Тренинг заңдарының мақсаты мен міндеті туралы қазақша реферат

Кез-келген тренинг барысы өте нәзік адам психологиясымен шұғылданады. Тренингтің ереже  немесе заңдары тренингті жүргізу барысында регламенттеуге ерік береді, топ ішіндегі процестерді бақылауға көмектеседі. Осы мақсаттарды қолдана алу топтық жұмыс кезінде қатысушыларға үлкен көмек болады. Және керісінше егер тренер бұл мәселелерге көңіл бөлмесе онда топ «құлдырайды», ал одан жаманы топтағы бір адамды «жаралауы» мүмкін.

Тренинг заңдарының мақсаты мен міндеті

  1. Тренинг барысында жалпы ережелер негізінде топқа біріктіру.
  2. Топпен треинг жүргізуде басты ұйымдастыру кезеңдерін белгілеу.
  3. Қабылданған ережелер негізінде топты басқара алу.
  4. Айқындалған мақсат бойынша тренинг заңдары мен мақсаттарының топ жұмысын жақсартуға ат салысуы.

Тренингтің негізгі заңдары

  1. «00» заңы.
  2. Микрофон заңы.
  3. Белсенділік заңы.
  4. «Мен-пікір айту» заңы
  5. Топтың барлық мүшелеріне жақсылық ойлау және оң көзқараста болу заңы.
  6. Есім заңы.
  7. Сыпайылық заңы.
  8. «Қазір және осы сәтте» заңы.
  9. Құпиялылық заңы.
  10.  Тек өзінің қатысуының заңы.

Осы заңдардың мағынасын кеңінен ашып және қолданылу шеңберін қарастырайық:

1.«00» заңы. Барлық тренинг мүшелері алдын-ала келіскен ауқытта кешікпей келеді, ол треинг басталу уақыты және түскі үзілістен кейін болуы мүмкін. Және тренердің өзінің кешігуіне ешқашан жол берілмеуі тиіс. Егер тренер кешігетін болса бұл тренинг қатысушыларына кері әсер етіп олар да кешігуді дағдыға айналдыруы мүмкін. Өз уақытында келу бұл тренингтің ең басты заңы.

2. Микрофон заңы. Кімің қолында «микрофон», сол сөйлейді. Микрофон кез келген зат болуы мүмкін мысалы түсті маркер, микрофонды шеңбер бойынша жіберіліп кімнің қолында болса сол өз пікірін айтады. Сонымен қатар микрофон ретінде жұмсақ ойыншықты қолдануға болады, бірақ естен шығармау керек ол ойыншықтың келбеті агрессиялы болмауы тиіс (мысалы азу тістері қорқынышты қасқырды пайдалануға болмайды), өйткені ол топтың эмоционалдық жай-күйіне әсер етеді. Егер де микрофон ретінде маркер қолданылса, онда оның түсі ашық болуы тиіс топтың назарын  аударатындай.

3.Белсенділік заңында былай делінген: «Сіз кез-келген жаттығуға қатыспауға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұлдегеніміз оның мүлдем келмеуі емес, ол тек сырттай бақылаушы болып отырады. Басты назар аударуымыз қажет: егер да бір адам қатыспайтынын айтса онда ол топтың белсенділігіне әсер етеді». Ондай жағдайлардың алдын алу керек.

4.«Мен-пікір айту» заңы. Бұл заң бойынша қатысушылар өз пікірлерін тек бірінші жақ бойынша жеткізуі тиіс. «Менің пікірім, менің түсінуім, мен ойлаймын, ол…». Ереженің негізгі қағидасы әрбір қатысушы өз ойын тек өзі айту, және топтың немесе басқа бір жеке тұлғаның атынан сөйлемеуі тиіс, сондықтан пікір білдіру барысында «Біз…», — жол берілмеуі тиіс.

5.Топтың барлық мүшелеріне жақсылық ойлау және оң көзқараста болу заңында былай делінген: «Біздің әрбірімізде артықшылықтарымыз бен  кемшіліктерімыз бар. Тренинг барысында өзгелерге түсіністікпен қарауымыз керек. Егер сізге тренингтегі қатысушы ойы сізге ұнамаса ол жайлы трененерге жеке айту керек, жене ешкімге зияныңыз тимеуі шарт».

Егер де сіз жасөспірімдер арасында тренинг жүргізіп отырсаңыз осы заңға  басты назар аударуыңыз шарт. Бірін-бір фамилиясы немесе лақапаты арқылы шақырылмауы керек жайында алдын-ала ескертілуі тиіс. Ерекше жағдай, егерде қатысушы өзін фамилиясы немесе лақапаты бойынша шақыруға рұқсат еткен жағдайда ғана мұндай жағдай орын алуы мүмкін.

6. Есім заңы. Егер тренингке қатысушылар тренерге таныс болмаса немесе  олар жақсы таныс емес ортадан болған жағдайда, әрбір қатысушы сөз сөйлер алдында өз есімін айтып кетуі шарт.

7.Сыпайылық заңы. Топта әрбір қатысушы өзін қалай айтылғанын қалайды солай сол адамды атау керек, бұл өз кезегінде топтағы қатысушылар арасындағы сыйластықты туындатады.

8. «Қазір және осы сәтте» заңы. Мұнда барлық болып жатқан оқиғалар қазір және осы сәтте өтіп жатыр, және эмоциялар мен қарым-қатынасты тренингтен тыс шығарылуына  жол берілмеуі тиіс.

Бұл заң тренерлерге де қатысты, тренер өзінің басынан өткен оқиғаларын айтып қатысушылардың мазасын алмауы керек.

Өзге  тұрғыдан  алғанда бұл заң қатысушылардың болып жатқан құбылысқа кең түсінік беруіне көмек береді және өмірдің әрбір сәтінің қымбат екенін түсіндіреді.

9. Құпиялылық заңы былайша түсіндңрңледі: « Тренинг барысында сөз болған кез-келген әңгіме немесе оқиға сол айтылған жерінде қалуы тиіс, ешқандай қатысушы ол жағдайларды өзге жерде сөз етпеуі керек».

Бұл қатысушылардың өздерін еркін сезінуіне мүмкіндік береді.

10.Тек өзінің қатысуының заңы. Көп жағдайларда қатысушылар ыңғайсыз жағдайға түсуден қорқып, өзінің орнына басқа біреудін қатысқанын қалайды, және әдеттегідей өзге қатысушы да өз дегенінен қайтпайды. Бұл қайталанып барлығы жаттығуға қатыспайтынын айтады, бұл тренингке кері әсерін тигізеді. Сондықтан бұндай жағдайдың алдын алу үшін алдында көрсетілген ережелер немесе заңдар ретінде бекітілуі тиіс.
Тағы рефераттар