Мақсаты: Топырақ құнарлылығына сипаттама беру үшін топырақтың құрылымдық құрамын анықтау жолдарымен және топырақ құрылымының су, ауа, жылу режімдерін сақтаудағы ролімен танысу.
Қажетті құралдар мен заттар: Топырақтың үлгілері, техникалық кір, көзшелері 10;5;3;2,1;0,5 және 0,25 мм болатын елеуіштер, фарфор, алюминий табақшалар.
1-тапсырма.
Тапсырмаға түсінік: Қалыпты, табиғи жағдайда топырақтың құрамды бөліктері өзара бірігіп, белгілі бір көлемі мен пішіні бар кесектер түзеді. Кесек түзуде топырақтың органикалық және минералдық каллоидтарының т.т. маңызы зор. Әр пішіндегі және көлемдегі бөлшектердің проценттік арақатынасы топырақтың бөлшектік құрылымдық құрамы деп аталады. Мөлшері 10мм-ден жоғары құрылымдар кесектер, ал 0,25мм — 10мм-ге дейінгілер микроагрегаттар деп аталады. Топырақ құрылымы төмендегідей болады:
1.Құрылымы жоқ шаң -тозаңды, борпылдақ.
2.Құрылымы майда түйіртпекті, оқ дәрісіндей, мөлшері 0,5-1мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақты құрылым, бөлшектері 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, 10мм-ден ірі.
Ірі кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
Осы микроагрегаттар немесе әрқилы көлемдегі, пішіндегі, кеуекті, механикалық және суға беріктілігі бар құрылымдық бөлшектер топырақтардың құрылымдық құрамын құрайды.
Жұмыс реті:
1. Салмағы 0,5-2,5 кг топырақтың орталанған үлгісін өлшеп алу.
2. Оны тастардан, түбірлерден және басқа бөгде заттардан тазарту.
3. Топырақты ауа құрғақтығы дәрежесіне дейін кептіру.
4. Көзі 10; 5; 3; 2; 1; 0,5 және 0,25 мм елеуіштер жиынтығын жинау.
5. Өлшеген топырақты жекелеген 100 г бөліктерге бөліп елеу.
6. Әр елеуішті тоқтаған еленділердің салмағын анықтау.
7.Төмендегі кесте бойынша топырақтың әрбір құрылымдық бөлшектерінің проценттік мөлшерін анықтау:
Х= × 100, мұнда х — әрбір құрылымдық бөлшектің %-тік мөлшері;
а- белгілі құрылымды бөлшектің салмағы (г);
в- барлық құрылымдық бөлшектердің жалпы салмағы (г); жазыңыздар.
8.Анықтаған нәтижелерді төмендегі үлгі бойынша жұмыс дәптеріне
Бөлшектердің көлемі, мм. |
Массасы, г. |
Бөлшек-
тер
|
Топы- рақ
|
||
Табақша-
лар |
Бөлшектер салынған табақшалар. |
Бөлшек-тер
|
|||
|
|
|
|
|
|
Топырақтың ылғалдылық қасиеттері
Топырақтың ылғалдылық қасиеттеріне: суды бойына сіңіру, суды бойынан өткізу, суды төмеңгі қабаттардан жоғарғы үстіңгі қабаттарға көтеру немесе капиллярлық және суды бойында ұстау, буландыру қасиеттері жатады. Ылғал топырақта сұйық, бу және қатты күйінде кездеседі.
Ылғал түрлері ( С. А. Монин бойынша )
Топырақ ылғалының түрі | Байланыс мөлшері мен өзгешелігі |
1.Сұйық, ылғал немесе су а) гравитациялық су б) Топырақ түйірлерінің ішіндегі су бос сулар в)жарғақты су физикалық бос байланысты
2.Бу г) Бу ½ ұшпалы су д)Гигроскопиялық су физикалық берік байланысты 3.Қатты күйдегі су е) Мұз қатты ж) Кристалданған су ½ химиялық байланыстағы гидратты сулар з) Жасушадағы су биологиялық байланысты сулар |
Топырақтағы ылғалдың түрлеріне сәйкес ылғалдылық мөлшері өзгеріп отырады. Топырақтағы ылғал тәртібі — оған түсетін ылғал мен одан шығын болатын ылғалдар мөлшерімен анықталады.
Түсетін ылғалдар: а) ауа ылғалдары (жаңбыр, қар) ; б) еріген қар суы;
в) будан түсетін ылғал ; г) жерасты ыза суынан көтерілетін ылғалдар.
Шығын болатын ылғалдар; а) булану; б) топыраққа сіңбей ағатын ылғалдар; в) өсімдіктер арқылы буланып транспирацияланатын ылғалдар; г)өсімдіктердің жапырақтары мен бұтақтарында қалатын ылғалдар.
Түсетін ылғал мен шығын ылғалдың арақатынасы әртүрлі топырақтардың ылғалдану коэффициентін анықтайды.
Тағы рефераттар
- Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру
- Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау
- Ұялы телефония
- Керегенің суретін салу
- Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты