12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:
1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;
2) Білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
4) Күтілетін нәтижелерге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
5) Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
6) Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын құру;
7) Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;
8) 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандартының ұлттық орталығы, «Оқулық» республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар болып анықталды.
Тағы рефераттар
- Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізу ерекшеліктері курстық жұмыс
- Жер, су туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері
- Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
- Ақша-несие саясатының теориялық негіздері