Мазмұны
Кіріспе………….3

1.Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы мен маңызы .
1.1 Бухгалтерлік баланстың жалпы сипаты және оның құрылымы, маңызы……….6
1.2 Бухгалтерлік баланстың түрлері …………..10
1.3 Екі жақты жазу қағидалары және шоттар жүйесі…………13

2. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланстың типтік өзгерісі мен қаржылық есеп беруді дайындау
2.1 Бухгалтерлік баланс элементтерін тану
2.2 Шараушылық операцияларына сәйкес баланстың типтік өзгеріске түсуі……..17
2.3 Есептік кезеңмен қаржылық есеп беруді дайындау. ………20

3. Баланс құрылымы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау және ХҚЕС бойынша есеп саясаты мен ерекшеліктері
3.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау……..42
3.2 Баланс пассивінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау……..52
3.3 Баланс өтімділігін талдау және ХҚЕС бойынша есеп саясаты мен ерешеліктері……65

Қорытынды ……..73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…….75

Кіріспе

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айырықша ерекшелгіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік баланс оның мәні, ерекшеліктері қазіргі кезеңде өзекті тақырып болып табылады, себебі кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен жағдайы, сондай-ақ олардың пайда болуы, қалыптасу көздері жайлы барлық мәліметтерді қамтиды.Тақырыптың мақсаты құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу және бухгалтерлік баланс кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капитал және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсету.  Кәсіпорындарда орындалған әрбір шаруашылық операцияларын шотта бейнелеу үшін бухгалтерлік есептің ерекше тәсілі қолданылады. Ол тәсіл екі жақты жазу әдісі (doubіeentry system) деп аталады. Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалыққұжаттарда баланстарда өзара байланыстылығынан туындайды.

Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған, тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау үшін Бас кітап, журнал-ордерлер, сондай-ақ талдау есептерінің регистрлері пайдаланылады.

Баланс 5 бөліктен тұрады:

  1. Ұзақ мерзімді активтер МЕА (НМА), НҚ (ОС) және т.б.
  2. Ағымдағы активтер (1 жылдан кем).
  3. Меншікті капитал.
  4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1 жылдан астам).
  5. Қысқа мерзімді міндеттемелер  (1 жылдан кем).

Салыстыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы көрсеткіштер келтіріледі. Балансты механикалық өңдеу үшін кестенің әрбір баптары кодталады. МКМ мен активтің әрбір бөлігі бойынша жиыны есептеледі. Активтер МКМ (пассивтеріне) тең болуы тиіс.

Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиесілі экономикалық ресурстардың бар жоқтығы жайлы пікір айтылып талқыланады.

Осы бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақытылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс болып табылады.

Тек қана бухгалтерлік баланс арқылы кәсіпорынның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу объектісі болып ЖШС “Болашақ” болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік және ХҚЕС бойынша оның құрылымының өзгерісі және бап атауларының өзгергені жайлы айтылады.

Екінші бөлімінде шаруашылық операцияларының қалыптасуына байланысты баланс баптарының өзгерісі мен қаржылық есеп беруді дайындауда есептік кезеңмен салыстыра отырып, № 30 бухгалтерлік есеп стандарты жайлы толық мағлұмат берілген.

Үшінші бөлімінде баланс құрылымы мен құрастырылу көздерінің динамикасын ЖШС “Болашақ” мысалында талдаулар жасалып және халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) бойынша есеп саясатындағы проблемалары мен ерекшеліктері және қаржылық есептілігіне түсіндірмелер толық қамтылып жазылған.

 Дипломдық жұмыс / 75 бет
Тағы рефераттар