Географиялық климаттық фактордың этникалық топтардың алғашқы қалыптасу кезеңінде олардың шаруашылық-мәдени ерекшіліктері мен жалпы әлеуетін анықтайтыны туралы көп жазылды. Мұның «тарихи Түркістан» жері мен еліне де қатысы бар екендігі талас тудырмаса керек.

Біздің заманымыздан 1 млн.-дай жыл бұрын Түркістан өл-кесінің климаты мүлде басқаша еді. Таулар аласа болған-дықтан оңтүстіктен, Үнді мұхиты жағынан ылғалды жылы ауа кедергісіз еніп тұрған. Жиі жауған жылы жаңбырдан алуан түрлі өсімдіктер қаулап өсті. Қазіргі жусан қаптаған, жазы ыс-тық, қысы суық шөлді аймақтарда бұрын субтропиктік орман-дар жайқалып тұрды. Мұнда әр түрлі жануарлар мекендеді.

Орта палеолитте, яғни шамамен біздің заманымыздан 100-80 мың жылдай бұрын климат жағдайы кенет өзгеріп, ауа-райы суытты. Жылылықты жақсы көретін жануарлар қырыла бастады. Батыс Сібір мен Еуропаның Солтүстік аймақтарын мұз толығымен басты. Түркістанның таулы аудандары Памир, Тянь-Шань және басқа жерлері де мұз құрсауында қалды. Мысалы, қазіргі уақытта ұзындығы 77 шақырым, қалыңдығы жарты шақырымдай келетін Феодоров мұзартының көне дәуірдегі ұзындығы 180 шақырым, қалыңдығы 1 км-дей болған. Әндіжан университетінің профессоры С.Жалиловтың айтуынша, бұдан шамасы 100000-80000 жылдар бұрын жан-жағы таулармен қоршалған Ферғана аңғарын да мәңгі мұз басып жатқан, кейінірек ол еріп, бұдан 35000-30000 жыл бұрын бұл жерлерде теңіз пайда болған.

Қазіргі Қарақұм, Бетпақдала және басқа шөлді аймақтарда бір заманда өлшеусіз көп ылғалдың түсуіне байланысты қайна-ған өмір жалғасқан-тын. Олардың рельефтері суы мол өзен-дердің ағысына байланысты пайда болған. Геологиялық зерттеулер қазіргі күндегі сулары құмға жетіп, сіңіп жатқан Шу, Сарысу, Заравшан және басқаларының Сырдария мен Амударияға құйған салаларының болғандығын көрсетеді. Байсын тауындағы Тесік тас үңгірінің едендік жер қабатының 30 сантиметрлік топырақпен төселіп қалғандығы да осынау климаттық өзгерістің дәлелі болып табылады. Сондай-ақ. Оңтүстік Қазақстан, Ташкент облысы, Хорезм, Түрікменстан-ның шөлді және шөлейтті жерлерінде қазіргі жағдайда өмір сүре алмайтын мамонт, жабайы сиыр, жылқы, бұғы және басқа жануарлар сүйектерінің табылуы да ғаламдық климаттық өзгерістің болғанын көрсетеді. Төрттік кезеңде* қазіргі күнде құрғақшылық жайлаған аймақтарда ылғалдың көп болуы жануарлардың таралуын, өсімдіктердің қаулап өсуіне әсер етті. Осындай табиғи жағдайларда алғашқы адамдардың тұрмысы жалғаса берген. Мұны олардың Қызылқұм мен Қарақалпақстан шөлдерінен табылған сүйектері растайды.

Түркістанда ауа-райының суытуы өте ұзаққа созылған. Тек б.з.д. ХІ-ХІІ мыңыншы жылдарда ғана қайтадан жылылық басталып, қазіргі кездегі климат пен жануарлар дүниесі қалыптаса бастаған.

Бұдан екі ғасыр бұрын адамзат танымы 3000 жылдық тарихпен ғана шектелген болса, қазіргі заманда тарих аясы анағұрлым кеңейе түсті. Осы күнгі ғылымның соңғы жаңалықтарына жүгінсек, адам тәрізді жанзат жер бетінде 4-5 млн. жыл бұрын пайда болып, өмір сүріп келеді. Ал жазу адам жаратылысынан анағұрлым кеш және кейбір елдерде ғана, мысалы, Египет (Мысыр) пен Месопотамияда б.з-дан 3 мың жылға жуық бұрын, Түркістан жерінде б.з-дан бұрынғы 1-ші мыңжылдықта, Франция жерінде б.з.-дан бұрынғы 60- жылдары пайда болған.

