Халыққа әлеуметтік көмек туралы қазақша реферат

2005-2007 жылдар аралығында  мемлекеттік атаулы  әлеуметтік көмек алушылар 18752 адамға қысқарған (01.01.2005 ж. 46041 адамнан 01.01.2007 жылға дейін 27289 ) немесе 40,7 %. Облыс бойынша МАӘК тағайындау 2004 жылға – 803 теңге, 2005 жылға – 916 теңге, 2006 жылға – 967 теңге. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек алушылар санының азаюы келесі себептерге байланысты: МАӘК алушылардың жұмысқа орналасуы, халық кірісінің артуы, қосалқы шаруашылық көлемінің артуы (мал басы саны арқан) , МАӘК алушылардың жасырын кірістерін учаскелік комиссияның  анықтау фактілерінің күшеюі,  (18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың, 1 жасқа дейінгі баланы бағуға жәрдемақының берілуі).

2006 жылы  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  27289 адамға 316,7 млн. теңгеге жүргізілген. 2005 жылмен салыстырғанда АӘК тағайындалған алушылар саны жалпы облыс бойынша 23,6 пайызға кеміген (2005 жылы  төленгендері 29843 алушыға  – 306,4 млн. теңге , оның ішінде 2005 жылдың желтоқсан айына – 10,2 млн. теңге ( 38260 алушыға 2005 жылы – 395,6 млн. теңге). 1.01.2007 жылға облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекті төлеу бойынша қарыздар 3.1 млн. теңгені құраған. 2006 жылдың желтоқсан айына төленбеген  төленбеген сома 17,4 млн. теңгені құраған.

2007 жылдың қаңтар-наурыз айларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 12291 адамға 54,6 млн. теңге сомасына  тағайындалған, төленгені  15725 алушыға – 63,1 млн. теңге, оның ішінде   2006 жылы қараша, желтоқсан айларына  — 20,5 млн. теңге.

2006 жылғы алушылар арасында 18 жасқа дейінгі балалар көбірек (61,5 пайыз). 7 жасқа дейінгі баланы бағып отырған адамдар 14,7 пайызды құрайды. АӘК алушылар арасында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы 6,5 пайызды құрайды. Жұмыспен қамту  ооргандарында  есепте тұрған жұмыссыздар АӘК алушылардың жалпы санынан 8,5 пайызды құрайды.

2006 жылдың қаңтарынан бастап  отбасының кіріс жиынтығына енгізілетін 18 жасқа дейінгі балаларға және 2006 жылдың шілдесінен бастап бала бағуға жәрдемақы  енгізілуге байланысты АӘК алушылар саны 8,4 мың адамнан 23,6 пайызға  азайған. АӘК төлеуге аудандар мен қалалар бюджетінде 01.04.2007 жылғы жағдай бойынша 280,6 млн. теңге қарастырылған. ОБлыс бойынша АӘК төлеу үшін қалалар мен аудандар есептері бойынша толық көлемде 289,5 млн. теңге қажет.

Облыстағы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету халықтың әлеуметтік осал бөлігіне әлеуметтік көмектерді көрсету түрінде іске асырылады: ақшалай төлем – бұл атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, азық-түлік кәрзіңкесі құнынан аспайтын ортажандық кірісі бар аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына  жәрдемақы; тегін тамақ беруді ұйымдастыру мен киім беру, қариялар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету, қариялар мен мүгедектерге интернат-үйлерінен орын беру және т.б.

Әлеуметтік қорғау бағдарламасын қаржыландыру мемлекеттік бюджет пен бюджеттік емес қаражаттар есебінен іске асырылады.

Кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтарды бюджеттік емес табыс көздерінен қорғаудың барлық көлемі 2006 жылы 590,2 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 34 пайызға аз (көмек көлемі 893,9 млн. теңге). Көмекпен қамтылған аз қамтылған азаматтардан бір адамға есептегенде көрсетілген көмектің орташа көлемі  жоспардағы 6400 теңгенің орнына 24003,6 теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда (21542,3 теңге) 1,1 есе көп. Бір рет көрсетілген көмек санына қарамай нақты көмекпен қамтылған аз қамтылған бір рет есептегенде  облыс бойынша 100 пайызды құрады.

