Тауарлар қозғалысын есептеудің алғышарттары үшін нормативті-анықтамалық ақпарат қажет. Тауарлар запасының жағдайын жан-жақты бақылау, оның өндіру және жеткізу жоспарын орындау, әрбір бұйымның атауын, көлемін, сортының қозғалысын қадағалауын қажет тұтады. Есептеуді осылай детальдап қарау дайын өнімді есептеу мен оның қозғалысын ұйымдастырудың міндетті алғышарты болып табылатын номенклатураны жобалау жолымен жасалады.
Номенклатура деп кәсіпорынмен немесе біртекті кәсіпорындар тобымен өндірілетін өнім түрінің қолданыстағы белгілеу жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелендірілген тізімі аталады. Номенклатураның әр позициясына номенклатуралық номер беріледі, ол оның коды болып табылады. Кодтағы белгілер саны минимальды болу қажет, бірақ өндірілетін өнімнің барлық тізіміндегі белгілерді қамту үшін жеткілікті болу қажет.
Өнімнің осындай түрде жасалған номенклатуралық тізімі әрбір номенклатуралық позицияның коды мен сөзбен жазылған түсініктемесінің арасындағы байланысты орнататын ақпараты бар анықтамалық материал болып табылады.
Есепті жеңілдету мақсатында бір номенклатуралық номерге бағасы бірдей немесе бір-біріне жақын бірнеше өнімдердің размерін, сорттарын немесе түрлерін бекітеді, осылайша номенклатураны бекітеді. Бірақта есеп мәліметтерінің ақпараттылығын көтеруін және бақылауын жақсарту мақсатында номенклатураның жайылған түрі тартымдырақ болады.
Көптеген бухгалтериялар есептеу бағасы ретінде кәсіпорынның көтерме бағасын қолдануды қалайды (айналымнан салықсыз) немесе бөлшектеу бағасын қолданады, егер соңғысы болса. Есептеу бағасы үшін өнімнің орташа жылдық жоспарлы өндірістік өзіндік құнын қабылдайтын бухгалтерия бар кәсіпорындарда аз емес.
Нығайтылған топтық ассортименті бойынша кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізетін өнімнің талдамалық есебі болған жағдайда есептік баға осы топ үшін орташа болып есептеледі және бағалау шамасының нормативті-анықтамалық массиві бойынша жеке дара позиция болады. Дайын өнім есебін ұйымдастырудың алғышарттары нормативті-анықтамалық ақпараттың бар болуы ғана емес, сонымен қатар осыған барлық қызығушылығы бар тұлғалардың қол жетуін қамтамасыз етуі екенін ескеру қажет. Көптеген көздер бойынша бөлінген бұл ақпаратты рационалды ұйымдастыру қажет, олардың әрбірі белгілі пайдаланушыға қажетті нақты мәліметтерді массивте біріктіреді.
Материалды-жауапты тұлғалар номенклатуралық парақ ұстау қажет, онда барлық өнімнің түрі, өнімнің позициялық коды, өлшеу бірлігі және есептеу бағасы болады. Нақты осы деректемелерді материалды-жауапты тұлғалар өнімнің қозғалысын көрсететін басқы құжаттарды толтырғанда белгілеу міндетті.
Жедел жұмыс жасау үшін өткізу бөлімінің қызметкерлері дәл осындай номенклатуралық парақты қажетсінеді, бірақ онда сату бағасы көрсетіледі және де сол бағалар прейскуранттың позициясы мен номеріне сілтейді, олар сатып алушыларға берген шоттарда белгіленеді. Сонымен қатар, оларға сатып алушылардың, келісім-шарттардың коды бойынша дифференциалды өнімдердің жеткізуі бойынша кәсіпорынның міндеттері мен жоспарлық тапсырмалары туралы анықтамалық құжаттың мәліметтері керек.
Пайдаланушылардың мүдделеріне сай нормативті-анықтамалық ақпаратты ұйымдастырудың рационалды әдістері арнайы әдебиеттерде экономикалық ақпаратты механикалық өндеуді жобалау және басқаруды автоматизацилау жүйесімен байланыста қарастырады. Бірақ бұл әдістердің негізгі идеяларын өнім және оның қозғалысы туралы жоспарлық және есептік ақпараттар компьютерлендірілмесе де қолдануға болады.
Тауарлар туралы ақпаратты компьютерлік өндеу жағдайында алғышарттары техникалық тасымалдаушыларға нормативті-анықтамалық мәліметтерді салу болып табылады, оларды ыңғайлы тәртіппен ұйымдастыру және өзгерістер және толықтырулар қажет болған жағдайларда уақытылы жаңартып отыру жүйесін жасау.
Тағы рефераттар
- Экологиялық топтар,оларға анықтама
- Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы
- Азия елдеріндегі зейнетақы жүйесі
- TDMA туралы мәлімет курстық жұмыс
- Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты