Виктор Эмиль Франкл туралы қазақша реферат

Жоспары:

Кіріспе

1. Түрмедегі психотерапевт

2. 1945 жылдан кейінгі өмірі

3. Экзистенциальді вакуум

4 .Экзистенциальді психотерапия

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі заманғы адам бүгінгі күнмен өмір сүруді әдетттенген.

В. Франкл

Кіріспе Bigox.kz

Виктор Эмиль Франкл Венада, еврей отбасында 1905 жылы 26 наурызда дүниеге келген. Ол жас кезінен бастап психологияға қатты қызыққан. Өзінің гимназиядағы дипломдық жұмысын философиялық ойлау психологиясына арнаған. 1923 жылы гимназияны бітіріп, Вена медицина Университетіне түсіп, неврология мен психиатрия мамандығын оқиды. Франкл депрессия мен өз-өзіне қол жұмсау психологиясын аса мән беріп зерттеген. Алғашында Франкл Адлер мен Фрейдтің оқуларына сүйенген, бірақ кейіннен олардың көзқарастарымен келіспеген.

1924 жылы Виктор Франкл Sozialistische Mittelschuler Osterreich мектебінің президенті болып сайланады. Осы қызметі атқара жүріп Франкл студенттерді қолдау жөніндегі арнайы бағдарламаны жасап шығарады. Франклдың президенттік қызметін атқарған кезде бірде-бір өзіне қол жұмсаушылық байқалмаған. Осы бағдарламаның сәтті нәтижесі Вильгельм Райхтың көзіне түсіп, ол Франклді Берлинге шақырған.

1933-1937 жылдары Франкл Вена клиникаларының біріндегі өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу шараларымен айналысатын Selbstmordepavillion атты бөлімшені басқарады. Франклдің 30000-нан астам, өзіне қол жұмсау қауіпі бар пациенттері болды. Бірақ 1938 жылы билікке нацистердің келгенінен кейін Франклге адамдарды емдеуге тиым салынды, себебі, ол еврей тумасы болған. 1940 жылы Франкл Ротшильд ауруханасының неврологиялық бөлімін басқарған, сол жерде нейрохирург болып қызмет атқарған. Сол заманда Ротшильд ауруханасы еврейлерге келуге рұқсат етілген жалғыз ғана аурухана болған.

1941 жылы Виктор Франкл Тилли Гроссерге үйленеді.

 

Түрмедегі психотерапевт.

1942 жылдың 25 қыркүйегінде Франкл, оның отбасы, ата-аналары Терезинштадттағы концлагерге айдалады. Франкл концлегрдегі уақытын дәрігерлік іске арнайды, ол бұны, әрине, құпия сақтайды. Басқа психиатрлармен бірігіп, Франкл тұтқындағылырға психологиялық көмек көрсетті. Көбінесе, Франкл эпилептиктер мен психопаттарға және егде жастығылар мен мүгедектерге  көп көмек көрсетті. Психиатрлар тұтқындардың психологиялық вакуумнен шығуына көмектесті. Осы кезде берлиндік психиатр доктор Воьфтың орны ерекше. Өкінішке орай, Вольф өкпе туберкулезының кесірінен қайтыс болады.

« …Таңертең лагерден аш, азып-тозған, суықтан шаршап келе жатқан кезім есіме түседі. Менің күйім ешқашан да оңалмайтын болып көрінді. Сол мезетте мен көз алдыма үлкен, жарық, жылы аудиторияда көптеген адамдарға «Концлагердегі психотерапиялық тәжірибелер» атты дәріс оқып тұрғанымды көз алдыма елестеттім…» деп жазады Франкл.

Олардың құрған психологиялық көмек беретін тобында арнайы агенттер болды. Олар егер біреу суицид жасамақ болса, соны дереу жеткізіп, алдын алып отырған.

