12       жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:

1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;

2) Білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;

3)  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;

4)         Күтілетін нәтижелерге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;

5)         Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

6)         Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын құру;

7)         Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;

8)         12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандартының ұлттық орталығы, «Оқулық» республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар болып анықталды.
Тағы рефераттар