Түркістан өлкесінің мұсылмандар кеңесі туралы қазақша реферат

Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы тудырған жаңа тарихи нақтылы жағдайлар империяның отарлық аймақтарындағы ұлттық қозғалыстарға күшті қосымша серпін бере отырып, аса зор ықпал етті. 1917 жылы наурыздың бас кезінде патшаның тақтан түсірілгені туралы хабар Оңтүстік Қазақстан қалаларына телеграф арқылы тез тарала бастады – «алғашқы жеделхаттар тартыспен алынды»[i]. Бұл оқиға қоғамдық белсенділіктің қуатты толқынын тудырды, барлық болып жатқан оқиғалар түркістандықтардың тіпті аса бейқам бөліктерінің қызығушылығын оятты. Көптеген жерлерде сан мыңдаған адамдар жиналған митингтер және шерулер өтті.

Ақпан революциясын тек орыс либералдары ғана емес, және жергілікті халықтың алдыңғы қатарлы бөлігі қолдады, олардың көкейтесті мәселелерді жедел және нақты шешуге үміті пайда болды. Олардың бастамасымен барлық жерлерде халыққа ескі тәртіпті жеңудің маңызын түсіндіруді өздерінің міндеті етіп қойған, арнайы комитеттер құрыла бастады.

Орыс бақылаушылары, бұл фактіні көрсете отырып, сол күндері жазды: «…орысша сауатсыз түземдік тап өздерінің прогресшілдер партиясының жастарынан көмек сұрады. Жастар орын алған оқиғалардың барысын түсіндірді және олардың сөздерін жүздеген адамдар ескі қалаға және оның шегінен алыс жерлерге таратты… Уақытша үкімет қазірден бастап бүкіл азат Ресейдің сол ұлы құқықтарды алғанын жариялаған кезде біздің түземдіктер бұл жөнінде толық хабардар болоды»[ii].

Бірақ өлкеде әлі де патша өкіметінің барлық аппараты сақталынды және кәнігі монархист генерал-губернатор Куропаткин мемлекет өміріндегі барлық өзгерістерге қарамастан, өлкені басқаруды жалғастырды. Революциядан кейінгі алғашқы күндері Куропаткин бәрінен бұрын орыс халқын «түземдіктердің» тарапынан көтеріліс болуы мүмкін деп қорқыта отырып, оларды «жұбатуға» және «сауықтыруға» әрекет жасады.

Өлкедегі орыс халқына қарулануды және бронепоездар құруды ұсынған үгітшілер пайда болды.

Сонымен бірге жергілікті халықтың арасында революциялық көзқарастардың одан әрі өсуінен қауіптеніп, Куропаткин облыс губернаторларына нұсқаулық хатында 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды сотқа тарту бойынша жаңа істерді бастамауды, ал басталған әкімшілік шараларды қысқартуды және көтеріліске қатысқаны үшін сотталғандардың жазасын жеңілдету туралы іс қозғауды міндеттеді[iii].

4 наурызда Уақытша үкімет Ресей халықтарының барлығына «азаматтық теңдік беру» туралы жарлық шығарды. Бірақ, Куропаткин әскери міндеткерлікті өтемейтін мұсылмандарға қатысты «теңдік принциптерін толық қолданбау қажет деп есептеді, дауыстың көпшілігі түземдіктерде болады және олар бәрін өз қолдарына тартып алады, ал ол қолдар сенімсіз ғой»[iv].

Бірақ, бәрі-бір өмір өзінің түзетулерін енгізді. Өлкеде көпшілікті құрайтын мұсылмандар өздерінің көпшілігін пайдаланып, орыс халқынан құқықтарын кемітпейтіндігіне түркістандық жұртшылықты сендіруге әрекеттенді, ол «тарихи тағылымдармен дәлелденеді және олардың тарапынан қысымшылықтан күдіктенудің қажеті жоқ, ал тек өзара әділетті болуы тиіс»[v].

Ақпан оқиғаларынан кейін бүкіл өлкеде бойынша біртіндеп, әрбір қалада, уезде, болыстықта, қыстақта және поселкеде, Уақытша үкімет қысқартқан патша әкімшілігінің орнына қоғамдық ұйымдардың атқарушы комитеттері және аталмыш қоғамдық қауіпсіздік комитеттері құрылды.

Өлкенің жергілікті халқының арасында; соңғы оқиғалардан туындаған іс жүзіндегі нақтылы саяси шындықтарды ұғынудың белсенді процесі тоқталмады. Түркістандықтар жаңа саяси контекстің қалыптасуының куәгері болды: өздерінің мүдделері туралы мүмкіндігінше тезірек мәлімдеуге талпынған көптеген партиялар, топтар және қозғалыстар пайда болды.

Бұл процестің ерекшелігі сол, жаңа жалпыресейлік партиялармен (олардың мүшелері көршілігінде өлкенің европалық халықтарының өкілдері болды) қатар жергілікті халықтың қалың бұқарасының тарапынан тілектестік және қолдау тапқан, жаңартылған бағдарламаларымен өте айқын стратегиялы және тактикалы жас ұлттық ұйымдар да пайда болды.

Осы уақытта «Тұран» ұйымының іс-әрекетінің белсенділігі артты, оның жұмысына көрнекті түркістандық және кавказдық прогресшілдер белсене араласты: олар Абдулла Әріпжанов, Абдулла Ауланий, Убайдулла Тұрсынқожаұлы, Әбілқасым Әминзада, Мұсахан Мырзаханов және басқалар[vi].

Бірақ, әйтсе-дағы сол күндері әрекет етуші ұлттық ұйымдардың ішінде аса маңыздысы «Шура-и-ислам» болды (1917 жылы наурыздың басында негізі қаланған «Исламдық Кеңес» немесе «Ислам кеңесі»). Атап өту ләзім, аталған ұйымның пайда болуы, сөзсіз өлкенің мұсылман халықтарының мүдделерін шынайы және әсері қорғай алатын, күшті және тиімді ұйымдастырушылық құрылымды құру мақсатымен, бытыраңқы қоғамдар және одақтарды біріктіру және топтастырудағы саяси күштердің толымды әрекеттерінің алғашқыларының бірі болды.

Жаңа ұлттық ұйымның қалыптаса бастауы кездейсоқ құбылыс емес, ол өлке халықтарының саяси ой-қиялдарының даму барысының жиынтығының заңдылықты салдары болды. Оның бастауларында прогресшіл-жәдидшілдерден діни дәстүршілдерге дейінгі әр түрлі дүниетанымдық бағыттағы адамдар тұрды.

Дегенмен, оларды біріктірген әлдебір ортақ нәрсе болды: бұл ортақ нәрсе, қазіргіге қанағаттанбаушылық және өзгерістерді аңсау сезімі болды. Жаңа ұйымның әлеуметтік негізі әртүрлі дәрежелі, мұнда дін иелері, ұлттық интеллигенция, атқамінерлер, саудагерлер және кәсіпкерлер өкілдері болды. «Шура-и-исламның» бағдарламалық ережелеріне және жәй адамдар: дихандар, қол өнершілер, қызметшілер әр тілектестікпен қарады. Ұйымның белсенділері жергілікті халықтың арасында көпшілікке тарату жұмысын тындырымдылықпен және сәтті жүргізді. «Ұлы Түркістан» газетінің мәліметтеріне қарағанда, Ташкентте алғашқы күндері-ақ «Шура-и-исламға» 100-ден астам адам мүше болса, олардың арасында әртүрлі ұлттардың адамдары болды[vii]. «Шура-и-исламның» ережелерінде өлкенің барлық тұрғылықты жерлерінде жаңа ұйымның жалпы жиынын сайлау қажеттігі туралы айтылды. Ташкенттік «Шура-и-ислам» – ұйымның Орталық Комитеті болып жарияланды.

Сөзсіз, өзінің идеологиялық бағдары және тұрпаты бойынша ұлт-азаттық ұйым бола отырып, «Шура-и-ислам» өзінің іс-әрекетінің басында Отан үшін күрделі және тынышсыз уақытта, негізінен ұлттық өзін-өзі анықтау идеясы тұрған әрекеттік бағдарламасын айқын анықтайды.

«Шура-и-ислам» ұйымының таяудағы мақсаттары және міндеттері толықтай жеті пунктке жинақталды:

  1. Түркістан мұсылмандары арасында қазіргі заманғы озық қоғамдық-саяси және ғылыми көзқарастарды насихаттау;
  2. Мұсылмандарды ортақ мақсаттар үшін біріктіру;
  3. …Құрылтай жиналысына дайындық;
  4. Өлкенің барлық қалаларында, қыстақтарында және ауылдарында митингтер, жиналыстар ұйымдастыру, ғылыми-көпшілік лекциялар және саяси ақпараттар оқу;
  5. Биліктің ескі өкілдерін жаңалармен алмастыруда халыққа көмек көрсету;
  6. Арандатушылықпен күрес және ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау;
  7. Өлкедегі барлық ұлттармен және олардың ұйымдарымен байланыс орнату, сонымен бірге оларға (өз өкілдері арқылы) мұсылмандардың негізгі мақсаттары туралы ақпарлар жеткізу[viii].

