Тауардың өміршеңдік кезеңі туралы қазақша реферат
Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі, немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады. Өнімнің өтіміне, пайданың көлеміне, тұтынушылардың мінез-құлқына, бәсекелестіктеріне, маркетинг стратегиясына тауардың өмір циклі аса күшті ықпал жасайды. Тауардың өміршеңдік кезеңінің фазалары:
* рынокқа енгізу,
* өсу,
* кемеліне жету,
* құлдырау,
Рынокқа енгізу фазасында жаңа тауарға рынок қалыптасады. Сату көлемі, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл пайда алынбайды, керісінше шығын болуы мүмкін.
Өсу фазасы тауардың болашағына әсер етеді. Бұл фазада тұтынушылар тауарды қабылдайды, сұраныс өсе бастайды және сату көлемі де өседі. Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді. Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым ұзақ уақытқа созу керек. Бұл мақсатқа жаңа сегменттеріне шығу, жаңа өткізу арналарын табу, жарнаманы күшейту арқылы жетуге болады. Баға тіпті төмендеуі мүмкін, өйткені рынокта бәсекелестердің тауарлары сатылады. Олардың жолын бөгеу үшін бағаны төмендету қажеті де кездеседі.
Кемеліне жету фазасында жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады, сату көлемі шектеледі. Пайда көлемі төмендей бастайды. Алайда тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады.
Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет.
Бір фазадан басқасына ауысқан кезде күрт өзгерістер әдетте байқалмайды. Сондықтан маркетинг бағдарламасына дер кезінде ұтымды өзгерістер енгізу үшін сату көлемінің өзгерісіне зер сала қадағалау қажет. Рынокта «сырқат тауар» ұстағандар көп шығынға ұшырайды, ол фирма беделіне де нұқсан келтіреді. Тауар өміршеңдік кезеңі сипаты және әрбір фазасының ұзақтығы тауардың тұтыну қасиеттеріне, олардың тұтынушылар қажеттеріне сәйкестігіне, өзара алмасушы тауарлар санына және олардың бәсекелік қабілеттілігіне байланысты. Осыған қоса рынок жағдайы да есепке алынуы маңызды орын алады.
Тауардың өміршеңдік кезеңнің болуы фирманың алдына екі мәселені қояды. Біріншіден кез келген фирма жаңа тауарларды дер кезінде тауып, құлдырау кезеңіндегі тауарларды ауыстырып отыруы тиіс. Екіншіден фирмаөзі бұрыннан шығарып келе жатқан тауарлармен жұмысты тиімді ұйымдастыра білуі қажет. Кейбір фирмалар өздерінің бұрыннан саудалап немесе өндіріп келе жатқан тауарларымен жұмыс істеуді жөнге қоя алмай жаңа тауарларға барынша күш салады. Ал басқалары жаңа тауарларға қарағанда бар күш-жігерін өздерінің үйреншікті тауарларына жұмылдырады. Фирма үшін осы екі шектен шығушылықты теңдестіруі керек.
Тағы рефераттар
- Еуразия материгінің жер бедері
- Дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері
- Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
- Бағалы қағаздар нарығының орны, жұмыс істеуі және құрамдас бөліктері
- Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың аудиті