Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны туралы қазақша реферат
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы кұкықтык қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін зандылықтармен анықталады.
Жолаушы мен тендеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы максатты жүзеге асыруды қабыддап алған сәтінен жасалған деп танылады.
Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с).
Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.
Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады.
Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады.
Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англосаксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктенуші. Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» қатар «фрахтователь» (термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды.
1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді. «Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы — бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны, тендеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізіңде жалдауды ұсынатын жеке немесе занды тұлға.
Тағы рефераттар
- Халықаралық жүк тасымалдаудың түрлері
- Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру
- Су ресурстарының экологиялық мәселелері
- Соғыс қылмыстары
- Қазақстанның ғарышкерлері