Осындай тарихи сәтте барлық мұсылмандарды (ұлтына және саяси келіспеушіліктерге қарамастан) біріктіру және күш-жігерді бірлестіру қажеттігіне көңіл аударылды, онсыз болып өткен революция берген сол еркіндіктерді тиімді түрде жүзеге асыру мүмкін емес[ix]. Бұл міндетті шешуге және де шыға бастаған ондаған газет-журналдар шығарылды. Өлкелік «Шура-и-исламның» төрағасы болып Мұстафа Шоқай тағайындалды.

Өлкелік «Шура-и-исламның» алдында, кейінірек М.Шоқай еске алғандай, «таңдарарлықтай күрделі міндеттер тұрды. Облыстық филиалдардың ұйымдастырушылық жұмыстарын жөнге келтіру қажет болды: Уақытша үкіметтің Түркістандық комитетімен және жұмысшы және солдат депутаттарының Өлкелік Кеңесімен қатынас орнату; болашақ Құрылтай жиналысына сайлауға дайындық жүргізу және т.б.»[x].

Өлкелік «Шура-и-ислам» және басқа жергілікті ұйымдардың басшыларының іс-әрекеті мұсылман халқының көптеген жіктерін саяси өмірге итермеледі. Сонымен, сәуір айының орта шенінде Түркістанның мұсылман әйелдерінің жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Мұсылман әйелдерге олар үшін мектептер және әртүрлі курстар ашу жолымен білім алуына жәрдем беру мақсатын алға қойған, «Оқу-ағарту баспасы» қоғамын құру шешілді. Съезд мұсылман әйелдерді міндетті оқыту жөніндегі ережені бекітті. Қазан қаласында алдағы болатын мұсылман әйелдердің бүкілресейлік съезіне екі делегат әйел сайланды[xi].

Ақпаннан кейін ұлттық қозғалыстың белсенділері Ресейдің өзге мұсылмандық аймақтарының туыстас ұйымдарымен және олардың жер-жерлердегі делегаттарымен өте тығыз қатынаста болуды қолдауды тоқтатпады.

Ресейдің мұсылман халықтарының арасында интеграциялық процестердің күшеюі олардың өмірлік мүдделерін қорғауды негізгі мақсаты ретінде көретін арнайы орган құру қажеттігін тудырды.

1917 жылы наурызда IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандық ұйымының бастамасы арқылы мұндай орган құрылды. «Ресейлік мұсылмандардың Уақытша орталық бюросы» атауын алған бұл органға бірінші бүкілресейлік мұсылмандар съезін дайындау және шақыру міндеті жүктелді[xii].

Бірінші бүкілресейлік мұсылмандар съезі 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде жұмыс істеді. Бұл форумға әр түрлі мұсылмандық аймақтардан 900-ге жуық делегат келді, соның ішінде Түркістаннан Убайдулла Хожаев болды. Және онда оңшыл консерваторлардан солшыл радикалдық-социалистерге дейінгі барлық дерлік саяси ағымдар танылды.

Бірақ едәуір қарама-қарсы саяси талаптарына және бағыттарына қарамастан, таяудағы оқиғалар тудырған бәріне ортақ рух өрлеуі және ынталылық делегаттарға қаралған мәселелердің көпшілігі бойынша, әйтсе-де келісімге дем берді. Алғашқыларының бірі болып жүріп жатқан соғыс туралы мәселе қойылды. Қабылданған шешімде көрсетілді: «Бүкілресейлік мұсылмандар съезі, Европалық билеуші таптарының империалистік ұмтылысы әлемдік қанды қырғынның көзі болып табылады деп есептей отырып, қайда болса және неде болса да ол көрініс тапса, онда бүкіл әлем мұсылмандары европалық империализмнің құрбаны болған империалистік саясатқа қарсы наразылық білдірді…».

