Топырақ гумусы (1сағат). Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Топырақтағы табиғи органикалық заттардың шіруі және қарашіріндінің түзілу үрдістерімен танысып, топырақтың құнарлылығын арттыру шараларын қарастыру.
Семинар сұрақтары:
1. Топырақ құнарлылығын арттырудағы органикалық заттардың маңызы.
2. Топырақтағы қарашірінді.
3. Егіншілік жұмыстарындағы топырақты құнарландыру шаралары.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семинарға әзірлену барысында негізгі көңіл бөлетін мәселе — гуминдену үрдісі. Ол — күрделі биологиялық – физикалық – химиялық үрдіс. Органикалық заттарды ұсақ ағзалар шірітеді, сонымен бірге олар жаңа органикалық қосындылар — топырақ қарашіріндісінің синтезін жүргізеді, өз бойларында ақуыз құрады. Минералданумен қатар топырақта сол органикалық қалдықтар биохимиялық өзгерістерге түсіп, соның салдарынан жаңа тұрақты органикалық қосылыстардың жиынтығы — топырақ қарашіріндісі (гумус) пайда болады. Топырақтағы сол жаңа органикалық зат — гумустың синтезделу үрдісі гуминдену деп аталады.
Қарашірінді (гумус) — өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының биологиялық және биохимиялық ыдырауынан түзілген органикалық қоспа.
Сондықтан да семинар сұрақтарына әзірлік барысында гумустың топырақ құралу үрдістеріне, оның құнарлылығына тигізетін әсері мен маңыздылығына ерекше назар аударған жөн.
Топырақтың табиғи шірінді заттарын құрайтын -ульмин, гумин, крен қышқылдары. Себебі бұл қышқылдар табиғи органикалық заттардың үш түрлі шіруінен пайда болады: ульмин немесе қарақошқыл шірінді қышқыл анаэробтық шіруге, гумин немесе қарашірінді қышқылы аэробтық бактериялық шіруге және крен немесе түссіз шірінді қышқылы саңырауқұлақ арқылы шіруге байланысты.
Сол үшін бұл қышқылдардың жаратылысын, топырақтағы салыстырмалы мөлшері мен қасиеттерін жақсы білу керек.
Студенттер соңғы сұрақты талдау кезінде топырақты агротехникалық шаралар жүргізу арқылы жақсартудың қазіргі жаңа технологияларымен танысып, сонан соң топырақтың құнарлылығын арттыру және дақылдардың өніп-өсуіне қолайлы жағдай туғызу үшін оған механикалық әсер ету мен топырақты рекультивациялау істерінің ерекшеліктеріне тоқталады.
Әдебиеттер:
1. Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая школа, 1981. — 400 с.
2. Почвоведение: Учебник /Под ред. И.С.Кауричева.- М.: ВО Агропромиздат, 1989. -720 с.
3.Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования.- М.: Наука, 1989.- 720 с.
4. Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах, -М., 1973.
5. Крупенников И.А. История почвоведения.- М.: Наука. 1981.- 328
6. Науменко А.А. Эколого-генетический анализ почвенной карты Казахстана
//Вестник КазГУ Сер. Географическая.1996. №3
Рефераттар тақырыбы.
1. Топырақ құнарлылығының элементтері мен факторлары.
2. Адамзат қоғамы үшін топырақтың маңыздылығы.
3. Топырақ жамылғысына адамның ықпалы.
Тағы рефераттар
- Топырақ кескіні
- Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
- Бизнесті қаржыландыру көздері курстық жұмыс
- Топырақ гумусы (1сағат)