Құжаттың   жалған  бланкілері  көп  жағдайда  сурет салу  немесе  клишеден  басу  арқылы   дайындалады.  Клишені  баспаханалық  шрифтті  теру  жолымен,  фотоцинкографиялық  тәсілмен, қолмен  ойып   жасау  және  басқа  да  тәсілдермен  дайындайды. Бұл  тәсілдердің  әрқайсысының  өзіндік  белгілері  бар.

Сурет  салу  арқылы  жасалған   жалған  бланктер   штрихтарының,  аттас  әріптер   мөлшерінің  біркелкі  есептігімен,  суретінің  стандартқа  сай  еместігімен  мәтінде  грамматикалық  қателер  мен  қисындық (логикалық)  қарама-қайшылық  болуымен,  қарындашпен  жазылған  және  қара  қағаз  арқылы  көшіру  іздерімен  ерекшеленеді.   Қолмен   ойып  жасалған   клишеге   стандартсыз  шрифт,  белгілердің  ұзынша  элементтеріндегі   түзуліктің  бұзылуы,  сөз  жолының  иірімділігі  және  т.б. тән.

Фотоцинкографиялық    тәсілмен  дайындалған  клишеге  штрихтардың  шетіндегі  бояу  қабатының  қалыңдығы  және  әріп   штрихтарының  қатты  басылуы;  суретке  түсіру   масштабын   сақтамау   себебінен   таңба  көлемінің   түпнұсқадан   өзгешеленуі;  ұсақ  штрихтар   мен   бөлшектердің   анық  болмауы;  штрих   шеттерінің   тегіс  болмауы  және  үзілуі,  қышқылмен (кислота) өңдеу   нәтижесінде  әріп   бұрыштарының  дөңгеленуі  тән.

Құжаттың  алғашқы   мазмұнын  өзгерту   фактісін   анықтау   бұрынғы  жазуды  тазарту,  өңдеу  немесе  шаю  белгілерінің   болуына  байланысты.

Жазуды  тазартып  өзгерту  оның  алғашқы  мазмұнын  өзгерту  үшін  штрихтарды  механикалық  жою  болып  табылады. Оның  белгілері:  құжатты  жарыққа  қараған  кезде  байқалатын  қағаздың  үстінгі  қабаты  құрылымының  бұзылуы   нәтижесінде,  оның  кедір-бұдырлы  және  жұқа  болуы.  Тазартып  өшіру  кезінде  қасындағы  жазба  белгілерге  де   зақым  келеді.  Сонымен  қатар,  қағаздың  бет  жағында  басылған  және  теріс  жағында   томпақ  түрде  жойылған  мәтін  бедері  қалады.  Кедір-бұдырлы   қағаздың   бояуды  сору  қабілетінің  нәтижесінде   жаңадан  жазылған  әріптердің,  сандардың  шеттері  тегіс  болмайды. Кей   жағдайларда   алғашқы  мәтін  штрихтарының  қалдықтары  басқа  түсті  бояу  ретінде  қалып  қояды. Механикалық   әсер  ету  іздері  тегістеу  нәтижесінде, қағазда  пайдаланған  заттың  іздері  қалып  қояды.

Ерітіндімен  өңдеу  штрих  бояуларын  химиялық  реакциялар (қышқылдар,  сілтілер, тотықтырғыштар)  жолымен   жазуды  немесе  оның  бөліктерін  қасақана  жою. Ерітіндімен  өңдеу   белгілері  қағаздың  желімделінген  жерінің  бұзылуынан,  өңделген  жердің  күңгірттенуі  немесе  түсінің  өзгеруінен  байқалады.  Өңделген   жер  сарғыштанады; өңдеу  затының  әсерінен   жарықтар  пайда  болады;  жазу  өңсізденеді;  алғашқы   мәтіннің  көмескі  көрінетін  штрихтары,  түрлі-түсті  жазба  іздері,  өңдеуге  түскен  жердің  және  құжаттың  қалған (суық  сәуле  тарату)  айырмашылықтары  байқалады.

Ерітіндімен  өңдеу  белгілерін  лупа,  микроскоп,  ультрафиолеттік  сәуледе  зерттеу  арқылы  контрастылық  фотосурет,  көрінетін  және  инфрақызыл   сәулелерін  қолданып  суретке  түсіру  арқылы  айқындауға  болады.

Жазуды  жуып  шаю-құжаттың  бетінен   штрихтарды  әр  түрлі  ертінділер  арқылы  жою. Ерітіндімен   өңдеуге  тән   белгілер  жуып  тазалау  барысында  да  байқалады. Олар,  әдетте,  ерітіндімен  өңдеуді  анықтауға  ұсынылған  тәсілдермен  анықталады.

Қосып  жазу   тәсілі   құжаттың  бос  жерлеріне  жаңа  әріптер,  сандар,  сөздер  және  олардың  тіркестерін  енгізу  арқылы  оның  алғашқы  мазмұнын  өзгерту  болып  табылады.

Қосып  жазудың  белгілері: алғашқы  және  жаңа  жазу  штрихтарының  түсі  мен  шеттерінің, мәтінге  жеке  жазуларды  енгізудің  айырмашылығы,  көлемі  мен  қол  жазудың  айырмашылығы;  әріптер,  сөз  жолдары  арасының  тар  не  кең  болуы және т.б.

Кейде  қосып  жазуды  құжаттың  мазмұнын  оқу  кезінде  байқалатын  қисындық  қарама-қайшылық  арқылы  айқындауға  болады. Қосып  жазуды  құжатты   лупа  немесе  микроскоп   көмегімен  шашыраған  немесе  қиғаш  түскен  жарықта  қарау  арқылы  анықтайды.

Фотосуреттерді  көп  жағдайда,  адамның   тұлғасын  куәландыратын  құжаттарда, құнды  қағаздарда  және т.б. алмастырады.

Кең  тараған  тәсілдер:

—  фотосуретті  толық ауыстыру;

—  түсірілген суретті  монтаждау (құжаттағы  мөр  таңбасы  бар  бұрынғы  сурет  бөлшегін қалдырып, оған  басқа  тұлға  суретін жапсыру);

— ескі  фотосуреттің  бетіне  басқа  фотосуреттің  эмульсиялық  қабатының  бөлшегін  қондыру;

— құнды  қағаздың  бөлшегін  айырбастау;

— нөмірлер  жапсыру.

          Құжат   мазмұнының  өзгеру  түрі

          Тазарту-тақырыптың   алғашқы   мазмұнын   өзгерту  мақсатында  штрихтарды  механикалық  өшіру  әдісін  түсіндіреді.   Оның   салдарынан   қағаздың    беткі  қабаты   бүлінеді,  ол  құжатты   жарықта  қарауда   бірден  көріністің   жұқаруы   мен   тегіс  емес  белгілері  анықталады.

Тазарту  барысында  қорғаушы  тор  мен  штрих   қасындағы  орналасқан  жазба  белгілері  бұзылады. Сонымен   қатар  алынып  тасталған  мәтін  орны  парақтың  оң  жағынан  батырылған,  теріс  жағынан  томпиған   түрдегі  рельефті   көрініс  қалады.

Қағаздың  сіңіруші  қасиетінің   көбеюінен   қалыптасқан  қайта  жазылған  әріптер,  сандар  қисық   штрих  шеттеріне  иеленеді.

Механикалық  әсер  ету  іздері   тазартылатын   мәтінді   тегістеп  өшіру   мақсатында  қолданған  заттардың   трасса   сипатында  пайда  болатын  салдарынан  қалыптасқан  іздер.

Уландыру- бұл  жазуды  немесе   олардың   бөлшектерін  химиялық  реативті  түссіздендіріп  бояу  штрихы    арқылы  өшіріледі.

Уландыру   белгілері  қағаздың  беткі   қабатының   бұзылуы  уландырған  жерлердегі  қағаз   түсінің  өзгеруі,   сызаттарының  қалыптасуы,  қорғаушы   тордың   түссізденуі  немесе   түстің  өзгеруі,  көрші  жазу  штрихтарының  өшуі.

Уландыру   белгілері  лупа,  микроскоп,  ультра   көгілдір   жарық    түсірушілер  көмегі  арқылы  табылады

Шаю-құжат   бетіндегі   штрихтарды  әр  түрлі  ерітінділер  арқылы  өшіру. Көптеген  уландыру  үшін  тән   белгілер   шаю  кезінде  шығады.  Олар  ереже  бойынша   уландырылған   жерлерді   табу  үшін  кеңес  беретін  құралдар  көмегімен  табылады.

        Қосымша  жазу- яғни  бұл   жаңа  әріптер,  сандар, сөздер  және  басқа  да   тәсілдермен  құжатқа  бастапқы   өзгеріс   енгізетін  қорытынды.

Қосымша   жазу  белгілері:

бастапқы   және  жаңа  жазу  штрихтарының   түсі   мен   реңінің,  штрих  ендерімен  орындалған  жазудың  қалыптасу  ерекшелігі;

— мәтіндегі  жеке   жазулардың  әр  түрлі  қалыпта  орнығуы;

— әріптер, сөздер,  жолдар  арасындағы   тығыз  үзілістер;

— бір  штрихтағы  бояушының   басқа  түсте  болуы.

Қосымша  жазу  құжатты   шашыраңқы   немесе   қисық   түсуші  жарық   арқылы  лупа  немесе   микроскоппен  қарауға   болады.

Сурет  карточкаларының  ауыстырылуы,  жеке    тұлғаны   куәландыратын  құжатқа   жасалынады.  Оның  белгілері:

— суретті   толық  өзгерту-мөр   мәтінінің   ұйқаспауы  қарастырылады;

— монтаж-суреттің  мөр  жағы  жартылай  қалып,  оның   орнына   басқа  сурет  ілінеді,  фотоқағаздың  сәйкессіздігі,   суреттің  кесілу  ізі,  мөр  элементтерінің  келіспеуі  бойынша   табылады;

— ескі  сурет  астынан   басқа   сурет  жапсыру-бұл  әдіс   фотоқағаздардың   сорттарының  әр  түрлілігі,  суреттің    тегіссіз  жапсырылуы  бойынша  табылады.

Парақтарды   ауыстыру  еңбек  кітапшаларында,  төлқұжаттарда  және  т.б.   бірнеше  парақты  құжаттарда  кездеседі.

Құжаттардағы  ауысқан   парақтарға  мыналар  негізделеді:

— бір  құжаттың  әр  түрлі  қағаз  сапалары  мен  реңінің  өзгешеліктері;

— бет  нөмірлерінің  сәйкес  келмеуі;

— құжат  парақтарындағы  сериялар  мен  нөмірлердің,  парақ  шеттері  өлшемдерінің,  формаларының  сәйкес  келмеуі;

— ауысқан   парақтың  басқа  типографиялық  парақтардан  ерекшелігі.


Тағы рефераттар