Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және формалары туралы қазақша реферат 

Жоспар

І Кіріспе

1. Халықаралық  экономикалық  қатынастар

ІІ негізгі бөлім

1 Әлемдік  экономиканың  жаңа  үрдістері

1.1. Әлемдік  экономиканың  жаңа  үрдістері

1.2.  Мегарыноктар

2.1. Оңтүстік Қазақстан – тоқыма кластері

2.2. Оңтүстік Қазақстанда Биотехнологияның дамуы

ІІІ Қорытынды 

Әдебиеттер тізімі 

Кіріспе

               Бүгіндері еліміздің егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа таныла бастауы Қазақстан Республикасы тарих ғылымында күрделі де жауапты бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. Оның бір көрінісі ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бір  жақты қаралып, ақиқаты айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой елегізінен өткізіп, шынайы бағасын беруге деген талпыныс. Қазіргі таңда ұлттық сананың қайта жаңғырған тұсында, Еліміздің зор мүмкіншіліктерін пайдалана  отырып, дамыған  елу елдің қатарына қосылуға барша Қазақстан азаматтары атсалысып келе жатқаны баршамызға белгілі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.Ел  Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында республикада  тоқыма кластерін дамытып, шитті мақтаны матаға, матадан киімге дейін жеткізіп, қосымша құн өндіріп, шикізатты терең өңдеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі көтерілген. Мамандардың пікірінше, Қазақстан Республикасындағы тоқыма және тігін өнеркәсібі еліміздің тек 10 пайыздық ғана мұқтажын өтейді. Ал, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол ішкі рыноктың ең болмағанда, 30 пайыз мұқтажын өтеуі керек. Олай болса  мақта, тоқым  кластерінің дамуы  тікелей Оңтүстік Қазақстан облыстарының Жетісай, Мақтарал, Шардара және Түркістан, Төрткүл  аудандарының мақталық  алқаптарына және Шымкент текстил зауыттарының жұмыс істеуіне тікелей  байланысты.Сонда ғана  дамыған елу елдің қатарына қосыла аламыз.

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ пен қатар жаһандануға,өңірленуге,сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері «әлеует кіндіктеріне» айналады деп болжануда.Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы,инвестициялау көлемінің ұлғаю,ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорынрдың құрылуы көрсетіп отыр.

Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша,2050 жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар Қытай,Үндістан,Ресей және Бразилия кіреді.ХВҚ,Бүкіл әлемдік банк,Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің,ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды.2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн 880 млрд.теңге (99 млрд)  деңгейінде болжанып отыр.Бұл көрсеткіш  2015 жылы 3,5  есе ұлғайып,республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді.

Сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Әлемдік  экономиканың  жаңа  үрдістерін ескере отырып Қазақстанның оның ішінде  Оңтүстік Қазақстан облысының әлемдік экономикалық бәсекелестікте алатын орындарын айқындау және оның  әлеуметтік-саяси сипаты мен мәнін ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау-зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:

— Әлемдік  экономиканың  жаңа  үрдістері;

—  Мегарыноктар;

— Оңтүстік Қазақстан – тоқыма кластері;

— Оңтүстік Қазақстанда Биотехнологияның дамуы;

Тақырыптың зерттелу хронологиялық шегі. 2008 жыл мен 2007 жылдар аралығы.

І тарау.

1.1    Әлемдік  экономиканың  жаңа  үрдістері  

Сарапшылардың  болжамы  бойынша  2008 жылдан 2030 жылға  дейін  әлемдік  экономика көлемі  35 трлн. АҚШ долларынан  72 трлн долларға  дейін өседі. Ал енді өршіл нұсқа бойынша 2020 жылға дейін  ол 100 трлн. долларға өседі. АҚШ-тағы жоғары қарқын,Қытайдың  серпінді өсуі  әлемдік ІЖӨ-нің соңғы 30 жыл бойы байқалмаған жеделдікпен артуына жол ашты.Бұл елдер осынау аса маңызды көрсеткіштің  40 пайыз өсімін қамтамасыз етті. 2020 жылға дейінгі кезеңге жалпы әлемдік өсімнің жартысынан астамын американ,қытай және үнді экономикалары қамтамасыз етеді.

                          Әлемнің аса ірі экономикалары

                  (халықтың сатып алу қабілеті бойынша)

сызба №1

Елдер ІҰӨ(млрд.доллар)    2008 жыл Әлемдегі орны.2008 жыл ІҰӨ(млрд доллар) 2020 жыл Әлемдегі орны.2020 жыл
АҚШ 12457 1 28830 2
Қытай 8200 2 29590 1
Жапония 4008 3 6795 4
Үндістан 3718 4 13363 3
Германия 2426 5 4857 5
Ұлыбритания 1962 6 4189 6
Франция 1905 7 3831 7
Бразилия 1636 8 3823 8
Италия 1630 9 2884 10
Ресей 1542 10 3793 9

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ пен қатар жаһандануға,өңірленуге,сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері «әлеует кіндіктеріне» айналады деп болжануда.Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы,инвестициялау көлемінің ұлғаю,ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорынрдың құрылуы көрсетіп отыр.

Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша,2050 жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар Қытай,Үндістан,Ресей және Бразилия кіреді.ХВҚ,Бүкіл әлемдік банк,Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің,ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды.2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн 880 млрд.теңге (99 млрд)  деңгейінде болжанып отыр.Бұл көрсеткіш  2015 жылы 3,5  есе ұлғайып,республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді.

Сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады.2008 жылы 10,1 трлн долларлық шепті еңсерген тауарлардың әлемдік саудасы және 2,4 трлн доллар болған қызметтердің коммерциялық экспорты 2030 жылға қарай 27 трлн долларға дейін өседі деп көзделуде.2006 жылы Әлемдік ІЖӨ- дегі оның үлесі алғаш рет 30 процненттік блестен асып түсті, яғни әледегі әрбір үшінші өнім шетелге жолданған. 42,7 процент жаһандық тауар экспорты дамушы елдердің үлесіне тиеді. Әлемдік экономиканың өсуіне Шығыс Азиядағы, Үндістандағы, Ресей мен Бразилядағы  тұтыну сұранысының жедел өсу жәрдемдсуде. 2020 жылға қарай Қытайлық тұтыну рыногі үш есе өсіп, көлемі жағынан Америкалық рынокпен теңеседі. Азия континетінде ол әлемдегі ең үлкен рынокқа айналады.

Қытайдың әлемдік саудадағы 2008 жылғы үлесі 11 пайызды құрап, 1,42 трл. Долорға жетті. Ал АҚШ-та 2,9 трл.. Европа мен Азия арасындағы жыл сайынғы сауда 600 млн.-ға дейін өсті.

Дамыған елдерге дамушы экономикалардың өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттау соңғы 20 жылда  3 есе артып, әлемдік жеткізілімдердің 40 пайызын құраған. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Дамушы елдер шикізат шылауы рөлінен арылып, индустриялық елдерге, ал дамыған елдер иннвациялық, пост индустриялық елдерге айналуда.

