Тау-жыныс бұзушы аспап туралы қазақша реферат

Жер бетінің қалыңдығы әртүрлі қаттылықты жыныстардан құралған. Жоғарғы бөлігінде – құм, глина, тереңде – құмдақтар, әктастар, содан кейін – граниттер, кварциттер.

Бұны бұрғылау процесінің үлкен технологиялық шынжырында алғашқы звено болып табылатын тау-бұзушы аспап-қашаудың конструкциясын таңдағанда ескерген жөн.

Соққылы бұрғыларда қолданылған тісті-қашаудан мұнайшылар «кетті», бірақ бұл қашаулар және соққылы бұрғылаутерең емес, сулы скважиналарды ашуға қолданып жалғасып жатыр. Бірақ жаңа механикаландырылған вариантта.

БҚ («балық құйрығын») немесе екі қалақшалы қашаулар жұмсақ жыныстар – тұтқырлы глиналардан, борпылдақ құмдақтардан, жұмсақ әктастардан, үшқалақшалы қашаулар – жұмсақ, бірақ тұтқырлы емес жыныстардан шарошкалы қашаулар әртүрлі механикалық қасиеттері бар жыныстардан өту үшін қолданылады.

Шарошкалы қашаулар кеңінен қолданылатындықтан олардың конструкциясын қарастырайық.

Ол шарошка үшін тіректі конструкция болып табылатын үш шеңгел пісірілетін корпустан тұрады. Соңғылар формасы бойынша бірнеше тістер қатары бар конусты тістерге ұқсас. Шестерня-шарошкалар осінде бекітілген және роликті және шарикті подшипниктерде айналады. Корпуста жуу сұйығын беру үшін тесіктер орындалған.

Қашаудың айналуы кезінде шарошкалар қабаттан кесектен соң кесек сындырып алып тұрып, қабат бойымен жабылып қалады. Бұзу интенсивтілігі қашаудың айналу жылдамдығына, жынысқа қашау қысатын күшеюден, және бұрғылап жыныстан тазарту жылдамдығына тәуелді. Қашау жұмысының ұзақтығы тура скважина құру уақытына әсер етеді. Сондықтан қашаудың кескіш бөлігінің тозуға төзімділігін қатты және өте қатты материалдарды – вольфрам карбиді, алмазды балқытып жоғарылату жұмыстсры жүргізіліп жатыр. Алмаз қашаулар бір қашауды 15-20 қарапайым шарошкаларға ауыстырып, өту жолын қатты жыныстарда 250-300 м-ге дейін көтеруге мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар