Қазіргі уақытта шет тілін білу сән емес, керісінше қажетті нәрсе.егер бұрын адамдардың мәртебесін тұрмысына, мал санына қарап білсе, қазір адамға қажетті нәрселердің тізімі анықталды: жоғарғы білім, В санатындағы жүргізуші куәлігі және 1-2 тілді иемдену.Айтпақшы, ғалымдардың зерттеуі бойынша, бірнеше тілді білу жүйке жүйесі ауруларын туғызбайды екен.

Осы шет тілдерін оқыту эдістемесінің зерттеулеріне сүйене отырып, өткен ғасырдың соңғы 30 жылында  жеткен жетістіктеріне тоқтала кетейін:

1) Шет тілін оқу процесін сипаттайтын эдістемелік білімнің категориялары анықталып, әдістемелік түсінікердің жүйе құрылымы пайда болуы.

2)Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әр түрлі жас ерекшеліктеріне карай шет тілін үйренуде бір-бірімен тығыз байланысты сөйлеу әрекеттерінің негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдары анықталды.

3) Шет тілін үйренудің қай сатысында болсын, оны меңгеру процесінде ана тілінің «ерекше маңызы» анықталды.

4) Шет тілін үйрену процесіндегі коммуникативті бағытталған негіз ұсынылып, ол дегеніміз шет тілін үйренуші тұлғаның тілге деген құштарлыгы, белсенділік әрекеті, өз бетінше жұмыс істей алу еркі, яғни осы әрекеттердің барлығы шет тілін үйренушінің бойынан табылатыи болса, онда бұл әрекеттер шет тілін үйрену процесін жеңілдеткен болар еді.

5) Шет тілін оқыту процесінде аудио-видео жэне электронды техникалық аппараттарды пайдаланудың тиімді жақтары көрсетілді.

6) Шет тілін оқытуда, оқытылып жатқан шет тілінде сөйлеу проблемалары көтеріліп, сабақ барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммуникативтік жатығулар орындау, коммуникативтік компетенцияларды дамыту енгізіледі.

Дегенмен, жоғарыдағы шешімі табылғандай көрінетін проблемаларға үңіле кетсск олардың әлі де болса зерттеулер мсн толықтыруларды қажет ететінін байқаймыз. Қазіргі жаңа әдістемелік зерттеулерге сүйенсек те, бүрынғыларына қарасақ та, коммуникативті

окыту әдісі проблемасының маңызы зор.

Л.Н Толстой: «Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғызу керек, үйренген сөзін ауызекі сөйлесу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің жеке меншігіне айналады» деп жазған екен.

Сөз жасам, шет тілінде сөйлем құрай білу, ойыңызды жеткізе білу, ол қарым-қатынасқа шығу, ал қарым-қатынас, ол коммуникация, ол шет тілін оқудың ең басты мақсаты. Мұның барлығы- кішкене диалогтар, текстер кұрудан басталады. Сонымен біз шет тілін үйренуге келген студентті бірінші күннен бастан коммуникацияға дағдыландыруымыз қажет.  Грамматика, фонетиканы бастамастан бұрын, кішкене диалогтар құрудан,

«Сіз кайдан келдіңіз?»

«Сіз бүл қалага не үшін келдіціз?»

«Сіз не үшін шет тілін оқуды қаладыңыз?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы диалог өрбіту әдісінен бастасақ, онда біз шет тілін үйрену пәніндегі жасалған жоспарымыздағы әдістемелік мақсаттарға 2-3 есе жылдамырақ жеткен болар едік.

Жоғарыда келтірілген кысқаша сұрақтар, оларға жауап беру, ең алдымен фонетиканы, сөздерді дұрыс айта білуді қамтиды, онан соң студент келген күннен бастап өз сөз корын толтыра бастайды, ал бұл, студенттің шет тілін үйренуге деген ынтасын арттырады. Бұл әдіс грамматиканы да камтыған болар еді.

Сонымен катар студент тек қана белгілі бір шеңбердің ішінде, алдын ала жагган алған создерін айтын қана қоймай, бірінші күннен бастап, жалпылай, танымды, саналы түрде шет тілінде сөйлен біледі. Бұл жерде сонымен катар карым-қатынастыц табиғи түрі дамиды, шет тілін үйренудегі табиғи процестер өздеріңіз білетіндей тілді үйренуді жеделдетеді әрі жеңілдетеді.Сонымен катар студент білмейтін сөздерін сөздіктен іздей

бастайды, ол мұндай кисыл таяң кездегі 2-3 жеке дара сөз студенттің есінен еш уақытта кетпейді.

Шет тілін үйренуде тек коммуникативті әдісті ғана қолдану ал грамматикаға мән бермеу бұл үлкен қате. Жапон тілін оқыта отырып, тек коммуникативті қабілетті дамыту ғана емес, грамматиканы да дұрыс деңгейде оқыту маңызды. Бұл мақсатта грамматика- аударма әдісін қолдану тиімді. Жазбаша аударма мен оқуға бағдарланған ескі болса да, сенімді әдіс. Белгілі бір грамматикалық структурага ережелерге сүйене отырып жасалған қысқаша сөйлем немесе мәтіндерді аудара отырып үйрену.

Аталмыш әдістің тиімді бір тәсілі ретінде, манганы оқып аудару тәсілін айта кетсек болады. Манганы оқып, онын ішінде таныс емес сөздер мен таныс емес иероглифтерді сөздіңктен тікелей қарап, аудара отырып оқу өте тиімді.

Тағы да, жапон тіліндегі ұнаған өлеңді тыңдау арқылы, құлақты үйрете отырып, (аудио-лингвалды әдіс) сонымен қатар, сол өлеңнің сөздерін ғаламтордан таза жапонша түпнұсқасын басып шығарып, уақыттың бос кезінде отырып, аудару ең қызықты әрі, тиімді тәсілдердің бірі.

Сонымен қатар, аудио- лингвалды әдістің де көптеген пайдалы тәсілдері бар. Мәселен, жапон анимесі мен фильмдерін, радио немесе телебағдарламаларын жапон тілінде көре отырып, құлақты үйрете, және сол естіген сөздерді, сөз тіркестерін, қайталау арқасында, оқушының сөйлеу интонациясы да, сөйлеу шапшаңдығы да жақсарады. Сонымен қатар жапон өлеңдерін караокеде айту қазіргі таңда өте тиімді тәсілдің бірі: өлең сөздерін экраннан оқу арқылы, хирагана мен иероглифтерді тез оқуға дағдылануға болады.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жоне қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Өмірдің әр алуан саласына ақпараттык процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларга негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді.

Өзіндік ойлауды, рефлексиялық кабілеттерді (ойлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі багалау) қалыптастыру үшін тек қана окулық не мұғалімнің болуы аздық етеді. Бір мэселеге катысты түрлі козқарастарды кореететін, оқушыларга ойлану үшін, сыни тұрғыданталдау, жинақтау, өзіндік қорытындылау және шешімін шығару үшін ақпараттың мол қоры қажет. АҚТ көмегімен шешуге болатын лингводидактикалык міндеттердің негізгі түрлерін, яғни тіл аспектілерін меңгерудегі оқытудың компьютерлік кұралдарды колдану, тілдік әрекеттің әр алуан түрлерінде дағды мен іскерлікті қалыптастырудыц лингвоәдістемелік мүмкіндіктерін қарастырайық.

Фонетиканы оқыту барысында:

АҚТ көмегімен дұрыс дыбыстау жолдары көрсетіледі. Мультимедиялық мүмкіндіктер үйретіліп отырған тілді озінің қабылдау деңгейіне сай бейімдей отырып тыңдауға колайлы, ал дыбыстау жылдамдығын реттеу сойлемдерді жеке -дара сөздерге бөліп, сөз дыбысталуы мен жазылуын қатар қоя салыстыруға мүмкіндіу береді. Микрофонды қолдану және автоматты түрде дыбыстауды бақылау фонетикалык дағдыны түзеуге мүмкіндік береді. Компьютер аудару үшін жэне фонетикалық түрғыдаи түзету үшін создер тізімін береді. Бақылау, өзін- өзі бақылау және түзету мақсатында оқушының сөзді немесе сойлемді дыбыстауын жазып алуға болады.

Грамматиканы оқыту барысында:

АҚТ-ны грамматика сабағында кез келген тақырыиты откенде колдануға болады. Схемалар мен таблицалар қолданып, дыбыстық сүйемелдеу келтірілсе оқушылар материалды тез және оңай қабылдайды. Уақыт та үнемделеді, материалды тактаға жазу кажет болмайды.АҚТ-ның кәмегімен тестілік бағдармаларға иегізделген, грамматикалық дағдының қалыптасу деңгейін бакылау жұмыстары қызығырақ жүргізіледі жэне акпараттық анықтамалық колдау корсету ге болады. (грамматика бойынша автоматтандырылған сездіктер, морфологиялық жэне синтаксистік деңгейдегі грамматикалык қателерді анықтау жүйесі).

Лексиканы оқыту барысында:

Көрнекіліктер қолданылган тестілік және ойындык компьютерлік бағдарламалар негізінде, оқушылардың пассивті жоне потенциалды сөздіктерінің кеңеюі; анықтамалық —  ақпараттық қолдау сөздіктер, синонимдері мен антонимдерін табатын бағдарламалар).

Лексиканы, грамматика мен синтаксисті меңгеру үшін берілетін жаттығулар. Жүмыстың төмендегідей түрлері жүргізілуі мүмкін:

• меңгерілмей қалған материалды білу үшін берілетін жаттығулар.

Бүрыс жауап кезінде төмендегідей әрекеттер болуы мүмкін:

• оқушының келесі тапсырмаға немесе сөйлемге кошуіне тыйым салу;дұрыс жауапты басқа түспен көрсетіп немесе бұрыс жауапты білдіретін крест белгісін қойып түзеткеннен соң келесі тапсырмаға немесе еөйлемге көшуі;

• сөзжұмбақ түріидегі жаттығулар, мұнда сөзді жазғанда дұрыс қойылмаған әріп қара сұр түске боялады.

• сөйлем құрау түріндегі ойын, мұнда оқушы курсорды қажетті сөзге апарады, ол сөз қүрылып жатқан сөйлемнің қатарына қосылып, соңғы енгізілген сөзден соң тұрады.

• оқушыға жапон тілінде сөздер жазылып, синонимдік жәие антонимдік жұп құру ұсынылады.

• оқушыға шет тілі сөздерінің тізімі және олардың дефинициясы ұсынылады. Оқушы әрбір сөзді өзіне сәйкес түсіндірмесін қосу керек.

Тыңдауға үйрету барысында:

• тыңдаудың фонетикалық дағдыларын калыптастыру;

• тыңдалған мәтінді дұрыс түсінуін бақылау;

Сөйлеуге үйрету барысында:

Сөйлесудің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру, симулятивті өңдеуші бағдарламалар негізінде рөлдік ойындарды қолдану арқылы жүұптық және шағын топтық сөйлесуді ұйымдастыру;

Аударма жасауга үйретуде:

Аударманың лексикалық және грамматикалық дағдыларын калыптастыру; аударманың дұрыс болуын қадағалау; мәтіндік редактор және машиналык аударма жүйесін қолдану аркылы аударма мәтіндерін өңдеуді үйрену; анықтамалық ақпараттық қолдау көрсету автоматтандырылган сөздіктер, глоссарийлер, антонимдер мен синонимдерді табу жүйесін қолдану. Жапон тілі сабағында компьютерлік технологиялардың қолданылуын қарастырайык.

Жоба-сабақ. Дайындық кезеңінде ақпарат жинау үшін интернет қолданылады. Power Point пргораммасында презентация даярлау.