Әлемдік экономикада транс ұлттық корпарациялардың рөлі артуда. Олар 62 млн. адам жұмыс істеп, жыл сайын 4 трл.  Доолар экспорттық өнім көлемі, яғни әлемдегі көлемнің 40 пайызын шығаратын 77  мың туындаушы компанияны, 770 мың шетелдік филялдарды қамтиды. 2000 жылы 100 ең ірі экономикалардың тізімінде 51 орынды транс ұлттық корпарациялар болса, 49 орын ғана мемлкеттердің үлесіне тиген.Жаһанданудың қазіргі кезеңінде трансұлттық корпорциялар үшін өндірістік интелектуалдық күш-қуат ізгі бизнеске бақылауды өсуші өңірлерге көшіру тән болып отыр.

Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен,трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда,7 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.Бұлар­- «Шеврон»,Аджип,Миттал Стил, «Лукойл», «Лджи», «Филипп Моррис», «Гленкор» және басқалары.Оларда жұмыс істейтін адамдар саны 357 мыңнан асты.Өндірген өнімдерінің көлемі 2004 жылы 18,4 млрд доллар болған.

Әлемдік эономикада құрылымдық өзгерістер жалғасып жатыр. Бұл тұрғыда қызмет көрсету саласы алда келеді. 2010 жылға қарай іскерлік қызмет көрсету аутсорсингінің әлемдік рыногінің жиынтық көлемі 110 млрд. долларды құрайды.Үндістан осы көлемнің жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Басқарудағы консалтингтен түсетін табыс 100 млрд. долларға дейін өседі.

Дамыған елдердегі ауыл шаруашылығының үлесіІЖӨ-нің 3,8 пайызға жуығын (АҚШ-та  — 1,8 %) өнеркәсіптің үлесі 26 пайызды құрайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығының үлесі – 8,3 %. Жаһандану жағдайында бұл салалар дамушы елдерде шикізат көздеріне жақындай түседі. Үндістанда ауыл шаруашылығының үлесі 24,9 % болса, Қытайда ол -15,9 %.

Отын шикізатының және өндіруші өнеркәсіптегі басқа өнімдердің әдемдік саудадағы үлес салмағы 16 пайызға дейін өссе, ауыл шаруашылығынынікі 9 пайызға дейін төмендеген.

1.2    Мегарыноктар

         Әлемдік рыноктың аса ірі сегменттерінде серпінді һөзгерістер жүріп жатыр. Олардың бірін толымды ету жаңа секторлардың ұйымдасуын туындатуда. Басым сегменттер қатарында қаурыт дамып келе жатқан жылжымайтын мүлік рыногын атауға болады. Соңғы бес жылда дамыған елдерде тұрғын үйдің құны 30 трлн. доллардың 70 трлн. долларға дейін ұлғайған.2007 жылы инвестициялық рыноктың көлемі 681 млрд. долларды құрайды.

1990 жылдан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында сауданың жоғары қарқынмен өсуі байқалып отыр, ол әлемдік экономика серпінділігінен 2 есе асып түсті. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету рыногы 2004 жылы 2,2 трлн. доллардан артық болды. Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) мен АКТ қызметінің әлемдік саудасында  Ирландия мен АҚШ басым түсіп отыр. Мәселен, Ирландияның компютерлік және ақпараттық қызмет көрсету экспорты 2002 жылы 10,4 млрд, долларды, АҚШ-тың үлесі млрд. долларды құрады.

Болжамдар бойынша 1,8 трлн. долларды құрайтын химия өнімдері әлемдік рыногының көлемі 2010 жылға қарай 2,4 трлн. долларға жетеді. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка химия өнімдері  аса ірі тұтынушылары және өндірушілері болып қалады. Үшінші орынға Қытай шығады. БҰҰ  мәлметтер бойынша әлемде жыл сайын 80 мыңға жуық түрлі химикаттар өндірілсе, 1,5 мың жаңа түрлері шығарылады. Химия талшықтарын шығару 35,6 млн. тоннадан асып түсті.

Мұнайдың жоғары бағасы оның сату көлемін 1,7 трлн. долларға дейін жоғарылатты. Божанып отырған бағаның 100 доллар / баррельге дейін өсуі және оның әлемдік тұтынушыларының көбеюі сатуды 2 трлн. долларға дейін жеткізбек. Мұнайгаз рыногының көлемі 2,37 трлн. долларға жетті. Онда Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ алда келеді.

Әлемдік әуе көлігі аралас салалармен бірлесіп, қызметтер мен тауарлар өндіруді 1,4 трлн. долларға дейін қамтамасыз етеді, соның ішінде жолаушылар тасымалы 326 млрд., жүк тасымалы 50 млрд. жолаушы тасымалданған. Олар халықаралық туризмнің негізін құрап отыр.

2004 жылы «Эйр Астана» әлемдегі 225 жетекші авиакомпаниялар рейтингінде жолаушы айналымы бойынша 189-шы орында болды. 2006  авиакомпанияың жолаушы айналымы 3,29 млрд. жолаушы /км құрады.

Есептеулер бойынша, жеңіл автомобилтдердің әлемдік өндірісі 2008 жылғы 56,6 млн. бірліктен 2010 жылға 63,3-68,9 млн. бірлікке дейін өседі, соның ішінде АҚШ-та – 12,7 млн., Жапонияда – 9,9, Қытайда – 6,48 млн., ГФР-да – 5,3 млн. болмақ. Жалпы сату сомасы 1,2 трлн. доллардан асып түседі деп күтілуде. 2004 жылы жеңіл автомобильдер  паркі АҚШ-та 240 млн. данадан, ЕО-да – 206, Қытайда – 32, Ресейде – 27,2, Түркияда – 11,6, Қазақстанда – 1,2 млн. данадан асқан. Мотоцтклдердің әлемдік өндірісі 39 млн. данаға дейін өсті.

580 компаниясы және 51 зауыты бар жпондық «Тойота» 2008 жылы өз мәшинелерін 170 елде сатуды  190,3 млрд. долларға дейін жеткізген, американдық «Ford Motor Company»  айналымы 177,1 млрд. доллар болса, еуропалық трансұлттық   «DaimLerChrysler»  компаниясы 149,8 млрд. долларға жеткізген.

Қазақстанда барлық дерлік әлемдік маркалардың жолаушылар автомәшинелреін сату 2000 жылғы 9,07 млрд. теңгеден 2004 жылғы 68 млрд. теңгеге дейін  өсті. Сол секілді  пайдаланылған автомәшинелер мен олардың қосалқы бөлшектерін сату да ұлғайды. Қазақстан автомобильдер сату да ұлғайды. Қазақстан автомобильдер  сатудың көлемі  бойынша  ТМД-да екінші орынға шықты.  «БипекАвто» ЖШС-да 2006 жылы 2,5 мың Нива және 1,5 мың   Skoda  автомобильдерді құрастырды.   Біздңі еліміз автомобильдер  шығаруды және құрастыруды жүзеге асыратын 58-ші мемлекетке  айналды. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 48-ші орын алады, 2007 жылы 45-ші орынға шығады деп күтілуде.

