XVIII ғасырдағы Қазақ-орыс қатынастары туралы қазақша реферат
Қазақ-орыс қатынастарының ертеден келе жатқан тарихы бар. Ресей, Қазан (1552 ж.), Астрахан (1556 ж.) хандықтары және Еділ бойы халықтардың қосылуымен орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы қатынастар күшейе түсті. Ресейдің басты мақсаттарының бірі Орта Азия және Үндістанмен сауда қатынасы жолдарының қауіпсіздігін күшейту, Шығыс елдерімен байланысын бекіту болды. Қазақ даласы толық азиялық елдерге апаратын жол саналды.
Қазақ хандығы Ресеймен байланыс жасап, жоңғрарлармен және азиялық хандықтарымен күресте одақтас болуға тырысты.
XVIII ғасырдың басында Ресей империясы оңтүстіккешығатын жерлерді іздеуге арнайы әскери экспедициялар жасады. Бірақ бұл экспедициялар сәтсіз аяқталып Ресей үкіметі бейбіт дипломатиялық жолмен байланыс жасауға көшеді.
Ресей дипломатиясы қазақ-орыс қатынастарының жандануына жағдай жасады. Ресей тарапынан Тәуке ханның атына хат жіберді онда негізінен даулы мәселелерді келісім арқылы шешу жолдары қарастырылды. XVIII ғасырдың басындағы Бекболат Өкешев және лентинент Буриевтің басшылығымен Ресейге барған Қайып ханның 1716 жылдың казанындағы Никита Белоусовтың елшілігі, 1717 жылдың аяғындағы Б. Брянцевтің елшілігі, 1718 жылдың қазанындағы Шабу және Бағадур елшіліктері қазақ-орыс қатынастарын жақсартты.
XVIII ғасырдың 20-жылдарында казақ-орыс қатынастары белсенді түрде жүре бастады. Әбілқайыр ханның бастауымен Кіші жүздің көптеген тайпалары Жайыққа жақындап, одан әрі оң жақ жағаға шығуға тырысты. Бұл жағдай орыс бодандығындағы башқұрттар және қалмақтармен жаугершілікке әкеп соқты. Шекаралық келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Кіші жүз басшылары 1726 жылы Ресейге елшілік жібереді.
Әбілқайыр ханның бірінші жіберген елшілігі нәтижесіз аяқталып, екінші рет (1730 ж.) елшілік жібереді. Ондағы мақсаты — Орта Азияда, қазақ халқы арасында өзінің ықпалын нығайтуды ойлады. Кіші жүздің Ресейге қосылуынан (1731-1732) кейін «қазақтарды орыс бодандығында ұстау және оларды басқару» жөніндегі жоспар жасалынды, сонымен қатар башқұрт жерлерін қорғау, сауда қатынастарын жүргізу үшін Орынбор қаласын салу жоспарланды. Ресей мен Қазақстанның арасында сауда байланыстарын орнатуға қолайлы жағдайлар орныға бастады. Қазақ ұлыстарына Ресей саудасы үлкен қажеттілік еді. Түркістан, Ташкент өңірінен айрылған қазақтың көпшелі ұлыстары үшін рынок аса қажет болды. [7;515]
XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғында Орынборда 150 сауда дүңгіршектері және қоймалары салынды, ал 1754 жылы қазақтарға және азиялық көпестерге арналған күзде, қыста және жазда сауда жасайтын арнайы орындар ашылды. Сонымен қатар бұған ұқсас сауда орындары Семей, Жөміш, Троицк жерлерінде де салынды. Бұл тұрақтар алғашқыда бекініс ретінде тұрғызылып, кейіннен Ресей мен Қазақстанның арасында сауда орталықтарына айналды. 1750 жылдары Ресей империясы мен қазақ елі арасындағы сауданың өсу қарқыны байқалды.
Қазақстанның экономикасында Семей, Орск (Жаманқала), Гурьев, Орал (Теке), т.б. бекіністер маңызды рөл атқарды. Ортаазиялық және Шығыс Түркістанның көпестері көп мөлшерде мақта-маталар, ыдыстар, көкөністер, кілемдер, қару-жарақ, нан және күріш әкеліп отырды. Көшпелілердің отырықшылыққа көше бастауына сауданың дамуы себеп болды. Енді көшпелілер қалалардағы және елді мекендердегі сауда орталықтарына, жәрмеңкелерге бара бастады. Жердің тарылуы, бекініс шептерінің көптеп салынуынан, соғыс ауыртпалығынан қазақтардың шаруашылығында мал саны күрт азайып кетті, ол көшпелілікті құлдырауына әкеп соқтырды.
XVIII ғасырдың бас кезі орыс мемлекеті нышюының және империялық кезеңге өтудің басы болып саналды. Ол XVIII ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған Қазақ хандығы мен Ресейдің белсенді саяси байланыстарының дамуымен сипатталды. Жоңғарлардың шабуылынан кейін (1717-171 және 1723-1727 жылдар) қазақтың көптеген тайпалары ғасырлар мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды. Бірқатар тайпалар Әбілқайыр ханмен бірге Жайық өзенінің оң жақ жағалауына көшуге әрекет жасады. Осы жерде олар Ресей бодандығындағы қалмақ, башқұрт елдерімен қатар қоныстанды. 1726 жылы Кіші жүз өзінің шекара келіспеушіліктерін реттеу үшін Ресейге елшілік жібергенін айттық. Ел арасындағы сауда-дипломатиялық қатынастардың дамуы Ресейге де пайдалы екендігі I Петр заманында-ақ белгілі болды.
Билер мен сұлтандардың көпшілігі «орыс бодандығы» туралы естігілері де келмеді. Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды.
Тағы рефераттар
- Қоғамның құқықтық жағдайы курстық жұмыс
- Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы фашистік режим
- VII-III ғ.ғ өмір сүрген көшпенділер тарихы
- Өндіріске қалдықтарының есебі және өндіріс жұмысшыларының еңбекақысының есебі
- Көркем диалог қызметі мен типологиясы: әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанында