Жануарлар  психикасының түрлері туралы қазақша реферат

Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді.

Неғұрлым қарапайым омыртқасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жана принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. Бастың алдыңғы шетінде химиялық және тактильді рецепторлар мен барлық талшыктар жинақталған жүйке орталығы болады. Бұл аппараттар химиялық, термикалық, жарық өзгерістерін, сондай-ақ сыртқы ортадағы ылғалдылық өзгерістерін қабылдайды. Бұл сигналдар бас ганглиесында өңделеді және қозғаушы серпілістер түрінде пайда болатын мінез-құлық «бағдарламалары», әрбіреуі дененің жеке бір сегментіне сай келетін, жүйке ганглиеларының тізбегі бойымен таралады. Диффузиялы жүйке жүйесінің құрылысының принципінен өзгеше, жаңа принцип — жүйке жүйесінің орталықтануы пайда болады. Құрттың бас жағы жетекші рөлге ие болады, ал сегментарлық ганглиелар автономдығын сақтайды. Құртты екіге бөлген кезде мұны оңай байқауға болады: алдыңғы жартысы қалыптасқан қозғалысын сақтай отырып, топыраққа көміле бастайды, ал артқы жағы кескінсіз ирелендей бастайды.

Құрттардың жағдайындағы жүйке жүйесінің күрделенуі олардағы неғұрлым жетілген қалыптасудың түрлерін, жаңа өздері игерген мінез-құлық түрлерін байқауға мүмкіндік береді. Мұны белгілі американдык психолог Иеркс көрсетті. Ол құрттарды сол жақ ұшына электр тоғы берілген Тәріздес түтікшеге (қарапайым лабиринт) салады. Экспериментті бірнеше рет қайталаған соң жауын құрты электр соққысынан қашуға және оңға қозғалуға «бейім» болады (150 сынақ). Егер осы төжірибені ұзақ үзілістен кейін қайталаса, «үйрену» екі есе жылдам болады (80 сынақ). Осыдан ганглиозды жүйке жүйесіндегі мінез-құлықтың жаңа түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік беріп қана қоймай, қалыптасқан бейімділіктерді сақтайды, басқаша айтқанда, жауын құртында естің белгілі бір түрі болады.

Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетін күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. Бұл әсіресе, жәндіктерден көрінеді. Яғни, жәндіктердің күрделі фоторецепторы, кейде мыңдаған жеке ұяшықтардан тұратын, фасетті көз сипатында болады. Ал омыртқалылардың фоторецепторы заттың бейнесін қабылдауға және бейнелегіш аппараттың — хрусталиктің көмегімен бейненің тұнықтығын өзгертуге мүмкіндік беретін, бізге белгілі, біртұтас көз пішінінде болады.

Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді химиялық рецепторлар, дәм сезгіш рецепторлар, вибравдялық рецепторлар  болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жйке талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиега келеді. Жәндіктердің мінез-құлық бағдарламаларының қызықтылығы соншалықты, тіпті арнайы қарастыруды талап етеді.

Күрделі бағдарламалардың туа бітуі мен тұқым қуалауы және инстинктивтік мінез-құлық түрінде таралуы, олардын ерекшелігі болып саналады. Бұл бағдарламаларды миллиондаған ұрпақтар қалыптастырады және дене құрылысының ерекшеліктері сияқты олар да тұқым қуалайды. Жәндіктердің туа біткен бағдарламаларының мысалдары өте көп. Олардың кейде күрделі болуы соншалықты, тіпті кейбір зерттеушілер оларды саналы мінез-құлық мысалы ретінде қарастырады. Мәселен, маса жұмыртқаларын су бетіне салады және де оларды тез кеуіп кететін кұрғақ жерге ешқашан салмайды. Офекс арасы личинкалары қорексіз қалмас үшін жұмыртқаларын жұлдыз құрт денесіне салады. Сондай-ақ тор тоқушы өрмекші жайлы, араның ұяшық жасап, оларды балмен толтырып, бетін торлап тастауы жайлы айтуға болады. Мұның бәрі көптеген авторларға инстинктерді саналы мінез-құлыққа жақындатып айтуға негіз берді.

