Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  халыққа жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың жағдайын көтеруге , жоғары индустриалды қоғам қалыптастыру мақсаттары қаралады. /1/

Сонымен, зерттелініп отырған курстық жұмыстың алға қойған міндеті-қаржының басқа экономикалық категориялармен байланысының мәнін ашу болғандықтан, қаржының бірнеші категориялармен байланысын қарастыруға болады, яғни:

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.

Баға — жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.

Әсіре инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.

Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады.

Ұлттық табысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

1)  қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

2)  қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына — еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.

Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың — бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР 

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың биылғы 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты  Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, наурыз – 2006/1/

2.Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н. т.б. «Экономикалық  теория  негіздері» — Алматы – 1998 ж.

3.Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.

4.Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы – 2001./4/

5.Жүнісов Б.,  МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика             негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /

6.Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

/ Алматы «Экономика»-2000ж /

7.Мәдешев Б.   «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»

/ Алматы «Экономика»-1998ж //5/

8.Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.

9.Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г

10.Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.

11.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.

12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы – 1997/7/

13.Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-

М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998

15. Ілясов Қ. Қаржы //Алматы, 2003

16. Инфляция//Егемен Қазақстан, 2006 жыл, ақпан


Тағы рефераттар