Алкогольді ішімдіктер сатудың әлемдік көлемі 701 млрд. долларды құрайды,  соның ішінде 331 млрд. – сыра, 270 млрд. — әлдеқайда күшті ішімдіктер, 100 млрд. доллар – шараптың үлесіне тиеді. Жиырма жылдан бері сыра өндірісі мен  тұтынуды үздіксіз өсіп келеді. Оны ішу жөнінен Қытай, шарап бойынша – Еуропа, арақтан Ресей алда келеді. Қазақстанда 2004 жылы 404 млн. доллардан асқан жалпы сату көлемінің 74,5 пайызы сыраның, 13 пайызы арақтың, 11 пайызы шараптың үлесіне тиесілі. 2006 жылы 486,4 млн. литр алкоголь өнімдері өндірілген.

Кейбір бағалаулар бойынша  фармацевтік рыноктың көлемі 2006 жылы 640-650 млрд. долларға жеткен. Фармацевтикалық препараттар сатудың 43 пайызы АҚШ-тың үлесіне келеді. Мұндай өнімдерді Қазақстанда  сату көлемі 2000 жылғы   109 млн. доллардан 2004 жылғы 188,6 млн. долларға жетті. Дәрі-дәрмектерді өндіру 2006 жылы екі еседн астамға ұлғайып, 53,5 млн. доллар болды.

Шетелдік туристер саны 2004 жылы 808 млн. адамнан асып түсті. Бағалаулар  бойынша бұл қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар 592 млрд. долларды құрады.  Туризмнің әлемдік индустриясына 100 млн. адам тартылған.

100 аса ірі құрылыс компаниясының жиынтық айналымы 2004 жылы 579 млрд. долларға жетті. Жетекші инженер – құрылыс фирмалары қабылдаған  шетелдік тапсырыстардың  құны   2003 жылы  127,8 млрд. долларды құраса, құрылыс құрал – жабдықтарының рыногы 65,8 млрд. долларға дейін өскен. Құрылыс – Қазақстан  экономикасының жедел даму үстіндегі саласы. 2006 жылы құрылыс  жұмыстарының  көлемі 8,2 млрд. доллардан  асып түсті.

Болат шығару рыногы 400 млрд. долларға жетеді. Бұл өнімнің халықаралық саудасы қытай экспортының өсуіне байланысты қиыншылық кешеді.

Қазақстан  әлемде болат балқыту жөнінен 28-ші орын алады.Көлік – логистика қызметінің әлемдік экспорты 350 млрд. долларға  дейін  өсті.  Авиация техникасын  сату  рыногында  ұшақ  жасаушы «Боинг» және «Аэрбус» компанияларының  арасындағы  бәсеке  шиеленісе түсті.  АҚШ-тың  жетекші  авиакомпанияларының  өз өнімдерін  сату  көлемі 253,1 млрд. долларға жетті.

Жиһаз шығару 2004 жылы 218,5 млрд. еуроға дейін ұлғайды. Мұндай ұлғаю барлық құрлықтарда да жүріп жатыр. Соның ішінде Қытайда 19,4 млрд., Жапонияда 16,2 млрд. долларға дейін жетті.

Спорт тауарларының   дүние жүзіндегі   рыногы  2006 жылы 175 млрд. долларға бағаланды,  бұл  2000 жылғыдан  екі есе дерлік көп,  ал 2015 жылға қарай ол 240 млрд. доллар болады деп күтілуде.  Қазақстанда 2000 – 2004 жылдары спорт тауарларын сату екі еседен астамға өсіп, 8,66 млрд. иеңгеге дейін жетті.

Әлемдік саудада жаңа, жоғары технологиялардың, ғылымды көп қажет ететін тауарлардың үлесі өсіп келеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа экономиканың негізгі мазмұнына айналды. Бұл индустрия жаһандық сипатқа көшті. 2006 жылы цифрлы технологияларды сату 2,6 трлн. еуро, соның ішінде байланыс қызметі 1 трлн. еуроға жетті, мұның өзі ауыл шаруашылық өнімдерінің, тоқыма бұйымдар мен киімдердің сауда көлемінен асып түседі. АКТ-ның халықаралық саудасы 2003 жылы 933 млрд. долларға жетті. АКТ тауарларының экспорты мен қызметі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде 2002 жылы 614 млрд. доллардан асып түсті.

2008 жылы сатылған ұялы телефондар саны 836 млн. дана болса, бұл байланыс абонеттерінің жалпы саны 2 млрд. адамнан артық болды. Бұл жер шарының әрбір үшінші тұрғыны деген сөз. 2006 жылы бұл өнімді сату көлемі 113,5 млрд, доллар,  ұялы байланыс қызметі 573 млрд. доллар болған. 2009 жылы ұялы телефондардың әлемдік рыногі 1086 млн. бірлікке, соның ішінде үшінші кезең шығарылымы 615 млн. бірлігіне жетеді деп күтіліп отыр. Ал телефондарды сату 121 млрд. долларды құрамақ. Осы өнімдер бойынша әлемдік сауданың 50,2 пайызы «Nokia» мен  «Motorola» үлесіне келмек.

Қазақстанда ұялы байланыс абонеттерінінің саны8,4 млн. адамға жетті. Яғни елдің әрбір екінші тұрғыны қалтафаға ие. Бұл ТМД-да Ресей мен Украйнадан кейінгі үшінші көрсеткіш.Дербес компютерлерді сату 2006 жылы 234,5 млн. данаға дейін өсті. Олардың әлемдегі жалпы саны 1 млрд. данаға жетті.2007 жылы дербес комютерлерді стау 254 млн. данаға дейін өсіп, сомасы 232 млрд. долларды құрамақ. Әсіресе, поративтік компютерлерді сату жедел өсуде, олардың көлемі әлемдік рыноктың 31,4 пайызына жетті.

Қазақстанда 2000-2004 жыдары  компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сату 2,4 млрд. теңгеден 37,7 млрд. теңгеге дейін, 15,7 есе өскен.  2006 жылы елімізде 1,05 млн. дербес компьютер болған. Мұның өзі жалпы әлемдік деңгейден 2,3 есе аз. Осы қарқын сақталған жағдайда компьтерлендірудің бұл айырмашылығы 2-3 жылда еңсерілмек.

Жартылай өткізгіш аспаптарды (ЖА) әлемдік сатудың жиынтығы 2006 жылы 254,7 млрд. долларға бағаланған. Дербес компьютерлер үшін бұл өнімді жеткізіп беру 2008 жылғы 58 млрд. доллардан 2010 жылғы 84 млрд. долларға дейін өседі деп болжанады. Электрондық құрамалар рыногының жедел өсу үстіндегі сегменттері қатарында 2006 жылы 40,2 млрд. долларды құраған есте сақтау қондырғыларын, 38,2 млрд. доллар боған жалғастыру желілерін айтуға болады.

Интернетті пайдаланушылар саны 1 млрд. адмамнан асып түсті. АҚШ,Қытай, Жапония алда келеді. Америкалық Интернет- экономикада жетекші төрттіктің ұстанымы нығая түсті.Олардың табыстары былайша өскен: «Microsoft»  -3768 млрд. долларға дейін

Қазақстанда, статистикалық мәліметтер бойынша, Интернетті 600 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл әлемдік деңгейден 4 ес аз. International Telecommunication Union мәліметтері бойынша Қазақстан әр жүз адамға шаққанда пайдаланушылар саны жөнінен әлемде 147 –ші орында. Бұл Моңғолияның деңгейінен 2,7 есе, Қырғызстандағыдан 2 есе аз. Ал Интернеттгі пайдаланушылардың жалпы саны жөнінен Қзақстан 87-ші орында.