1.01.2007 жылы аз қамтылған азаматтарды әлеуметік қолдау үшін облыста  жеңілдікпен (тегін немесе жеңілдікпен)  15 аумақтық Орталық жұмыс істейді, халықтың  әлеуметтік-әлсіз бөлшегіне әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетілген; 49 қайырымдылық асханалары мен 193 тамақтандыру пунктері бар, оларда 48076 адам тамақтанған (оның ішінде 46315 аз қамтылған азаматтар); киім мен аяқ киім жинайтын 346 пункт (2006 жылы 75,5 мың бірлік  киім жиналған және 28,8 мұқтаж адамдарға тапсырылған). Облыста  барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға аз қамтылған азаматтарды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2007 жылдың  1 тоқсанында  мемлекеттік емес табыс көздерінен жалпы сомасы  97,9 млн. теңгеге  көмек көрсетілген. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша көмекпен қамтылған  аз қамтылған азаматтардан бір адамға есептегенде  2007 жылдың 1 тоқсанындағы – 1600 теңге орнына 4003,2 теңгені құраған (немесе  жоспардан 250,2 пайыз ). Ағымдағы жылдың наурыз айында облыс бойынша аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамту  22461 адамды құрады немесе 100 пайыз.

Халықтың көмекке ерекше мұқтаж бөлігіне көмек көрсету үшін облыстың аудандары мен қалаларында қайырымдылық акциялары өтуде. 2005 жылы 768 акция өтті, онда материалдық және заттай көмек 134301 адамға 188,5 млн. теңгеге  көрсетілген. 2006 жылы 708 акция өткізілді, оның барысында 101411 адамға 142,9 млн. теңге сомасына материалдық және заттай көмек көрсетілді. 207 жылдың 1 тоқсанында 198 акция өтті, оның барысында 18222 адамға 21,1 млн. теңге материалдық және заттай көмек көрсетілген.

2006 жылы мемлекеттік балалар жәрдемақысын  12668 аз қамтылған отбасының 18 жасқа дейінгі 30338  баласына облыс бойынша 212,7 млн. теңге  тағайындалған. Төлем 12643 отбасының 30297 баласына 212,4 млн. теңгеге жүргізілген, оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері есебінен – 190,5 млн. теңге, бұл 2006 жылғы төлем бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарының 55,9 пайызын құраған.

2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында  мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау   8271 аз қамтылған отбасының 18 жасқа дейінгі 20319    баласына жалпы облыс бойынша 62,9  млн. теңгеге  жүргізілген.  7988 отбасының 19663 баласына  51,1 млн. теңге сомасында жүргізілген, оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері есебінен – 14,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 5,7 млн. теңге.

Барлық аудандар мен қалаларда    2006 жылдың тамызынан бастап  18 жасқа дейінгі  балалары бар отбасыларын  балаларына жәрдемақы тағайындауға ықтимал талапкерлерді анықтау мақсатында аралау жұмыстары жүргізілген,  олардың жәрдемақы алуға құқықтарын іске асыру үшін қажетті құжаттарын алуға ықпал етілді.  Облыс бойынша 2006 жылы барлығы 18  жасқа дейінгі 303240 баласы бар 153254 отбасы анықталған. 2006 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айы  бойынша  кәмелетке толмаған балалары бар 100668 отбасы  немесе 65,7  пайызы зерттелген.  Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі  балалары бар ықтимал талапкер  4868  отбасы анықталған (12002 бала). Нақты жәрдемақы тағайындатуға 4061 отбасы өтінген, 3945 отбасына (10089 балаға) жәрдемақы тағайындалған, 112 отбасына (264 балаға) жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған, 317 отбасына (723 бала)  жәрдемақы рәсімдеу үшін қажетті құжаттар алуға ықпал етуде.

1.01.2007 жылдың жағдайы бойынша 11 қала мен ауданда балалары бар отбасыларына зерттеу жүргізіліп, аяқталған.  Жас отбасылармен, жаңа туған балалары бар отбасыларға  балаларына жәрдемақы тағайындау құқықтарын анықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі.  7 қала мен ауданда зерттеу жөнінде жұмыстар жалғасуда және бақылауда жатыр.

01.04. 2007 жылғы жағдай бойынша  «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік  жәрдемақы» 016 бағдарлама бойынша  түзетілген жоспар 280,6 млн. теңгені құрайды.  2007 жылы  бюджетті орындау барысында «Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен бағдарламаны іске асыру» 015 кіші бағдарлама бойынша Жезқазған, Приозерск, Шахтинск қалаларына, Абай ауданына  жоспарлық ақша бөлу азайған.