Адам қашан және қай жерде пайда болды деген сұрақ әркімді-ақ толғандырары сөзсіз. Планетарлық сана да осыған жауап табуды қалайды. Бұл ретте Калифорния, Гавай, Амс-тердам университеттері, АҚШ және Ұлыбританияның ғылы-ми-зерттеу географиялық қоғамдары мен орталықтарының археологтары, антропологтары, генетиктері – Роберт Брун, Винцин Чариз, Джеймс Будун, Варвара Данкеч, Беккер Кан, д-р Кейбрем Снайл, д-р Пенчипнем, Шейтмен, Крис Стрингер, д-р Бред Грайнес, Ричард Лики, д-р Мэри Липпи, Ниохансан, Джек Стенс, Реймон Данг, Джон Бручи сияқты ғалымдардың компьютер, электрондық микроскоп, лазер технологиясы және басқа заманауи аппаратарды іске косып, калиаргон әдісі, сон-дай-ақ территорияларды ретроспективтік талдау жасау арқылы жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері айтарлықтай деуге болады. Олардың пікірінше, адамзат тарихы өз бастауын мына маймыл тәріздес тіршілік иелерінен (немесе маймыл тә-різді адамдардан) алған: 1.Орангутан. 2. Горилла. 3. Шимпан-зе. Кейбір ғалымдардың пікірінше, орангутанның адамға жа-қындығы – 15-16%, ал шимпанзенің жақындығы – 25% құрай-ды. Ендеше, шимпанзе – адамзаттың ортақ ата-тегі. Ғалымдар маймыл тәріздес адамдардың тасқа айналған жүздеген бас сүйектерін тапты. Олар Африкадағы Эфиопиядан, Танзания-дан, Кениядан бұдан 3,5-4 млн жыл бұрын өмір сүрген люсидің бас сүйектерін тауып, зерттеген. Люсилер Африкадан Оңтүстік Европаға өткен, бірақ Солтүстік Европаға жете алмаған. «Біздің тегіміздің шыққан жері Африка, – дейді Крис Стрингер, – сондықтан да бәріміздің қанымыз бір».

Қаңқалары адамдікіне, миы маймылдікіне ұқсас люсилерді Ниохансан австралопитек деп атады. Антрополог Джон Бурчи: «Люсилерде маймылдық белгілер көп, бірақ олар бұрынғы замандарда адамзатқа айналу процесін бастан кешіруде еді», – дейді.

 

Танзанияда жанар тау атқылаған кезде люсилерден айнымайтын үш тіршілік иесі сыртқа шыққан екен. Кейінірек олар атқылаған лава астында қалып кеткен көрінеді.

Д-р Ричард Лики бұдан 3,5 млн. жыл бұрын өмір сүрген бұл үшеудің іздері жап-жақсы сақталып қалған, бұл іздер люсилер-дікіне ұқсас болған. Сондай-ақ, олардың қазіргі адамдарді-кімен көптеген ұқсастығы бар. Бойы 1,5 метр деп тұжырады.

Люсилердің немен қоректенгендігін зерттеп жүрген Бред Грайнес олар жапырақтарды, жеміс-жидектерді, ал ірілері дәнді, тағы сол сияқты азық боларлық қаттылау тамақтарды жеп тіршілік еткен; бұлар – вегетариандықтар: «мұны олардың тістерінде қалған тағамдардың белгілері көрсетіп тұр»,–дейді. Осынау автордың пікірінше, люсилер өздеріне қарағанда ақыл-есі артықтау тіршілік иелеріне тап болып, бәс келе алмай жойылып кеткен болуы керек.

Канное 1984 ж. бұдан 1,5 млн. жыл бұрын өмір сүрген тір-шілік иелерінің 70-тен артық бас сүйектерін тапты. Олардың ішінде 12 жасар бала сүйегі де бар. Люсилерден аздаған айыр-машылығы бар бұл баланың қаңқасы жақсы-ақ сақталынған болып шықты.

Бұрындары сүйектегі із адам қолымен жасалынған деп болжамдалынып келген еді. К.Снайл мен Б.Шикман бұдан 9 млн. жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің сүйектеріндегі ойықтар мен басқалай іздерді көріп қайран қалған. Индиана университетінің зерттеушісі Николс Тот өткір таспен сүйек майдалағанда оның іздері сақталып қалатынын анықтады.

Әлбетте, аталмыш меже қатып қалған бұлжымас шек емес. Жаңа деректер жер бетінде адам қауымының пайда болуын тағы да арғы белестерге сүйреп апаруы әбден мүмкін.

Ғылымға белгілі мәліметтерге қарағанда, антропоген дәуірі* осыдан 5 миллион жыл бұрын басталған. Шығыс Африкада табылған өте ерте кездерде өмір сүрген гоминидтер қалдықтарының* жасы 4-5 миллион жыл деп анықталуы осының дәлелі. Ал 2000 жылы Кения мен Франция ғалымдары Кения жерінен бұдан 6 млн. жыл бұрын өмір сүрген алғашқы адам тәріздес тіршілік иелерінің тасқа айналған сүйектерін тапты. Бұл гоминидтер артқы аяқтарымен серпінді әрекет жасаған. Олардың қолдары ретінде пайдаланылған алдыңғы аяқтарының ағаштарға шығу үшін жақсы икемделгенін аталған ғалымдар анықтап, айтып отыр.

Ежелгі гоминидтер қаңқа сүйектерінің әзірше шығыс Африкада ғана табылуы, бұл мекеннің меридиан бағыты бойынша созылған ерекше геологиялық рифтік белдеу аймағындағы орналасуына байланысты. Көлдерде, оның жағалауында жер асты жылуының әсерінен миллиондаған жылдар бойы өсімдіктер өсіп, шөгінді тау жыныстары түзіліп, өмірге қолайлы жағдайлар қалыптасқан. Ал кенеттен вулкандар оянған кездерде, олардан аққан лава гоминидтердің денелері мен палеобиологиялық қалдықтардың шөгінді тау жыныстары қабаттарының арасында бұзылмай сақталып қалуын қамтамасыз еткен[1].