Бұл мінез-құлықтың жұмбақ түрін этологтардың кейінгі зерттеулері ғана ашты. Олар күрделі іс-әрекеттің артында қарапайым механизмдер тұрғанын, ал инстинктивтік мінез-құлықтың бағдарламалары — бейімделгіш актілердің туа біткен циклдерін іске қосатын қарапайым талаптанулар арқылы пайда болатынын көрсетті. Осылайша, масаның жұмыртқаларын су бетіне салуы судың жылтырауына байланысты, сондықтан суды жылтыраган айнамен алмастырсақ, маса жұмыртқаларын айнаның бетіне сала бастайды. Ал өрмекшінің торға түскен шыбынға ұмтылуы шыбынның қозғалуына байланысты, егер торға камертонды тастасақ, өрмекші оған да ұмтылады.

Сипатталған механизмдер туа біткен мінез-құлық үрдістерін түсінуде айтарлықтай қадам жасауға және мінез-құлықты карапайым сипаттаудан, оныц инстинктивтік түрінің саналы түрінен қаншалықты айырмашылықта болатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық айтылған бақылаулар омыртқасыздарда болатын, туа біткен мінез-құлықтың күрделі бағдарламалары, жануардың тіршілік жағдайын білдіретін қарапайым сигналдар арқылы жүзеге асатынын анық көрсетеді. Мәселен, бал арасының балы бар гүлдерді талғауы кезінде гүлдің түсі сияқты сипат түрлеріне жауап қайтарады. Ара әр түрлі геометриялық пішіндегі суретгері бар қант ерітіндісі құйылған ыдысқа түскенде, үшбұрыш, төртбұрыш сияқты қарапайым пішіндерді әрең ажыратады, ал бес, алтыбұрышты жұлдызша тәріздес пішіндерді тез тауып алады. Бұл зерттеулер араның қажетті пішінді таңдап алуына себепші факторы болып — пішіндердің геометриялық қарапайымдылығы емес, олардың табиғи тітіркендіргіштерге — гүл пішіндеріне ұқсауы болатынын көрсетті.

Осы сияқты нәтижелерді араның түсті ажыратуына жасалған эксперименттер де көрсетті. Олар таза түстерден гөрі, гүл түсіне жақын аралас түстерді тез ажырататыны көрінді. Мұның бәрі мінез-құлықтың туа біткен бағдарламаларын іске қосатын сипаттарды бөліп алудың шешуші факторы болып тіршілік етудің табиги шарттары саналатынын білдірді.

Зоолоттар мен психологтар жасаған зерттеулер туа біткен инстинктивтік мінез-кұлықтын тағы бір маңызды ерекшелігі болатынын көруге мүмкіндік берді. Инстинктивтік мінез-құлықтың туа біткен бағдарламасы тек белгілі бір, тұрақты жағдайларда ғана мақсатты болады. Бұл жағдайларды шамалы «зерттсек, туа біткен бағдарламалар «саналы» мінезі мен мақсаттылығын жоғалтады. Мұны төмендегі мысалдардан көруге болады. Араның бір тұқымында мақсатты мінез-құлықтың қалыптасқаны байқалды. Ол өз олжасын салатын інге кірмес бұрын оны сыртқа қоя тұрып, ін ішінің бос екеніне көз жеткізген соң ғана олжасын енгізіп, ұшып кетеді.

Ара інге кіріп кеткен кезде сырттағы олжаны бірнеше сантиметрге жылжытьш қойса, іс айтарлықтай өзгереді. Бұл жағдайда ара олжаның орнында емес екенің көріп, оны қайта орнына әкеледі де, өзі жаңа ғана қарап шыққан інге кайта кіріп кетеді. Араның бұл мінез-құлқы бірнеше рет қайталана беруі мүмкін. Мұндай бақылаулар бал арасына да жасалады (ұяшықтардың түбін кесіп тастау). Мұның бәрі туа біткен мінез-құлықтың «инстинктивтік» бағдарламаларының механикалық, жанама екенін және өзінің «саналылығын» белгілі бір тұрақты жағдайларда ғана сақтайтынын керсетті.

Жануарлар тұрақты өзгеріп отыратын орта жағдайларына қалай бейімделеді? Олар салатын жұмыртқалар саны өте көп. Дүниеге келген дернәсілдердің шамасы ғана тірі қалады және де тұқым түрін сақтау үшін осы шаманың өзі жеткілікті.

Сонымен инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің   көпшілігін   қарастыра   алмайды,   осылайша жануарлардың  қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н. Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратьш қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.

