Жоспар

Кіріспе ……. 3
1 тарау. Тергеу әрекеттерін жүргізудегі криминалистік тактиканың жалпы түсінігі…… 7
1.1 Тактика ұғымының жалпы түсінігі …… 7
1.2 Тергеу әрекеттерінде сот сараптамасын қолдану……. 8
1.3 Тергеу үстінде қалыптасатын қарым қатынастың түсінігі…… 11
2 тарау. Сараптама зерттеулерін қолдану мен жүзеге асыру …… 13
2.1 Ғылыми білім қолданудың жалпы ережелері …….13
2.2 Сараптама түрлерінің айырмашылығы…… 15
2.3 Арнаулы сараптамалық мекемелер…….26
3 тарау. Тергеу әрекеттеріндегі сараптама жүргізу ……. 29
3.1 Сот ұйғарымы сараптама тағайындау …… 29
3.2 Зерттеу жүргізу әдістемелері…… 37
3.3 Сараптамалық зерттеуді лицензиялау…. 41
3.4 Сараптама қорытындыларын қолдану……47
Қорытынды …….50
4. Пайдаланылған әдебиеттер ….. 54

Кіріспе

Соңғы жылдары елімізде қылмыстың, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың өсуі, оның айла-әдістерінің күрделеніп, қауіпті сипат алуы байқалады.

Осының бәрі құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу және жедел іздестіру органдарының жұмыстарын одан әрі жетілдіруді, олардың қазіргі заманғы криминалистік тәсілдер мен әдістерді. іскерлікпен пайдалануын, қылмытың алдын Ашу, оның болуына себеп болған жағдайларды дер кезінде жою үшін арнайы шаралар қолдануын талап етеді.

Қылмысты ашу және тергеу үстінде жүргізілетін тергеу әрекеттері әрине, заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Бірақ, тергеу онымен ғана шектелмейді. Қылмысты ашу жөнінде өте күрделі жұмыстардың бірі болғандықтан тергеу үстінде заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Дегенмен, оның белгілі бір реті, тртібі жнее кезеңі қатаң сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда да арнайы бір тәсілдер және әдістер қолданылуы мүмкін. Тергеу, жалпы алғанда екі жақтың – тергеуші мен қылмыскердің бір-біріне қарсы жүргізілетін қимыл-әрекеттерімен сипатталады. Бұл «күрес» үстінде екі жақ та өзіне ыңғайлы айла-тәсілдер пайдаланады. Тергеушінің қолданылатын айла-тәсілдерінің бәрі белгілі бір ситуациялық жағдайлардан туындайды да, оның бәрінің бірдей заңда көрсетуі мүмкін емес. Тергеу үстінде қолданылатын осындай әдістерді бір жүйеге келтіріп, тергеу практикасына ұсыну – криминалистік тактиканың міндеті. Тактикалық тәсіл-әдістер норматиті, яғни заңда көрсетілген ережелерді туындаған жағдайға бейімдеп, нақтылайды.

Құқық қорғау органдарының криминалистикалық тәсілдерді біліп, оларды шебер пайдалануы осы органдардың қылмысқа қарсы күрес жұмыстарынының іскерлігін және нәтижелілігін арттырады.

1998 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі өзінің заңды күшіне енді. Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексін қабылдауға арқау болып, негіз берген – Қазақстан Республикасының Конституциясындағы елімізді құқылық реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасындағы «Қазақстан – 2030» атты елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы егемендік, демократиялық, құқықтық мемлекеттің идеялары мен қағидалары. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде халықаралық қауымдастың мүшесі болғандықтан басқа шет елдермен, оның ішінде бұрынғы Кеңес одағынан бөлініп шыққан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдермен де бірігіп қылмыстықпен күресу мақсатында өзара байланысып әрекеттенуі үшін жаңа, осы жағдайлар ойластырған.

Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрмендігі мен нәтижлілігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың, ғылыми-техниканың басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты.

Әртүрлі материалдарды, заттар мен бұйымдарды, бояуларды, жеке заттарды зерттеу сараптамасын кейінгі оқу әдебиетінде және сараптамалық практикада криминалистік сараптама қатарына жатқызылады.

Тергеу ісін жеделдету мақсатында іске байланысты сараптама белгілеу жоспарлануы, сараптаманы тағайындап өткізуге әзірлік шаралары қылмысты тергеу жөніндегі жалпы жоспардың құрамына енгізілуі тиіс.