Орнатылған смартфондар саны 2003 жылғы 7,4 млн. данадан 2006 жылғы 69,5 млн. данаға дейін өскен, олардың саны 2011 жылы 190 млн. данаға жетпек. Оптоэлектрондық құрамдастарды (жарық диодтарды, лазерлер, оптрондар және басқалар ) сату 2006 жылғы 16,5 млрд.доллардан 2010 жылғы 31,8 млрд. долларға өседі деп болжанады.RFID –жүйелер (радиолокиация жолымен нысандарды біріздендіру және мәлметтерді өңдеу технологиясы) әлемдік рыногының көлемі 2004 жылы 1,5 млрд. еуродан 2010 жылы 22 млрд. еуроға жетеді деп күтілуде. Шыны талшықтарын жеткізіп беру 2008 жылы 68 млн. шақырымға жеткен. Лазерлер мен лазерлік жүйелерді сату 2004 жылы 60 млрд. еуродан асып түскен болатын.

Электрондықсауда (несиелік карталар, телефондық банкинг, интернет дүкендер) жоғары қарқынмен дамып отыр. Әлемде электорнды коммерция көлемі 1999жылғы 98,4 млрд. доллардан 2004 жылғы 6800 млрд. долларға дейін өсті.150 млн. астам америкалық, 100 млн. астам еуропалық оның қызметін пайдаланады. АҚШ-та ғана бұл бизнеске 820 мың компания тартылған.

Қазіргі кезде 1,3 миллиардтан астам пластикалық төлем карточкалары шығарылған. Олар бойынша жыл сайынғы әлемдік айналым 3 трлн. доллардан  асып түседі.Төлем карточкалары 20 млн.астам сауда-сервистік кәсіпорындарда қабылданады. Жарты миллионға жуық банк  бөлімшелері сол карточкалар бойынша операциялар жүргізеді,43 елде 700 мыңнан астам банкоматтар жұмыс істейді. 2008жылы пластикалық карточкалардың әлемдік рыногында «Виза» үлесі 49,6 пайыз, «Мастер кард» үлесі 23,9, «Американ экспресс» үлесі 14,3 пайыз болды.

Қазақстанда төлем карттарын 4 миллионнан астам адам пайдаланады. 20 банкі карттар шығарады. 2006 жылы 2,3 мың банкомат, 10,7  мың ПОС терминалдар болды.Республикада 30-ға жуық интернет-дүкендер ашылған. Төлем карттарды пайдалану арқылы жасалған операциялардың жалпы көлемі 2003 жылғы 396,1 млрд теңгеден 2006 жылғы 1428 млрд  теңгеге дейін артты. Өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден жоғары.

Ғарыштық экономика дамып келеді. «Галилео» жүйесінің навигацилылық қызмет көрсету рыногы болжам бойынша 2020 жылға қарай 250 млрд еуроға жетпек,оның табыстары бұл жүйені құруға кеткен шығындардан 5 есе артық болады.Спутниктік операторлардың айналымы  86,8 млрд долларға жетіп отыр.

Қазақстанда ғарыштық бағдарлама жасалып қабылданған және іске асырылуда. Мамнданған ұйымдар құрылып, алғашқы отандық спутник ұшырылды, Ақкөлде басқару орталығы ашылды.Таяудағы болашақта қашықтықтан оқытуды, спутниктік навигациялық жүйені және байланысты жаңаша пайдалану жолға қойылады. Сондай-ақ ғарыштан жерді және оның атмосферасын зондтау қызметін пайдалану мүмкін болады. Бұл міндеттерді шешуге «Бәйтерек» зымырандық-ғарыштық кешені көмектесетіні анық.

Жаңа экономиканың негізгі факторына білім мен ғылымның айналып отырғандығы ешқандай дау туғызбайды. Көшбасшылыққа бағдар елдерде осы мақсатқа арналған шығындар жоғары жоғары қарқынмен өсуде. ХХІ ғасырдың жоғары білімі туралы бүкіләлемдік декларацияда білікті де білімді адамдардың басым көпшілігін тәрбиелейтін лайықты жоғары білім мен осы заманғы ғылыми-зерттеу мекемелерінсіз бір де бір елдің шынайы тұрлаулы дамуды қамтамасыз ете алмайды.

Жоғары білім бұқаралық сипат алып келеді. Дамыған елдерде мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуі орта есеппен 68, ал Солтүстік Америкада 84 пайызды құрайды.Студенттер саны қауырт өсуде. Юнесконың мәліметі бойынша 1960 жылы олардың әлемдегі саны 13 млн адам болса, 1997 жылы бұл сан 7 есеге дерлік өсіп, 88,2 млн адамды құраған.Қазіргі кезде 14 мыңнан астам жоо-ларда 100 млн студент оқиды. Ең үздік деген 100университеттің 33-і америкалық, 15-і британдық, Австралия мен Жаңа  Зеландияда  7-ден, Швейцария мен Францияда  5-ден, және Гонконг, Жапония, Канада мен Германияда  3-ден. Әлемдегі жоғары оқу орындарының көшбасшылары –Гарвард, Кембридж және Оксфорд университтері.

Қазақстанда жоғары білім алуға ұмтылуда. 170 жоғарғы оқу орнында (88,3 мың тұрғынға 1 университеттен тура келеді) 760 мың студент немесе халықтың 5,08 пайызы оқиды (АҚШ-та 5,4 пайыз , бұл елде 75 мың тұрғынға 1 университеттен келеді). Соңғы жылдары республикадаинженерлік білім беру жоғары қарқынмен жүруде. Осы мамандыққа көптеп ұмтылатын болды. Техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттар жедел өсіп келеді.

Дүниежүзі бойынша шетелде білім алатын студенттер саны артуда. 1980-2008 жылдар аралығында олар 920 мыңнан 2 миллионға жеткен.Соның 565 мыңы АҚШ-та, 270 мыңы Ұлыбританияда, 237 мыңы Австралияда, 227 мыңы Германияда, 140 мыңы Қытайда, 125 мыңы Францияда, 100 мыңы Ресейде оқиды. Өз елдерінен тыс жерлерде оқитын студенттер Үндістаннан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан көп болып отыр. Тек АҚШ-та Үндістаннан 80,4 мың, Қытайдан 62,5 мың студент оқиды. Ал енді басқа мемлекеттерде 191 мың америкалық студент білім алған. Көптеген жоо-лар үшін шетелдік студенттерді тарту табыс табудың негізгі көзіне айналды. АҚШ оқу орындары осының есебінен 14 млрд долларға жуық қаржы табады.Бұл көрсеткіш Ұлыбританияда 8 млрд., Австралияда 4,5 млрд долларға тең.