Жануарлардың жер бетіндегі тіршілікке өтуімен тіршілік түрлері де үлкен өзгеріске ұшырайды: қоректенуі қиындайды, орта құбылмалы болады, ал тұрақты түрде өзгеріп тұратын ортаға бейімделу қиындай түседі. Осымен бірге көбею түрі де өзгереді. Әрбір дернәсіл өзіне ұқсайтын 2-3, кейде 5-6 ғана еңдіреді, және жекелеген дернәсілдердің тірі қалуы тұқым түрін сактаудьщ шарты болады. Мұның бәрі жаңа, өзгергіш дара мінез-кұлықтың қалыптасуына биологиялық қажеттілік тудырады. Мінез-құлықтың бұл түрі төменгі омыртқалылардың бастапқы жаратылысында болып, эволюцияның кейінгі сатыларында үлкен орынға ие бола бастайды.

Қоршаған ортаға беймделудің қиындауы, ортаның құбылмалылығына жеке бейімделу мүмкіншіліктерінің, бейімделудің жеке құбылмалы түрлерінің пайда болуы эволюция үрдісі барысында жаңа жүйке аппараттарының қалыптасуына әкеледі. Олар сырттан сигналдарды қабылдап және туа біткен мінез-құлықтың жобаланған бағдарламаларын іске қосып қана қоймай, сонымен қатар алынған ақпараттарды талдап, мінез-құлықтың жаңа құбылмалы дара түрлерін тудыратын жаңа байланыстарды жасайды. Мұндай аппарат ретінде, құрылысы өткен эволюцияның ұзақ жолын білдіретін, бас миын айтады. Жануардың бас миы бір-бірінің үстінде тұратын деңгейлер немесе қабаттар қатарының түрінде кұрылған. Ми өзегінде орналасқан төменгі деңгейлер ағзанын ішкі күйін реттейді және олар жүйке түйіндері (ганглиелар) түрінде құрылған. Төменгі омыртқалыларда көбірек болатын бейімделудің ең қарапайым туа біткен бағдарламаларып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұл деңгейлер инстинктивтік әрекегген аз ғана өзгеше болады. Мұндай ми құрылысының мысалы ретінде, инстинктивтік және аз құбылатын мінез-құлық түрлерінің орындалуын қамтамасыз ететін. бақа миын айтуға болады.

Неғұрлым жоғары денгейде ұйымдасқан жануарларда өзек аппаратының үстіне, қабықасты түйіндері мен көне қабыршықтан тұратын, күрделі құрылымдар, ал жоғары омыртқалыларда — көбірек дамитын және төменірек денгейдегі құрылымдарды толығымен қалыпты басқара бастайтын, үлкен жарты шарлардың жаңа қабық құрылымы орналасқан. Қабықасты құрылымдарының аппараттары құстар мен жорғалаушыларда басым бола бастап, кейінірек мінез-құлықтың туа біткен қарапайым түрлерімен байланыстағы дара құбылмалықтың сипатына ие болатын жеке мінез-кұлықтың жұмсақ түрлерін қамтамасыз ететін көне қабыршықтың аппараттары қалыптасады. Олар, әзірше, жануарға туа біткен және оның экологиясынын ерекшеліктерін білдіретін бейімділік әрекеттер түрлерінде болады.

Кейде жануарлар өмірінің қалпын кескіндейтін, өте күрделі туа біткен мінез-құлық бағдарламалары қарапайым ынталандырулар салдарынан болу мүмкіндігін талдау көрсетеді. Мысалы, жаңа туылған жануардың күрделі ему икемділігі, оның биологиялық тіршілік етуін білдіретін әр түрлі сигналдардың салдарынан болады: күшіктің ему икемділігі жұмсақ жүннің ықпалынан, қозыда -шүйдесінің қараюынан және т.б. Бұл мысалдар, бас мидың жоғары бөлігінің аппараттары жүзеге асыратын табиғи мінез-құлықтың негізгі түрлері, жануарлардың тіршілік ету жағдайларының әсерінен эволюция барысында қалыптасқан, туа біткен мінез-құлық бағдарламаларымен тығыз байланысын сақтайды.

