Ж о с п а р ы.
1 .Монғолдар шапқыншылығының Қазақсатан экономикасына әсері.
2. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан аумағындағы шаруашылық жағдайлары.
Қысқаша. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан экономикасына Монғолдар шапқыншылығының тигізген зардаптарына тоқталу. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан аумағындағы шаруашылық-экономика жағдайларының салаларын ашып көрсету.
Қазақ елінің өзіндік дамуына монгол шапқыншылығы зардабын тигізді. Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында түрған Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы — Баласагүн, Тараз, Алмалық, Сыганақ, Екіогыз секілді үлкенді-кішілі қалалар мен елді мекендер жер бетінен жогалып кетті. ¥лы империя қүруда Шыңғысхан жаулап алган жерлерін өзінің үлдарына бөліп берді. Қазақстан аумагы үш монгол үлысының қүрамына енді. 1227 жылы Шыңгысханның үлы Жошы өлгеннен кейін оның үлы Батый билік басына келеді. Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монгол мемлекетін қүрды. Алтын Орда көпұлтты мемлекет болды. Оның қүрамына бір-бірінен қогамдық-экономикалық даму деңгейі жагынан айырмашылыгы бар, өзіндік мэдениеті мен салт-дэстүрі сақталган ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары-ең көбі қыпшақтар, қаңлылар, наймандар т.б., ал отырықшылардан-бұлгарлар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер енді. Мұнда монголдар азшылық болды. XIII гасырдың аягы мен ХІҮ ғасырда монголдар толыгымен түркіленіп, Алтын Орда халқы «татар л ар» деген атау алды.
Монголдар шапқыншылыгы жаулап алган елдерінің экономикасын мешеу қалдырды. Марко Полоның айтуынша, монголдар жаулап алган жерлерінде қалалардың әскер енгізуіне бөгет жасайтын қамал-қабыргалары мен қақпаларының болуына рұқсат етпеді. Осылай ауыздықталган халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды.
Монгол феодалдары үстемдік еткен бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мэдениеті гүлденген, отырықшы-егіншілік дамыган, халық тыгыз қоныстанган Қазақстанның осы бөлігі бұрынгы экономикалық саяси және мэдени маңызынан айрылды. Өзінің стратегиялық жагдайына байланысты Оңтүстік-Шығыс қазақстан монгол шапқыншылыгы жоспарында маңызды орын алды. Елді мекендерді қирату, егістік жерді мал түягына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда сауданың тыйылып, олардың көрші қалалармен және егінші аймақтармен қатынасының үзілуі — осының
бәрі Жетісудағы қалалар өміршщ экономикалық және әлеуметтік негізіне зиянын тигізді. Қол астындағы халықты ауыр салықтар мен төлемдер төлеуге мәжмүр етті.
Алтын Орда тарихта Еуразия халықтарына жағымды әсері де болды:
— мемлекеттердің орнауы, соның ішінде Русь мемлекеті;
— монғол-түрік-славян мэдениеттерінің байланыстарының күшеюі;
— Алтын Орда кезеңінің аяқталуы және Еуразия континентінде жаңа тарихтың басталуы;
— Қытайдың бірігуінің аяқталуы;
— Монгол билігінің ынталандыруымен сауданың, халықаралық қатынастың, пошталық қызмет жүйесінің енгізілуі;
— Алыс халықтармен сауда және мэдени байланыс орнатылуы;
— Ұлыс территориялары арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар алыс елдерге, Еуропаға шығып, бұрын белгісіз болып келген Азиялық елдер мен халықтар жайлы мәліметтер таратты;
— Монғолдардың билікті орталықтандыру идеясы барлық үйымдаспаған тайпалардың басын біріктірді;
— Монғол кезеңінен кейінгі Қазақстан территориясында мемлекеттіктің хандық формада және әлеуметтік ұйымдасу нормаларының орындалуы.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылықтарына қоса, орыс княздарымен Ирандағы Қүлағу ханның эулетімен, Ақ Орданың және Хорезмнің билеушілерімен үздіксіз соғыстар жүргізді. Өзбек хан түсында 1312 жылы ислам діні Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жарияланды.
ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. ХҮ ғасырда бірнеше үлыстар өз алдына хан сайлап алып, Алтын Орда біржола қүлады. Бұл үлыстардың ең ірісі ХҮ ғасырдың 30 жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20-60 жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан хандығы, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты. Осы күрделі кезеңнің бастапқы сатысында Қазақстан тарихында Дешті — Қыпшақтағы және Орта Азиядағы Шыңғыс эулетінің иеліктерінде монгол дәуірінің ыдырау процесі жүрді. Соңғы сатысында жергілікті халық мемлекеті — Қазақ хандығы құрылуымен аяқталды. Монгол дэуірінен кейін де бұл аймақ — Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты бірнеше мемлекеттің қүрылуынан қүлауына дейінгі кезеңдерді бастан кешірді.
Енді осы ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан территориясындағы хандықтар мен халықтардың негізгі шаруашылықтары мен экономикалық жағдайына тоқталайып, қорытынды жасайын.
