Тұздардың мұнай құрамына тигізетін әсері туралы қазақша реферат 

Мұнай құрамындағы тұздар мұнайды өңдегенде көп қиыншылық туғызады. Тұздардың мөлшері 2000 – 3000 мг/л. Кей жағдайларда 0,4 – 0,3 % дейін жетеді.Бұд жағдайда жай өңдеу жеткіліксіз. Тұздардың тигізетін әсерлері өте көп.

Аппараттың ластануы. Ыссы аппараттардың қабырғасына тұздар жинала бастайды. Еріген тұздар судың булануынан кейін пайда болады. Процесс ертіндінің бетінде жүргендіктен тұз қабықша түзе бастайды. Соның нәтижесінде аппарат ластанады.

Мұнайдың құрамындағы газ, судың және қоспалардың болуы оның тасымалдауын және өңдеуін айтарлықтай қиындатады. Механикалық қоспалар мұнай құбырларының ішкі бетінде эрозияның пайда болуын күшейтеді. Олар өңдеу барысында жылуалмастырғыштардың және пештердің құбырларында шөгіп, оларды жиі тазалау қажеттігін туғызады, яғни артық энергия жұмсауға және өнімділігін азайтады.

Тұздары көп мұнайдың гидролизі нәтижесінде бос тұз қышқылдары бөлінеді. Соның нәтижесінде аппарат коррозияға ұшырайды. Тұздардың көпшілігі мазутта қалады, ол да аппараттың коррозиясына әкеледі.

Аппараттың өнімділігінің төмендеуі. Тұздардың әсерінен пайда болатын қабықшалар өту жолын азайтып, процесстің өнімділігін тежейді. Егер мазут құрамында 800 – 2200 мг/л хлоридтер кездессе,  өнімділікті 20 % төмендетеді.

Мұнайды өңдеу кезінде құрамында тұздары көп қалдықтыр әрі қарай өңдеуге жарамсыз болады, яғни, өндірілетін заттардың мөлшері де азаяды. Мазут, гудрондарды басқа таза мұнай өнімдерімен араластыруға тура келеді. Біріншілік мұнай өнімдерінде қалатын мышьяк тұздары қымбат катализаторларды улайды.


Тағы рефераттар