Тауар ассортименті туралы қазақша реферат
Тауар ассортименты жоспарлау, құру және басқару маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін керек кезде нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші кәсіпорын рынокқа ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп атайды.
Тауар ассортименті кәсіпорын өндіретін белгілі тауардың барлық түрлері жиынтығы. Оған әртүрлі тауар түрлері кіреді. Tayap түрі (автокөлік, трактор, станок, т.б.) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай ассортименттік топтарға бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын көрсететін (тауар түрлілігі немесе таңбалары) ассортименттік позициядан тұрады. Мысалы, кәсіпорын тоңазытқыш және кір жуғыш машинасын өндіреді делік. Тоңазытқыштың бір, екі және үш камералық т.б. үлгілері болады. Олар әр түрлі таңбаға ие болуы мүмкін және көлемімен, ерекше техникалық көрсеткіштерімен сипатталады.
Тауар ассортименті мына көрсеткіштерімен сипатталады: ені, тереңдігі және салыстырмалылығы. Ассортимент ені ассортименттік топтардың саны. Ассортимент тереңдігі әр ассортименттік топтағы жайғасым саны. Ассортимент салыстырмалылығы тұтынушылар көзқарасынан, түпкі қолдануға, тарату арналарына және бағаға байланысты ұсынған ассортименттік топтардың арақатынасы.
Ассортимент құру арқылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке серияларының мәселелері, «ескі» және «жаңа» тауарлар «күрделі» және «жәй» тауарлар арақатынасын анықтауға болады. Ассортиментті құру кезінде баға, сапа, кепілдеме, сервис жайында өзекті мәселелер пайда болуы мүмкін.
Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді. Ол оңтайлы ассортименттік құрылымы мен тұтынушылардың талаптарын ескеріп, шикізатты, техниканы, қаржы қорларын тиімді қолданып, өнімді төмен шығынмен өндіріп, тауар ұсынысын құруға бағытталады. Ассортимент қағида көрсеткіштері жүйесімен сипатталады. Олар: тауарлардың түрлері (тұтынушылардың түрлеріне қарай), ассортиментті жаңарту деңгейі мен оның жиілігі, белгілі тауар түріне белгіленген баға деңгейі және т.б. Ассортименттік қағиданың мақсаты фирманы нақты тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен құрылымына сәйкес тауарларды өндіруге бағыттау болады.
Ассортиментті жоспарлау жұмысы қажетті анықтаудан, немесе рынокты зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым қалыптасқаннан кейін басталады. Жаңа өнім туралы ойдың пайда болған көзіне қарамай ойдағы өнімнің қажетке сәйкестігін анықтау керек. Кейбір жағдайда жаңа немесе жаңартылған өнімді бар ассортименте қосу немесе ассортименттегі ескі өнімге айырбастау ғана қажет болады. Ал өндіру үшін жаңа өнім жобасы болмаған жағдайда, сол өнім туралы ойды жобалау-конструкторлық бөлімшелерге жібереді, олар жаңа тауар үлгілерін дайындап, өндірудің алдында оны тексеріп көреді.
Тағы рефераттар
- Қола дәуірі петроглифтерінің кейбір образдары мен сюжеттерінің семантикасы
- Футбол ойынының жүйесі
- Зорлау: құқықтық біліктіліктің ерекшеліктері, теория мен тәжіребенің проблемасы
- Ата –ананың бала алдындағы міндеттері
- Әлеуметтік философия