Ұйқы туралы қазақша реферат
Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (момфазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалық) ұйқы деп атайды. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұны кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.
Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты физиологиялық, гипноздық, наркотктік, ауытқулық және шартты рефлекс.
Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктеріннің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.
И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік туғызады. Қорғаныстық тежелу – үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен қатар, Павлов ішкі тежелу мен ұйқы өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша біртекті құбылыстар деп тұжырымдады. Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу – жеке зоналарға бөленген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы – ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. И.П. Павлов ұйқының тежелуге ауысатындығын, ал ішкі тежелудің (әсіресе кешігетін түрі) жануарларды ұйықтататындығын анықтады.
Ұйқы мен сергектіктің алмасуы – тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңен және қараңғылықпен, ал сергектік – күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкескеліп отырады.
Бұлай бөлінудің негізінде белгілі физиологиялық түрткілер, яғни тіршіліктік және биохимиялық көрсеткіштердің заңды тәжірибелері жатыр.
Адамның аса жоғары жұмыс қабілеті, дене температурасы, қаң қысымы, катехоламиндер мен кортикостероидтар түзілуі ең көп деңгейіне жететін тәуліктік кезеңіне сәйкес келеді. Әрбір адамда мұндай жұмыскерлік кезеңдер тәуліктің әрбір мезгілінде байқалады. Сондықтан адамдардың еңбек істеуін дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек.
Ұйқының мерзімі мен сапасы сергектік кездегі бастан өткізген оқиғалар мен әрекеттерден тікелей тәуелді. Жағымды өткізген күн қалыпты ұйқыға барлық жағдай жасайды. Сонымен бірге жағымды және жағымсыз сезімдердің сай келуі, болып жатқан оқиғаларға шаттана қарау – ұйқы үшін өте маңызды.
Қалыпты ұйқыға ой және дене жұмысының орынды үйлесуі, ұйқының өз салт-жоралары алдын-ала жағдай туғызады. Бір мезгілде жататын және тұратын дағдылар ұйқы мен сергектіктің дұрыс режимі қалыптасуына әсерін тигізеді. Қалыптасқан режимнің уақытша және сирек бұзылуы ұйқыға қатерлі зарар етпейді.
Ұйқы организмді сақтау және оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік (терапия) жиі қолданылады.
Кесте.Организмнің толық дамуына қажетті бір тәуліктегі ұйқының мөлшері.
Баланың жасы. | Ұйқының уақыты, сағат. | Баланың жасы. | Ұйықтау уақыты, сағат. |
Жаңа туған сәби. 1-3 ай. 6 ай-1 жас. 2-3 жас. 4-5 жас. |
21-22 18-20 14-16 13-14 11-12 |
5-6 8-10 13-14 16-17 Ересек адам. |
10-11 9-10 8-9 7-8 6-8 |
Тағы рефераттар
- Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- Азаматтық құқықтың объектісі ретінде тауар белгілерінің құқықтық реттелуі дипломдық жұмыс
- Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жетістіктері
- Артық өндіру және жеткіліксіз өндіру экономикалық дағдарыстың теориялары
- Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмшесінде куәландырудан (қайта куәландырудан) қалай өтуге болады және қандай кұжаттарды беру қажет?