ХІҮ -ХҮ ғасырлардағы Қазақстан халқының негізгі әрекеті, бү_ған дейінгі сияқты, көшпелі мал шаруашылығы болып кала берді. Көшпелілер қой мен жылқы, түйе, өзен жайылымдары мен тау бөктерлерін мекендеген ноғайлар мен қарақалпақтар ірі қара өсірді. Сондай-ақ, суармалы және табиғи егін шаруашылығымен, балық аулаумен және барлық жерде аң аулаумен айналысты. Жылқы көшкенде және соғыс жорықтарына мінетін көліктің негізгі түрі болды. Қой барлық жерде өсірілді. Негізгі тамақ түрі — еттен басқа ол тері, былғары, киім, төсек-орын, кілем, киіз бұйымдарын жасайтын жүнімен жоғары бағаланды.
Мал шикізатын үйде өңдеу арқылы көшпенділер өздерінің киім-кешек және үй түрмысы жабдықтарына қажетін қанағаттандырып отырды. Қолы шебер адамдар ең күрделі бүйымдарды — ат әбзелдерін, қару-жарақ түрлері (қанжар, найза, садақ, жебе), арба, киіз үй сүйектері т.б. жасауға маманданды.
Мал шаруашылығының үш түрі — көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық — әкологиялық, саяси жағдайлар мен халықтардың жаппай қоныс аударуына байланысты кейде орын алмастырып отырды. Табиғи жер жағдайына және тарихи дэстүрлерге байланысты қалыптасқан көші-қон жолдарының бағыты да осындай шарттар мен жағдайларда ғана өзгеріске ұшырады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығының көшпелі тайпалары Шығыс Дешті Қыпшақтың жекелеген аудандарынан Сырдария аңғары мен оның салаларына, Қаратау бөктері мен Арал маңына барып қыстап жүрді. Деректер Іле алқабында ¥лы жұлдыз және Кіші Жүлдыз жайлаулары Шырын мен Шіліктің арасында Абыш жазығы жайылымдары болғандығын атап өтеді.
ХІҮ ғасырда оңтүстік шығыс Қазақстан халқының шаруашылығында түбірлі өзгерістер болды. Монгол хандары мен феодалдардың үстемдігі ХІҮ ғасырдың аяғына қарай Жетісудағы отырықшы — егіншілік пен қалалық мэдениеттің түбіне жетті. Көшпелі мал шаруашылығ жергілікті халыктың басты шаруашылық кәсібіне айналды. Егіншілік іздері тек Жетісудың батысында Шу мен Талас аңғарында, қирап біткен қалалар айналасында ғана сақталды. Жазба деректерге қарағанда, ХІҮ ғасырда жаңадан елді мекендер, керуен сарайлар, бекіністер салына бастаған. Отырықшы егінші аудандар мен қалаларға билік жүргізу үшін қиян -кескі үрыстар толастамады.
Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың далалы аймағын мекендеген малшылар мен оңтүстік Қазақстанның, Орта Азияның егінші және қала халқының арасындағы тауар айырбасы оңтүстікте қалалық және егіншілік шаруашылықтың, қырда мал шаруашылығының өркендеуіне қолайлы жағдай тудырды. Қалалар арқылы дала ақсүйектері арасына мүсылман діні, жазу, кітаптар таралды.
ХІҮ-ХҮ ғасырларда бұрыннан басталған сауат ашу, бірігу, түркі эдеби тілінің үш негізгі диалектілік: қарлүқ-ұйғыр, ұйғыр-оғыз және қыпшақ — оғыз топтарына ұйысуы дами түсті. Монғол жаулаушылығы монгол тілінің таралуына ықпал ете алмады. Түркі ортасы монғол тілінің әлементтерін оп-оңай жұтып қойды.
ХІҮ ғасырда қыпшақ тілінде көптеген эдеби ескерткіштер дүниеге келді, халық ауыз әдебиеті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өз ауыз эдебиеті болды. Қыпшақ тілінің «Кодекс куманикус» атты ескерткішінде фольклор үлгілері (жұмбақтар, қанатты сөздер, жайдақ өлеңдер) сақталған.
Оңтүстік Қазақстанның отырықшы — егінші аймагында ислам діні кеңінен қанат жайды, сопылық үйымдар ықпалын жүргізді, көшпелі халық шаман діні мен ата-бабалар аруагына сыйынуын тоқтатпады.
ХІҮ ғасырларда көптеген түркі тілдес және монгол тілдес этникалық топтар бірлестігінен қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталды. Монгол үлыстарына күшпен бөлінген халықтардың өз бетімен өмір сүру үшін күресі, езілген халықтардың өз ішіндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай эулеті қүрған мемлекеттердің ыдырау процесін тездетті. Монгол шапқыншылығы әкелген ауыр экономикалық зардаптар біртіндеп жолға қойылды: егіншілік, қала түрмысы жаңғырды, қолөнер кәсібі дамыды, мал басы саны өсті, орталық Қазақстан мен Жетісудың далалық аудандарының оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның жазиралы алқаптарымен сауда байланысы қайтадан қолға алынды. Қоғамдық қатынастар өркендеді.
Тағы рефераттар
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес дипломдық жұмыс
- Жыл мезгілдері
- Информация және информатика
- Қазақ ақындарының беташар туралы бірер ойы
- Қапшағай қаласының желі жағдайы