Франкл қайғы, қасіреттерге объективті көзқарас адмаға тірі қалуға көмектесетініне сенді. Ол және оның әріптестері Лео Бек пен Регина Ионас тұтқындар арасындағы суицидті болдырмау мақсатында көп еңбек атқарды.

Франкл көптеген дәрістер оқыды. Адамадардың өмірге деген құштарлығын ояту үшін көп еңбек атқарды. 1943 жылы 29 шілдеде Франкл құпия түрде ғалымдар отырысын ұйымдастырды.

1944 жылы 19 қазанда Виктор Франкл Аушвицтегі концлагерге ауыстырылды. Ол жерде бірнеше күн ғана болып, кейіннен Тюркгеймге  жөнелтілді. Бұл жерде, Тюркгеймде, ол алты ай бойы қара жұмысшы ретінде жүреді. Оның әйелін Берген-Бельзен концлагеріне аударып, кейіннен өлтіреді. Франклдың әкесі  Терезинштадт концлагерінде өкпе қабынуынан қайтыс болады. Виктор Франклдың анасын Аушвиц концлагерінде өлтіреді. 1945 жылы 27 сәуірде американдық әскерлер Франклды тұтқындықтан босатады. Оның туған-туыстарынан тек қана әпкесі тірі қалады.

 

1945 жылдан кейінгі өмірі.

Концлагерде өткізген үш жылынан кейін Виктор Франкл Венаға қайтып келеді. 1945 жылы ол «Өмірге «Иә» де. Концлагердегі психолог» атты әлемге әйгілі кітабын басып шығарады. 1946 жылы Франкл Вена неврологиялық клиникасыда басқарушы болып, 1971 жылға дейін сол қызметін атқарады. 1947 жылы Франкл Элеонор Катарин Швиндтке үйленеді. Оның екінші әйелі католик дінін ұстанған. Олар бір-бірінің дініне аса құрметпен қарап, екеуі бірге шіркеуге де, синагогаға да баратын болған. Рождествоны да, Хануканы да бірге тойлаған. Олардың Габриэль атты қыздары туған, ол да әкесінің жолын қуып, балалар психололгы болған. 1955 жылы Виктор Франкл Вена Университетнің профессоры болып жұмыс атқарды, оған қоса, Гарвард Университетіне де жиі барып, дәрістерін оқып отырған.

Өмірінің соңғы жылдарында Виктор Эмиль Франкл 32 кітап жазған, олардың көбісі 15-20-дан астам тілдерге аударылған. Ол көптеген елдерде дәріс оқып, семинар ұйымдастырып, 29 доктор атағын алған.

Франкл 1997 жылы 2 қыркүйекте жүрек талмасы ауруынан қайтыс болды.

Қазіргі таңда оның әйелі Элеонора, қызы Габриэль Франкл-Весели, немерелері Катарина мен Александр және шөбересі Анна Виктория аман сау.

 

Экзистенциальді вакуум.

Қазіргі заманда көптеген адамдар ішкі жан-дүниелерінің бос екенін айтып, күйзеліп жүр. Дәл осындай күйді Франкл «экзистенциальді вакуум» деп атаған.

Экзистенциальді вакуумның этиологиясы келесі фактілерден шығады. Біріншіден, адамаға, жануарларға сияқты ешқандай инстинкт немесе басқа бірдеңе  не істеу керегін айтпайды. Екіншіден, бағзы заманғы салт-дәстүрлер, құндылықтар адамға не істеу керегін айтпайды. Тіпті кейде адамның өзі де не істегісі келетітнін білмейді. Керісінше, адам басқалар не істесе соны жасағысы келеді, немесе, басқалар одан не күтсе соны жасайды.

Осы жайттардан кейін спецификалық невроздық дерт пайда болады. Франкл оларды «ноогендік невроздар» деп атаған. Осы невроздарды Нибауэр, Люкс, Фрэнк, Бакли, Вернер, Вольхард, Ланген, Прилл, Попельский, Нина Толл сынды көптеген ғалымдар зерттеген. Осы зерттеулерге сәйкес, барлық невроздардың 20%-ы ноогендік невроздарға жатады екен.

