Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласындағы көкейтесті мәселелердің бірі тауарлық белгіні мемлекеттік тіркеу болып отыр.
Негізінен кәсіпкерлер тауартаңба ретінде өздерінің логотиптерін тіркейді. Логотип — бұл фирмалық стильдегі элемент. Тауар белгісінің жиі тіркелетін нысаны фирмальқ түрде салынған, яғни фирманың немесе фирмамен шығарылатын тауардың толық немесе қысқартылған атауын ерекше етіп жазу. Көбіне логотипті фирманың эмблемасымен жаңылыстырады.
Ең бастысы есте сақтау керек — логотип фирмалық стилде жазылған (салынған) сөз. Ал тауар белгісі – «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тіркелген белгі, ол белгілі бip заңды немесе жеке тұлғаның тауарын немесе қызметін eкіншi бip заңды немесе жеке тұлғаның тауары мен қызметінен айыру үшін қажет.
Тауар таңбаны Сізсурет, жазу, әріп, сан, көлем түрінде немесе басқа да белгілер немесе кез келген түстегі үйлесімділік түрінде тіркей аласыз.
Тауар таңбаны тіркеу туралы куәлікті алу Сiзгe оны пайдалану құқығына ие болу мүмкіндігін береді Ол тауар таңбаны сіздің келісіміңіз болмаса, ешкім пайдалана алмайды.
Сонымен қатар, ұжымдық тауар таңба деген болады. Бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.
Тауар таңбаны тіркеу «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМКК-да немесе оның өңірлердегі өкілдіктерінде жүргізіледі. Tipкey 2 кезеңде жүргізіледі: 1) алдын-ала сараптама — өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде және толық сараптама — өтiнiм берiлген күннен бастап он екi ай iшiнде. Eгep өтініш иeci Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне немесе Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің Хаттамасына сәйкес халықаралық тipкeyгe өтінім берген болса, жеделдетілген тipкeyгe жол беріледі. Ондай жағдайда, сараптама мен тіркеу 6 айда жүргізледі.
Erep Сiз өз тауар таңбаңызды тіркегіңіз келсе, онда сараптамалық ұйымға тауар таңбаға өтінім беруіңіз қажет.
Егер ұжымдық тауар таңба тіркелетін болса, өтінімқатысушылардың ұжымдық тауар таңбаны пайдалану туралы келісімімен, бірлестіктің атына беріледі
Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.
2. Өтiнiм бiр үлгі бланкiде берiлуге және:
1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
3) тауарлар мен қызметтердiң халықаралық жіктемесіне сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуы тиiс.
3. Өтінiмге:
1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;
2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;
3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.
Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екi ай мерзiмде, олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады.
4) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі, статистикалық карта, СТН (заңды тұлғалар үшін), ЖК үшін ЖК куәлігінің көшірмесі мен СТН.
5) тіркелетін тауар белгісінің 12 түсті немесе ақ-қара суреті;
Өтiнiм берiлген күн өтiнiмнің сараптама жасау ұйымына түскен күнi бойынша, егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда — табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша белгiленедi.
6. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Назар аударыңыз! Тауар таңбасына куәлік бергені үшін Ciз 1 АЕК – 1 512 теңге төлеуіңіз қажет.
Сараптамалық өтінім сараптамалық ұйыммен кезең-кезеңмен жүргізіледі:
1) алдын ала сараптау — өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде, оның барысында тапсырыстың мәні, қажетті құжаттардың болуы тексеріледі.
2) толық сараптама — тапсырыс келіп түскен күннен бастап он екі ай ішінде, оның барысында тапсырыстың «Тауар таңбалар, кызмет көрсету және тауарлардың өту орындары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-7-баптарымен белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Сараптамалық ұйымның тауар таңбасына куәлік берумен қатар, Мемлекеттік тізілімге мыналар енгізіледі.
1) тауар таңбасының суреті;
2) оның иегерлері туралы мәліметтер;
3) тіркеу нөмірі мен күні;
4) тауар таңбасының тіркелуіне қатысты тауарлар мен кызметтердің тізімі;
5) сараптамалық ұйымға берілген өтімнің нөмірі мен күні;
6) конвенциялық басымдылық белгіленген болса, бірінші өтінім берілген ел, нөмірi және күні;
7) қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы мәліметтерді қоса алғанда, тауар таңбаны тіркеуге қатысты басқа да мәліметтер.
Назар аударыңыздар! Тіркеудің әрекет ету мерзімі тапсырыс берген күннен бастап 10 жылды құрайды. Аталған мерзім иегердің оның әрекет етуінің соңғы жылының ішінде берілген өтінім бойынша әр 10 жылға созылып отырады.
Мұны білген жөн (оқып шығыныз):
1) «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылган жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456 Заңы;
2) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылєы 23 сәуірдегі № 136 Бұйрығы.
Пайдалы сілтемелер:
1) http://www.intellkaz.kz/ — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты;
2) http://www.kazpatent.kz/ — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Зияткерлік меншік Ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тауар белгісі», «тауар белгісін тіркеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етілуі
- Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі қылмыс құрамдары
- Қазақстандағы дүнгендердің тарихы
- Әлеуметтік қызметкер.Әлеуметтік қызмет жүйесі
- Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы