Мазмұны
Кіріспе…….3

І бөлім. Тауарды несиеге сатудың есебі, қолма – қол, қолма – қолсыз есеппен сатудың теориялық аспектісі…..6
1.1Тауарларды әзірлеу, тауарлар түрлері, жіктелуі туралы түсінік….6
1.2 Тауарды несиеге, қолма – қол, қолма – қолсыз есеппен жүргізу саясаты…….11
1.3 Көтерме саудасындағы және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлардың операциясының есебі….20
1.4 Көтерме саудасындағы және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлардың операциясының есебі…..29

ІІ бөлім. ПОСЖБ ЖШС – нің өндірістік материалдар өндірудегі ерекшеліктер….32
2.1.ПОСЖБ ЖШС – нің қалыптасуы, дамуы және бухгалтерлік есеп….32
2.2.ПОСЖБ ЖШС – нің экономикалық жағдайы….35
2.3.ПОСЖБ ЖШС – нің ақша қаражатының құрамы және құрылымы…..38
2.4.Синтетикалық және аналитикалық есеп…..41

ІІІ бөлім. Тауарды несиеге сатудың есебін және қолма – қол, қолма – қолсыз есебін жетілдірудегі іс шаралары…46
3.1.Францияның жалпы экономикалық жағдайы, салық жүйесіне сипаттама…46
3.2.ХҚЕС – тың даму тарихы, мақсаты…..53
3.3.«1.С Бухгалтерия 8.0» қазіргі таңда қолданылуы, дамуы…65

Қорытынды……68
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиет….71

Кіріспе
Еліміздің өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бері біздің жас мемлекетіміз бен оның Үкіметі талай сыннан өтіп келе жатқандығы белгілі.
Кәсіпорындар бірінен кейін бірі жабылып, халықтың басым көпшілігі жұмыссыз қалды. Ауылдарды ақшасыздық жайлап алды. Халықтың барлығы көшеге шығып, дорба – сөмке арқалап, базар жағалап кетті. Бүкіл елді үмітсіздік кернеді. Қазіргі күні бүкіл әлемді шарын бастаған және ең ауыр сипатқа ие болып отырған соңғы дағдарыстың салмағын алғашқылардың бірі болып сезінген Қазақстан экономикасы болды. Мұның да өзіндік заңдылықтары бар.Егер Бүкіл әлемдік сауда ұйымына қосылып үлгермеді демесеңіз Қазақстан, бұл тұста біртұтас дененің бір мүшесі секілді ортақ экономикалық ағзаға кірігіп үлгерген еді. Әлемнің қаншама елдеріне мұнай, металл, астық және басқа да минералды шикізат көздерін жөнелтіп жатырмыз.Қазақстанның екінші деңгейдегі банктер әлемдік қаржы институттарынан іркіліссіз несие тарату мүмкіндіктеріне ие болып, ел ішіне шетелдік волюталар тасқындай төгілді.
Осы жағдай әлемдік қаржы дағдарысының алғашқы шегінде Қазақстан жағдайына әсер етті.
Жылдың басында Үкімет пен Ұлттық банктың, қаржы қадағалау агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде үстіміздегі жылы ішкі жалпы өнімнің өсу көлемі 5 – 7 % аралығында, ал инфляция деңгейі 10% — ға дейінгі аралықта болатындығы айтылған – ды. Үстіміздегі жылдың 8 айында инфляция деңгейі 7,5 пайызды құрады, Қазақстан экономикасы әлемдік дағдарыстың алғашқы кезеңіне жеткілікті жағдайда беріктік танытты.
2007 жылдың соңында Қазақстан Үкіметі Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес еліміздің әлеуметтік – экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірінші кезекті міндеттері туралы жоспарды әзірлеп, бекіткен болатын. Бұл жоспар салынып жатқан тұрғын үйлердегі учаскелердің құқығын қорғау және ипотекалық рыногтың әлсіреуіне жол бермеу, орта және шағын кәсіпорындардың жобаларын оларға қолайлы жағдайда қаржыландыру, еліміздің азық – түлік рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджеттік инвестициялық жобаларды жүйелі жүзеге асыру жағдайын сақтап қалу секілді бағыттарды қамтыған болатын. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бюджет арқылы үлкен қаржы бөлінген.
Үкімет еліміздің экономикалық тұрғыдан сапалы дамуын қамтамасыз ету бағытында бір қатар жүйелі қадамдар жасады.
Қазақстан Республикасының дамуын негізге ала отырып, курстық жұмыс жаздым.
Маған берілген тақырып: «Тауарды несиеге сатудың есебі, қолма – қол, қолма – қолсыз есеппен».
Тауарларды сату әр қилы болып келеді. Бұл – көтерім саудамен сату, қолма – қол есеп айырысу, тауарларды несиеге өткізу, ұсақ көтерме сауда, сатып алушыға қызмет көрсету.
Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырады (баға бойынша кейін өзгеретін болса да қайта есептелмейді).                                                                            Несиеге автокөлік, жиһаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар және т.б. секілді ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несие алынатын  тауардың  қолма – қол  ақшамен  төленетін бастапқы  жарнасы, сондай-ақ, оны бөліктеп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың құнына қарай анықталады.
Егер несиеге сатылатын тауардың бағасы ең аз шамадағы бір айлық еңбекақының 12 еселік мөлшерінен аспайтын болса, онда сатып алушы бірден осы тауар құнының ең аз дегенде 20%-ін өлшейді және калғанын 6 айдан үш жылға дейін бөліктеп төлейді. Егер тауардың бағасы аталған шектен асатын болса, онда тауарды несиеге алу барысының бастапқысында оның құнының 40%-ін төлейді, ал, қалған бөлігі 5 жылға дейінгі мерзімде төлентін болады.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды несиеге сатудың жаңа ережесіне сәйкес несиелеудің шегі (шекарасы) азаматтардың еңбекақы  (табыс) деңгейіне қарай анықталып белгіленетін болады.
Мәселен, алты айға дейінгі мерзімде бөліктеп төленетін тауар сатылатын  болса,  берілетін  несиенің  сомасы  тауарды  сатып алушының екі айлық еңбекақысынан аспауы керек, ал, 24 айға 8 айлық еңбекақыдан, 36 айға — 12 айлық еңбекақыдан, 48 айга 18 айлық  еңбекақыдан аспауы тиіс және 60 ай мерзімінде төленіп бітуі тиіс несиенің шекті сомасы сатып алушының 24  айлық еңбекақы деңгейінде белгіленеді.
Тауардың құны  несиенің шекті сомасынан  асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық  қолма-қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет.
Сатып алушыдан сауда кәсіпорнының пайдасына несие сомасының проценті өндіріліп алынады. Бұл проценттің мөлшерін сауда кәсіпорны банк несиесінің қолданыстағы мөлшерлемесін ескере отырып белгілейді, берілген несие сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестермен өтейтін болады.

 Дипломдық жұмыс / 72 бет
Тағы рефераттар