрелік орнататын орган ретінде қарайды.
Ағымдағы жылда аудан орталығында облыстық сот төрағасы Б.А.Бекназаровтың бастамасымен жұртты өзіне тартатындай және кез келген адам нық сенім, ақталар үмітпен әділдік, төрелік сұрап баратындай еңселі де сәнді ғимарат салынады деп күтілуде.
Осы болып жатқан оңды істер сот төрелігін жүзеге асыру жұмысына жақсы ықпалын тигізіп, соттардың жауапты қызметіне жағдай жасайды деп есептеу қажет.

 

Көшпенді қазақ даласындағы ата-бабаларымыздың сонау өткен ғасырлардың өзінде-ақ мейлінше әділдікті қорғап, ұзақ жылдар бойы «Жеті жарғының» талаптарын  құқықтық санаға қондырып, бір сөзбен айтқанда, құқықтық мәдениеттері өте жоғары болғанын мақтан тұтамыз. Олардың құқықтық санасының биік болуының басты себебі, заң әділ, оны жүзеге асырушы билер қоғам мүшелерінің мүддесін ғана емес, оны қорғаушы да бола білгендігінде жатыр. Ең бастысы билік айту халық игілігіне қызмет ету деп санаған. Ол заманның басты құндылығы – ар-ұят, имандылық, әділдік және билер тәуелсіздігі болған.Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың дұрыстығын және өміршеңдігін уақыт өзі дәлелдеп отыр.

Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері сот саласында айтарлықтай ілгерлеушіліктер болғаны бәрімізге аян. Атап айтсақ, соттарды мамандандыру, аса ауыр қылмыстар қатарына жататын істерді алқа билердің қатысуымен қарау, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды санкциялауды соттардың құқықтарына беру мәселелері оңтайлы шешіліп, сол арқылы еліміздің сот саласы халықаралық стандарттарға қарай қарыштап қадам басты.

Сот жүйесін одан әрі дамыту дербес, тәуелсіз сот құру – жүргізіліп отырған сот реформасының басты мұраты. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы оған толық кепілдік береді.

Сот беделі ең алдымен, судьялардың нақты тәуелсіздігіне, кәсіби біліктілігіне, қарапайым халыққа етене жақындығы мен ашықтығына тікелей байланысты. Сол себепті де аталған Заңның 3 бабында судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конститутция мен заңға ғана бағынатыны, судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейтіні, соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейтіні және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғатыны, сот актілері мен судьялардың өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті екені, бұл талаптарды орындамау, сонымен қатар сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатыны нақты көрсетілген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республика судьяларының барлық құрылтайларының бәріне қатысып, сөйлеген сөздерінде сот жүйесінің мемлекетіміздің тармақ билігінің бірі екендігін, сол себепті де судьяларға жоғары сенім билігінен қарайтындығын, сот жүйесіндегі барлық игі өзгерістерді жоғары бағалайтындығын әрдайым айтып келеді. Сол себепті де судьялар корпусы әрдайым Елбасы сенімін ақтауға бірінші кезекте міндеттіміз.

Жалпы, судья тәуелсіздігін жүзеге асыру судьяның өзіне де байланысты. Сот тәуелсіздігін әділдікті жүзеге асыру үшін судьяға берілген мемлекеттік заңмен бекітілген мүмкіндік деп түсіну керек. Сот әділдігін жүзеге асыру әртүрлі мүддедегі адамдарға әртүрлі ықпал ететіндігі даусыз. Сол себепті судья тәуелсіздігіне  құқыққа қайшы әрекеттермен ықпал ететін немесе ықпал етуге тырысатын адамдар табылуы мүмкін. Бұл ретте «Судья тәуелсіздігінің екі дұшпаны бар: судьяның өзі мен бас пайдасын көздеген күштер» деген академик С.Зимановтың пікірі ойға оралады. Сондықтан мына қағиданы әр судья естен шығармауы керек демекпін. Мысалы қылмыстық іс болсын,азаматтық іс болсын, тіпті әкімшілік іс болсын осы істердің бәрінде адам, азамат, жасөспірім тағдыры бірінші кезекте әділдік таразысына түсу керек.

Ал бүгінгі заман құндылығы, сот төрелігі сонау ғасырлардан қазақ билерінің төреліктерімен сабақтасып, үндесіп жатқандығы біздерге көп нәрсені меңзесе керек, яғни оған өткен заманнан бізге өткен «Тура биде туған жоқ» деген бабамыздан қалған аталы сөзі біздерді, жаңа тәуелсіз соттардың судьяларын әділ сот төрелігін жүргізуге жетелейтіні шындық.

Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда:

1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген.

2) судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын;

3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.

Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.

4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;

5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады.

6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі

Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.

Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы  құдіретіне жатқызылады.

Сот крпусының спалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді.

7) судьяларға қойылатын талаптар қатайды.Заңда тәртіптік – біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді.

.

Тағы рефераттар