Дәріс мақсаты:
- Негізгі таксономиялық бірліктер, топырақ номенклатурасы туралы жалпы білім
- Топырақтың горизонталь зоналылығы және оны айқындаушы факторлар
- Вертикаль зоналылығы және оның құрылымын айқындаушы факторлар
І886 жылы В.В.Докучаев жасаған топырақтарды классификациялау принциптері топырақты классификациялаудағы негізгі таксономиялық өлшеміне топырақ типін қабылдап, жалпы барлық топырақтарды ол 3 топқа бөлді:
І-топ. Қалыпты зоналық топырақтар: А — құрғақ шөпті топырақтар, оларға төмендегідей 5 топырақ типтері кіреді: а) терістік ашық сұр күлгін; б) орманның сұр топырақтары; в) қара топырақтар; г) қара қоңыр топырақтар; д) құба сортаңдау топырақтар, әрі қарай әр тип механикалық құрамдарына қарай бөлінді. Б — құрғақ-батпақты топырақтар — су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, В — батпақты топырақтар — шымтезектер, тундра топырақтары.
2-топ. Өтпелі топырақтар: А — шайылған топырақтар, 6 -жер бетіне төселінген топырақтар.
3-топ. Қалыпсыз топырақтар: төселінген, өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.
Докучаевтың топырақ типі — топырақтарды классификациялаудағы ңегізгі өлшем болып қалды. Алайда олардың сандары әр заманда әр түрлі өзгерістерге ұшырауда. В.В.Докучаевтан соң топырақ классификациясы мәселелерімен көптеген оның шәкірттері: Н.М.Сибирцев, П.С.Коссович, К.Д.Глинка, К.К.Гедройц, С.А.Захаров, А.Н.Сабанин, С.С.Неуструев, Б.Б.Полынов т.б. шұғылданды.
Топырақты классификациялауда оның барлық қасиеттерін қамту қиын, сондықтан кейбір ғалымдар, мәселен К.Д.Глинка оның негізіне топырақтардың ылғалдану құбылысын ұсынды. А.Н.Сабанин өсімдіктердің өсуіне байланысты топырақты жүйелеуді жөн көрді. Ал П.С.Коссович псн К.К.Гедройц топырақтардың химиялық құрамын негізге алған классифи-кацияларды ұсынды. Дегенмсн олардың ешқайсысы да қолдау таппады.
Топырақтар типі негізгі топырақ түзілу процестеріне қосымша өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топырақ типшелеріне, яғни топырақ зонасы топырақтың кіші-гірім зоналарына — зонашаларына бөлінеді. Мәселен, кең алқапты орманды зонаның күлгін топырақтар типінде: кәдімгі типті күлгін топырақтар типшелерімен қатар, глейлі-күлгінді (күлгінге глейлі процесс қосылса), шымды-күлгіңді (күлгінге шымды процесс қосылса) топырақты типшелері кездеседі. Ал қара топырақты тип — негізінен үш зонашаға бөлінеді: терістік мол гумусты, орталық немесе кәдімгі қара топырақты және оңтүстік, аз гумусты зонашаларына (типшелеріне) бөлінеді.
Топырақ типшесі, яғни зонашалары топырақ жақындастығына, туыстығына (род) қарай бөлінеді. Топырақ жақындастығы негізінен оның пішінінің сапалық ерекшеліктеріне тән.
Топырақ классификациясы топырақтарды картаға түсіргенде, оларды агроөндірістік топтағанда және құнарлылығына қарай бағаланғанда (бонитировка) қолданылады. Ескеретін жай, кейбір топырақ объектілерін қажеттілікке сай ірі масштабта картаға түсірген кезде, жоғарыда айтылған ірі таксономиялық өлшемдерден (тип, типше, жақындастық, түр және әр түрлілік) басқа да кішігірім өлшемдер практикада жиі қолданылады. Топырақтарды практикада қолдану бағытына қарай, мәселен: суару, құрғату, тыңайтқыштар енгізу, эрозия және ластанудан қорғау жағдайларына байланысты топырақты классификаииялаудың қолданбалы жүйесі пайдаланылады.
Ұсақ территорияларды картаға түсіру және оларды классификациялау кезінде кішігірім өлшмдер қолданылса, ал аса ірі аймақтарды картаға түсіріп, оларды классификациялау кездерінде жоғарғы айтылғандарды біріктіріп, типтен де жоғарғы өлшемдер қолданылады. Топырақ классификациясы мәселелері тек әлемде ғана әрбір жеке елдерде де үйлесімді жасалып, барлық сұрақтарға жауап беретін, көпшілікпен қабылданған шаруа емес. Бүл мәселелер әрбір жеке елдер ғалымдарымен қатар, халыкаралық топырақтанушылар назарында.
Өзін-өзі қадағалауға арналған сұрақтар:
- Топырақты жіктеу қағидалары қандай?
- Топырақтың негізгі топтарын ата.
- Топырақтың жіктелуіне әсер ететін факторлар
Тағы рефераттар
- Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған балабақшадағы ертенгілік
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
- Как реагировать на опасные ситуации?
- Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі