Тұрмыстық мердігерлік туралы қазақша реферат. Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу – сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады.
Тұрмыстық мердігерлік ҚР АК 640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңда қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйтегі №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, ҚР Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесімен бекітіледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу – сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар Азаматтық Кодекстің өзінде бар.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттантандыруға арналған белгілі – бір жұмысты орындауға міндеттенеді, алл тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұлшарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны.Жалпы ереже бойынша егер заң актілерінде немесе шартта, оың ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандарттың нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мекен – жайы, тапсырысшының тегі және аты, оның мекен –жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзім, тапсырысты орындау басталу және аяқталу мерзімі, аванс сомасы, тапсырысты қабылдаған және өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету түрлері, орындаушы мен тұтынушының материалдарының толық тізімі, бағасы және саны, жөндеуге берілген заттың зауыттық нөмірі және өзге реквизиттер. Түбіртектегі мұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыға аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік айғақтарға сілтеме асау құқығынан айырмайды.
Тұрмыстық мерігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы да басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мерігердің эскизі бойынша немесе үлгілері бойынша қабылданады. Оның қолымен расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бір уақытылы мердігермен келісу нәтижесінде үлгілерден және жұмыс орындау технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келмеуі керек.
ҚР АК 644-бабына сәйкес мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға дейін тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті және сенімді ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа қатысты басқа мәліметтерді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның манызы болса, тапсырысшыға мердігер оны орындайтын кәсіпорынның қызметі туралы маңдайшасы, заңды мекен – жайы мен атауы, жұмыс істеу режимі көрсетілген маңдайшасы болуы керек. Жеке кәсіпкер өзінің тіркелген органы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметтің міндетті талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысты сертификатталған туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс. Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық мердігерлік шартында жұмысты бөліп-бөліп орындау қарастырылса, онда шарт әр орындалатын бөліктің мерзімдері көрсетілуі тиіс. Жедел қызмет көрсету нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргізілуі мүмкін.
Жұмысты орындағаннан кейін немесе тапсырыстан бас тартылған жағдайда, мердігер тұтынушыға жұмсалғаннан қалған материалдарды, сонымен бірге ауыстырылған бөлшектерді қайтаруға міндетті, сол сияқты олар үшін тапсырысшы төлеген материалдардың жұмсалуы туралы есеп беруге міндетті.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесін қабылауға және орындалған жұмысқа ақы төлеуге міндетті. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы жұмыс нәтижесін толық көлемде қабылдағаннан кейін ақы төлейді. Тараптарың келісімі бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезінде немесе аванс беру арқылы төленуі мүмкін.
2.2. Құрылыс мердігерлігі. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшысының тапсырысы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге дн құрылыс жұмысын орындауға мінднттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.
Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметтің субъектілері әр түрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкер қатысады.
Объектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп алуы керек. Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге мінетті.
Тапсырысшы құрылыс мердігерлік шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына, олардың орындалу мерзімінің сақталуына мердігер берген материалдардың сапасына, сондай-ақ тапсырысшының материалдарын мердігерлік дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда мердігердің жедел шаруашылық қызметіне араласпайды. Егер орындалып жатқан жұмысты бақылау мен қадағалау кезінде шарт талаптарын, жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді тапсырысшы анықтаса, онда ол туралы дереу мердігерге мәлімдеуге міндетті. Егер мұндай мәлімдемені тапсырысшы жасамаса, онда ол кейін анықталған кемшіліктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Орындалған жұмысқа тапсырысшы смеда көрсетілген мөлшерде заң объектілерінде немесешартта белгіленген мерзімге және тәртіппен төлеуге міндетті. Егер заң актілерінде немесе шартта тиісті нұсқаулар болмаса, онда ақы төлеу мердігерлік шарт бойынша ақы төлеу туралы жалпы ереге сәйкес жүргізіледі. Толық аяқталатын құрылыс кезінде шартта көрсетілген баға, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, тапсырысшы объектіне қабылдап алған соң толық көлемде төлейді.
Құрылыс мердігерлік шарты бойынша бір немесе өзге саладағы талаптарға сәйкес келуі тиіс, күрделі жұмыстар жүргізуіне байланысты мердігер жұмысты өзінің қамқорлығымен орындауымен бірге құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргізуіне міндетті.
«Қазақстан Республикасында архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңындағы 7-баптың 1-тармағына сәйкес жобалау құжаттамаға мынаалар кіреді:
1. қала құрылыстық жобалар;
2. архитектуралық жоба;
3. құрылыс жобасы, көлем жоспарлық, консртрукциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат сақтау, экономикалық және т.б. шешімдерден тұратын жобалық құжаттама және құрылысты ұйымдастыру мен жүргізу аумақты инженерлік даярлау, жайластырушылыққа байланысты сметалық есептер. Құрылыс жобаларға аяқталмаған объектілердің құрылысын тоқтатып қою жобалары және өзінің мүмкіншілігін тауысқан объектілерді бұзу жобалары жатады.
Құрылыс мердігерлігі шарты үшін ең маңыздысы құрылыс жоба – жобалау сметалық құжаттама. Онымен орындалатын жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштері ғана анықталып қоймайды. Жұмыстардың көлемі, мазмұны олардың құнына тығыз байланыстырылады. Жобалау сметалық құжаттама негізінде болашақта жұмыстарды қаржыландыру бойынша құрылыс мердігерлік шарттарының құқықтары мен міндеттері анықталады.
Мердігерге қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі міндеттер жүктеледі. Егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауіпсіз дүргізу жөніндегі міндеттер жүктеледі. Егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу туралы тараптар үшін міндетті талаптарды бұзуға тура келсе, мердігердің жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырысшы берген материалдарды және жабдықтарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ. Мердігердің көрсетілген міндетті қоршаған ортаға залал келтіретін және айналадағылар үшін қауіпсіз емес жұмысты орындағанда басқа да іс-әрекеттерді жасаудан бас тартынуын талап етеді.
Мердігер жұмысты орындап біткеннен кейін шарт тараптарының әрқайсысына жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдауға байланысты белгілі құқықтар мен міндеттер жүктеледі. Мердігер тапсырысшыға шартпен қарастырылған жұмысты тапсыруға дайындығы жөнінде тиісте түрде хабалауы керек. Хабарды алған тасырысшы қабылдауға дереу кірісуге міндетті. Кейбір жағдайларда хабарлама жқмыстың бір кезеңінің бітуін көрсетеді, ал тапсырысшы шартқа байланысты жұмыстың орындалуының аралық кезеңінін нәтижесін қабылдауға міндетті болады.
Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдауды рәсімдеудің арнайы тәртібі қарастырылады. Ол үшін екі тараптармен қол қойылатын акт рәсімделеді. Егер қабылдауда мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін – өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға міндетті болса, онда қабылдау актілеріне осы тұлғалар да қол қоюы керек. Тараптардың біреуі актіге қол қоюдан бас тартса, бұл туралы белгі жасалады, ал екінші тарап актіге қол қояды.
Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін нәтижелерін пайдалана алмайтындай кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоялмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бастартуға құқылы.
Тағы рефераттар
- Діни эволюция
- Бюджет жүйесінің буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлу курстық жұмыс
- Ұғымдық ойлауды зерттеу
- Сыртқы аудит курстық жұмыс
- Қазақстанда маркстік идеялардың таралуы