Зерттеу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыруда барынша тәуелсіз, сонымен қатар өзара қисынды түрде байланыстан танымдың әрекетердің бірнеше түрлерін айырып алу маңызды;

зерттеу тақырыбын таңдау себептері;

— тақырыптың мәселелік көзқарастарын қалыптастыру;

— ғылыми таным нысындағы, зерттеу пәнін құрайтын құбылыстардың анық шеңберін даралап алу;

— құбылыс қызметінің механизмін ашатын бір немесе бірнеше жұмыс болжамдарын құрастыру;

белсенді зерттеу кезеңдерін ұйымдастыруға бағытталған зерттеу міндеттерін құрастыру;

зерттеу әдісін таңдау және оны нақты зерттеу әдістемесіне айналдыру.

Зерттеу үрдісі ғылыми ойды жүзеге асыруға бағытталған және де соңғы кезеңі мүмкін болатын төрт мақсаттың біреуіне жетуге бағытталған;

1.Ғылыми нәтижені мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізу.

2.Жеке зерттеу таңдамасы ретінде құрастырылатын, теорияға иерархияның қатынастығы кей ғылыми теорияны жетілдіру.

3.Зерттелетін нысанның қосымша ерекшеліктерін енгізуді қарастыратын күрделі мәселелерді алға қою.

4.Теріс нәтижелер алынған жағдайда, бұрын ғылымда қарастырылмаған заңдылықтар барлығын алға ұсыну.

Педагогикадағы кез келген зерттеулер жоғарыда берілген нәтижелердің біреуімен аяқталуы тиіс. Зерттеу үрдісінің «таза» жағдайда қажеттісі ғылыми ізденіс кезеңдерін құрайтын барлық танымдық әрекеттерді міндетті түрде сақтауда. Кезеңдердің әрқайсысында баламалы шешімдер, уақыт қорын, т.б. қарастыру қажет. Зерттеу құжаттары, оны құрастыру барысында бірнеше рет білікті ұжымдарда талқылау арқылы тексерістен өтуі қажет.

Сонымен, зерттеу әдістемесі құрастыру кезеңінде көзделген зерттеу құралының тұтас жиынтығын болжап білу және пән бойынша жаңа ғылыми қызметкердің міндеті болып табылады.


Тағы рефераттар