Туберкулезді менингит туралы қазақша реферат

Туберкулезді менингит-туберкулез микобактерияларын жұқтыру нәтижесінде бас миының жұмсақ қабатының арнайы қабынуы.Барлық уақытта кеш анықталумен емдеуі қиын. Өкпеден тыс туберкулезден науқастар арасында 1,1-1,1%  жиілікте. Туберкулезбен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы тіркеледі.

Туберкулезді менингит ерте жастағы балалар арасында біріншілік кезінде дамуы мүмкін. Бірақ жиі екіншілік туберкулезге өтетін ауру. Ол негізінен біріншілік тіуберкулез кеуде ішілік лимфа түйіндерінінң туберкулезі. Сонымен қатар жедел диссеминерленген туберкулездің асқынған турінде дамыйды. Туберкулезді менингит көктем және күз маусымдарында жиі кездеседі.

Туберкулезді менингиттің өту кезендері

Төртінші апта – продромальды жасырын кезең.

Бесінші апта – серозды менингит;

Алтыншы апта – базилярлы форма;

Жетінші апта – менингоэнцефалит;

Сегізінші апта – цереброспинальды лептопахоменингит

Патаморфалогиялық өзгеристер.

Продромальды кезең

Организмнің жалпы жане жергілікті гиперсенсибилизатциясы.Жұлын сұйықтығының көбірек мөлшерде бөліп шығуы.

Серозды менингит. Жұмсақ ми қабатының серозды фиброздықабынуы,бірен саран туберкулезді гранулемаларымен.

Базилярлы менингит. Көп туберкулезді гранулемалар, қосылуға бейімді, ми затының негізгі ми бас нерв қабынуы.

 

Клиникасы

Жасырын кезең біртіндеп басталады. Тұрақсыз субфебрильді температура, жиі бас ауру, құсу байқалады. Улану белгілері біртіндеп күшейеді. Баланың тәбеті едәуір төмендейді. Паталогиялық ұйқышылдық симптомы пайда болады. Ол күндіз бала ұйқышыл, ойнаудан, сабақтан бас тартады. Түнімен мазасызданып жылайды. Ай сонында дене температурасы жоғарылайды, басы ауырып, құсуы жиілейді. Баланың дене қызуы 39-40 С, толқын тәрізді. Бала басын шалқайтып, басын жан-жаққа шайқап жылайды. Құсуы жиі фонтан тәрізді, тамақпен байланыссыз. Менингиалды симптомдар – оң. Денесінде Туссо дақтары пайда болады. Есінің бұзылуы одан әрі өршейді.

Бірінші симптом – ступор. Науқас есінде, бірақ берген жауапты кешіктіріп, жәй береді.Осыларға қосымша бас-ми нервтерінің зақымдануы болады. Ең жиі VII, бет нерві, VI жұп нерві зақымдалады.

III жұп нервісінің зақымдануының белгілері:

Көздің қимылдануы, қарашықтың кеңейуі, екі еселеніп көрінуі, Нистагм акромигалияның бұзылуы.

VI жұп нервісінің зақымдану белгілері:

Қитарлық.

VII жұп нервісінің зақымдану белгілері:

Беттің ассиметриясы. Зақымдалған көз қабығының ауыз ұшының салбырап кетуі. Мұрын ерін үшбұрышының тегістелуі.

Екіншілік кезеңі – сопор. Бала есінде бірақ дұрыс жауабын бере алмайды. Ауры есінен танып құрысу-тырысулар байқалады. Науқастың көру есту қабылеті нашарлай бастайды.

 

Менингоэнцефолит

Бала жүдеген. Есінің бұзылуы. Үшінші кезкңінде кома. Ессіз, көзден айрылған, дене қызуы 39-40 С, жиі құсу.  Сонымен науқастын ерекше жатысы болады «Үрген иттің жатысы».

Туберкулезді менингиттің асқынуы

—         Гидроцефолия;

—         Архноидит;

—         Ми туберкулемасы;

—         Эпилепсия;

—         Интелектің төмендеуі

—         Салдану;

—         Көзден айрылу;

—         Кереңдік;

—         Эндокриндік ағзалар: қансыз диабет, ергежейлілік.