Алайда археолог ғалымдар адам баласы алғашқыда Африкада пайда болған деген тұжырымды қайтадан қарауда. Австралия мен Қытай археологтары адам баласы жердің бірнеше аймағында пара-пар пайда болған, солардың бірі – Азия деген пікірді қазіргі уақытта алға тартуда. Бұрындары Азияға адам баласы Африкадан келген, оның шартты аты «Хомо сапиенс»; ол Африкадан бұдан 400000 жыл бұрын келген «Хомо ректустың» орнын басқан деген тұжырым жасалынған болса, ендігі жерде жоғарыда аталған елдердің ғалымдары 1993 ж. Қытайдағы Шанхай маңының «Нанжин» адамының табылуына байланысты (Журн.: «Sсіепсе», 2000 ж.) бұған түзету енгізіп отыр.

Жалпы алғанда, адам баласының пайда болуы жөнінде көптеген теориялардың бар екендігі белгілі. Бір замандары Жерде апатты жағдай жүзеге келіп, оның бір жағында маймыл, екінші жағында адам қалған деген пікір көп таралған. Сондай-ақ, бұл мәселені уран радиациясына байланысты мутациялық процестердің жүруімен немесе жер құрылымының, қоршаған ортаның өзгерісімен байланыстыра түсіндіретін ғалымдар да бар. Және де адам баласының Жерге Аспанның бір планета-сынан келген деп болжамдайтын концепциялар да жоқ емес.

Жер бетіндегі алғашқы адам тәрізді жанзаттың қалдықтары Кениядағы Олдовай шатқалынан да табылды. Оның жасы 1 млн. 750 мың жыл. Бұл адам екі аяғымен жүрген. «Тік жүретін адам» – питекантроп пен синантроп бұдан 1 миллиондай жыл бұрын өмір сүрген.

Синантроптың басты ерекшелігі – ол от жағуды меңгеріп, аң-құс еттері мен жабайы жемістерді пісіріп жей бастаған. Оның ми көлемі ұлғайған, бас сүйек пен жақ сүйектері ықшамдалған, аяқ-қолы да теңесе бастаған.

Адам тектес тіршілік иесі дамуының келесі сатысы – неан-дерталь адамы. Ежелгі мустьер кезеңінде пайда болған бұл адам тұңғыш рет Германияның Неандерталь деп аталатын же-рінен табылды. Оның тұрақтары мен қалдықтары Европа, Аф-рика мен Азияның (мысалы, Израиль, Өзбекстан, Қазақстан) түрлі аймақтарынан табылды. Ол бұдан 45000-10000 жыл бұ-рын өмір сүрген. Анатомиялық жағынан қазіргі адамға өте ұқсас. Оны жануар тақілеттес деп болмайды. Себебі ол отты білген. Және де өлген адамдардың аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. Мұның өзі неандерталь (немесе мустьер) адамы ойы мен дүниетанымында көп алға басушылық болға-нын дәлелдейді. Демек, онда өмір мен өлім туралы түсінік, өлгендерге құрметпен қарау белгілері пайда болған. Мұны 1938 жылы Өзбекстанның Оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен табылған 8-9 жастағы бала сүйегі қойылған жер айғақтайды. Оны А.П.Окладников тапқан. Ал антрополог ғалым М.М.Гера-симов баланың нәсілдік ерекшіліктерінің нобайын жасаған.

Отте Бар Иосиф басқарған экспедиция Израильдағы Кевра үңгірінен неандертальдықтардың 100 шақты тас кұралдарын тауып зерттеді. Олардың пікірінше, неандертальдықтар қазіргі адамзаттық жағдайға жете қоймаған. Тарихқа дейінгі кезеңдер-де өмір сүрген бұл тіршілік иелері алғашқы бейнелеу өнерінің жасаушысы болды. Жаратылыс тарихы институтының зерттеу-шісі Крис Стингер адамдардың дене құрылысы бұдан 200 000 жыл бұрын Африкада өмір сүрген әйелдікімен бірдей дейді. Ал, д-р Кан: «Тіршілік иелерінің ДНК құрамында неғұрлым ұқсастық табылса, олардың соғұрлым туыстас болуының ықтималдығы көбірек», – деп тұжырады.

Осыған орай, кейбір нәсілшіл зерттеушілер орталықа-зиялықтар неандертальдықтардан таралған, ал жоғары нәсіл есебінде көрінген ариялықтардің түбін ғылым әлі анықтай алған жоқ деген пікірді алға тарта бастады. Олар неандертальдық адамдардың Европаға да таралғанын әрине, біледі. Бірақ олардың солтүстікте болмағанын уәж ретінде көрсетеді. Айта кету керек, антропологтар неандертальдық адамның бас сүйегін зерттей отырып, онда ілгері дамушылықтың барлығына көз жеткізді. Бұл адам өмір сүрген кезде аналық ру қоғамының белгілері байқала бастаған. Ол отырықшы болмаған. Тамақ көзін іздеп жүріп, қонысын тез-тез ауыстырып отырған. Осынау адамдардың тілі болды ма деген сауалға жауап табу қиын, бірақ олардың бір-бірімен қатынаста болғандығы анық. Олар біздің заманымыздан 40 000 жыл бұрын жойылып кеткен.