Сот сараптамасының қажеттігі қазіргі кезде өсуімен сараптама түрлерінің кеңейуіне байланысты өмірдің талабы болып отыр.

Міне, осыған қарай арнайы білімдерді бар мамандардан сараптама, оның шешілетін жолдарын ізқдестіру жайлы сұраныс көбеюіне байланысты, сараптама түрлерінің бір маманның әр-түрлі сараптамаға бір көмегі тие бермейтінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің адам өмірі, зорлық-зомбылық, қарақшылық жайлы қылмысқа сараптама тағайындау кезіндегі шығарған қаулысындағы сарапшының алдына қойылған сұрақтары, сараптаманың атына сәйкес келмей жататындығы көңіліме ауыр ой әкеледі. Тергеушілер суық қару қолданылған қылмыстарға байланысты тролосологиялық немесе сот. медициналық сараптама, жәбірленушінің киген киіміне немесе денесіне суық қарумен зақым келтірілген бе деген сұраққа байланысты сараптама тағайындап жатады. Шындығында да, тросологиялық немесе сот медициналық сараптамалардың қорытындылары бұл жағдайдың толық шешімін таба алмайды. Бұл сұрақтың шешімін тросолог, дәрігер, биолог, қылшықтарды зерттейтін сарапшылардың көмегімен табуға болады. Кешенді шешім шығару, көптеген сарапшыларға зерттелетін заттардағы керек ақпараттарды толығымен тергеушілердің қамтамасыз етуі тиіс.

Сараптама тағайындау жайлы қаулы шығарудағы зерттеудің қорытындысы көрсетіп отырғандай, кешенді зерттеулер қазір өте аз қолдануда. Әдетте, тергеушілер кешенді сараптаманың орнына сараптаманың бір түрін тағайындап қана шектеліп жатады. Яғни, зерттеу барысындағы табылатын белгілер криминалистикалық тұрғыда төтенше қиындыққа әкеп соқтырады.

Бұндай жағдайда, әрбір сарапшы тек өздерінің зерттеу қорытындысымен ғана шектеледі. Ал, жалпы зерттелінген жағдай жайлы тергеуші міндетті түрде өз ойын қорытады. Көбіне тергеушілердің бұл салалар бойынша арнайы білімі саяз болып келуде. Мұндай жағдайдан құтылу үшін, көбіне тергеуші кешенді сараптама шығару жайлы қаулы толтырып, әрбір сарапшыға байлаулы толық сұрақтарды қамту керек.

Маман криминалистер оқиға болған жерді қарап болғаннан соң, тергеушіге іздеу кестесін толтыруға көмектеседі. Олар мына бөлімдерден тұрады: қылмыска жайлы ақпараттар, қылмыстың құралы, қолданылған көлік құралы туралы және оқиға болған жерден табылған айғақтық заттар жайлы, сараптаманың даму барысында іздердің немесе айғақтық заттардың алғашқы зерттеуге түскен кезінде-ақ сарапшылардың олардан аса қымбатты ақпараттарды алып, тергеу орнына беруге мүмкіндіктері бар.

Сараптама тағайындау кезінде салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгі ретіндегі обьектілерді дұрыс таңдау маңызды орын алады. Салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгілер сараптама жүргізу кезінде қолданылатын обьектілердің өз алдына жеке түрі болып табылады.

Сараптама үшін өте қажетті салыстырмалық үлгілерді алу 1998 жылға дейінгі қылмыстық іс жүргізу кодексінде реттеледі, ол тек басқа тергеу әрекеттерінің, не ұйымдастыру шараларының шеңберінде жүргізіледі. Кейде тіптен қандай да бір заңмен реттелмеді, ол тек басқа тергеу әрекеттерінің, не ұйымдастыру шараларының шеңберінде жүргізіледі. Кейде тіптен қандай да бір заңмен реттелмей алынатын, осыған орай тергеу орындарында салыстырмалық үлгілерді алу, қандай тергеу әрекетінің шеңберінде жүргізу туралы мәселелерде шешкенде қиыншылықтар туындайды. Енді ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жеке тергеу әрекеті ретінде енгізіліп «Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу» деген атпен жеке тарау болып көрініс алды. Бірақ тергеу әрекетінің енгізілуі, сараптама үшін қажетті салыстырмалық үлгілерді басқа тергеу әрекеттерінің шеңберінде алуға болғадығын жоққа шығармайды, қайта басқа тергеу әрекетінің шеңберінде алынуы мүмкін емес үлгілерді тәжірибе жағдайында алуды реттейді. Салыстырмалық зерттеу үшін үлгілер ҚР ҚІЖ Кодексінің 33 тарауының 259 бабына сәйкес алынса, онда ол жеке тергеу әрекеті болып табылады. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу, салыстырып, зерттелетін обьектілердің мазмұнын сипаттайтын обьектілердің мазмұнын сипаттайтын заттарды немесе нәрселерді, олардың материалдары бекітілген бейнелерін тәжірибе жағдайында алудан тұратын тергеу әрекеті сараптаманың алдында тұрған сұрақтарды шешу үшін қажетті.

Тергеу барысында қажетті үлгілер қарау, тіктеу, алу сияқты тергеу әрекеттерін жүргізгенде алынуы мүмкін. Үлгілер сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден және куәдан алынуы мүмкін. Іске қатысы жоқ тұлғадан үлгі алу қажет болса, онда алдымен куә ретінде жауап алу керек. Содан кейін ғана сараптамаға қажетті үлгіні алуға болады.

Үлгілер обьектінің әрі жеке, әрі топтық белгілерін бейнелеуі мүмкін. Сараптама үшін үлгілерді таңдау сараптаманың түріне, сипатына және сараптамалық жолмен шешілуі керек, — деп тапқан тергеушінің сұрақтарына байланысты. Сараптамаға жіберілетін барлық үлгілер қайта жаңғыртарлық, салыстырмалық, өзгермеушілік,алынған жерінің шынайылығы талаптарына сәйкес келуі керек.

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде, іс үшін маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындалады.

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білмдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде, іс үшін маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Сараптамалық зерттеу обьектілері, егер олардың көлемі мен қасиеттері мүмкіндік берсе сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі.

Сараптаманы тағайындау қажет деп таныған тергеуші бұл туралы қаулы шығарады, онда сараптама тағайындаудың негіздері, сараптамаға жіберілген обьектілер, олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны; сарапшының қарауына ұсынылған өзге де материалдар, істе қамтылған, сарапшының қарауына ұсынылған өзге де материалдар; сот сараптамасының органы атауы немесе сараптама тапсырылған адамның тегі көрсетілуі тиіс.

Тергеушінің сараптама тағайындауы туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзіретіне жататын органдардың немесе адамдардың орындалуы үшін міндетті болып табылады. Бұл жайында, осы жұмыстың үшінші бөлімнің бірінші тармағында тереңірек тоқталамыз.

Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін. Сараптама іс жүргізуге қатысатын, өздерінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша тағайындалуы мүмкін.

Сараптама іс жүргізуге қатысатын, өздерінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өзінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын іс жүрізуге қатысушы тергеушіге өз пікірінше сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынылады, зерттеу обьектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақыруға болатын адамды айтады.

Бастамашылығы бойынша сараптама тағайындалып отырған іс жүргізуге қатысушы сараптамалық зерттеу обьектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсына алады.

Егер, сараптама жүргізуді сот сараптама мекемесінің қызметкері емес адамға тапсыру көзделсе, онда тергеуші қаулыны шығарғанға дейін сараптама тапсыруды көзделген адамның тұлғасымен алдын – ала танысып алу керек, оның маман екеніне көз жеткізіп, сезіктімен, жәбірленушімен, сараптамаға салынатын адаммен және басқа да қатысушылармен қатынасын анықтайды да, сарапшыға бас тарта беруге негіздің бар-жоғын көрсетеді. Бұл жайында үшінші бөлімнің екінші тармағында толық тоқталамыз.

Үшінші бөлімнің төртінші тармағында сараптама нәтижелерін қолдануға және бағалауға тоқталамыз. Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде қолданған әдістер, қойылған сұрақтарға жауаптардың негіздемесі, сондай-ақ іс үшін маңызы бар және сарапшының өз бастамашылығы бойынша анықталған мән-жайлар көрсетіледі. Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындыны түсіндіру бөлігінде ғана дәлелдеме болып табылады. Сарапшының қорытындысы қылмыстық істі жүргізуші мекеме үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындысымен келіспеушілігі дәлелді болуы тиіс.

Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарламасы, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы, алдын-ала тергеуге өз түсініктемелерін беруге және сараптама қорытындылары бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге құқылы.

 Дипломдық жұмыс / 55 бет
Тағы рефераттар