18 жасқа дейін балаға жәрдемақы алатындардың ішінде 73,7 % ауылда тұрады, ал қалған 26,3 % — қала тұрғындары. Жәрдемақы белгіленген отбасылардың жалпы санының 80,4% — толық отбасылар, ал сәйкесінше 19,6 % — толық емес отбасылар құрайды. Балалар жәрдемақысын белгілеу үлесінің шекті кіріс деңгейі белгілеленген АӘЖқарағанда артық бола тұра, 2006 жылы облыстың 3 қаласында АӘЖ алатын балалар саны  – балалар жәрдемақысын алатындардан артық.

АӘЖ алатын аз қамтылған отбасылар балалар жәрдемақысын мына негізгі себептерге байланысты алмайды:

— Балалардың ата – аналары жұмыс істемейді және де ұсынылған жұмыстан және одан кейінгі орналастыру мақсатында жұмыссыздар санатында есепке тұрудан бас тартады.  3 жастан 7 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер баланы мектепке дейінгі (ондай мекеменің жоқтығынан немесе ақасының жоғары болуынан)  мекемеге орналастырудан және балаға қарайтын қызметшінің ақысын төлейтін қаражатының болмауынан  көп жағдайда жұмысқа орналасудан бас тартады. Жұмыс істемейтін ата – аналардың біреуі еңбекпен қамту орталығында тіркелмесе, жәрдемақы төленбейді. Ал  АӘЖ жәрдемақыға құқығы бар отбасының  басқа мүшелеріне (балаларға, 7 жасқа дейінгі балаларға қарайтын адамдарға және т.б.) белгіленеді.

— Толық емес отбасыларда кәмелетке толмаған  балаларды ұстауға белгілі себепсіз алимент төйленбейді, бұл да балаларға жәрдемақы белгілеуге кедергі келтіреді.   АӘЖ белгілеу кезінде тек қана нақты алынған  алименттер ғана ескеріледі.

— Балалардың  жәрдемақы мөлшері онша жоғары емес, 1 айлық көрсеткіші 1092 теңгені құрайды, сондықтан 2 пакет құжат жинамас үшін және АӘЖ белгілеу кезінде балалар жәрдемақысының кірісте есептелінетінін,  кедейшілік шегі мен бір адамға шаққандағы орташа кіріс арасындағы айырмашылық есебіндегі АӘЖ мөлшерінің төмендетілетінін есепке алып, кейбір отбасылары оны алудан бас тартады және тек қана  АӘЖ алады.

— нақты тұрып жатқан жерінде тіркелмеген немесе жәрдемақы белгілеуге құжаттары (жеке куәлік, балалардың туу туралы куәлігі, кіріс туралы анықтама қағаздары) жоқ отбасылар. Ондай отбасыларына жәрдемақы алу құқықтарын іске асыру үшін қажетті құжаттарын алуға, тұрып жатқан жерлерінде тіркелулеріне ықпал етіледі. Бірақ, егер де ата-аналардың еңбек қатынастары рәсімделмесе, жалға (жасырын жұмыс) жұмыс істесе және жұмыс берушілер олардың кірістерін растаудан бас тартса, отбасылар кіріс туралы мәліметтерін көп жағдайда тапсыра алмайды. Ондай отбасылар балаларға арналған жәрдемақы алу құқықтарын іске асыра алмайды.

2007 жылғы есептеуге қарағанда жәрдемақы алатын балалардың нақты саны – 25,4 мың адамды, оларды төлеуге қажетті сома  —  261,4 млн. теңгені құрайды.

2005-2007 ж.ж. мерзімі аралығында тұрғын үй алатындар саны 16178 отбасына төмендейді деп күтілуде (1.01.2005 ж — 14009 отбасынан 1.01.2007 ж. –  7683 дейін). 1.01.2005 ж. бастап  1.01.2007 ж. аралығында белгіленген тұрғын үй жәрдемақысы 101,2 млн. теңге сомасын құрады.

Осы көмек түрін алуға үміткерлер санын арттыру мақсатында аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру жөніндегі Қарағанды облысы Мәслихатының 11.12.2004 жылғы X сессиясында бекітілген  № 157 ережесіне қатты отын нормативін арттыру және шығындардың шекті үлесін 20 % дейін төмендету жөнінде 2005 жылы  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2006 жылдың шілдесінен бастап тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін қалалар мен аудандардың жергілікті өкілетті органдары анықтайды. Бүкіл облыс бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсетудің тәртібі аудан, қала мәслихаттарының деңгейінде қабылданды.