Бұл ретте басқа пікірді ұстанған зерттеушілердің барлығын тілге тиек ете кетпекшіміз. Мысалы, Лондондық зерттеуші Редред Джон (молекулярлық институттың қызметкері) неан-дертальдықтар бұдан 400000 жыл бұрын Африкадан шыққан, ал бұдан 200000 жыл бұрын Европада өмір сүре бастаған деп жазады. Жалпы алғанда, олар біздің аймақта бұдан 100000-50000 жыл бұрын өмір сүрген деп есептелінеді. Шотландия-лықтардың оннан бірі – жирен шаштылар болып келеді. Олардың 40%-да боген бар. Адамдардың сепкіл мен жирен шашты болуына қызыл ген жауапты. Ол неандертальдық-тардан тұқым қуалау арқылы өткен. Неандертальдықтар аңшылар болған. Өзі тектестерді де жеген. Олардың ганнибал деп аталуы содан болуы керек. Неандертальдықтардың бойы ұзын, дембелшең, саусақтары кішкене, беті жалпақ болған екен. Гомо сапиенстермен қатар өмір сүрген. Бұдан 28000 жыл бұрын Оңтүстік Испания мен Францияда құрып кеткен деп есептелінеді[2]. Байсын тауының Тешік-таш, сондай-ақ Әмір Темір және Мачай үңгірлерінен неандертальдықтардың мекен-жайы, ал Самарқант қаласының қасынан олар тұтынған тас құралдар табылды. Бұл жерлерде үй жануарларының сүйектері мен егіншілік шаруашылығының құралдары дерлік жоқ болып шықты. Мұның өзі ежелгі Түркістан тұрғындарының негізінен аң аулаумен айналысқанын білдіреді. Бірақ бір ғана аңшы-лықтың өзі алғашқы адамдарды қажетті азықпен қамтамасыз ете алмағандықтан, олар жеуге жарамды өсімдіктерді және олардың тамырларын, сондай-ақ жабайы жеміс-жидектерді терумен де айналысқан. Ұсақ жануарларды аулап алып, қорек еткен.

Неандертальдықтардың тұрмыс тіршілігінен дерек беретін үңгірлер жер-жерлерден табылды дедік. Тешік-таш үңгірінің аузынан онша алыс емес жерге орналасқан адамдар бұл жердің қасиетін жақсы білген. Үңгірдің аузынан бар-жоғы 25-30 метрдей жерде жыл бойына қалыпты температура (11-12°) сақталып қалып отырған. Адамдар бұдан арырақ жерге бармаған. Себебі мекен еткен жеріне күн сәулесі көп түсіп, таза ауа да кедергісіз кіріп тұрған. Ал үңгірдің ішкі жағында дәйім дымқыл ауа, зәк сақталып тұрғандықтан, сүйек ауруына душар етуі мүмкін еді. Мұның бәрін есепке алған алғашқы адамдар тұрағын үңгірдің аузына таман жерден таңдаған. Тешік-таш үңгірін мекен-жай еткен адамдар ошақтың маңында құралдар жасаған. Ошақтың өзі таспен қоршалған. Мұның өзі оттың белгілі бір кеңістікпен шектелуін және жылудың көбірек сақталуын қамтамасыз еткен. Демек, адам отты мақсатқа сай пайдалана білген. Ол құралдар үшін қатты шақпақтасты (кремень), кварцты тандаған. Мұның үшін ұсақ, жылтыр және дөңгелек тасты алып бөлшектеген, нәтижесінде нуклеустер, яғни диска сияқты үшбұрышты пластиналарды ажыратып алған. Олардан қырғыш, тескіш, пышақ секілді құралдар дайындаған. Лақтыру үшін ұшы күйдірілген ағаш, боластар пайдаланылды. Сүйектердің сынығымен тасты қырлауға болатын еді. Археологиялық әдебиетте ол ретуштер деп аталады. Кейбір сүйектер «біз» қызметін атқарған.

Аталмыш үңгірден табылған 8-9 жасар баланың склеті өте жақсы сақталған. Бас сүйегінің көлемі 1490 куб см. Оның бойы қазіргі балалардыкімен салыстырғанда аласалау. Бас сүйегінің артқы жағы шығыңқы, алдыңғы аяқтары әлі де болса еңбек процестерін атқаруға толығымен икемделмеген. Маңдайы тайпақ, қабақ сүйектері алға шыққан. Бас сүйектерінің қалыңдығы қазіргі балалардыкіне қарағанда екі еседей, тістері ірі, иегінің асты артқы жаққа тартылып, жақтары алға қарай түрте шыққан. Бала арнайы қазылған шұңқырға қойылып, қабірге тау ешкісінің мүйіздері салынған. Түркістанда бұрындары ешкі мен қошқар мүйіздеріне сакральдық маңыз берілген-тін, сондықтан олар кейінгі замандарда өмір сүрген шейхтердің молаларына да қойылған болатын.

Өз мұқтаждықтарын өтеу үшін оттын мақсатты түрде пайдалана білу, мәйітті белгілі бір рәсімдер бойынша жерлеу, мысалы, мәйітті арнайы қазылған шұңқырға жатқыза көму, оның аяқ-қолын бүгіп жатқызу мен айналасына тау ешкісінің мүйіздерін тізіп қою – мұның бәрі Түркістанды мекендеген алғашқы адамдар ойының дамуындағы көп ілгерілеушілікті көрсетеді. Мустьер кезеңдерінің Самарқанттан, Зарафшаннан, сондай-ақ Түркістан тауының бөктерлерінен, олардан солтүстікке қараған жерлерден табылған археологиялық ескерткіштер алғашқы адамдардың Өзбекстанның оңтүстігінде ғана емес, оның солтүстігінде де мекендегендігін, олардың табиғи үңгірлерде жасап, қолдан жер үй, шалаш түріндегі баспаналарды тұрғызғандығын айғақтайды.