Көрсету: презентацияларды, компьютерлік оқу бағдарламаларын, таблицаларды, диаграммаларды пайдалану. Әрбір бала үшін бүл —  өзін-өзі көрсету, өзінің қызығушылықтары мен қалыптасқан дағдыларын көрсету. Өтілген тақырып бойынша, оқушылар өздері туралы презентациялар дайындайды, слайдтарында өздерінің суреттерін, кілт сөздер, тақырыпты хабарлайтын сөйлемдер орналастырады. Мұның бәрі сыныптастар тарапынан қызығушылық және көптеген сұрақтар тудырып, оқушыны алға жетелейді. Келесі тақырыпта презентациялар көрсетілді: «Менің отбасым», «Менің қызығушылықтарым», «Менің пәтерім», «Менің мектебім», «Менің күнім». Оқушылар презетациясы бүл тек кана өз өмірінің жайтгары мен қоршаған орта туралы әңгімелеу ғана емес, сондай-ақ өз пікірін білдіру және дәйектеу, ал ол болмаса, сыныптастар міндетті түрде сұрайды.

 

 

Ойын түрлері:

«Сиқырлы сандық»

Бір сандықшаның ішіне әр түрлі тақырыпта: алдыңғы өткен тақырып, оқушыларға белгілі тақырыптарда толтыра сұрақтар салынып, әр оқушы кезекпен келіп, сұрақтар алып, жауап беруі тиіс. Жауапқа байланысты оқушы тиісінше 1-5 аралығында балл алады. Ойынның соңында мұғалім оқушылардың әрқайсысының баллдарын есептей отырып, 1,2,3 орынды анықтайды.

Аталмыш ойын оқушылардың тақырып бойынша жекелей отырып білімін анықтауға мүмкіндік береді. Қалған оқушылардың тақтада жауап берген оқушының жауабын есітуге мәжбүр бола отырып, оларыдың естерінде қалу мүмкіндігі жоғары.

«Тауып көр» (Угадай)

Жүргізуші таңдалады. Ол қалған оқушыларға терминнің анықтамасын оқиды. Ал қалғандары ол терминді атауы тиіс. Дұрыс тапқанға, жетон беріледі немесе таза парақта оның баллдары жазылады.

Обучающая игра «Доклад»

Учитель предлагает учащимся прочитать текст, затем передать содержание в виде рисунков, знаков, схем. Эту «шпаргалку» ученик передает соседу справа. Теперь каждый делает «доклад» по данному тексту, используя рисунки или схемы своего соседа. Победитель —  тот.кто составил «доклад» более подробно, защитил его, представил лучшее наглядное пособие.

1.Тест с дополнениями.

В тексте, чертеже, в написании формулы оставляется место, куда вписывается пропущенное слово, знак, обозначение.

2. Тест —  напоминание.

Ответ на вопрос теста —  какой-либо факт, смысл закона, правила, положения. При этом проверяется фактическое знание однозначного ответа на прямой вопрос.

3. Тест с альтернативными ответами.

Дает возможность для решения (правильно ил неправильно) какого- либо утверждения. Ответ заносится в виде знака (+) или (-) либо записывается словом «да», «нет»; «правильно», «неправильно».

4. Выборочный тест

Из нескольких ответов выбирается один верный. Количество ответов должно быть не менее трех.

5. Тест соответствия (сличения)

Задание ориентируется на нахождение связанных между собой фактов, данных, находящихся в двух столбиках, относящихся друг к другу по смыслу, содержанию.

6. Тест единства порядка.

Предложенные данные, характеризующие величины, наименования и др. показатели, должны быть расположены в каком-либо единственно возможном порядке, в последовательности по подчиненности какому-либо закону, правилу, положению, знание которых и проверяется.

7. Комбинированные тесты.

По построению они могут содержать вопросы из разных видов тестов. Задания этого теста могут быть представлены в виде текста или набора таблиц, формул, графиков, чертежей, схем. По уровню этот тест может быть емким и обладать высокой вариативностью.


Тағы рефераттар