Оңтүстік Торғай ойпаты Торғай тегістігінің солтүстік-шығысында орналасқан. Ол Ұлытау тау жоталарымен оның шығысында орналасқан оңтүстік жалғасының төменгі Сырдария күмбезі мен батыста Орал бір беткей құрамалы құрлымның ортасында өзіндік бір беткейлігімен жағымсыз роль атқарып тұр. Оңтүстігінде Қаратау тау жоталарымен ал солтүстігінде Қостанай қақпағымен шекараласады. Оңтүстік Торғай ойпаты өз тарапынан екі ойысқа бөлінеді. Солтүстігінде Жыланшы оңтүстігінде Арысқүм, орталыгы Мыңбүлақ қаңбақшасымен бөлінген. Құмкөл антиклинал құрлымы бор-палеоген жинағында 1500-1700 метрге жетіп, Арысқұм ойысында орналасқан. Мұнда триас-юра шөгіндісі өзінше жеке кұрлымды қабат құрап, ол төмендегідей ерекшеленеді. Қабат қалындығы максимал, мезозойға дейінгі гетероген негізінде ортасы опырылып түскен, жақтары бір-біріне қарсы құлаған созылған сынақтар бұлар тіліктерді толық стратиграфиялық зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Геофизикалық мәліметтер бойынша Арыскұм ойығының шекарасында бес желілі созылған субмеридионалды бағытта грабен сиклиналдарымен үш орталық қабаты көшірілген жарықтар жүйесінен антиклиналды күмбездер оларды бөліп тұрады. Бұл дәлелдеме ұңғылау нәтижесінде анықталған. Құрлымы жағынан Құмкөл дөңесі Сарыбұлақ горст антиклиналды шығысының оңтүстік батыс жағында орналасып Ақшабұлақ және Сарылан грабен синклиналдарымен бөлініп түрады.

Платформаның үстіңгі бүркеме қабатының шөгіндісі дөңестің шектік аймағында бүрыштың және стратиграфиялық қабаттар үйлесімсіздігімен жыныс негізіне орналасады. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағыттарында тектоникалық бүзылу себептерінен негізгі бірнеше блоктарға (шоғырларға) бөлінген.

Шөгіндінің үстінгі бүркеме қабатында тектоникалық бұзылу тек қана солтүстік-батыс бағытта байқалады.

Негіздің жүйелі бұзылуы бірнеше орталық қанаты көтерілген жарықтар жүйесінде бөлінуі дөңестің амплитудасы 320 метрдей, ал ені 2,5-3,5 километр және ұзындығы 24 километрге жетеді.

Негіздің беттік орналасу тереңдігі 1200-1600 метр шамасында.

Үшінші, бесінші және жиырма екінші ұңғыларда грабен шығыста амплитудасы 100 метрге дейін төменделе шектеліп ерекшеленеді. Солтүстік-батыс бағытта грабен кең қысым айырмашылықтарына иеленіп негіз 1460 метрден 1820 метр тереңдікке дейін орналасады.

Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытта дөңестің орталық бөлігі қасқа сыңықтар сериясы (29, 30, 16, 20, 14, 21, 8 ұңғылар аймықтарында) горст-грабенді амплитудасы 80 метрге дейін, өлшемдері 2,5-3,5 километрге тең болатын блоктарға бөледі.

Аймақтық солтүстік және оңтүстік бөліктері де орталық тұсы төмен құлдыраған жарықтар жүйесімен күрделенген.

Аймақтың орталық бөлігінде негіздің ең аз тереңдікте (1160-1170 метр) орналасуы (2,9,12,17,19 ұңғылар аудандарында) байқалады. Сейсмикалық   құжаттармен,   жүйелі   ұңғылау   нәтижелерінің   күрделі бағдарламамен өңдеу, дөңестің тектоникалық шөгіндісінің жан-жақты, деталды мағлұматтарын ұсынады.

Юра шөгінділерінде екі түрлі беттік қабаттың кұрлымы өте жақсы байқалады, оның біреуі — Құмкөл дөңес горизонтының қабат құрлымын жоғарғы Юраға, ал екіншісі дөңес қабаттың орта юра құмайт шөгіндісімен айқындайды.

Беттердің біріншісі өнімді Ю-1 горизонтымен байланысып, табан горизонтымен бірігеді. Екінші бетке 4 табан горизонты жанасшрылып өз тарапынан жамылғы өнімді Ю-4 горизонтымен бірігеді.