Түркістанда кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіштері Кентау қаласының жанындағы Ащысай мекенінен табылды. Кейінгі палеолитте (б.з.д. 40-12 мыңжылдықтар) адамдар бұрынғысынша аңшылық және егіншілікпен күн көрген. Осы кезеңнің басында неандертальдық адамның орнына дене бітімі қазіргі адамдардікіне ұқсас адамдар («саналы адам» — хомо сапиенс) келді. Мұндай адамнын сүйегі алғаш рет Фран-циядағы Кроманьон үңгірінен табылғандықтан, оны кро-маньондық адам деп те атайды. Бұл адам шынында да саналы өмір сүрген. Мысалы, мүсін ойып, үңгір қабырғаларына сурет салып, қолы әр түрлі тас, сүйек құралдар жасауға икемді болған. Неандертальдық адам дамудың осынау сатысына көтерілген кроманьондық адам мен оған дейінгі адам тәріздес жанзаттың арасындағы буынды құрайды деуге болады.

Я.Я.Рогинский және басқа авторлардың пікірінше, палео-литте питекантроп, синантроп және неандертальдықтардың тобында қоғамдық қатынастардың алғашқы түрлері пайда болған. Бірақ биологиялық зандылықтардың орнын әлеуметтік зандылықтардың басуы кроманьондықтардың тарих сахнасына шығуымен тұспа-тұс келген. Гоминидтердің эволюциясын-дағы секірістер осындай[3]. Сондай-ақ, неандертальдықтардың кроманьондықтармен қатар өмір сүрген болуы да ықтимал деген пікір де жоқ емес. Олардың метисизация, яғни будандаса араласуының нәтижесінде нағыз саналы адам пайда болған деген пікір бар.

Б.Ф.Поршневтың пікірінше, «аралық буыннан тік жүретін жоғары деңгейдегі приматтарға өту кезеңі бұдан 30-35 мың жыл бұрын басталған»[4]. Осы кезеңде Хомо Сапиенс түріндегі адам пайда болған. Ал, В.П.Алексеев морфологиялық өлшем ретінде гоминидтік триада теориясын ұсынады: а) тік жүру; ә) іс-әрекеттер мен операцияларды оңтайлы жасауға икемделген алдыңғы аяқтардың өзгеріске ұшырауы; б) жетілген бас миы. Бұл – морфологиялық дамудың сапалық жағынан жоғары деңгейіне өту деген сөз. Бірақ осы кезде мәдениетте түбегейлі өзгеріс байқала қойған жоқ. Тек гоминидтердің биологиялық құрылымы деңгейінің өсуі үшін ғана мүмкіндік пайда болды. Бұған жаңалықтарға деген сұраныс қосылуы керек еді. Ол әлі пайда бола қойған жоқ болатын. Адамдардың санасы мен тұрмысында «Пайда» және «Тиімділік» сияқты ұғым қалыптаспайынша мәдениетте өзгеріс байқалмақ емес еді. Ендеше мәдениет мұндай жағдайда адамдардың аз күш жұмсап өмір сүруі негізінде дамымақ. Адамдар дағдарысқа тап болғанға дейін осылайша өмір сүре берді. Мәдениет рецессивтік қалпында қала береді. Ал дағдарыстық жағдайлар жүзеге келгенде адамдар құрып кетуі, не мәдениет пен биологиялық дамудың жаңа деңгейіне көтерілуі керек болады. Палеолиттің соңғы кезеңдеріндегі экологиялық өзгерістер адамдардың рецессивтік жағдайдан шығып, өз қабілетін материалдық-техникалық өрлеу жолына жұмсауға итермеледі. Экологиялық өзгерістерге дейінгі кезеңдерде немесе дағдарыстық ситуацияға тап болған жағдайда да адамдардың аман қалып, өмірін жалғастыра беруі үшін қажет болған факторлар мыналар еді: 1. Тамақ қорының үздіксіз табылып тұруы. 2. Айнала қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғану (баспана, киім-кешек, қолөнер). 3. Ал өмірдің қалған барлық жақтары, әдетте осынау екі мәселенің шешілуінен тысқарыдағы бос уақытпен байланысты болады. Мұндайда жануарлар ұйқы мен ойынға беріледі, ал адам баласы да ұйқыға беріліп, ойынның ерекше түрі болып табылатын қолөнерге ден қояды. Сондай-ақ, оның сәтті еңбек әрекеттерін қайталау ойыны машықтарынан ләззат алуы – осынау бос уақыттың жемісі. Бұл үш фактор әрекетінің барысында жас ұрпақты тәрбиелеу мен қоғамның жалғасуы үздіксіз жүзеге асады. Қалғанның бәрі (оның ішінде сыртқы және ішкі саясат та) түрлі мақсаттар мен принциптер бойынша бірлесетін индивидтер мен олардың топтарына пайда табу үшін қажет.

Европада алғашқы адамдар қауымы 950-800 мыңжылдықтар аралығында пайда болған. Міне, осы кезеңде Орталық Азия, Батыс, Оңтүстік, Шығыс Сібір аймақтарында да алғашқы адамдар қауымы пайда бола бастаған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, олар Қазақстан мен Орта Азияға Алдыңғы Азиядан келген. Ал археолог Ж.Таймағамбетов бұларды жергілікті (сібірлік) топ деп біледі.

Орталық Азияда ежелден адам баласы өмір сүріп келе жатқан аймақтардың бірі – Зарафшан мен Қашқария өзендерінің бассейндерімен шектелетін Соғдияна. Соғдияна территориясында оның алғытарихының ерте кезеңдерінен бастап адамзат цивилизациясының барлық дәуірлеріне тән мәдениет түрлері тұрақты дамып, қанат жайған[5].