2006 жылы тұрғын үй жәрдемақысын белгілеуді 7815 отбасы сұрады (2005 жылы – 9145 отбасы), оның ішінде тұрғын үй жәрдемақысы 7683 отбасына белгіленді (2005 жылы – 8893 отбасына). Белгіленген тұрғын үй жәрдемақысы  57,7 млн. теңге сомасын құрады (2005 жылы – 43,5 млн. теңге), төленген тұрғын үй жәрдемақы сомасы – 55,0 млн. теңге (2005 жылы – 43,6 млн. теңге). Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу бойынша қарыз 1.01.2007 жылы 1,6 мың теңгені құрады.  2870,8 мың теңге сомасында тұрғын үй жәрдемақысы төленбеген.

2007 жылдың I тоқсанында тұрғын үй жәрдемақысын белгілеуді 5299 отбасы сұрады, олардың ішінде 5144 отбасына тұрғын үй жәрдемақы белгіленген.  2007 жылдың 1 сәуірінде белгіленген тұрғын үй жәрдемақы сомасы 24,2 мың теңгені, төленген тұрғын үй жәрдемақысы – 21,4 мың теңгені құрады. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу бойынша 1.04.2007 жылы 1295,5 мың теңгені құрады. Төленбеген тұрғын үй жәрдемақысы — 4414,3 мың теңге.

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Г.Д. Қарағұсованың  25.01.2007 ж. № 09-02-09/325 хатына сәйкес және ҚР тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008  жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарының 2.1 – тармағын орындау мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында қала және аудан әкімдеріне барлық көп қабатты тұрғын үйлерді түгендеу, жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, кондоминимум обьектілерінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жүргізудің жекелеген түрлерінің шығынын есептеу, кондоминимум обьектілерінің жалпы мүлігін пайдалану жөніндегі тариф механизмін анықтау және күрделі жөндеуден өткізу шығынын есептеу, сонымен қатар, шығындардың шекті үлесін кезеңмен төмендету барысында тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге арналған қаражат сұранысын анықтау және күрделі жөндеу шығынын енгізу туралы хат жолданды.

Қалалар мен аудандарда ТКШ бөлімдері мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен бірлесе отырып қала және аудандардың бюджет мүмкіндіктеріне қарай 2008 – 2010 жылдарға арналған тұрғын үй жәрдемақысының төлем қаражатын болжамдалған сұранысын анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

2007 жылдың II тоқсанынан бастап жалпы мүлікті күрделі жөнідеуден өткізуге және  шектелгенүлесін төмендетудің мөлшері мен тәртібін белгілейтін актісіне толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

2007 жылы 9900 отбасына тұрғын үй жәрдемақысын белгілеу жоспарланған. 1.04.2007 жылғы жағдай бойынша   қала және аудандарда тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге  жалпы сомасы 69,1 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 5,7 млн. теңге — телефонның абоненттік төлем тарифін арттыру өтемақысына арналған республикалық бюджет трансферттері. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз етуге нақты 78,4 млн.теңге қажет.

Облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 27 желтоқсандағы  XVIII сессясының № 267 шешімімен Қарағанды облысы мүгедектерін оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілді.

1.04.2007 жылы барлық санаттың мүгедектері облыс тұрғындарының жалпы санының 47,5  мың. адамды немесе   3,5  %  құрады.

Облыста мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыратын мынадай ұйымдар мен мекемелер торабы жұмыс істейді: білім беруді түзететін 11 арнайы ұйымдары; мүгедек балаларға арналған 2 «Үміт»  оңалту орталығы;  мүгедектерге арналған спорт мектептері; көзі және естуі нашар адамдарға арналған 5 мәдениет үйі; 9 интернат үйі; жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге, мүгедек балалардың әлеуметтік жәрдемақысы үйде берілетін 68 бөлімше.

2006 жылы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдасып тілдесетін мамандардың, жеке көмекшінің қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етуге арналған трансферттерді игеруге бөлінген қаржының (49453,0 тыс. тенге) 46,7 млн. теңгесін немесе 94,5 %  құрайды.

Мүгедектерді оңалтудың аймақтық бағдарламасын іске асыруға 2006 жылы барлығы 473,1 млн. теңге шығындалды (2006 жылға жоспарланған соманың 107,2 %), оның ішінде  105,2 млн. теңге мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге, қызмет көрсетуге, мүгедектерді оңалту үшін техникалық қосалқы құралдар сатып алуға бағытталған.

Жалпы алғанда 2006 жылға арналған Бағдарлама бойынша жоспарланған негізгі іс – шаралардың орындалғанын атап өтуіміз қажет.

.

Тағы рефераттар