Жоғарыда сипатталған аппараттарына, жоғары жарты шарлардың жүйке жүйесінің жоғарырақ деңгейі, дене салмагына байланысты салмағы көбірек орьш ала бастайтын, бас миының жаңа қабығының келесі аппараты бейімделеді:

Кит арыстан

ит

маймыл адам
1/10,000 1/540

1/250

1/100 1/40

Жануарлардың жоғары жарты шарларының эволюциялық даму өлшемі жануарлардың негізгі мінез-құлықтарының қалпын реттеуде шешуші рөл атқара бастайды. Бас миы қабығының негізгі қызметі, тек қана сигналдарды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар мінез-құлықтың қалыптасқан көрнекті бағдарламаларын да іске қосуға, сыртқы ортадан түскен ақпараттарды талдауға мүмкіндік береді және де оның өзгерісіне бейімдейді, осы өзгерістерге сәйкес жаңа байланыстарды қамтып, жаңа құбылмалы-дара мінез-құлықты қалыптастырады.

Жоғары омыртқалылар эволюциясының соңғы кезеңдерінде қуатты дамитын бас мидың үлкен жарты шарларының қабығы экологиялық жағдайлардың тікелей эсер етуінен қалыптасады. Сонымен бұл — ақпаратты талдау мен жинақтаудың құрделі түрін қамтамасыз ететін аппарат және дара-құбылмалы мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі мүше. Бас миынын қабығы арқылы іске асырылатын дара — құбылмалы мінез-құлықтың механизмі инстинктивтік мінез-құлық механизмінен айтарлықтай күрделі. Нәтижесінде жануарлардың орта жағдайларына белсенді бейімделуіне ынталануларының бірі қоршаған ортадан бөлініп, жануардың қажетті мақсатқа жетуіне және төніп тұрған қауіптен сақтануына себепші болатын — мінез-құлықтың жаңа бағдарламалары мен жаңа байланыстарының пайда болуына әкеледі.

Жануардың құбылмалы-дара мінез-құлық түрлерін жағдайлар және олардың қалыптасу кезеңдерін сипаттау қызықтырады. Осындай мінез-құлық түрлерінің пайда болуыныц шарпары мен кезеңдерін кептеген зерттеушілер тиянақты зерттеген, бірақ олар жануар қажетті мақсатына қалай жетіп және мінез-құлықтың қандай жолдармен пайда болатынына ғана ерекше көңіл аударған.

Осы мәселелерді шешу үшін зерттеушілер «бейімділікті жасау» деп аталатын әдістемесін қолданды. Жануар темір торға салынып, тамағы одан қоршауланып (мәселен, ілгекпен жабылған есік арқылы) қойылады. Есікті ашу үшін жануар басқышты басуы немесе аяғьшен ілгекті қозғауы керек. Ал басқа бір әдістің мәні мынада: жануар ұшына жем (мақсат) қойылған күрделі лабиринтке жіберіледі. Зертгеуші жануардың жалған жолдардан етіп, максатка жеткізетін кажетті жолды тапқанын байқаған.

И.П.Павлов қолданған «классикалық шартты рефлекстер» әдісінен күрделі бейімделулерді қалыптастырушылар немесе «аспапты шартты рефлекстер» эксперименттерінің айырмашылығы мынада: жануардың олжалы немесе олжасыз болуы оның белсенді әрекеттеріне, басқаша айтқанда, жасаған ұмтылыстарының сипатына байланысты болады. Бір жағынан, жануардың мінез-құлқының жаңа құбылмалы — дара түрінін болуын зерттеу әдісі, жануардың мінез-құлқының белгілі бір түрлерің зерттеу кезіндегі И.П.Павловтың әдісінен тиімді болды. Екінші жағынан, бұл әдіс өзінін физиологиялық айғағы бойынша тиімсіз еді.

Осыған байланысты жануар алдындағы міндеттердін шешілуіне әкелетін мінез-құлықтың құбылмалы — дара түрлерін тудыратын механизмді әр түрлі зерттеушілер әр түрлі түсіндіреді. Кейбіреулері (Э.Торндайк, Д.Уотсон), жануарды мақсатқа жеткізетін мінез-құлықтың жаңа түрлерін, жануарға есікті ашып тамақты алуға мүмкіндік беретін кездейсоқ қозғалыстан, ретсіз сынақтар мен қателіктер салдарынан пайда болады деп санады. Мұндай кездейсоқ қозғалыстарды қолдау және бірнеше рет қайталау ұқсамайтын қозғалыстарды ығыстыруға, ал сәттілерін бекітуге әкелді.

