Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар мәдениеті туралы қазақша реферат
Темір дәуірі — еңбек құралдары темірден жасалып, металлургияның таралуымен сипатталатын адамзат тарихындағы алғашқы қауым және ертедегі таптық дәуір. Ол хронологиялық жақтан б.з.б. ІХ-VІІ ғасырларды өз ішіне алады. Археологиялық деректерге қарағанда, темір дәуірі әр аймақтарда әртүрлі болғаны байқалады. Темір қорыту б.з.б. 2-мыңжылдықта белгілі болып, б.з.б. ІІ ғасырында Алдыңғы Азия мен Закавказьяда, Үндістанда кеңінен таралғанын Әлем тарихында жазылып келеді. Кейінгі жылдардағы Орталық Азияда жүргізілген деректер бойынша: «Рубеж ІІ-І и начало 1 тысячилетия до н.э. на просторах евразийской аридной зоны озноменовались важным событием — становлением кочевых форм скотоводческого хозяйства и распространением металлургии железа»[1].
Б.з.д. І мыңжылдықта Қазақстанды мекендеген тайпалардың ерте темір дәуіріне өту кезеңі көпшілік тайпалардың тіршілік етуінің негізі ретіндегі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуімен байланысты маңызды экономикалық өзгерістермен, ерте көшпелі бірлестіктердің құрылуымен, ежелгі-қауымдық қатынастардың ыдырауымен, әскери демократияның пайда болуымен, мемлекеттіліктің қалыптаса бастауы және ерте таптық қоғамның пайда болуымен тура келді. [2]
Ежелгі темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендегенб.з.д. II ғ. – б.з. V ғ . көшпелі тайпалар – сақ-савромат, ғұн-сармат, үйсін, қаңлылардың материалдық мәдениетінің, атап айтқанда, скиф-сақ аң стилінде жасалған өнер туындылары, қару-жарақтары, тұрмыстық және діни-ғұрыптық бұйымдары, әсіресе, сақтар мәдениетінің қайталанбас бірегей ескірткіштері Есік, Шілікті, Берель, Бесшатыр, Тасмола т.б. обаларынан табылған артефактлер мен Жалаулыкөмбесі (Б.з.д.V-III ғғ.), Қарғалы көмбесі ( Б.з.д I ғ.- б.з. –I ғ.), Шілікті обасы (Б.з.д. VI-V ғғ.), Берел (Б.з.д. V-III ғғ.), Покровка (Б.з.д. –V ғ.), Тарасу (Б.з.д. VI- V ғғ. ) ескерткіштерінен табылған көне археологиялық алтындар қамтылады.
Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар
I.Қазақстандағы сақ және үйсін тайпалары мәдениеті (Б.з.д. -VIII ғ. Б.з. –III ғ.).
1.Тасмола мәдениеті (Б.з.д. VIII –III ғғ.)А.Х.Марғұлан, М.К.Қадырбаев, Ж.Құрманқұловтар басқарғанОрталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (1947-1991 жж.) 12-бет. 20-сурет.
2.Е.И.Агеев, В.Ф.Зайберт басқарған Павлодар археологиялық экспедиция (1955 ж.).
Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.
Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.
Келтірілген деректер Еуразияда, соның бір бөлігі Орталық Азияда темір дәуірі б.з.б. 2 мыңыншы жылдарда пайда болғанын тілге тиек еткен. Бұл бірқанша алға кетушілік пікір деуге болады. Себебі, бұдан бұрынғы жарық көрген тарихи еңбектерде Орталық Азияда темір дәуірінің келіп шығуын б.з.б. 1-мыңжылдығына жатқызып келген болатын. Қолдағы археологиялық осы дәуірдің жәдігерлерінің ішінде алғашқы кезеңге жататын темір металдар табылды. Солай болса, Орталық Азия — темір дәуірінің алғашқы пайда болған аймақтарының бірі. Бірақ осы темір дәуірінде Орталық Азияда (Қазақ жерінде) көшпелі шаруашылық қалыптасты деудің қисыны келмейді. Бұрынғы қола дәуірінен адам баласының тарихи темір кезеңіне өтуі, олардың дамуының қызғынды пәтпен алға ілгерілегенін көреміз. Бұрынғы дәуірлерге қарағанда темір дәуірі қысқа уақыт ішінде орта ғасырға өткен. Бұл темірден жасалған құралдар тұрмыста кең қолданылып, өндіріс күші мен өндіріс қатынасының дамуын тездеткенін көрсетеді. Сол кезде темір кендерінде еңбек еткен адамдардың санын есептеп шығару оңай іс емес. Солай болса да, осы тарихи кезеңде Қазақстан жерінде көптеген кен орындардың болғанын геология және археология ғылымдары дәлелдеп отыр. Мұндай кен орындары Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан ашылды. Мысалы: Қарқаралы, Жетісу, Жезқазған, Қарағанды, Қолба, Нарым және т.б. Осы кен орындарында жұмыс істеген бабаларымызды көшпелі өмір сүріп, кеншілік қыруар жұмыстарды атқарды деу ақылға сыймайтын пікір. Олар біздің халқымыздың алғашқы жұмысшылары (кеншілері). Қазіргі кезде қазақ халқын көшпелі деп ешкім айта алмайды. Солай болса, еліміздегі өндіріс орындарында жұмысшылар, ауыл шаруашылығында диқаншылар мен малшылар және интеллигенттер жұмыс істеп жатыр ғой. Бірақ бұл мамандардың еңбегін алғашқы қоғамда еңбек еткендермен салыстыруға болмайтынын барша біледі. Әр тарихи кезеңнің өз ерекшеліктері болып келген және бола береді. Міне, темір дәуірінде жасаған қазақ жеріндегі бабаларымыздың темір кендерін ерте заманнан иеленіп, темірден бұйымдар істеген шебер-мамандар шыққан және олардың өздеріне лайықты қолөнер кәсіпорындары болып, олар да тұрақты. [5]
Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.
Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.
Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, «скиф-сақ аң стилі» деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін «скифтік үштік» (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.
Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен «патша» обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар – қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге
Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар «Дала өркениеті» деген атауды ұсынды.Қазба жұмыстар Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII – III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады. [7]
Қазіргі уақытта шартты болса да, «мұртты» обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санынын 80 % астамы осы аумақта шоғырланған.байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағанда орналаскан. Жалпы «мұртты» обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы «мұртты» обалардың таралым аясы Қазақтың ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.
Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр.
Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды:
а) қару-жарақтар;
б) ат әбзелдері;
в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.
Тасмола коғамында кола кұю ісінін үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттін жетекші категорияларынын бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен катар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. VII-VI ғ.) өзінде-ақ пайда болган.
Сатылар Бірінші саты Ерте сатының (б. з. б. VII-VI -ғ.) екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай «хайуанаттық шытырман» деп аталып кеткен стильде дайындалған көп фигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның «алдыбел» ескерткіштеріне ұксап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
Екінші саты
Екінші сатыда (б. з. б. V-IV-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.
Үшінші саты
Үшінші корғантас сатысымең (б. з. б. III-I-ғ.) тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық, жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаңалықтар көрініс берді.
Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы – Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар. [5]
Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.
Тағы рефераттар
- Әкімшілік-нормативті кезең (1970-1990 жж.)
- Отбасыдағы қарт адамдар
- Әлеуметтану әдістері сипаттамасы, олардың педагогикалық ғылымда қолданылу ерекшелігі
- Денсаулық ұғымы
- Салық жүйесі