Қазақ даласында гоминидтердің өмір сүруіне қолайлы табиғи жағдайлар неоген дәуірінің* соңына қарай толығымен қалыптасты. Қаратау өңірінде топ-тобырымен ірі жануарлар өріп, ормандар мен тоғайларда қысы-жазы жеміс- жидектер өссе, жердің бетінде құралдар жасауға лайық берік кремень (шақпақтас) тау жыныстарының қабаттары жатты. Бұлардың бәрі – адамдар мекендеп, өмір сүруіне қолайлы экологиялық факторлар болып табылады.

Профессор Ж.Таймағамбетов бүгінгі күні белгілі болған көне тас дәуірінде өмір сүрген гоминидтер тұрақтарындағы мәдени ескерткіштерді саралай келіп, әркездері олардың негізінен мына аймақта: Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш маңы) орналасқанын тұжырымдайды.

1940 жылдары Вяткин Қазақстан территориясында палео-лит болмаған, тек неолиттік ескерткіштер ғана қылаң берген деген еді.

Алайда Жамбыл облысындағы Алакөл мен Маңғышлақтағы Үстіртте бұдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адамдардың ескерткіштері соңғы жылдары, әсіресе, 1995 жылдан бері іздестіріліп, анықталды. Айта кету керек, мұндай ескерткіштер Израильдағы Бизатрухан қонысынан және Қытай жерлерінен де табылды. Ал Ресейден адамдардың осы уақытқа жататын қоныстары кездеспей отыр. Ендеше, оның жерлеріне адамдар шығыстан барған болуы керек деп жорамалдауға негіз бар сияқты (Ж.Таймағанбетов).

Түркістан қаласынан 18 шақырым жердегі Шоқтас пен Қошқорған маңындағы терендігі 9 метрдей артезиан құдығы-нан плестицон дәуіріне жататын тіршілік иелерінің қырғыш, найза ұштары, балта және т.б. 25 000-дай тас құралдары, сондай-ақ бизон (мүйізтұмсық) мен жабайы түйенің сүйектері табылып, электрондық-парамагниттік әдісті қолдану арқылы олардың бұдан 500000 жыл бұрын өмір сүргендігі анықталды[6]. Майданталдан табылған палеоескерткіштер де Қошқорған-дікімен жалғасып жатқандай әсер қалдырады.

Х.А.Алпысбаев Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Бөріқазған, Тәңіріқазған тұрақтарынан табылған малтатас құ-ралдарды ашель кезеңіне жатқызады. Осы іспетті жәдігерлік-тер Жезқазған қаласынан 150 шақырым Жаманайбат, Қара-ғанды облысы Жезді ауданының Обалысай мекенінен, Маң-ғыстау түбегінен де, мустье дәуірінің мұрағияты Оңтүстік Қа-зақстан облысының Алғабас ауданы Арыстанды өзенінің жаға-лауынан кезігіп отыр. Орталық Азия өңірінде ашель кезеңіне (б.з.д. 700 мың 150-120 мың жыл) жататын ежелгі адамдардың 10 (Қаратау, Лахути, Красноводск), мустье кезеңіне (б.з.д. 150-120 мың 35-30 мың жыл) жататын 80 (Тешіктас, Ходжакент, Обирахмет) мекен тұрағы археологияда өзінің ғылыми сарабын алды.

Кейінгі тас кезеңі 35-10 (немесе 12) мыңжылдықтардың арасын қамтиды дедік. Мұнда Б.Ф.Поршневтың пікірінше, түрегеп жүретін жоғары деңгейдегі тіршілік иесінің анық ажыралып тұрғандығы көрінеді[7]. Сондай-ақ, бұл кезең ұжымдық, қауымдық, рулық бірлестіктердің пайда болуымен ерекшеленеді. Және бұл кезең – қоғамдық қарым-қатынастар-дағы аналық дәуірінің күшіне еніп, қанат жайған тұсы. Бұл кезеңнің ерекшеліктері Қазақстанда Шығыс Қазақстан облы-сының Қанай, Свинчатка, Ново-Николаевск, Оңтүстік Қазақ-стан облысының Ащысай, Балқаш көлінің терістік атырабы, Үстірт; Түрікменстанда – Красноводск, Өзбекстанда – Самар-қант, Тәжікстанда – Шугноу мекендеріндегі қазба жұмыстары-ның нәтижелері арқылы байқалады. Мысалы, Самарқанттың жоғарғы палеолиттік тұрақтарының төменгі алаңынан тас құралдар мен шалаш тәріздес баспана қалдықтары, ал жоғарғы жағынан бұл жер тұрғындарының өмір мен өлім жөніндегі түсініктерінің болғандығынан дерек беретін қызыл бояу себілген ежелгі адамның сүйектері табылды[8].

Қазақстанның соңғы палеолиттік ескерткіштері (Шығыс Қазақстан Шүлбі тұрағы) Алтай мен Сібір тұрақтарындағы жиынтықтармен бірдей болып шықты. Олардың мерзімі 30-25 мың жыл деп белгіленеді[9].