Басқа ұстанымдағы авторлар тобы мәселелердің шешілуінің сәтті тәсілдерін тудыратын ережелерді қарастырды. Э.Толмен, К.Креч және басқалар, мәселені шешуғе тырысатын жануардың қозғалысы ауытқы, кездейсоқ сипатта болмайды және жануар мақсатқа жетуге тырысып, жағдайды талдап, қозғалыстың қажетті бағытын таңдау кезінде, бейімделу әрекеті үрдісінде пайда болады деп санады.

Осының салдарынан мақсатқа бағытталған жануардың ұмтылыстары азаяды және мақсатқа қажетті қозғалысты реакциялардың пайда болуына әкеледі. Мақсатқа талпынушы жануардың мінез-құлқының күрделі бағдарламалары кейде кездейсок емес, жаңа жағдайларға белсенді бейімделуі кезінде пайда болуын американдық зерттеушілердің бірнеше бақылаулары айқын көрсетеді.

Бұл айғақ күрдслі лабиринт ішіндегі жануардың (атжалманның) қажетті жолды іздеуі кезіндегі әрекеттерін талдау барысында тіркелді. Зерттеу лабиринт ішіндегі жануардың ұмтылыстары кездейсоқ болмай, ыақсатқа жалпы бағытталатынын көрсепі. Сондықтан, лабиринтта бір рет жетістікке жеткен жануар, үлгіге кері бағытта орналасқан лабиринт тығырықтарына қарағанда, керсетілген жол бағытындагы лабиринт тығырықтарына жиірек кіреді. Сонымен. лабиринттегі жануар қозғалыстары кездейсоқ сипатта болмайды, яғни орта жағдайына белсенді бейімделудің нәтижесі болып табылады.

«Латенттік үйрету» деп аталатын эксперименттер осының айғағы болады.

Американдық зерттеушілер эксперименггерінде лабиринтті етіп шығу мақсатымен салынған жануарлардағы бейімделудің жылдамдығы, лабиринт бойымен жай ғана жұруге және лабиринт жағдайына бейімделуге мүмкіндік берілген, жануарлардың бейімделу жылдамдығымен салыстырылды. Бұл мынаны керсетті: бірінші топтағыта қарағанда, екінші топтаты жануарларда қажетті бейімділілік тезірек қалыптасты. Мұның бәрі, арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қалыптасқан қозғалыс бағдарламаларының, рефлекстердің механикалык тізбегі емес, бейімделу әрекеті кезіндегі жануарда қалыптасатын күрделі динамикалық үлгілер болып табылатынын көрсетеді.

Омыртқалылардағы бейімделу әрекетінің мұндай жаңа түрлерінің қалыптасуына екі ерекшелік тән. Біріншісінің мағынасы мынада: бейімделуді немесе ізденуді белсенді қозғалыстардан бөлуге болмайды және мұндағы қажетті қозғалысты табу, қозғалыс бағдарламасын орындауға себеп болмай, сынақ қозғалыстарының орындалуы кезінде қальштасады; екіншісінің мағынасы: жануарлардың бейімделу әрекетгері сияқты жоғары деңгейде жасаліан мінез-құлықтың жаңа түрлері де жануар тіршілігінің ерекшелігімен тығыз байланыста болатын мінез-құлықтың табиғи түрлеріне тәуелді болады. Мәселен, шөп қореқті жануарлардың (сиыр, қой) бейімделу әрекеті шектеулі енжар сипатта болады және әрекеттің құбылмалы — дара жаңа түрлері баяу қалыптасады. Керісінше, табиғи жағдайдагы жыртқыштардың (жыртқыш құстар, түлкі) бейімделу әрекеттері белсенді ізденістер түрінде болып, кұбылмалы жагдайга сэйкес келетін мінез-кұлықтың жаңа түрлері анағұрлым тезірек калыптасады.

Туа біткен мінез-күлық бағдарламаларының құбылмалы-дара жана эрекет түрлерімен мүлдай тыгыз байлаиыста болуы аталған даму кечеціндегі жоғары омыртқалылардың да мінез-құлкқна тән.