4 табан горизонтының жамылғысында Құмкөл кен орнының күрделінілген үш күмбезінде брахиантиклиналды қыртыстың бар екені байқалады. Қыртыстың тұнықталған теңіз деңгейінен биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтарынан максималды амплитудалары 160 метр, биіктігі 1330 метр өлшемдер 20×8 километр болады. Қыртыс үш тектоникалық үйлесімсіздіктермен (Ғ1,Ғ2, Ғ3) күрделіленген.

Қыртысты шығыстан шектейтін ең ұзақ төмендеу амплитудасы Ғ2 60-100 метрге жетеді. Солтүстікке қарай бұл өзгеріс Р3 бүзылуымен байланысты ары қарай сенімді.

Қыртыстың солтүстік-батыс синклинальды бөлігі максималды амплитудасы 30 метрге жететін шашыраңқы алысқа ұзаған бөліктері-мен күрделіленген.

Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігі 12,17,19 үңғылар ауданында орта юра шөгіндісі мүлде жоқ. Орта юра шөгіндісінің негіздің көтерілуі шамасына қарай азаюы оған тіліктің теменгі белігінің қосылуының нәтижесінде іске асады. Үшінші үңғы ауданында өлшемдері 1×1,5 километр,    ал    амплитудасы    25    метр    болатын    өте    үлкен    емес изометриялық күмбез байқалып, ол батысынан және шығысынан тектоникалық ажырауларымен қабаттасып келіп отырады. Соңғы ажырасуға (шығыстан қосылатын жартылай күмбездің) амплитудасы 40 метр тұйықталған изогипс «минус» 1260 метр болатын шығыстан келіп қосылатын жартылай күмбез жатады.

Бүкіл аудан аймағында орта юра шөгіндісі 0-200 метр аралығында өзгереді. Дөңестің өнімді горизонты Ю-1 жаппасының өлшемдері 20×9 километр құрап, тұйықталған изогипсте «минус» 1220 метрге дейін жетіп дөңестің амплитудасы 120 метр болады, қыртыс қанаттарының бұрыштың түсуі төменгі бетке ұқсас. Түгелімен Ю-3 горизонты дөңестің жоспарын қайталап үш күмбезді брахиантиклиналды болып солтүстік-батыс бағыттан амплитудасы 30-100 метр Ғ2, төмендеуімен шектеледі. Солтүстік және батыс күмбездер шығанақ тәріздес кішігірім синклиналмен өзара бөлініп түрады.

Үшінші ұңғы ауданында негізгі төмендеу Ғ2-ден шығысқа қарай сейсмикалық материалдар негізінде өлшемдері 4×2 километр және амплитудасы 40-45 метр түйықталған изогипса «минус» 1130 метр болатын дөңеспен анықталып шығыстан тектоникалық түзілу Ғ3 жартылай күмбезбен қосылып (34 ұңғы аумағында) өлшемдері 1×0,8 километр шамасында болады.

Құмкөл тастопшасының қалындығы аудан бойынша негізінен 55-75 метр шамасында ауытқып дөңестеу жерлерінде 38-44 метрге (ұңғы 2,17,19) дейін өзгереді.

Арысқұм горизонт жаппасы бойынша (өнімді бор М-1 горизонт жаппасы) Құмкөл құрлымы желілі асимметриялы антиклиналь қыртысы болып келіп, күмбезі оңтүстікке қарай ауытқыған. Дөңес өлшемдер 17×4

километр, амплитудасы 51 метр тұйықталған изогипс «минус» 1000 метр болады.

Құрлымның шығыс қанаты флексурамен күрделіленген, юра Швгіңці келіп өтетін Ғ1 тектоникалық бұзылумен сәйкес келеді.

Кен орнының орталық бөлігінде 3 шағылу горизонтында аймақтың изогипстың бағытының солтүстіктен шығысқа қарай күрт өзгеруіне байланысты «минус» 1000 метр еңдігінің кеңеюі байқалады.

Шығыстан Батысқа қарай 890934 уакьіт бөлігінде осы аудан арқылы өтетін локальды иілту байқалып, бұл жерде амплитудасы аз күмбез екендігіне дәлел болады.

Дөңес ауданның әртүрлі бетінің жоспарларын салысттыру барасында арыскұм дөңес горизонтының жаппасының ені азайып, оның пішіні өзгеріп дөңестің орталық шығыс жақ бетіне қарай Ю-1 горизонтымен ығысқан.

Тілікпен жоғары қарай құрлым амплитудасы 160 метрден Ю-3 горизонтынан 51 метрге арысқұм горизонт жаппасынан дейін азаяды.
Тағы рефераттар