Күн тәртібі бойынша келесі әйелдер мәселесі тұрды. Қазан қаласында өткен мұсылман әйелдері съезі атынан, Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің талқылауына қойылған бірнеше ұсыныстар көпшілік дауыспен қабылданды. Бұл шешімдердің мәні мынаған жинақталады, мұсылман әйелдер тіпті барлық сайлау органдарына сайлау және сайлану құқығын алуға дейін саяси құқықтарда ерлермен теңестірілді. Көпнекелілікке, ерте күйеуге шығуға, қалың малға тыйым салу туралы ұсыныстар да мақұлданды. Мұсылман әйелдер отбасылық болымсыздық жағдайда күйеуімен ажырасу құқығына қол жеткізді, оны іске асырған уақытта неке тіркеу кітабына енгізілуі тиіс болды.

Әрине, мазмұндалған ережелерге жер-жерлердегі реакция бір мәндес болмады, бірақ, күмәнсіз, мұсылман әйелдерінің теңдік алуын жеделдетуге септігін тигізген осындай беделді форумда мұсылман-әйелдердің санғасырлық үміт-арманының жаратымды шешілуінің өзі төтенше маңызы болды.

Съезде жұмыс мәселесі, аграрлық, мәдени-ағартушылық істері және т.б. бойынша тұтас шешімдер жиынтығы қабылданды. Бұл шешімдерде қорытылған кейбір талаптардың қысқаша мазмұны мынадай жинақталды: 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу; жұмысшы мұсылмандық секцияларды құру; жергілікті халықты жер аударуды және далалық облыстарда және Түркістанда олардың жерін тартып алуды тоқтату; ана тілінде оқитын ұлттық мектептер аясын кеңейту; әйелдер мен ерлер үшін мұғалімдер семинарларын және курстарын ашу; сонымен бірге орта кәсіптік мектептер; земскілік қалалық мектептерді басқару үшін уақытша (Құрылтай жиналысын шақырғанға дейін) ұлттық мекемелер құру; мұсылман халқының діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін уақытша діни басқарма құру; әртүрлі аймақтық саяси ұйымдардың іс-әрекетін үйлестіру үшін орталық ұлттық Кеңес құру, оған Құрылтай жиналысына дейін мұсылмандарға басшылық жасау жүктелді; ұлттық Кеңес (оның құрамына Исламды мойындайтын Ресейдің барлық халықтарының өкілдерін қосу қаралды) қаулылары барлық жергілікті ұйымдар үшін міндетті болып табылады. Арнаулы шешімде Уақытша үкіметке талап-тілектің жұмыс пакеті мазмұндалды; онда көрсетілді:

  1. «Мұсылман халықтары тұратын өңірлерде Уақытша үкіметтің комиссарлары және тіпті барлық атқамінерлер жергілікті мұсылман ұйымдарымен, жергілікті мұсылман халқы сенім білдіретін адамдардан тағайындалуы тиіс.
  2. Жергілікті мұсылман халқының басқа халықтың мүддесіне нұқсан келтірмейтін барлық талап-тілектері кідіріссіз өміршең болуы тиіс.
  3. Жергілікті мұсылман емес халықтың талап-тілектерінен тек сол, жергілікті мұсылмандардың мүддесіне қарсы келмейтіндері өткізілуі тиіс.
  4. Мұсылмандық шеткері аймақтар үшін жергілікті өзін-өзі басқару туралы уақытша ереже жергілікті халық өкілдерінің қатысуымен жасалуы тиіс.
  5. Жер мәселелерін шешу Құрылтай жиналысына дейін кейінге қалдырылуы тиіс, ал сол уақытқа дейін жарым-жартылай болса да жер мәселесін кез-келген біржақты шешуге жол берілмейді»[xiii].

Съезде сонымен бірге әскери секцияның атынан полковник Әлиев ұсынған әскери мәселелер блогі бойынша шешім қабылданды. Шешімде айтылды:

  1. «Әскери міндеткерлік мүлдем жойылуы тиіс болды. Егер қандай да болмасын милитаризммен күрес мақсатында, сол кезде тұрақты әскер ұстау талап етілсе, онда әскер ұлттық болуы тиіс.
  2. Егер соғыс аяқталғаннан кейін де тұрақты әскер ұстау қажеттілігі мақұлданса, онда жеке мұсылмандық әскери бөлімдер құрылуы тиіс.
  3. Бұл әскери бөлімдердің коменданттары және офицерлері мұсылмандардан болуы тиіс.
  4. Бұл әскерлер өзінің шақырылған жерінде қызмет етуі тиіс.
  5. Қазірден бастап майданда жүрген жауынгер-мұсылмандар дивизиялар бойынша жеке полктер құруы тиіс.
  6. Осындай жолмен құрылған барлық мұсылмандық полктерде, полктік священниктер құқығындай, сайланып қойылған полктік молдалар болуы тиіс.
  7. Жауынгер-мұсылмандарға көмек көрсету үшін мұсылмандық санотрядтар құрылуы қажет»[xiv].

Айрықша бөліп көрсететін, Ресейдің ұлттық-мемлекеттік тұрпаты туралы мәселе бойынша съезде өткір айтыс-тартыстар қыза түсіп, форумның екі үлкен топқа бөлінуіне әкелді: олардың бірі централизм принциптерін ұстанып, демократиялық Ресей Республикасының құрамындағы мұсылмандардың экстерриториялық мәдени автономиясы үшін, ал кейінгісі Ресей федерациясының құрамындағы мұсылман халықтарының өлкелік автономиясы үшін сөз тартысты.

Алғашқыларының ұстанымы Ахмет Цаликовтың қарары жобасында, ал екіншісі – М.А. Расул-заденің қарары жобасында мазмұндалды.

Қарқынды және ұзақ таластан кейін көпшілік дауыспен (446- мақұлдады, 271 қарсы) Расул-заде ұсынған шешім қабылданды. Міне, сол шешімнен үзінді: «а) …Мұсылман халықтарының мүдделерін көбінше қамтамасыз ететін, Ресейдің мемлекеттік құрылымының түрі ұлттық-территориялық-федеративтік бастаулардағы демократиялық республика болып табылады; еске сала кететін, белгілі территориясы жоқ ұлттар, ұлттық-мәдени автономияны пайдаланады; б) Ресейдегі мұсылман халықтарының ортақ рухани-мәдени талап-талғамдарын реттеу үшін осы салада бүкіл Ресей үшін заң шығарушылық қызметімен орталық жалпымұсылмандық орган құрылды. Бұл органның түрі, құрамы және қызметі барлық автономиялық бірліктердің өкілдерінің бірінші құрылтайшы съезінде белгіленді»[xv].

Әлбетте, жергілікті халықтың саяси және ұлттық өзіндік сана-сезімінің дамуы, өлкелік қоғамдық-саяси ұйымдардың ұстанымының қалыптаса бастауы, біртіндеп нығаюы, Уақытша үкіметтің Түркістандық комитетінің мүшелеріне ерекше қуаныш келтірмеді. Олардың Түркістанды шикізат көзі және орыс отары ретінде қабылдауы тоқтамады.

«Ұлттық езгінің ескі тұрпайы түрі, жұмсартылған жаңасымен алмастырылды, бірақ есесіне езгінің аса қауіпті түрі болды»[xvi].

Уақытша үкіметтің 1917 жылы наурызда алғашқы декреттерінің бірінде «…барлық белгіленген әрекеттегі заң күшіне келтірілген, қандай бір дінтұтынуға, дін ілімінің немесе ұлттың құрамында болумен шартталған ресейлік азаматтардың құқықтарындағы шектеулер алынып тасталады»[xvii] деп мәлімделді, бұған қарамастан, нақтылы өмірде іс декларациядан әрі жүрмеді.

Орыс ұлтының, орыс тілінің және православиелік шіркеудің үстемдік етуші дәрежесі сақтала берді. Жергілікті халыққа деген сенімсіздікке, кертартпа күштерге және әскери күшке арқа сүйеуге негізделген Түркістанды басқару әдістері осылайша, мәні бойынша өзгермеді.

Сәуірдің соңында Уақытша үкіметтің Түркістандық комитеті жанында Түркістанға автономия беру туралы мәселе бойынша кеңес өтті. Кеңес Түркістанда толық саяси автономия енгізу мүмкін емес деп таныды.

Бұл көзқарасты А.Ф. Керенский де қолдады. 1917 жылы 29 сәуірде Куропаткин өзінің күнделігіне жазды: «Керенский менің пікіріммен келісті, орыс халқымен борыштық теңсіздікте, түземдіктерге толық құқық берілуі тиіс емес».

1917 жылы сәуірдің 9-16 аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкенің атқарушы комитеттерінің съезінде бұл мәселеге баса назар аударылды, оған Түркістанда әрекет етуші қоғамдық-саяси ұйымдардың және қозғалыстардың көпшілігінен делегаттар шақырылды (форумға жергілікті прогресшілдерден қатысушылар: Махмудхожа Бехбуди, Убайдулла Хожаев, Шаахметов, Серікбай Акаев, Мұстафа Шоқай және басқалар).

Съезд өлкелік қоғамдарының атынан келген көпшілік делегаттар Түркістанға автономия құқығын беруге, ол үшін
Тағы рефераттар