Эволюция баспалдағының шыңындағы омыртқалыларда «интеллектуалдық» мінез-кұлық деп атауға болатын мінез-құлықтың жаңа құбылмалы-дара түрлері пайда болады. Сонғысының ерекшелік мәні мынада: тапсырмаларға бсйімдслу, қозғалыс сынақтары болмай, мәселе шешімінің үлгісі қалыптаса бастайтын олардың қосымша алғы шарттары болады. Бұл уақыттағы қозғалыстар аталған күрделі әрекеттің орындаушы бөлігі ғана болады. Сонымен, эволюцияның жоғары кезеқдерінде ерекше күрделі мінез-құлық түрлері қалыптаса бастайды. Олардың күрделі кұрылымына мыналар енеді:

—   мәселе шешімінің нүхқасын жасауға әкелетін бейімделуге бағытталған зерттеуші әрекет;

—    мақсатқа жетуге бағытталған мінез-құлықтың құбылмалы бағдарламаларын қалыптастыру;

—  орындалған әрекеттерді бастапқы ниетпен ұштастыру.

Жануарладың мінез-құлқының бұл түрін екі маңызды құбылыс ерекшелейді: экстраполяциялық рефлекс және естін күрделі түрлерінің дамуы. Кейбір жануарлар мінез-құлқынан олардың заттың тікелей қабылдануына бағынбай, оның қозғалыстарын қадағалап, күткен объектінің орын ауысуына бейімделуі эксперимент жузінде анықталған. Экстраполяциялық рефлекс құбылмалы-дара мінез-құлықтың жоғарырақ интеллектуалдық түрлерін қалыптастырудағы маңызды бастаулардың бірі болып табылады.

Интеллектуалды мінез-құлықтың қалыптасуының маңызды шартын тудыратын екінші бастау болып, қабылдаудың өспелі күрделілігі мен естін беріктігі саналады. Бұл айғақты кейінге қалдырылған реакциялар эксперименттері анық көрсеткен. Жануарды байлап, оның көзінше жәшікке жемді салады. Аз уақыттан кейін жануарды босатады: егер оның есінде із сақталса, онда ол жәшікке жүгіреді, егер сақталмаса, ешқандай әрекет жасамайды. Әр түрлі жануарлардағы бейнелі есте сақтаудың ұзақтығын мысал үшін көрсетейік:

атжалман     —        10-20 сек. дейін

ит                         10 мин. дейін

маймыл      —         16-48 сағ.дейін.

Жоғары жануарлардың (маймылдардың) иителлектуалдық мінез-құлқын жүйелі түрде зерттеулерін белгілі неміс психологы В.Келлер бастады. Мінез-құлықтың бұл түрін зерттеу үшін, Келлер маймылдарға мақсатқа тікелей жетуге мүмкіндік бермейтін, қиын жағдайлар жасады. Маймыл тамағын алу үшін не айналмалы жолды пайдалануы, не бұл мақсатқа арнайы құралды қолдануы керек болды. Мәселен, маймылды үлкен темір торға кіргізіп, оның жемін сыртқа, қолы жетпейтін жерге қояды. Оны ол тек тордын артқы қабырғасындағы есік арқылы ғана ала алатын болады.

Келлер жасаған зерттеулер келесі көріністі байқауға мүмкіндік берді. Алдымен, маймыл тамақты тікелей алғысы келіп, оған қарай созылады немесе секіреді. Содан соң маймыл бұл табыссыз ұмтылыстарды тоқтатып, қозғалмай отырып, жағдайды бақылай бастады. Мәселе шешімі тікелей болатын сынақтар кезеңінен бакылау ұмтылыстары жағдайларының кезеңіне ауысып, маймылдың козғалысы алдын ала жасалған «шешім жобасының» орындалуы ғана болады.

Жануарлардың тапсырманы интеллектуалды тұрғыда шешуге қалай келетінін түсіндіру өте қиын және бұл үрдісті әр түрлі зерттеушілер әр түрлі сипаттайды. Кейбіреулері маймылдың мінез-құлқының бұл түрлерін адам интеллектісіне жақындатуға болады деп санап, оларды шығармашылықтың ашылу құбылысы түрінде қарастырады. Австриялық психолог К.Вюлер, маймылдың құралды қолдануын алдынғы тәжірибелерден (ағаштағы өмір сүретін маймылдар жемісті алуы үшін бұтақты тартуы керек болған) өтуінің нәтижесі ретінде қарастыру керек дейді. Қазіргі кезеңдегі зерттеушілердің пікірі бойынша, интеллектуалдық мінез-құлықтың негізін жеке заттар арасындағы күрделі қатынастардың көрінісі құрайды. Жануарлар заттар арасындағы қатынастарды ұғынып, осы жағдайдың нэтижесінен басым бола алады. Маймылдардың мінез-құлқын бақылаған И.П.Павлов олардың интеллектуалдық мінез-құлқын «қолмен ойлау» деп атады.

