Тамғалы шатқалы – оңтүстік Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі адамдардың өнерінің тамаша ескерткіші. Суреттер жүйелі түрде салынған ол барлықжағынан алып қарағанда да кешен болып табылады; өте үлкен аумақты алып жатқан тұтас бір көркемһнер туындысы болып табылады. Ашық аспан астындадағы мұндай «геометриялар» әлемде аса көп емес. Жартастағы суреттердің бұл жерде қалыптасуының храналогиалықшеңбері ұзақ уақытқа созылған, сондықтан олрдың шекарасы анықтауда толық бір малімет жоқ. Кездескен қиыншылықтар ертедегі суреттердің уақытын белгілеуге байланысты, дегенмен неолйт, кола, темір дауірлері мен түркілер кезеңіндегі суреттердің уақыты біршама нақты белгіленген.
Ескі беттік жазуларды есінен шыіармай, оны кейінгіге мирас етіп қалдырған, өз атын «Тамғалы тас » жазуына түсірген – Орыс хан, оның баласы Құйыршық, немересі Барақ, оның ұрпқтары Барақ ханның балалары Жәнібек пен Керей, кейін Бұрындық хан, Қасым хан. Орыс ханның немересі Темір- Қатлұғ пен Тоқтамыс ханның жарлықтары ұйғыр қарпы мен қыпшақ – қазақ тілінде шығарылып отырды .Шохан Уалихановтың зерттеуінше, бұлжарлықтарда кездесетін создер көбінесе қазақ тілінде сақталған. Жане бұл жазбаларда қазақ ұлысы туралы көптеген мәліметтер кездеседі.
Қасым хан осы жазумен қазақтың заң жобасын жасап, оны тарихи дәуірдегі әдет бойынша «жарғу» деп атады, мәнісі — шындығын айыру, қара қылды қақ жарғандай әділдігін табу. Шариғатқа қарсы қойған кемеңгердің бұл ойын халық ерекше ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы » деп атады. Шариғаттың жолына қарсы қойған кемеңгердің бұл заң сахарадағы қазақтар ортасында ХIY ғасырдан тараған еді. Бұл тәртіпті Шарафуддин Иазди «Қазақ жолы » деп атаған. Шайбани осылар туралы Самарқан мен Бұқараның ишандардын жиып: «Қазақтарды мүсін тасқа табынатын кәпір деп атаңдар, оларға ғазауат ашып, атып өлтіруге болады », — деген бәтуа шығарады. Рузбихан кітабын жаңадан көшіріп жазғанда, «қазақ» сөзін бұзып, араб сөзімен «ағзаң»деп жазған. Арабша ол «бұзақы», «ел талағыш » деген ұғымды көрсетеді. Көшпелі жазушы Шейбаниды қолдайтын кісі болу керек. Стамбұл көшірмесін баспадан шығарған Иран баспасы, Рузбиханның өз қолымен жазған Ташкенттегі Шығс институтында сақталып тұрған дұрыс түрін алмай, Стамбұл көшірмесндегі қисық түрңн алған. Бірақ сол созде қазақты кемітуден басқа ешбір шындық, дұрыстық жоқ. Осымен байланысты бір ғажайып іс – Бұхара ишандарына қарсы болған жайбарлардың бір ұлы ғұламасы Бұхардан қашып, Қасым ханның қолына келіп тұрады. Бұлардың барлығы «Тамғалы таста» жазылған үміттену сөзімен зор байланысып жатыр.
«Тамғалы таас » жазуында қазақтың «үш жүз» деп аталатын тайпаларының көбі кірген. Кірмей қалған қаңлы, қоңырат, дулат.
5
Олар Шығатай ұлысының соңғы дәуірін жүргізген Темір ұрпақтарының қарамағында болғандықтан кірмей қалған. Алыста жатқан керей мен уақ та атлмайды, өшңп қалуы да мүмкін.
Тас жазуында қазақтың тайпаларын ескі дәстүр бойынша алты санға бөледі.
Ол – моңғол дәуірінен бұрын айтылатн «алты сан алаштың » бір түрі. Қазақ тарйхының жазуынша, Түркі қағанаты біткен соң , Жетісуда, Сыр бойында , қыр – сахарада өоныстайтын үйсінде, қаңлылар, қыпшақтар, оғыздар, тағы өзге тайпалар өздерін бір одақты етіп «аласбіз» деп атаған.
Тамғалы тас – жазуында үш жүз тайпаларының бірігіп «Алты ұлысты сақтай гор » деп тілек етуі – ең сонғы рет қазақ болып, этникалық жеке халық болудың ашы бір түрі. А.С.Семеновтың айтуынша «Әбілхайырдан бөлініп, Шу бойына барған өзбек – қазақтардың көп заманғы толқындарының ұласып шыққан бір қорытындысы еді. Олар Шу бойында дулаттармен жете бір қосылып, «қазақ» деген атпен сыр бойына, кең сахарасына қайтып келді».
Тегінде «қазақ» бұл кезде шыққан сөз емес, ол қазақ халқының ойнда көп ғасыр бойы айтылып келе жатқан сөз. Халық оған көп заман этникалық мән бермей , көбінесе ұлы тайпалардың атымен жүруге ерекше мән берген.
XY ғасырдан бастап «қазақия » қазақ ұлысы болып, бұрынғы Дешті – Қыпшақтың орнына Қазақстан сөзі қолданыла бастады. Демек «Тамғалы тастағы » жазу, таңбалардың көп түсуі тарихи дәуірдегі дәстүрлі істен туғанғ. Бұның негізі ескі дәурлерде Қазақстан жерін қоныстаған ғұндарда, үйсіндерде, қаңлы, оғыздарға әдет болған. Олар да ұлыс – ұлысқа бөлініп, жиылыс
шақырып, ел – елді қысқы қыстауға, жазғы жайлауға анықтап отырған. Әрбір тайпаның басшыларына өзіне тиісті таңбалар анықталып берілген.
Осы оқиға әсіресе «Тамғалы тастың » жазуларында жарқын түрде суреттелген.
Сонымен қатар Тамғалы петроглификасы адамның құдайды көрсетуге деген күрделі ұмтылысын айғақтайдвы. Ал құдай бейнесі иконогрвфиясының өзі адамдардың санасында қалыптасқан әлем картинасы жайлы түсінікті дәлелдейді. Пішінді түсіндірудің генезисінде әлемнің жұмыртқа – ұрықтан жаралғандығы жайлы көне түсініктердің бейнесі байқалады. Әлемнің жаратылу кезі күн құдайлары образының өзінде бейнеленген. Еуропалық аймақтардың басқа аудандарында күнбастылармен қатар күнбейнелі құдайлардың бейнелері де кездеседі, яғни бет- әлпеті жалпыланған адам образы түрінде бейнеленеді. Тамғалы графикасында образдар дерексіз сипстта.
Тағы рефераттар
- Қоланы меңгеру. Ерте металлургия
- Арыс ауданының ішкі сулары
- Қаржылық есеп инвестициялары
- Валеологиялық білім берудің теоретикалық негізі
- Әл-Хорезми (783-850)