Талдаудың маңызы мен активтердің  құрамы мен құрылымын талдау туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның іскерлік  белсендігі мен қызметінің  тиімділігін бағалау  және талдау қаржылық талдаудың  қорытынды кезеңі болып табылады. Талдау – ол бөліну  және бөлшектеу, элементтерге бөліп қарастыру.

Талдаудың түрлері:

—          қаржылық;

—          басқару.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының  объективті  дұрыс бағасын  алудың ең жақсы  тәсілі, бұл талдау, ол кәсіпорынның  даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге  мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмтені атқарады.

Кәсіпорын осы  мерзімге дейінгі уақытта  қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге  жауап бере алуы өте маңызды болап табылады, себебі  қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті  қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:

—          Қаржылық жағдайға баға беру  және оның есеп беру  мерзіміндегі өзгерісі;

—          Активтер мен олардың  қалыптасу көздері арасындағы  сәйкестікті,  оларды тартудағы және  пайдаланудағы тиімділікті  зерттеу;

—          Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және қысқа  мерзім міндеттемелерімен ара-қатынасын  анықтау;

—          Қаржы есептік және  несие ережесін  сақтау;

—          Кәсіпорын активтері және оның  міндеттемелерінің  құрылымын зерттеу;

—          Қысқа мерзімді активтердің  айналымдық есебі,  оның  ішінде  дебиторлық борыш  және қорлар есебі;

—          Баланстың  өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығының және төлеу  қабілеттілігінің  нақты және салыстырмалы   көрсеткіштерін анықтау;

—          Кәсіпорын табыстылығын бағалау;

—          Кәсіпорын табысының  салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің  өзгеруіне әсер етуші  факторларды  есептеп шығару;

—          Кәсіпорынның іскерлік  белсенділігін анықтау;

—          Кәсіпорынның қаржылық жағдайының  тұрақтылығын ұзақ және  қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық  стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайын талдау  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін талдаудың  қорытындылаушы кезеңі болып  табылады. Қаржылық қызметі –бұл оның осы  қызмет нәтижесінде  меншікті және  тартылған капиталың  көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін  қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының  жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін  сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы  арақатынастың, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында  қаржылық тұрақтылыққа  қол жеткізуге  бағытталуы тиіс.

Кәсіпорын қызметінің  қаржылық өндірістік жақтары арасында  тығыз байланыс пен өзара  тәуелділік бар. Осылайша қаржылық  қызметінің  жетістігі, көбінесе оның өндірістік – сату көрсеткіштерімен анықталады.

Кесте -4

Қаржылық талдаумен  басқару талдаудың арасында ғы айырма

Белгілері

Қаржылық талдау

Басқару талдау

Пайдаланушылар Салық органдары,  сатушылар, жеткізушілер,  аудиторлар, банктер, сақтандыру, зейнетақы қоры Мекеменің қаржылық менеджерлер, мекеменің құрылым бөлімдері
Ақпарат көздері Нысан 1. «Баланс»

Нысан 2. «Қаржылық нәтиже туралы есеп беру»

Нысан 3. «Ақшалай  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру»

Жоспарлы есепті нормаларының мәліметтері басқару есептен  алынған мәліметтер
Өлшем бірлігі Ақшалай Ақшалай, натуралды, еңбек
Есеп беру мезгілі 1 жыл, тоқсан Қажетіне қарай
Ақпаратқа қол жеткізу Есеп берулерді  жариялайды Комммерциялық құпия

Ақпараттық көздер ретінде  (талдау жасау үшін) тоқсандық, жылдық, бухгалтерлік есеп берулер негіз болады.

Қаржылық жағдайдағы талдауды қаржылық тұрақтылықтан  басталған жөн және оған мыналар жатады:

—          кәсіпорын активтерінің  құрылымдық және құрамдық өзгерісін талдау;

—          қаржылық тұрақтылығын нақты және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

—          баланс өтімділігін талдау;

—          төлем қабілеттігін және  несие қабілеттігін талдау;

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерісін талдау кәсіпорынның  барлық  мүліктерінің және  оның жекелеген түрлерінің  нақты және  салыстырмалы арту немесе  кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің  маңызды элементі  болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің  нақты қолда  бары,  құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың таратылуын талқылауға  мүмкіндік береді.

