Жалпы педагогикалық тәжірибеде, мысалы оқытушыны зерттеу үшін байқау әдістерін (атап айтқанда, күнделік жазу әдісі), әңгіме (сауалнама, сұхбаттасу) және тест жүргізуді пайдаланған дұрыс. Сыныпта, топта (топтың жіктеліс) оңушыларының өзара қарым-қатынасын зерттеу үшін ұзақ уақыт бойы байқаумен қатар социометриялық және референтометриялық әдісті сәтті пайдалануға болады. Іс-әрекет өнімін зерттеуге, атап айтқанда, оқу қызметінің өнімін, яғни оның неден көрініс табуын зерттеуде іс-әрекет өнімін талдау әдісі аса кең тараған. Оқушылардың шығармаларын, мазмұндамаларын, ауызша және жазбаша хабарламаларын (жауаптарын) мақсатты, жүйелі түрде талдау, олардың мазмұнын, түрін талдау педагогқа оқушылардың тұлғалық және білім алудағы бағытын түсінуге, олардың оқуға, оқу орнына, оқу пәнінің өзіне және ұстаздарға қарым-қатынасын түсінуіне ықпал етеді. Оқушылардың тұлғалық, жеке психологиялық ерекшеліктерін немесе олардың әрекетін зерттеуде тәуелсіз құбылмалыларды жалпылау әдісі қолданылады, ол мысалы, бір оқушы туралы әр түрлі оқытушылардан алынған деректерді жалпылауды талап етеді. Тұлғаны іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде зерттеу барысында тең жағдайда алынған деректерді ғана жалпылауға болады.

Әрбір педагогтық зерттеу кем дегенде, төрт негізгі кезеңнен түрады:

1) дайындық (әдебиетпен танысу, мақсат қою, зерттеу мәселесі бойынша тұжырымдама ұсыну, оны жоспарлау); 2) зерттеушілік (мысалы, әдісі бойынша эксперименттік немесе социометриялық), 3) алынған деректерді сандық және сапалық талдау (өңдеу кезеңі), 4) түсінік беру кезеңі, яғни факторлар, себебін анықтау, жалпылау. Зерттеу жазбаша мәтін дайындаумен аяқталынады, онда зерттеудің нәтижесі мен оның талдауы келтіріледі.

Бақылау әдісі. Бұл — педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда баңылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскуреия, зертханадағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шеберлікпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты. Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін белсендіру, балалар ұжымының іс-әрекеті, т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі  формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, сызбаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, бейнемагнитофонға жазу, т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке немесе хаттамаға жазылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау басқа әдістермен ұштастырыла жүргізіледі.

Өзін-өзі бақылау  адамның өзін-өзі бақылау әдісі. Бұл әдіс өзіне-өзі есеп берудің негізінде жатыр. Ол көбінесе қосымша ретінде қолданылады.

Сауалнама — арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік-психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау — кәсібилік пен жауапкершідікті талап ететін іс. Сауалнгіма құрастыруда: 1) сұраңтардың мазмұны, 2) олардың түрі — ашық немесе жасырын, соңғысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет, 3) олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмейді, т.б.),

4) сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірибеде сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады. Сауалнама ауызша-жазбаша, топтық-жеке бола алады. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.

Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жаңа сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.

Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалім мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушылар зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді. Әңгіменің барысы хаттамаға жазылады. Кейде зерттелушіге елеусіз жағдайда әңгімені бейнемагнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана тиімді нәтиже береді.

Сұхбат — әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы аңпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар, т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.

Анкета. Бұл — арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап нұсңаларының қатал логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұраңтар деп аталады. Жабық сұраңтарға қарағанда, ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі, көбінесе, адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Эксперимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі — эксперименттік, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады.

Педагогикалың эксперименттік зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазбаұянысы бойынша екінші бір адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды.

Соңғы кезде педагогикалық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент  бұл сыныпта, бүкіл ұжымда оқу-тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.

Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.

Педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін зертханалық эксперимент деп атайды.
Тағы рефераттар