Осы статистикаға сәйкес, американдық студенттердің арасында өлім-жітім көрстеткіші бойынша екінші орында өз-өзіне қол жұмсау тұрады. Олардың көбісі осы ноогендік невроздарға байланысты.

Ғалымдар АҚШ-тағы Айдахо қаласының универсиетеінің өз-өзіне қол жұмсамақ болған 60 студенттен неге өз-өзіне қол жұмсамақ болғандарын сұраған кезде, мынадай жайттар анықталған екен: барлық 60 студенттің 80 %-ы өмірді әрі қарай жалғастыруға еш мән жоқтығын айтқан. Ең қызығы, сол  60 студенттің 93%-ы дендері сау, материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілген, оқу үлгерімдері де жақсы екен.

АҚШ-тың Білім департаменті 360 Университеттердің  189733 студенттерінен сұраған кезде, олардың 73,7 %-ы өмірдің мәнін тапсақ екен деп жауап берген.

Экзистенциальді ваккум- бір мезетте тез тарап, күшейіп отыратын феномен.

Тіпті фрейдтік психоаналитиктер бұны жоққа шығыра алмай отыр. Адамдарда өмірдің мәні жоқтығы дерті күннен-күнге артып отыр. Алайда, фрейдтіктер логотерапияның «экзистенциальді вакуум» деген терминін қолданбайды.

Сонда, бұл экзистенциальді вакуумге түсіп қалмау үшін не істеуіміз керек деген сұрақ туындайды. Бәлкім біз бәріміз философияны оқуымыз керек шығар…

Бірақ Зигмунд Фрейд философияға карсы болған.  Американдық «Эскайвер» журналында былай жазылған: «Әлем тарихында ешқашан да жыныстық қатынасқа  қатты қызыққан Америка сияқты ел болмаған». Демек, егер бұл шындық болса, онда, орташа американдық басқаларға қарағанда әлдеқайда көбірек экзистенциальді фрустрацияға түскетіні туралы гипотеза шындыққа айналып отыр. Вена медициналық Университетінің студенттерінен сұрағанда, олардың 40%-ы экзистенциальді вакуумді бастан кешіргендіктерін айтқан. Ал Американдық студенттердің 81%-ы экзистенциальді вакуумді бастан кешірген.

Экзистенциальді фрустрация көбінесе баз кешу немесе апатия ретінде болады.

 

Экзистенциальді психотерапия.

Экзистенциальді психотерапия- экзистенциальді философия мен психология идеяларынан туындаған психотерапия. Ол адамның өмірін, оның әлеммен қатынасын зерттейді.

Генри Элленбергтің айтуы бойынша, экзистенциальді психотерапия- кейбір экзистенциальді ойлардың психотерапияға қосылуы.

Экзистенциализм Серен Кьеркегордан бастау алады. Серен Кьеркегор экзистенция, яғни, адамның уникальді, қайталанбас өмірі ұғымын енгізді.

Экзистенциальді психотерапия: бостандық, махаббат, өлім, жалғыздық, жауапкершілік, сенім т.б. нәрселерге басты назар аударады.

 

Қорытынды.

Франклдің терапиялық ілімін экзистенциальді терапияға жатқызады. Франкл өзінің бүкіл ғұмырын экзистенциальді психотерапияны зерттеуге арнаған және мынадай қорытындыға келген: адамның өмірінің мәні болмағандық – ең басты стресс, ең басты депрессия.

Дәл осы Франкл «қайта тудырушы неврозды» ойлап тапқан деген пікір бар.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

Франкл В.Сказать жизни «Да!»: психолог в концлагере.  Альпина Нон-фикшн баспасы, 2009ж.

Франкл В. Воля к смыслу. Апрель Пресс баспасы, 2000ж.

Краткий психологический словарь

Қазақша рефераттар сайты  Bigox.kz
Тағы рефераттар