 

Дифференциалды-диагностикалаудың қиыншылықтары

         Дифференциалды-диагностикалық қиыншылықтар мидың туберкулезді анықтау кезінде болады (әсіресе балалық шақтың өзіне тән), көбінесе өкпенің гематогендік-диссеминерленген туберкулезында. Ми туберкулезі кезінде неврологиялық көрсеткіштер аз сиппаталады: менингиальды синдром айқын емес көрініс табуы мүмкін және мидың жұмсақ қабығының контрактты тітіркенуімен байланысты, бірақ кейде болмауы мүмкін; кейде бас миының жүйкесінің зақымдануы байланысты эпилептикалық ұстамалар орын табады; басқа жағайларда мидың аумақтық заттық зақымдануы мида жаңа түзілімдерге күдіе тудырады; жұлынмилық сұйықтықтар әлсіз көрсетілуі қант дегейінің төмендеуі байқалады. Сирек алайда соңғы уақыттарда жиірек кездесетін шектелген туберкулезді менингит (туберкулезді арахноидит). Анатомиялық бұл формалар фиброзды инволюция фазасындағы шектеулі төмпешік процессін құрайды.  Олардың клиникалық көрсеткіштері полиморфты; ісік түрінде немесе қан қысымының көтеруі белгілерінсіз немесе менингиялдық синдром бас ауруы ұстамасы түріндегі джексондық эпилепсия түрінде болады. Жоғарыда аталған клиникалық сиптоматикаға байланысты осы фрмалардың диагностикасының сүйеу болатын мекендері: а) туберкулездік жалпылануы фонындағы дамуы; б) жұлынми сұйықтығының қалыпты құрамы; в) туберкулезге қарсы спецификалық терапияның нәтижелігі.

Менингизм

Туберкулезге шалдыққан науқастар созылмалы синусид немесе отиттің асқынуы менингитке ұқсас синдром білдіруі мүмкін. Туберкулезді менингитке  күдіктенуді лорингалогиялық зерттеулер мен жұлын суйықтығының анықтау арқылы аурудың клиникалық көрінісін береді. Жүкті әйелдердің токсикозы немесе керісінше туберкулезді менингитті жиі шатастыруы мүмкін. Бұл кезде тек қана жұлын суйықтығын зерттеу арқылы ғана дұрыс диагноз қоюға қол жеткізеді. Өкпенің фибриозды- кавернозды туберкулезімен аурурарының асқыну кезіндегі уримиялық ұстама немесе диабетикалық комаға түсуімен де туберкулезді менингитті шатастыру мүмкін. Бұл жолы да жұлын сұйықтығын зерртеу арқылы диагностикалық көрініске қол жеткізуге болады. Абсцедирующей пневмония және бронхоэктатикалық, орталық жуйке жуйесінің қабынуымен ауыратын науқастарды белгілі бір мезгіл аралығында туберкулезге қарсы стационарларға жатқызу заңды шешім болып табылады. Әсте бұл науқастар аурудың соңғы кезеңінде, жалпы жағдайының өте ауыр, шатасқан неврологиялық белгілер көрініс кезінде қаралуына байланысты дифференциальдық диагностиканы анықтау үшін қосымша факторлардың көмегі зор.

Субарахноидалды қан құйылуы кезі мен менингеалды синдромның ұксастығына байланысты дифференциальды диагностикалау кейбір қиыншылықтар тудырады. Бұл кезде басқа көрсеткіштерге қосымша кан аралас жұлын сұйықтығын болуы, науқастын жағдайының тез арада жақсаруы байланысты дұрыс диагноз құю мүмкіндігі туады.

Бас миының абсцессі

Аурудың ұзаққа созылуы 75%-да     2 аптаны құрайды. Клиникалық көрінісі инфекциялық жұқпалы ауру емес басішілік қысымның көтерілуі. Қалыптасу симптомдарымен көрсетіледі. Көрінісі жиі спецификалық емес, және де көптеген жағдайларға байланысты болады (мысалы, бактерияның вериленттілігі, иммунитет жағдайы, абсцесс немесе абсцесстердің негізгі аймағы, ми қарыншасындағы абсцесстің жарылуы немесе менингиттің дамуы). Тек кейбір жағдайларда классикалық триада көрініс береді: қалтырау, бас ауыруы және аймақтық неврологиялық бұзылыстар. Ең жиі кездесетін симптом – бас ауруы (70% жағдайында кездеседі). Қалтырау жалпы алғанда аурудың жартысында кездеседі; алайда балаларда 80%-дан астам жағдайларда болады. Аймақтық неврологиялық бұзылыстар бір бөлігінде кездеседі. Абсцесстің белгілі бір аймағында және санына байланысты гемиплигия, гемионопсия, бассүйек нервтерінің зақымдану симптомдары және басқа да бұзылыстар. Мишықтық абсцесс жиі нестагм, атаксия, құсу және дисметриядан көрініс табады. Маңдайлық бөлік абсцессі, бастың ауруы, ұйқышылдық, назар аудару қабілетінің бұзылуы және интеллектуалдық функциялардың бұзылыстарымен сиппаталады. Кейде сөйлеу қабілетінің бұзылуымен қатар келетін гемипарездік дамуы болады. Эппилептикалық ұстамалар 25-45% кездеседі. Жүрек айну және құсу басішілік қысымның жоғарылауы кезінде пайда болады. Есінің бұзылуы (ұйқылдық пен комаға дейін) аурулардың бәрінде дерлік кездеседі.