Қазақстан жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық адамды әлемнің ең беделді университеттеріне оқуға жіберуде. Ал республикада 40- тан астам елдің 8 мыңның үстіндегі адамдары оқуда. ЖОО-лардың осы арқылы тапқан табысы 16 млн. доллардан астам.

Корпорациялардың  жанынан мамандырылған жоғары оқу орындарын құрудың әлемдік үрдісі қалыптасып отыр.Түрлі болжамдар бойынша 2010 жылға қарай АҚШ-тағы корпаративтік университеттер саны мұндағы жеке меншік және мемлекеттік жоо-лардың жалпы санынан (4200) асып түсетін көрінеді.

Мұндай оқу орындарын құру үдіресі Қазақстанда да басталды. «ҚТЖ» -Қаз АТК-ның, «ҚазМұнай Газ»- ҚБТУ-дың, «Қазтелеком»- АЭКС-нің, АТФ Банк- Тұрар Рысқұлов. Атындағы ҚЗУ – дің «Маңғстаумұнайгаз» — КОУ-дың «Базис- А»- ААҚИ-дің, «Ордабасы» корпарациясы Алматы экономика университтеттің негізгі акционеріне айналды. «Қазатоапром» ҰАК өзінің Ядролық университетін, Ұлттық Банк магистратура ашқан. Бұл үдеріс жалғасуда. 300-ден астам компания жыл сайын 4 мыңның үстінде өздерінің білім гранттарын бөліп келеді.

Білім мен ғылымның нақты экономикаға кірігуінің лайықты формасына айналған зерттеу университтеттердің ұстанымы нығая түсуде. АҚШ-та олардың саны 104-ке, Ұлыбританияда -76-ға, Германияда – 70-ке тең. Барынша қаржылай қолдауды американ үкіметі  көрсетеді екен. Университеттердің үздік дегендері федералдық бюджет зерттеу және білім беруге бөлінген бюджет қаражатының 95%- ын алады.

Беркли университетінің ғылыми зерттеулеріне жылына 450 млн. доллардан астам бөлініп, мұндағы үкіметтік қаржыландыру үлесі  68 %-ды құрайды.Жоо-да 10 мың студент оқиды, университет жыл сайын 17,5 мың жаңа жұмыс орындарын құрады. АҚШ зерттеу университтеттерінің бюджеті 1-ден 3 млрд. долларға дейінгі шекте болады.

Қытайда әрқайсысының жылдық бюджеті 1 млрд. доллар болатын бірінші санаттағы 100 зерттеу университеттерін құру бағдарламасы іске асырылуда.

Қазақстанның 5-тен 10-ға дейінгі оқу орнын зерттеу университеттерін е айналдыру мүмкіндігі бар. Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-ды,Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТУ-ды, ҚБТУ-ды, ҚарМТУ-ды, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды және басқаларын атауға болады. Тиісінше қаржыландыру жағдайында олар инновациялық стратегияның жеделдеткішіне айналар еді.

Әлемде ғалымдар мен мамандар саны артуда. АҚШ пен Қытай көш бастап келеді- 1,3 млн және 926 мың адам. Қытайда ғылыми техникалық салада істейтін -32., соның ішінде жаңа технологияларды игеріп жатқандар – 1,05 млн адам болып отыр. Ресей 4- ші орында келеді. Өнеркәсіптік зерттеулер институтының  (АҚШ) мәліметтері бойынша 1986 жылдан 2001 жылға дейін Қытай, Тайвань, Корея Республикасы мен Жапония АҚШ-қа қарағанда ғылым мен техника саласында докторлық дәрежені көп берген екен.

Қазақстанда зерттеулермен және талдамалармен айналысатын қызметкерлер саны 2004 жылы 16,7 мыңға жеткен. Дамыған елдер деңгейінен артта қалу деңгейі 4 есе болып отыр.

Дамыған елдер өздерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық шығындарға (ҒЗТКШ) кететін қаражат көлемін өсіруді жалғастыруда. 2006 жылы зерттеулер мен технологияларды дамытуға АҚШ 330 млрд.,Францияны,Германия мен Ұлыбританияны қоса алғанда Еуроодақтың 15 елі 230 млрд., Қытай – 136 млр., Жапония 130 млрд.,доллар инвестицияланған. Нағыз ғылыми өркендеуді Сингапур мен Тайвань бастан кешуде. Израильде ғылымға барынша ірі салымдар – ІЖӨ — нің 4,7 пайызын жұмсауда.

Жан басына шаққанда ең жоғары ғылыми шығындар Швецияның (1165 доллар), Финляндияның (994,9 доллар), АҚШ-тың (977,7 доллар), Жапонияның (893,4 доллар), үлесіне келеді екен. Бұл көрсеткіш Испанияда – 270,3,Португалияда – 176,2 ,  Грекияда 112 долларды құрайды. Қазақстанда ол 2004 жылы 26,4 доллар ,соның ішінде кәсіпорындардың ҒЗТКШ – ға пайдаланған өз қаражаты 15,7 доллар болған. Еліміз Швецияның деңгейінен 44,7 есе , Испания көрсеткішінен 10,2 есе артта қалып келеді. Ғылымды қаржыландыруды болжанып отырған 25 есе ұлғайту осы артта қалушылықты қысқартуға, инновациялық өзгерістерді, лайықты ғылыми қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Дамыған елдердің ғылыми зерттеулері экспортқа бағдарланған салаларға шоғырланған. Германияда ҒЗТКШ – ның ең көп шығындары экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық салаларға – автомобиль, химия, АҚШ –та авиағарыштық және электроника салаларына қолдау білдіруге жұмсалады. Жеке меншік  компаниялар ҒЗТКШ – ның 50 – ден 70 пайызға дейінін қаржыландырған.

Мәселен, «Дженерал Моторс» ҒЗТКШ шығындарын 500 млн. долларға дейін ұлғайтып, ал 2008 жылы 6,5 млрд. долларға жеткен. «Тойота» 2003 – 2008 жылдар аралығында осы мақсаттағы шығындарын 927 млн. доллардан 7 млрд. долларға дейін өсірген.

Азық – түлікпен қамтамасыз етудің сенімділік проблемасын шешуде бірқатар елдерде генетикалы модификациялық (ГМ) өнімдер өндіруге зор мән берілуде. ГМ – дақылдарға арналған алқаптар 2000 -2008 жылдары 44,2 млн. гектардан 90 млн. гектарға дейін ұлғайған. Мәселен, соя бұршақтары 54,4 млн. гектарға, жүгері – 21,2 млн, мақта – 9,8 млн., рапс – 4,6 млн гектарға орналастырылған. АҚШ – та ГМ — өнімге – 5,8 млн , Қытайда 3,3 млн.га жер бөлінген.

