Тұрғын үй саласы туралы қазақша реферат
Қоғамның тұрғын үй қажеттілік сұранысын қанағаттандыру тауардың осы түріне үнемі сұраныстың болуы табылады. Халықтың әр түрлі бөлігіне арналған қазіргі заманғы тұрғын үй салу, инвестициалық сұраныс құрудың кепілденген табыс көзіне қызмет етеді және халық пен кәсіпорындардың қаражатын пайдалану есебінен экономиканың өндірістік циклін қолдауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа!» деген жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлеекеттік бағдарламасы туралы» №1388 Жарлығына сәйкес «Қарағанды облысындағы 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Аймақтық бағдарламасы» әзірленді және Қарағанды облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VІІІ сессиясының №110 шешімен бекітілген.
Аймақтық бағдарламаның негізгі бағыттары болып тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты іске асыру, республикалық бюджеттен қайтарылған кредит есебінен тұрғын үй салу жолымен халықтың көптеген бөлігі үшін тұрғын үй қол жетімді болуды қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік-қорғалатын бөлігі үшін республикалық бюджет есебінен коммуналдық тұрғын үй салу мен ипотекалық кредиттеу жүйесі бойынша іске асыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы халық қаражатын тарту, тұрғын үй құнын арзандату, тиімді құрылыс материалдары өндірісін дамыту және жаңа технология енгізу.
Халықтың көптеген бөлігінің тұрғын үйге қол жетімді болуын қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын іске асыру үш жылдық тұрғын үй құрылысы бағдарламасын екі жылда орындауға ықпал етті. 2005-2006 жылдары барлық қаржыландыру көздерінен 16775,3 млн. теңге, үш жылдағы 464.3 мың шаршы метр болғанда 555 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, немесе 119.5%, оның ішінде :
— 2005 жылы – 240, 8 мың шаршы метр (2004 жылға 156,2% );
— 2006 жылы – 314, 2 мың шаршы метр (2005 жылға 130,5%).
Республикалық қаражат есебінен екі жылда мемлекеттік коммуналдық 33,2 мың шаршы метр енгізілген, халықтың әлеуметтік-қорғалатын бөлігінен 415 отбасы жаңа тұрғын үй алды, кредит қаражаты есебінен 38,6 мың шаршы метр ипотекалық тұрғын үй енгізілді, бұл 433 пәтерді құрады.
Облыс бойынша 2006 жылы қаржыландыру табыс көздері есебінен 9250,6 млн. теңге инвестиция салынған, 2005 жылғы деңгейге өсу 123% (7524,7 млн. теңге) құрады. Облыстағы енгізілген тұрғын үйдің жартысынан көбін жеке құрылысшылар салған. Енгізілген тұрғын үй құрылымында үлкен үлес салмағы Қарағанды қаласына 44%, Теміртау қаласына – 24% келеді.
2006 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден көп қабатты және жеке құрылысты әрі қарай дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 1469,4 млн. теңге бөлінді. Бөлінген ақша толық көлемде игерілді, 11,3 км су жабдықтау жүйесі салынды , 17,6 км – электрмен жабдықтау, 4,4 – кәріз, 4,3 жылу жүйесі және 3,1 км подъезді автожолдар. 2007 жылға арналған инженерлік коммуникациясының құрылысына республикалық бюджеттен 1345 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы барлық қаржыландыру табыс көздері есебінен 316 мың шаршы метр тұрғын енгізу жоспарлануда.
Тағы рефераттар
- Криминалистиканың жүйесі мен әдістері
- Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық әлемі
- БҚО фискалды саясат курстық жұмыс
- Бюджет жүйесінің буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлу
- Музыкалық шығармаларды нобайы үйрену және музыканы парақтан оқу дамуының потенициалы