Активтердің  өсуі (артуы) кәсіпорынның  болашақтағы    дамуын көрсететін  болғандықтан, ол осы  кәсіпорын жұмысының  оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары  деңгейі баланстық есептің номиналды  көрсеткіштерінің  нақты көрсеткіштерден айтарлықтай  ауытқуына әкеліп  соқтыратын инфляция әсерін ескерту кажет. Отандық тәжірибеде  инфляцияны есепке алу негізгі  құралдардың  баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық  есептік-аналитикалық тәжірибеде  өндірістік қорлар, дайын өнім  және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық  фактор әсерінен болатын күмәнсіз.

Баланс  мәліметтері  бойынша қысқа  мерзімді активтердің  құрамы мен  олардың тартылуына  талдау жасау  үшін келесі  — аналитикалық кесте құрылады.

Айналым құралдарының құрамы мен құрылымын талдау «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

мың тг

Көрсеткіштер 2005 жыл 2006 жыл Ауытқуы
сомасы % сомасы % сомасы %
1 Қысқа мерзімді активтердің барлығы 14209519 100 1195433 100 -13014086
2 Ақша қаражаттары 28343 0,2 75820 6,4 47477 6,2
3 Дебиторлық берешек 13886833 97,7 863282 72,2 -13023551 -25,5
4 Қорлар 294342 2,1 256332 21,4 -38010 19,3

 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің айналым құралдарының  құрамы мен құрылымын талдау  бұл қысқа мерзімді  активтердің барлық  үлесіне құрамы мен құрылымы жағынан  ақша қаражаттары өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға жоғарлады. 2005 жылы 0,2 пайызға, дебиторлық берешек 2005 жылы 97,7 пайыз, 2006 жылы 72,2 пайыздық үлес қосқанын көріп отырмыз. Қысқа мерзімді активтер үлесін анықтау  маңызды: Қысқа мерзімді активтер құнының кәсіпорынның барлық  мүлкінің құнына  қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің  іске тартылу  (мобильді) коэффициентінің  өсуі. Ол қарызды  өьеуге арналған қаражат үлесін  сипаттайды. Коэффициент мағынасы  артқан сайын кәсіпорынның  үздіксіз жұмысты қамту  және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де  арта түседі. Қаржы тұрғысынан  алғанда оның  өсуі актив құрылымындағы  жағымды өзгеріс  болып табылады. Яғни, мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның  айналымдылығының жылдамдығын және  оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Кәсіпорын активтерін  тартудың тиімділігін сипаттайтын келесі  көрсеткіш болып мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті.

Мобильді  қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының  мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу  қабілетінің  нашарлығын сипаттайды  деп айтуға болар еді. Алайда нарық жағдайында айналым қаражатының  төмен мобильдігі әрдайым теріс  бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының  аздаған сомасының бар болуы  немесе олардың болмауы  әлі де  болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Қорлардың бар болуы, дебиторлық борыштың  әсіресе, оның мәнді  бөлігінің үкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айнымалдылығының  бәсеңдеуіне  әкеліп соқтырады  және кәсіпорынның  қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

Кесте – 6

Ұзақ мерзімді активтердің құрамы  мен құрылуы («Оңтүстік Жарық Транзит» ЖСШ-нің)

мың тг

Көрсеткіштер 2005 жыл 2006 жыл Ауытқуы
å % å % å %
1 Ұзақ мерзімді активтердің барлығы 4225290 100 4168794 100 -56496
2 Материалдық емес активтер 109 0,1 31 0,1 -78
3 Негізгі құралдар 4225181 99,9 4168763 99,9 -56418

Кестеде көрсеткендей ұзақ мерзімді активтер есеп беру кезінде 56496 мың теңгеге төмендеді. Бұл  көрсеткішке  негізгі құралдардың және  материалдық  емес активтердің   төмендеуді әсер еткен. Ұзақ мерзімді  активтердегі үлес  салмағының көр мөлшері негізгі құралдар 4225181 мың теңгеге, 99,9 пайызға ие болып. Жыл аяғында  4168763 мың  теңге  56418 мың теңгеге төмендеді.
Тағы рефераттар