Тойдың болғанынан боладысы қызық.
Қой жүрген жер береке,
Қыз жүрген жер мереке.
Мысық та жолбарысша қуанады.
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы.
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
Берекесіздің аулы мерекесіз.
Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да қойға бар.
Гүлсіз болса жер мұңды,
Күлкісіз болса — ел мұңды.
Күлкі ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
Той дегенде қу бас домалайды.
Тойға барсаң тойып бар,
Қомағайлықты қойып бар.
Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.
Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.
Сұлулық тойда керек,
Махаббат күнде керек.
Көппен көрген ұлы той.
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
Тағы рефераттар
- Азаматтардың есімі
- Мемлекеттік билік түсінігі
- Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері курстық жұмыс
- Адамзатқа қарсы және Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс
- Көлік құралдарына салынатын салық