Сонымен жоғары сүт қоректілерге тән интеллектуалдық мінез-құлық өзінің ерекше жоғары дамуына адам тәріздес маймылдарда жатады. Ол тек қана адамға тән, мүлдем басқа, жаңа типтегі психиканың дамуы тарихы — адам санасынын даму тарихы басталатын психиканың жоғары даму шегін білдіреді. Біз байқағандай, адам санасы тарихының алдын жануарлар психикасының күрделі әрі ұзақ даму үрдісі құрайды. Бұл жолдың негізгі кезеңдері мен оның заңдылықтарын анық көруге болады. Жануарлар психикасының дамуы олардың биологиялық эволюция үрдісі  кезінде  болып,     осы  үрдістің  жалпы  заңдылықтарына бағынады.

Сонымен жануарлардың күрделірек ортаға бейімделуі қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезім мушелерінің бөлінуіне әкеледі. Осының негізінде ортаның жекелеген ерекшеліктерін бейнелеу қабілеттілігі — қарапайым сенсорлык психика пайда болады. Жануарлардың жер беті тіршілігіне өтуі және (осының нәтижесінде) бас миы қабығының дамуына байланысты болатын перцептивтік психика — жануарлардың біртұтас заттарды бейнелсуі пайда болады. Мидың, қабылдау мен әрекет жасау мүшелерінің аса жетіле дамуына әкелетін тіршілік шарттарынын қындауы, жануарларға заттардың объективтік қатынастарын заттар жағдайлары түрінде сезіне қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен психиканың дамуы жануарлардың ортага бейімделуінің қажеттілігімен анықталады және психикалык бейнелеу, осы бейімделу барысында оларда қалыптасатын сәйкес мүшелердің қызметі болып саналады.

Психиканың бірнеше даму сатылары болады. Психиканың қарапайым түрі — жүйке жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа жәндіктер дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші ермек пен тамақтың (ермекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейнелендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тамағының түсі мен иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің қызуына реакция жасайды және т.б.

Тіршілік иесінің, әсіресе жүйке жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделеніп әр түрлі мүшелердің атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ ағзалар қызметінің бірігуі белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді. Бұл әсіресе жүйке жүйесінің жоғары бөлігінің қальштасуы кезінде анық байқалады. Осыдан психикалық іс-әрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.

Барлық сүтқоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сииатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін бір объектінің кей кездері тіпті күрделі объектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән. Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады. Мәселен, ит өз иесін дауысы, киімі, иісі тағы басқа кептеген белгілері арқылы тани алады. Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей, объектілерде қайсы бір қасиеттері жануар үшін өте маңызды болса (сигнал ретінде), ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін. Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы, оны дұрыс ажырата алуы, ал екінші бір белгілерді ажырата алмай, қателесуі, қайтерін білмей, тайқактауы — міне, осыдан.

Жоғары сатыдағы сүтқоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қасиеті тән. Бұлардың ішінен, әсіресе маймылдар, бәрінен бұрын антропоидтар немесе адам тәріздес маймылдарды айту керек. Олардың миы мейлінше дамыған, өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас, әрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі. Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды. Маймылдар тек ғана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей өзін біріктіру арқылы бейнелеп коймайды, сонымен қатар заттардың  арасындағы байланысты да бейнелей алады. Зоопсихолог Ю.Войтонис атап көрсеткендей, маймылдардың осындай қабілетке ие болуы — бағдар-зерттеу рефлексі күшті дамығанына байланысты болады. Өйткені бұл рефлекстер олардың өзіндік қажеттеріне айналып кеткен. Академик И.П.Павлов Роза дейтін антропоид маймылдың әрекеттерін бақылай келіи, «ол ақыл-ой жаттығуларынан көрі асқазан рахатын бірінші кезекке қояды» деп атап көрсеткен еді.

Байқампаздық маймылдарды заттар арасындағы байланысты «ашу» деңгейіне итермелейді. Ми жарты шарлары қыртысының дамуы тұтас жағдайларды және заттар арасындагы бір жағдай төңірегінде болатын сан қилы байланыстарды бейнелей алуға мүмкіндік береді.