2.1   Оңтүстік Қазақстан – тоқыма кластері

Ел  Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында республикада  тоқыма кластерін дамытып, шитті мақтаны матаға, матадан киімге дейін жеткізіп, қосымша құн өндіріп, шикізатты терең өңдеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі көтерілген. Мамандардың пікірінше, Қазақстан Республикасындағы тоқыма және тігін өнеркәсібі еліміздің тек 10 пайыздық ғана мұқтажын өтейді. Ал, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол ішкі рыноктың ең болмағанда, 30 пайыз мұқтажын өтеуі керек. Олай болса  мақта, тоқым  кластерінің дамуы  тікелей Оңтүстік Қазақстан облыстарының Жетісай, Мақтарал, Шардара және Түркістан, Төрткүл  аудандарының мақталық  алқаптарына және Шымкент текстил зауыттарының жұмыс істеуіне тікелей  байланысты.Сонда ғана  дамыған елу елдің қатарына қосыла аламыз.

Шитті мақта неғұрлым терең өңделсе, соғұрлым пайданы көп береді. Мысалы, 330 тонна шитті мақтадан бағасы 120 мың АҚШ долларын құрайтын 100 тонна мақта талшығын алуға болады. Ал, 100 тонна мақта талшығынан бағасы 211 мың АҚШ долларын құрайтын 90 тонна жіп иіріп, 90 тонна мақта жібінен бағасы 634 мың доллар тұратын 600 шаршы метр матадан бағасы 952 мың АҚШ доллары тұратын 170 мың дайын көйлек, кастюм алуға болады. Міне тоқыма кластерінің қортындысы.

330 тонна шитті мақтадан 120 мың доллар тұратын мақта талшығының орнына, мақта кластерін дамыту арқылы 730-800 мың АҚШ долларын немесе 6 есе артық пайда табуға болады екен.

Міне, осындай үлкен перспективалық істі атқару үшін бүгінгі таңдағы мақта шаруашылығы саласын түбегейлі жандандыру керек. Республикада  мақта егісінің көлемі 1991 жылы 116 мың гектар болса, 2006 жылы ол 204 мың гектарға жетті. Соңғы жылдары мақта өндіру көлемі едәуір өскенімен, гектар шығымдылығы төмендеуде. Әр гектардан алынтын өнім орташа есеппен 20 центнерден, тіпті көптеген шаруа қожалықтарында 15 центнерден артпауда. Ал, мақтаның бағасы төмен.  Соның салдарынан соңғы жылдары мақтаның орташа рентабельдігі 5 пайыздан аспай отыр.

Мақтарал ауданында Елбасының  пәрменімен салынған мемлекеттік мақта зауыты жұмыс істейді.Құны 1,5 млрд. теңге құрайтын зауыт 60 мың тонна  шитті қабылдап өңдей алады. Бүгінде кәсіпорынның 17 мақта қабылдау бекеті бар. Мақта бағасын тиісінше көтеруге ықпал жасаған зауыт керегесін кеңейту үстінде.

2.2   Оңтүстік Қазақстанда Биотехнологияның дамуы 

Олысымыздың экономикасын өркендету, электр қуатына деген сұранысты қанағаттандыру үшін газ турбиналы электр стансасын (ГТЭС) және АЭС салуды бастау дұрыс болар еді. Сарыағаш ауданындағы «Полторацкое» жер асты газ қоймасы негізінде қуаты 200 мвт ГТЭС салуға мүмкіндік бар. Жібек жолы ауылындағы газ қоймасының сыйымдылығы 883 млн. текше метр. Жыл сайын 800 млн. текше метр газ жағатын жаңа ГТЭС жылына 640 млн. квт электр энергиясын өндірер еді.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде энергияның баламалы түрлерін зерттеу жүзеге асырылуда. Электр энергиясын өндірудің болашағы  мол тәсілі – атом қуаты. Қазір 32 мемлекетте АЭС арқылы электр қуаты алынады. Атом азабын бәрінен бұрын көп көрген Жапонияда 53 АЭС бар екен. Оймақтай ғана Израильде үш АЭС бүкіл елді жарықпен және жылумен қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде Вьетнам,Мысыр, Түркия,Белоруссия ,т.б елдер АЭС салуға ниет білдіріп отыр. АҚШ 2050 жылға дейін  жаңа 300 ядролық блок салу жайлы жоспарын жария етті. Халқы өте тығыз орналасқан Франция 22 АЭС-тегі 59 реактордан барлық электр қуатының 80 пайызын алады. Франциядағы барлық АЭС-тер түгел жер астына орналасқан. Бұл ел тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау  үшін ойлап табылған ең тиімді шешім. Егер төтенше жағдай болып, АЭС апаттық жағдайға тап болса,жер бетінен жүздеген метр тереңдіктегі электр стансасы миллиондаған тонна топыратың астында қалсын, халқымыз аман болсын деген ниеттен туындаған оң жол. Франция АЭС-терінде жарты ғасыр бойы бірде-бір төтенше жағдай болған жоқ.

Біздің елімізде АЭС-ке қажетті табиғи уранның үлкен қоры шоғырланған, ол бір миллион тоннаға жуық. Уран өндіруде әлемде Канада мен Австралиядан кейінгі үшінші орында тұрған Қазақстан уранды экологиялық таза әрі қалдықсыз, жер астылық скважиналық еріту тәсілімен өңдейді. Францияда, еліміз де МАГАТЭ-ге мүше.Франция кәсіпкерлері бірнеше жылдан бері Созақ ауданында уран өндіріп келеді. Өзара келісім – шартқа сәйкес Франция біздің облыс аумағында қуаты 1000 мвт жаңа жерасты АЭС салуға келісім берсе, облысымыздың өнеркәсіп орындары жыл сайын 3400 квт электр қуатына қол жеткізер еді.

Республика территориясында жаңадан салынатын газ-турбиналы электр стансасы (ГТЭС) мен атом электр  ( АЭС)  электр қуатына деген қажеттілікті толық өтеп қана, облысымыздың экономикалық дамуына ерекше серпін берер еді. Кәсіпорындарымызда өндірілген өнімдердің сапасы жақсарып, көптеген тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылары хақ.

Қандай экономика болсада, ол сол ұлттың ерекшшелігін көрсетумен қатар, алдымен сол мемлекеттің мүддесін қорғауы тиіс. Қазақстан өз стратегисын қабылдап, оны шама – шарқынша іске асыруда. «Қазақ идеясының» мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңі мен болашағын идея тұрғысынан қарап, «Қазақстан өзінің өркениетті қоғамға баратын өзіндік жолын таба ала ма?» деген сұраққа жауап іздеу.

Өркениетті қоғамға апаратын жолдың бірі — өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді танытатын қазақстандық тауарлар шығару. Біздің дәл осындай тауарымыз бар ма? Қазір жоқ делік, болашақта бола ма сондай тауарлар ? Келешекте халықаралық нарықтағы бәсекеде өз орнын тауып, ұлттық ерекшелігімізді танытатын тауарлар шығару – экономикамыздың стратегиясын анықтаудың қайнар көзі. Ондаған жыл бойы Қазақстан экономикасында қалыптасқан, дәстүрлі салаларды одан әрі дамытумен қатар, мұнай химиясы, автокөлік және атом өнеркәсібі, ауылшаруашылық техникаларын шығару мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, балама қуат көздерін табу сияқты салаларды дамыту біз үшін өте тиімді. Осы салалар Қазақстан экономикасында төмендегідей себептермен басымдыққа ие болады.

