Зерде элементі триггер. RS-триггер туралы қазақша реферат

ЭЕМ зердесіндегі есте сақтайтын элементтерді әдетте (8,  16, 32, 64) биттен тұратын топтарға біріктіреді. ЭЕМ УКНЦ-де мысалы, әрқайсысы 0-ден 65535-ке дейінгі сандармен нөмірленген 8 биттік топтар пайдаланылады, ондай сандар байттар адрестері деп аталады. УКНЦ-де адресті  кодтау  үшін   16  биттік  тізбектер пайдаланылады. Адрес кодын анықтайтын биттер санын ЭЕМ адресінің разрядтылығы деп атайды. Ол сан зерденің процессор алатын ең үлкен көлемін (информацияны) сипаттайды.

Жоғарыда келтірілген мысалдар ЭЕМ-де информацияны өңдеудің мүмкіндігін көрсеткен болатын. Енді информацияны калайша еске сақтауға болатындығын көрсетейік. ЭЕМ-де кез келген информация екілік түрде кескінделетіндіктен, информацияның элементар үлесінің, яғни бір биттің, зердеде ұсталуы мен есте сақталуын қарастырамыз.

Бір бит информацияны зердеде сақтайтын электрондық схема триггер деп аталады.

Оның RS-триггер деп аталатын қарапайым түрін қарастырамыз (79-сурет).

6

 

Егер осы триггердің кірістеріне S=1, R = 0 беретія болсақ, онда (Q-дің күйіне тәуелсіз) жоғарғы вентильдің шығысында 0 шығады. Осыдан кейін төменгі вентильдің кірісінде R = 0, Р = 0 болып шығады да, Q шығысы 1-ге тең болады.

Егер енді триггерге сигнал беруді тоқтататын болсақ (S = 0, R = 0), онда жогарғы вентильдің кірістерінің мәндері S=0 және Q=1 болатындықтан, оның Р шығысы 0 болып қалады. Осы сияқты, төменгі вентильдің кірістері R= 0 және Р=0 болғандықтан, Q шығысы бұрынғысынша 1 болады. Сонымен, S = 0, R=0 мәндері ауысу кезінде Р және Q шығыстарының тағайындалған мәндері өзгермейді.

Дәл осылайша, кірістерге S=0, R=1 мәндерін берген кезде де шығыстарда Q = 0, Р = 1 мәндері пайда болады және R (R = 0, S = 0) кірісінен «1»-ді алып тастаған кезде де шығыстардың осы мәндері өзгермейді.

Сонымен, S = 0, R = 0 мәндеріңде триггер: Q = 1 және Q = 0 екі күйде бола алады. Олай болса, Q шығысы биттін есте сақталған мәні болып табылады.

Кіріс S Кіріс R Триггердің әрекеті Шығыс Q

1

0

0

0

1

0

есте сақтау 1

есте сақтау 0

битгі сақтау

1

0

есте сақталған бит

Бір триггер бір-ақ битті есте сақтай алатындықтан, байтты (8 бит) есте сақтау үшін 8 триггер, килобайтты есте сақтау үшін 1024*8 = 8192 триггер және т. с. с. керек. Зерденің көлемі 1 см3-ден кем қазіргі микросхемалар миллион бит информацияны есте сақтайтьш қабілеті бар.
Тағы рефераттар