Павловтың атап көрсеткеніндей, маймылдардық ойлау қабілеті бар. Олардың ой түюі нақтылы, бірден іс жүзіне асады. Әрине, бұл маймылдар сөйлей алмайды, сондықтан танып білген нәрсесін жадында сақтау, болмыстан бір ауық алшақтап, абстракты түрде ойлау арқылы қайта қалпына келтіру мүмкіндіктері жоқ.

Сонымен, маймыл тамақты жеу алдында шөлін қандырып алу үшін бешкедегі суды пайдаланды делік. Алайда, егер бөшкені басқа жерге ауыстырып, ал тағамды соның жанындағы келшікке, тақтай үстіне тастасаң, маймыл тағамның айналасындагы суды ішпейлі жанындағы тұрған бөшкеге ұмтылады. Демек, оның жалпы су туралы ұғым жоқ, тек ғана бөшкедегі сұйықтың шел қандыратындығы туралы ғана мағлұмат бар. Маймылдар үйір-үйір болып жүріп өмір сүреді. Әр үйірдің басында шектеусіз билікке ие және ерекше артықшылық жағдайдағы бастаушысы болады. Маймылдар арасында белгілі бір дәрежеде ынтымақтастық қатынастар болады: олар бір-бірінін жүніндегі қоқысты тазалайды, ауа райынын қолайсыз кездерінде бір-бірін жылытады, жауларына бірлесе қарсы тұрады, қауіп төне қалғандай болса бірге қашып қулылады.

Бастаушының іс-әрекеті өзгелері үшін белгі ретінде ұғынылуымен бірге қауіптен сақтандыратын немесе маймылдардың өзара көніл-күйін білдіретін дыбыстық белгілер де болады.

Ғалымдар сонғы ондаған жылдардан бері дельфиндер тіршілігіне баса назар аударып келеді, дельфиндерді психикалық-жүйкелік жаратылысы жағынан жоғары дамыған жануарлар қатарына жатқызуға болады екен. Неміс физиологы М.Тидеман дельфин миының даму дәрежесіне тавданғандығын айтқан болатын. Мұндай даму дәрежесі дельфинді адам мен орангутангтардан кейінгі үшінші орынга қоюға, сейтіп онын ақыл-ой қабілетінің де сол деңгейде екендігін топшылауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамның миы орта есеппен 1,4 килограмм болса, дельфиннің миы — 1,7 килограмм, ал ми қыртысындағы иірімдер адамның миындағыдан екі есе көп.

Ғалымдардың бақылаулары мен арнайы тәжірибелері дельфиндерде шапшаң қабылдау және «ойлау» қабілетінің бар екендігін дәлелдеп отыр. Ағылшын зерттеушісі Д.Лиллидің айтуына қарағанда, өте шапшаң есептейтін кибернетикалық қондырғының көмегінсіз дельфиндердің психикалық іс-әрекетін зерттеу мүмкін емес.

Швейцария профессоры А.Портман, адам мен жануарларды интеллектік сынау әдісімен зерттей келіп, мынадай деректерді жариялады: адам 215 балл алған (бірінші орын), дельфин — 190 балл (екінші орьш), піл үшінші, ал маймыл төртінші орынды иеленген.

Дельфин тәртіптің, дағдының кез келген туріне өте тез және оңай үйренеді, баулуға көнбіс келеді. Олардың қатынасқа үйірлігі мен дыбыстык белгілерінің сан қырлылығы тән қалдырады. Дельфиндер бір-біріне ұдайы көмектеседі, мәселен, жаралыларын сүйемелдейді. Дельфиндердің суға батқан адамдарға көмекке келуінің талай-талай мысалдары кездесіп қалып жұр. Сонымен, интеллектік мінез-құлық жоғары дәрежедегі дамыған жануарларға, яғни маймылдарға, дельфиндерге, пілге тән. Жануарлардың интеллектік мінез-құлық әрекеті адам санасы қалыптасуының алғы шарты болып табылады.

Мұлдем басқа ерекшеліктермен сипатталатын дамудың мүлдем басқа түрін адам психикасы — адам санасы білдіреді. Психика дамуын басқаратын заңдылыктардың өзгеруі салдарынан адам санасының пайда болуы — оның басты ерекшелігі болып саналады. Егер жануарлар әлемі тарихында психика дамуынын заңдылықтарына бағынатын жалпы заңдылықтар болып биологиялык эволюция заңдылықтары саналса, адам психикасының дамуы тарихи қоғамдық заңдылықтарға бағына бастайды.
Тағы рефераттар