Мұнай мен газ химиясы. Стратегиялық тұрғыдан қарағанда,мұнай өндірудің мөлшерін жылына 65-70 миллион тоннадан асырмасақ,оның қоры осы ғасырдың соңына дейін еркін жетеді. Өзге кен байлықтары жөнінде де осыны айтуға болады.

Қазіргі шығарып жатқан шикізаттың өзін ғана емес, одан шыққан жоғары технологиялық өнімді сататын болсақ, ол бір тонна шикізаттан алынатын өнімнен 2 – 5 есе, кейбір жағдайларда ондаған есе тиімді болады. Бұны экономикадан аздаған хабары бар кез-келген адам біледі. Бірақ, солай болса да, бұл мәселе бізде әлі күнге жеткілікті шешімін таппай еледі. Ал, бізден шикізат сатып алып жатқан өркениетті елдер өз экономикаларын осы жолмен дамытуда.

Мұнай өндіруді шексіз көбейтіп, оны шикізат күйінде сата беру экономикалық тұрғыдан уақытша тиімді болғанмыен, экологиялық тұрғыдан аса зиянды, стратегиялық тұрғыдан өте қауіпті. Мұнай мен газ  саласының болашағы – оның химиясын дамытуда. Мұнайды қазіргі мөлшерде,яғни жылына 60-65 миллион тонна өндіріп, оның өнімдерін өңдеуге кіріссек, онда мұнай химиясынан түскен пайда жылына 150 миллион тонна мұнайды сатқаннан түскен пайдадан еш кем болмайды. Мұнай химиясын дамыту арқылы халықаралық нарық бәсекесіне халық тұтынатын тауарлардың мыңдағантүрін шығарып, экспортқа шикізат (мұнай) емес, жоғары технологиялық сапалы тауар сатуға әбден болады. Бұл саланы өз қолына алу арқылы Қазақстан үкіметі экономиканың тұтқасынөзі иеленіп, өзі басқаратын жағдайға жетеді. Бұл – Қазақстанның нағыз тәуелсіздікке қол жеткізгені. Біздің қазіргі жағдайымыз – бір тұзақтан босаған мойнымызды екінші тұзаққа иіп тұрғанмен бірдей. Егер мұнай мен газ химиясын дамытуды шетелдік компаниялардың қолына беріп жіберетін болсақ, онда жағдайымыз жақсы болғанның Латын Америкасы елдерінің ХІХ ғасырдағы тағдырын қайталауымыз мүмкін. «Жаман айтпай жақсы жоқ» дейді  қазақ. Әр нәрсе өз атымен аталып,өз орнымен істелуі керек. Сонда біз саяси тәуелсіздігімізді экономикадағы тәуелсіздікке айналдырып, шетелдік компаниялардан немесе басқа елдерден сескенбейтін жағдайға жетеміз. Экспортқа тек мұнайды ғана шығарғаннан гөрі, мыңдаған түрлі мұнай химиясы өнімдерін шығару экономикалық жағынан әлдеқайда пайдалы. Бұл – ғылыми-технологиялық прогреесс тұрғысынан дамыған елдер деңгейіне жеткізетін, қауіпсіздік тұрғысынан елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір тиімді жол. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы мұнай дағдарысы кезінде  экономикасының 80-85 % мұнайға тәуелді Иран экономика жағынан құлдырап, ұзаққа созылған дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Егер Иран шетке мұнаймен қатар мыңдаған түрлі тауарлар сатқанда, мұндай дағдарысқа ұшырамаған болар еді.

Ауыр өнеркәсіптің флагманы автокөлік зауыттары болуға тиіс. Себебі,мұндай зауыт салуға елімізде барлық мүмкіндік бар. Зауытқа қажетті шикізаттың, метталл түрлерінің барлығына жуығы өзіміздің шығады. Мұндай зауыттың тиімділігі сол, ол өз айналасындағы қосалқы бөлшектер шығаратын 50-60 зауытты жұмыспен қамтамасыз етеді. Оның үстіне қазір шикізат күйінде сатылып жатқан кенді пайдаланып, автокөлік құрайтын бөлшектер шығаруға болады, ал бұл бөлшектерді сатсақ, оның құны орта есеппен 3-7 есеге дейін өседі.

Қазақстанда Биотехнологияның Ұлттық орталығы құрылып, АҚШ, Франция, Жапония және Ресейдегі осыындай орталықтармен сегіз жобаны іске асыруға кірісті.

Мұнай бағасының  жоғарылығы, оны өндіруді мүмкін болатын қысқарту этанол  мен биодизельдік отынның әлемдік өндірісін ынталандырып отыр. АҚШ – та этанол шығару жөніндегі 100 кәсіпорын жұмыс істейді. Бразилияда 2008-2006 жылдары 17 млрд. литр өнім шығарған.Осы мақсатта 177,9 млн. тонна тростник пайдаланылған. Бұл ел енді 5 жылдан кейін әлемдік рынокқа 5-тен 10 млрд. литрге дейін спирт береді деп болжанып отыр. Осы бағдарламаларға тартылған инвестициялар 3-тен 6 млрд. долларға дейінгі қаржыны құрайды. Кейбір болжамдар бойынша 2010 жылы автомобиль отыны ретінде әлемде 57 млрд. литр этил спирті қолданылатын болады.

Биоэтанол өндіру Еуропада 2008 жылғы 1 млн. тоннадан 2009 жылы 15 млн. тоннаға дейін , биодизельдік жанармай тиісінше 4 млн.тоннадан 11 млн тоннаға дейін өспек. ЕО еллдерінде автомобиль жанармайының құрамына биоэтанолды қосу деңгейін 2010 жылы 5,75 пайызға, 2015 жылы -8 , 2020 жылы 20 пайызға дейін жеткізу көзделуде. Халықаралық энергетика агенттігінің есептеулері бойынша 2020 жылға қарай әлемде биоотын шығару кем дегенде төрт есе артып , 120 млрд. литрге жетпек. Фин ғалымдарының болжамына сенсек, 20-30 жылдан кейін биоотын адамзат үшін энергияның баламасыз көзіне айналады.

Солтүстік Қазақстан облысында  2006 жылы аса ірі «Биохим» зауыты іске қосылды. Ол жылына 57 млн. литр биоэтанол шығара алады. Даму инстиуттарына осы өнімді шығару жөніндегі бірқатар жаңа кәсіпорындар салу жобалары мәлімделген.

