Тегеран конференциясында қаралған мәселелер туралы қазақша реферат
1943 жылы 28 қарашадан – 1 желтоқсанға дейін үш мемлекет: АҚШ, КСРО, Ұлыбритания үкімет басшылары Ф.Д. Рузвельт, В.И. Сталин, У. Черчилль Тегеранда бас қосты. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуінде дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтың өкілдері де қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференциясының басты мәселесі болды. Көптеген тарихшылар Тегеранды антигитлерлік коалицияның ең шыңы деп санады. Бірақ бұл жолға келу оңай болған жоқ. Англия мен АҚШ билеуші топтары Гитлердің КСРО-ға шабуыл жасаған сәтінен бастап енжарлық көрсетті және сол кездегі КСРО мен әскери ынтымақ жасауға құлшына қоймады. Кеңес үкіметі ең қысқа мерзім ішінде батыс державаларымен одақтастық қарым — қатынастар жасауға ұмтылып, мұны фашистік «ось» державаларына қарсы ойдағыдай күрестің кепілін көріп отырған кезде, Лондон мен Вашингтон ортақ жауға қарсы тек біріккен қимылға жағдайдың қысымымен ғана қосылып, өздеріне алынған міндетті орындауды қалайда соза түсуге тырысып бақты.
Вашингтон саясаты, сайып келгенде, дүниежүзіне АҚШ-тың үстемдігін орнатуға ұмтылу болса, Англияның билеуші топтарының көздеген мақсаты ең алдымен британдық империяның дүниежүзілік позициясын сақтап қалуда еді. Тіпті осының өзінде де, олардың мүдделерінде елеулі алшақтықтар болды. АҚШ пен Англия өз мақсаттарына жетудегі басты кедергіні гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияның саясатында деп білді. Олар осы қауіпті бәсекелестерін шет еткенде ғана, өздерінің ықпал ету сферасын нығайтып, кеңейте алатынына сенді. КСРО соғысқа кіріскеннен кейін Англия мен АҚШ осы жанжал арқылы өздерінің жеке мақсатын көздеді. Сөйтіп, АҚШ КСРО-ның қолымен Германия мен Жапонияны әлсіретуге тырысты, сонымен, Тегеранда қабылданған келісімдер антигитлерлік коалицияның маңызын көрсетті. Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін орындамағандықтан, соғыстың негізгі ауыртпалығын Совет Одағы көтерді. Екінші майдан ашу мәселесіне келсек, 1942 жылдың көктемінде Ла-Манштың ең енсіз жерінен кесіп өту арқылы және Сена сағасының шығысындағы Кале мен Гаврдың арасындағы француз жағалауына әскер түсіру, сөйтіп, солтүстік Францияға басып кірудің американдық жоспары жасалды. «Оверлорд» деген кодтық атпен аталған бұл жоспарды жүзеге асыру тек 1943 жылдың көктеміне белгіленді. 1942 жылы американ Бас штабы «Следжхэммер» деген шектеулі операцияны қарастырды, оның үстіне бұл төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс болды.
1. Орыс майданындағы жағдай өте ауыр болғанда, яғни Германия қаруының табысы артық болып, орыстардың қарсылығына сөзсіз күйреу қаупі төнгенде ғана ортақ.
2. Батыс Европада немістердің жағдайы өте төмен болғанда. Міне, Тегеран конференциясының осындай алғышарттарға негізделгенін көреміз, сөйтіп, ыңғайлы тактика жеңіп шықты. 1942 жылы Совет герман майданында кескілескен ұрыстар жүріп жатқан кезде Лондон мен Вашингтонда Батыс одақтастарға Екінші майдан ашу қашан тиімді болатындығы қызу талқыланып жатты.
1942 жылы жазда болған Лондондағы ағылшын-совет келіссөзі кезінде Совет үкіметі Батыс Европаға басып кіруді тездету қажеттігі туралы мәселені тағы да қойды. АҚШ президенті Ф. Рузвельт бұл мәселені қолдады.
1942 жылы 12 маусымда қол қойылған ағылшын-совет мазмұндамасында Вашингтонда бұрын келісілгендей 1942 жылы Еуропада екінші майданды құрудың кезек күттірмейтін міндеттері жайында толық келісімге қол жетті деген тұжырым қайталанды.
Тағы рефераттар
- Персоналдар құрамы және оның басқарылуы
- Автомобиль жолдары
- Кәсiпорынның сыртқы экономикалық қызметтiның қаржылық есебі курстық жұмыс
- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- Тауардың мәні, түрлері, қызметтері