Бұл ретте Самарқант қаласының астынан табылған ежелгі адамдардың тұрақ жатағы айрықша мәнді. Одан көптеген материалдық заттармен бірге 25 және 35 жастағы әйел адамның жақ сүйегі мен тістері табылды. Орыстың атақты археологы А.П.Окладников Самарқанттың ежелгі мұрала-рының Шығыс Сібірдегі Ангара өзені аңғарындағы Мальта, Бурет, Ачинск тұрақтарынан кездескен материалдық мәдениет жұрнақтарымен өте ұқсас екенін атап көрсетті. Бұл – Сібір-Орталық Азия өңірін тұтас ойкумен ретінде біріктіре қарастыруға мүмкіндік беретін маңызды тұжырым.

Батыс, Оңтүстік-Шығыс Сібір аймақтарындағы мустье дәуіріне жататын Усть-Кан, Двуглазка, Кумара және Ангараның ежелгі адам тұрақтарының белгілері кейінгі тас дәуірінде тіпті айқындала, ажарлана түседі. Әсіресе, Мальта, Бурет, Ачинск, Санный Мыс, Афонтово Гора және Кокарьевкадан кездескен көне дәуір жұрнақтары таңғалдырмай қоймайды. Мәселен, Мальта тұрағы өзен жиегін жағалай салынған «ауылға» ұқсас. «Ауылдың» ортасында — сопақша келген үлкен жер үй. Үйдің іргесі гранит тастармен қаланып, шатыры ірі аңдардың сүйегінен құрастырылған. Олардың шаңырақ сияқты төбелері аң терілерімен кептелген. Ежелгі адамдардың аталмыш тұрақ мекенінде іргесі дөңгелек, төбесі шошақ күркелер де жиі ұшырасады. Ең ғажабы, Мальта, Бурет тұрақтарынан 40-қа жуық мамонттың азу тісінен жасалған мүсіндердің табылуы. Олардың дені – әйел бейнелері. Олар Еуропадан ұшырасатын әйел мүсіндеріне ұқсас болғанымен, оларға қарағанда нәзік, әдемі және дене мүшелері де барынша сыпайы жасалынған.

Мүсіндердің басым көпшілігі құлаққа тағатын сырға бейнесінде қалыпталған. Сондай-ақ, Тас дәуірі мәдениетінде баламасы жоқ құс бейнесі де молынан кезігеді. Олардың көпшілігі аққуға ұқсайды. Мальтадан табылған баланы жерлеу салты да қалыптаса бастаған дәстүрлі мәдениеттің жаңғырығындай. Сәбидің бас жағында – мамонт сүйегінен жасалған білезік, кеудесінде – 120 сүйектен қашалған әдемі моншақ, оюланып өрнектелген 7 салпыншақ, белінде – тоғасы оюланған белбеу, төс сүйегі үстінде ұшқан құстың бейнесі, оң иығында – мамонт сүйегінен жасалған қарбілезік, аяқ жағында ­пышақ, басқа да қару-жарақтар қойылған.

Бұларды соңғы палеолиттік жәдігерліктер деп таңбалауға толық негіз бар.

Ангара мен Белый өзенінің қилысындағы ежелгі адамдардың көне тұрағынан кезіккен (жәдігенлер жиынтығы) пара-пар жәдігерлік Шығыс Еуропадан кезіккен емес. Асылы, адамзаттың алтын бесігі іспетті Шумер, Египет өңірінде де көнелігі жөнінен Мальта, Бурет мұрасымен таласар дерек әзірше қолға іліге қоймады.

Ғылым әлеміне Окладников, Абрамов сынды көне дәуір мәдениетінің озық білгірлерінің Орта Азия жәдігерлерінің Мальта-Бурет мәдениетімен жапсарластығы мен жалғастығы туралы айтқандары белгілі. Сондай-ақ, Мальта, Бурет мәдениетінің Шығыс Еуропа, әсіресе Дондағы Костенко тұрақтарымен де байланысы анық аңғарылады: олар да қабырғаларын мамонт сүйектерімен қоршап, дөңгелек, сопақша үйлер тұрғызған, үйлерінің еденіне ошақпен қатар тандыр орнатқан. Әйел мүсіндері сәл дөрекілеу болғанымен, жалпы ұқсастықты табу қиын емес.

Біздің д.д. 20-18 мыңжылдықтармен өлшенетін аталмыш мәдени ошақтар иелерін тегі жақын нәсілдер деп қарастыруымызға негіз бар.

Гастон Жоржель Еуразияны өз алдына төл мәдениетін қалыптастырған тұтас ойкумен деп қарастырады. Оның терістік полюсы – Орал тауының солтүстігінде. Еуразияның ежелгі мәдениеті осы арадан бастау алып, оңтүстікке тараған. Оңтүстікте ол 30-шы паралельге жетіп, Иранның Келат қаласыньң іргесімен өтіп, Египеттің пирамидалар аймағын түгел қамтып жатады. Еуразиялықтар тарих бел-белестерінде осы аймақты шеңбер бойымен жағалап, үнемі қозғалып, жылжып отырған.

Жоржельдің пікірінше, Еуразия өркениеті «атлант» өркениетінен бұрын пайда болған, олар атланттармен 60-шы меридианда (Карпат таулары) кезігіп, соңғылардың шығысқа жылжуын тоқтатқан. Сол себепті де Еуразия көне мәдениеті — қоспасыз төл мәдениет.

Жоржель Еуразия мәдениетінің негізін қалағандар тұрандық қауым деп біледі де, Тұранның мәдени, рухани орталығын Сібір, Гоби шөлі, Камчатка ендігінен іздеу керек деп тұжырады. Ал ежелгі Тұран елінің жұртын үшбу тарихшы түркі-шумерлермен байланыстырады[10].