Автомобиль жасауда гибридтік автомобильдер  шығару ұлғайып келеді. 2008 жылы «Тойота» «Prius» моделінің 350 мың дана көлігін сатса, 2010 жылға қарай  оның  шығарылуы  1 млн. данаға  дейін  өспек. Отын элементтері  бар автомобильдер   әзірлеу жеделдей  түсуде.  Әлемде осындай  100 автобусты  байқап көру  жүзеге  асырылуда,  мәшинелерге  сутегін  құюдың  100-ге  жуық  стансасы  бар.  2010 жылға  қарай  АҚШ-тың  Калифорния штатында  осындай  көптеген  нысан  салу  жоспарланса,  «General Motors» компаниясы  елдің  100  қаласында  11,7  мың станса ашып, АҚШ  халқының  70-90%-ын  сутегімен  қамтамасыз ету   проблемасын  шешуге 12 млрд. доллар  инвестицияламақ.          Баламалы  энергетика  қауырт дамуда.ХЭА-ға  мүше  26 елде  қолданылған  әлемдік  күн   энергетикасының  жалпы  қуаты 2004 жылдың  басында  2,4 ГВт-ға  жетті.  Кремний  негізіндегі   күн батареяларының  әлемдік  өндірісі  2008 жылы   1,1  ГВт-ны  құрады.  (салыстыру үшін  Қазақстанда  2006  жылы  71,7 ГВт электр  энергиясы  шығарылғанын  айтуға  болады).    Алдағы бесжылдықта  жыл сайынғы  25%  өсім күтіліп  отыр.  Болжам  бойынша  2010  жылы  жартылай  кристалды  кремнийге  деген жиынтық  сұраныс  63 мың  тоннаға  дейін  өседі.   Кремний  пластиналарды  әлемдік  жөнелту   4,4  млн.  шаршы  метрді  құраған.  2008 жылы  жетекші  өндірушілердің сату  көлемі  мынадай болды: «Tokuyma» фирмасы – 336 млрд. иена, «Toshiba Ceramiks» — 85 млрд., «Komatsu Electronics» — 85 млрд. иена.   Қазақстанда техникалық  кремний  шығару  жөнінде  Талдықорғанда,  Павлодарда, Қарағандыда  бірқатар    кәсіпорындар салынуда. Күн  энергетикасының  отандық  қондырғылары тәжірибелік — өнеркәсіптік сынақтан  өтті.     Бүгінде әлемде 1,2 мың жаңа технологиялық компаниялар  жұмыс істейді, олардың  жартысы АҚШ – тың үлесіне тиеді.  Осы зерттеулерге жыл сайын  4,7 млрд.  доллар  бөлінеді.   Венчурлық капитал 1 млрд. доллар  инвестициялайды.  2004 жылы  нанотехнологиялар  жалпы  құны  13 млрд.  доллар  тауарларда  қолданылған.  2015  жылы  мұндай  өнімдер  құны 292  млрд. доларға  жетеді деп күтілуде. Қазақстанда Физикалық – техникалық  институтта  академик Б.Мұқашевтың  жетекшілігімен  нанокеуек  кремний,  нанопленкалар алынды.   Әл – Фараби  атындағы ҚазҰУ  жанындағы  Жану  проблемасы  иниститутында  Р.Мансұрова  атындағы  нанокөміртегі  материалдары  зертхана  жұмыс істейді.  2006 жылғы  қаңтарда  Ұттық  нанотехнологиялық  зертхана ашылды. Бүгінгі таңда еліміздің электр энергиясымен өзін — өзі жеткілікті қамтамасыз ете алуы ең көкейкесті мәселе болып отыр. Еліміз 17 млрд.квт электр қуатына зәру. Бұл тапшылықтың салқыны біздің облысымызға тиіп отыр. Үш ЖЭС пен бір ГЭС жұмыс істеп жатқан облысымыздың жылдық орташа тұтыну қажеті 1587 млн квт болса, электр стансаларының жылдық қуаты 697 млн. квт қана. Біз өз облысымызға қажетті электр энергиясының 56 пайызын таяу өңірлерден тасымалдаймыз. Оңтүстік өңірінің энергетикалық кешенін өркендету үшін қуат көздерін қайта құру, ауылдарда шағын су және жел электр стансаларын салу жайлы ұсыныстар айтылуда. Шымкент қаласында жаңа ЖЭС салу мәселесі көтерілуде. Бұл ұсыныстар электр қуатына деген тапшылықты толық шеше алмайды. Жаңа ЖЭС жыл сайын мыңдаған тонна мазут пен тас көмір жағып, атмосфераны ластайды, әрі алынған қуаттың өзіндік құны тым қымбат.

Қорытынды

Қазақстан экономикасының даму қарқыны шетелдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып отыр.Ресей талдамашылардың бағалары бойынша,Қазақстан экономикасының өсу қарқыны жөнінен соңғы жылдары Ресейден шамамен үштен бір есеге озық келеді, деп жазады  «Независимая газета».

Ресейлік ІЖӨ 2003 жылдан 2006 жылға дейін 7,3 %, 7,2 %, 6,4 % және 6,7 % қарқынмен өссе.Қазақстан экономикасы жыл сайын 10 %-ға дерлік өсіп отырған. Қазақстандық ІЖӨ тиісінше 2003 жылы 9.3 %- ға 2004 – те -9,6 %-ға, ал 2008 жылы және 2006 жылдары 9,7 және 10,6 % -ға өскен.

Егер өсу қарқынындағы айырмашылық сақталатын болса, онда 2008 жылы Қазақстанның экономикалық жеңісі даусыз фактіге айнала алады.

Ресей Ғылым академиясы экоинститутының директоры Р.Гринберг Қазақстан жоғары экономикалық көрсеткіштерін ең алдымен, жан басына келетін үлкен экспорттық табыстарымен, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілендірудің сапасымен түсіндіреді.

«Он бес миллиондық Қазақстанда мұнай барлығына де жетеді, ал Ресейде мүлдем басқа жағдай»  деуге болады. Мұнай экспортына жан басына келетін табыстың мөлшері бойынша Қазақстан Кувейтке жақын, ал РФ көп ретте Нигеряны еске түсіреді.Бұл ретте жан басылық ІЖӨ 10$- қ шартты кезеңнен асқаннан кейін қоғамда киім мен азық-түлікке ғана емес, сонымен бірге саяси және экономикалық бостандыққа да сұраныс артады-деп атап өткен Р.Гринберг.

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ пен қатар жаһандануға,өңірленуге,сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері «әлеует кіндіктеріне» айналады деп болжануда.Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы,инвестициялау көлемінің ұлғаю,ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорынрдың құрылуы көрсетіп отыр.

Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша,2050 жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар Қытай,Үндістан,Ресей және Бразилия кіреді.ХВҚ,Бүкіл әлемдік банк,Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің,ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды.2007 жылы шешуші макроэкономикалық көрсеткіш 11 трлн 880 млрд.теңге (99 млрд)  деңгейінде болжанып отыр.Бұл көрсеткіш  2015 жылы 3,5  есе ұлғайып,республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді.

Сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады.

Әдебиеттер тізімі 

  1. Н.Ә.Назарбаев  ХХІ ғасыр асуында. Тарау 2. А.,1996 ж.
  2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан -2030» А.,1996 ж.
  3. Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл.  «Атамұра» баспасы.2003 ж.
  4. Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында. «Атамұра» баспасы. 2008ж.
  5. Қ.К. Тоқаев. Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты. А.,2006 ж.
  6. Жаһандық  экономика  және  Қазақстан. // Егемен Қазақстан. №151.
  7. Ж.Әкіміш.  Мұнай, Биожанармай және туберкулез // Жас Алаш. №69. 23 тамыз. 2007 ж.
  8. Қазақстан экономикасының даму қарқыны шетелдік сарапшылар тарапынан бағлануы. // Егемен Қазақстан. № 232-234. 7 тамыз 2007 ж.

Тағы рефераттар