Соңғы кездері аурулар стационарға комада аз түседі. Оны қазіргі кездегі тексеру методтарының (мысалы КТ) қол жетімділігімен түсіндіруге болады. Көру нервісінің дискісінің ісік жиілігі әртүрлі және абсцесстің үлкенділігіне байланысты емес. Көбінесе, жүрек айну және құсумен қатар келеді. Шүйде бұлшықеттерінің региттілігі аурулардың 25%-да кездеседі, көбінісе аурудың басында. Бұл жағдайларда кейде бактериалдық менингитті қате диагностикалайды. Түрік седлосының абсцессін кей жағдайларда көріністерінің ұқсастығынан гипофиз ісігімен шатартырады (бас ауруы, көру аймағының бұзылуы, эндокриндік бұзылыстар).

Бас миының абсцесснің клиникалық көрінісі спецификалық емес, ал қалтыраудың кейде болмауына байланысты дифференциалдық диагноз келесі аурулар арқылы жүргізіледі: іріңді менингит, субдуральді эмпиема, эпидуральді абсцесс, энцефалит, септикалық аневризма, асқынған мигрень, басішілік қан құйылуы, субарахноидальді қан құйылуы, ишемиялық инсульт, мидың қатты қабығының синустар тромбозы, біріншілік немесе метастатикалық ісіктер ЦНС және жиі емес шашыраңқы склероз.

Жалпы қан анализі және зәр анализі аз ақпараттық. Соған жақын лейкоцитоз болуы мүмкін, бірақ жағдайлардың 40%-да ол кездеспейді. СОЭ жиі көтеріледі, алайда жүректің туабіткен цианотикалық кемістігінде қалыпты шектерінде қалады. С-реактивті белоктары деңгейі бойынша абсцесстерді және бас миының ісіктерін ажырату қадамдары жасалды, алайда олар да табысты болмады. Қанның бактериалогиялық зерттеулері қоздырушыны 10% жағдайында анықтауды мүмкін етеді.

СМЖ өзгерістері спецификалық емес. Бас миының абсцнссіне күдіктені кезінде люмбальдік пункция қарсы көрсетілген, өйткені бұл зерттеудің диагностикалық бағалығы улкен емес, ал басылып қалу қауіпі 20%-ға дейін жетеді. Осыған орай, қалтырау мен қатар аймақтық неврологиялық бұзылыстармен люмбальді пункция диагнозды анықтауға дейін қалдырылады.

Егер бас миының абсцессін іріңді менингиттен ажырату клиникалық көріністе мүмкін болмаса, ал соңғысының болу мүкіндігі улкен болмаса, онда КТ немесе МРТ нәтижелерін күтпей-ақ қан тексеруін бактериалогиялық зерттеуге алады және парентеральді түрде антибиотик тағайындайды. Бассүйегінің рентгенографиясы ЭЭГ, ангиография, рентгеноконтрасты вентикулография және бас миының 99mTc сцинтиграфиясымен өзгерістерді анқтай алғанымен де бас миының абсцессіне күдіктені кезінде орынсыз. Бас миының сцинтиграфиясы тек КТ және МРТ-ның қол жетімсіздігінде ғана өткізеді.

КТ және МРТ бас миы абсцессінің диагностикалау және емдеу тактикасын жеңілдетті. КТ кезінде ба миынан бөлек ортаңғы құлақ және емізік тәрізді өсімдер және де еуде клекткалық рентгенографиясы өткізіледі. Бас миының абсцессінің КТ арқылы диагностикалау 95%-дан асады. Одан бөлек КТ бас миының ісінуін анықтауға гидроцефалияны диагностикалауға, бас миының ортаңғы құрылымдарының ауысуын, абсцесстің белгілі бір аймағын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Өкнішке орай, КТ-дағы өзгерістер спецификалық емес. Ұқсас көріністер ісіктер және бас миының гранулемасы, ишимиялық инсульт және бас миының қалыптасып жатқан гемотомасы кезінде байқалады. Дәлірек диагностика үшін КТ-дан бөлек лейкоциттермен бас миының сцинтиграфиясын өткізеді. Алайда бұл зерттеу бас миының абсцессін бөлшектелген ісіктен ажыратуға мүмкіндік бермейді. Сцинтиграфиялық алдамшы теріс нәтижелері глюкокортикойдтар қабылдаумен байланысты болуы мүмкін. 201ТІ мен бірфонтандық эмиссиондық термография басішілік көлемді құрылымдарды дифференциялауды мүмкін етеді. Оның көмегімен ЖИТС ауруларымен ауыратындарда ЦНС лимфомасын токсоплазмосын энцефалитін ажыратуға болады. Алайда, ми абсцессінің диагностикасында бұл зерттеудің мағынасы әлі зерттелмеген.

Бас миы абсцессінің диагностикасында МРТ-ның нәтижелігі туралы көптеген көрсеткіштер жиналып жатыр.
Тағы рефераттар