Бұл айтылғандар біздің тарихи түсінігімізді жаңа деңгейге шығаратын аса маңызды жаңалық. Өзінің пікірін аспандағы жұлдыздардың қозғалу зандылығына негіздеп айтқан Жоржель болжамы айны қатесіз келді. Арада санаулы-ақ жылдар өткенде академик Окладников Ангара өзені аңғарындағы Мальта, Бурет мекеніндегі ежелгі мәдениеттің көзін ашты.

Табиғаты жағынан Солтүстік және Шығыс Қазақстанға ұқсайтын Сібірдегі Ангара өзенінің бойынан археологтар мамонт пен мүйізтұмсықтың сүйектерінен салынған төрт баспанасы бар Бурет тұрағын ашты дедік. Жеркепенің айналасына бірдей қашықтықта мамонт сүйектері қазылып орнатылып, төменгі жағынан жалпақ тастармен бекітілген. Мұндай сүйектердің саны он екі, олардың оны жамбас сүйегі, біреуі – бас сүйек, басқасы – азу тіс. Тіреу есебінде қолда-нылған мамонт сүйектерінің үстіне бұғы мүйізі орнатылып, тармақтары қайшыласып келіп, төбенің қаңқасын құрайды.

Ежелгі адамдар құрылыс үшін неге ағашты мол пайдаланбаған деген ой туады. Сөйтсек, бұл жерде ол уақытта ағаш болмаған екен, қазіргі тайганың орнында ол кезде жазық дала мен тундра тұрған.

Әзірге Қазақстаннан осы кезеңге тән баспаналар табылған жок. Бірақ олардың сөзсіз болғандығын болжамдауға болады. Қазақстандық ежелгі адамдар әлі де болса, бұрынғысынша таулы аймақтардағы үңгірлерді, үңгіме қуыстарды және жартас қалқасын баспана етті.

«Сібір археологиясының» тосын жаңалықтары әлемнің ұйқысын шайдай ашты. Атақты археологтың өзі тапқан мәдени ошаққа қайран қалғаны соншалық, көпке дейін оны неге жорырын білмей жүрді. Алғашқыда аталмыш мәдениет ошақтарын түркі халықтарына жуытпай, ашықтан-ашық «мұны жасаған түркі нәсілі емес, жер бетінен жоғалып кеткен халықтың мұрасы» деп жүреді де, өлерінің алдындағы соңғы еңбегінде: «Ежелгі түркілік Сібір, Шығыспен және Батыспен көбірек байланысты. Оның мәдениет деңгейі біз ойлағаннан гөрі көп биік болып шықты. Байқал, Ангара, Лена өзендерінің аңғарында батыс пен шығыстың ежелгі мәдениеті тоғысып, ажырасқан. Өз кезеңімен салыстырғанда аса іргелі мәдени ошақтардың болғанының басы ашық. Оны есепке алмайынша Еуразия тарихын толық түсіне алмаймыз. Табылған археологиялық айғақтардан көрініп тұрғанындай, түркілердің Дон, Дунай сапарлары Байқал қамалдарынан басталған», – деп жазып кетті.

Демек, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 20-15 мыңжылдықтағы Сібір мәдениетін археология түркі халықтарымен байланыстыруға мәжбүр болды. Бұл ғылыми тұжырым төл тарихымызға басқаша қарауға жол ашады.


* Төрттік кезең – кайнозой эрасының қазірден бастап 1,65 миллион жылға дейінгі уақыт аралығын қамтитын жоғарғы кезең.

* Адамзатгың пайда болу кезеңі геологиялық төрттік дәуірімен байланысты, ал аталған дәуірдің ұзақтығы 1 миллион жыл деген есеппен шектеліп келген едік. Жаңа деректер бойынша төрттік дәуір қазіргі кезден бастап есептегенде 1,65 миллион жылдық уақытты қамтыса, антропоген геологияның 4-5 миллион жылдық даму мерзіміне сәйкес келетіні анықталды.

* Гоминидтер – алғашқы адамдар.

[1] Әділхан Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы. – Алматы: «Санат», 1988, 35-б.

[2] «Тһе Тіmеs», 12 аргіеl, 2001 уеагs.

[3] Қараңыз: «Вопросы философии», 1957, №2.

[4] Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. – М., 1974.

[5] Тоmаsсһек W. Sogdiаna. СеntгаІаsіаtisсһе Studien. Wіеn, 1877. – S. 67-184.

* Неоген – Жер планетасы тарихының кайнозой эрасынан қазірге дейінгі 23-1,65 миллион жылдар аралығын камтитын орта кезеңі.

[6] Деревянко А.П., Петрин В.П., Таймагамбетов Ж.К. Материальные остатки культуры древнейшего человека в Туркестане // Түркістан-1500. Труды Международной научно-практической конференции «Туркестан и Х.А.Ясави в истории и духовности Казахстана и тюркского мира», посвященной 1500-летию г.Туркестан. Туркестан, 20-21 октября 2000 г.

[7] Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. – М., 1974. – С.52.

[8] Джуракулов М.Д. Самаркандская стоянка и проблема верхнего палеолита в Средней Азии. – Ташкент: Фан, 1987. – С.70; Гречкина Т.Ю. Палеоли-тические памятники бассейна Зарафшана // ОНУ, 1991, №10. –С.36-39.

[9] Таймаганбетов Ж.К. Памятники каменного века. – Мына кітапта: Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. – А., 1987, 1-тарау.

[10] Қараңыз: «Наука и религия», 1991, №1.

.

Тағы рефераттар