Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның құқықтық мәртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін, басқару, тарату және қайта құру тәртібін анықтайды. Бұл құжатты кәсіпорынды ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы фирмалар дайындайды. Құрылтайшылар бірнешеу болса, құжат құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітіледі, олардың қолдары қойылып, нотариат куәландырады. Содан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтеді. Осынау рәсімдер тізбегі тиісінше орындалғаннан соң заңдық күшке ие болады. Енді акционерлік қоғам жарғысының үлгісін қарастырып көрелік.
Кәсіпорын жарғысының үлгісі
Мұқаба беті
Акционерлердің Жалпы жиналысының 2007 жылғы «20» маусымдағы № 1 хаттамасымен БЕКІТІЛГЕН
«АРНА» акционерлік қоғамының ЖАРҒЫСЫ
Алматы қаласы
|
1. ҚОҒАМНЫҢ АТАУЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
1.1. Қоғамның толық атауы:
— қазақ тілінде «АРНА» акционерлiк қоғамы;
— орыс тілінде – Акционерное общество «АРНА»;
— ағылшын тілінде – Joint Stock Company «ARNA».
Қоғамның қысқарған атауы:
— қазақ тілінде — «АРНА» АҚ;
— орыс тілінде — АО «АРНА»;
— ағылшын тілінде – JSC «ARNA».
1.2. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 000000, Алматы қ., Республика алаңы, 4.
2. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2.1. «АРНА» акционерлік қоғамын құру (бұдан әрі Жарғы мәтіні бойынша – Қоғам) «АРНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру нысанында жүрді, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2005 жылғы «___»_________ № ___куәлік (бастапқы тіркеу күні 2002 жылғы 23 желтоқсан). Қоғам қайта құрылған «АРНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің барлық кредиторлары мен қарыздарларының алдындағы тараптар арасындағы даулы міндеттемелерді қосқанда, барлық міндеттемелері бойынша заңды мұрагері болып табылады.
2.2. Қоғам заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
2.3. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.
2.4. Қоғамның дербес балансы, банктік және басқа да шоттары бар, өз атауы көрсетілген мөрге ие.
2.5. Қоғамның өз тауарлық белгісі, қызмет көрсету белгісі және символикасы бар, олардың үлгілері белгіленген тәртіппен бекітіліп, тіркеледі.
2.6. Қоғамның қызмет ету мерзімі шектеусіз.
3. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
3.1. Қоғам қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қызметтен таза кіріс алу болып табылады.
3.2. Қоғам қызметінің мәні:
● өндірістік-техникалық мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, тұрғын үйді, жабдықтар мен басқа да мүліктерді жалға беру (оның ішінде лизинг талабымен);
● салынған жылжымайтын мүлік нысандарын ары қарай кәсіпкерлік қызметке пайдалану үшін жалға беру (оның ішінде лизинг талабымен) және сату арқылы құрылысын қаржыландыру;
● құрылыс материалдарын өндіру;
● импортталатын, сол сияқты отандық өндірістің құрылыс материалдарымен, бұйымдармен және құралдармен сауда жасау;
● көтерме және бөлшек сауда;
● жабдықтарды, құрылыс маитериалдарын, құралдарды, шикізатты, жиынтықтаушы бұйымдарды, конструкцияларды экспорттау және импорттау;
● құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстары;
● қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру;
● ақпараттық, инжирингтік, маркетингтік, делдалдық, дилерлік және дистрибьюторлық, өкілдік және басқа да қызметтер көрсету;
● Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қызметтер болып табылады.
3.3. Қазақстан Республикасының заңдарында лицензиялау көзделген қызмет түрлерін Қоғам белгіленген тәртіппен тиісті қызмет түріне лицензия алғаннан кейін жүзеге асырады.
4. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.1. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары бар.
4.2. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен бөлек мүлікке ие және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапкершілік көтереді.
4.3. Қоғам өз акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік көтермейді. Акционерлер де Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қоғам қызметіне байланысты зиян шегу тәуекелдерін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде көтереді.
4.4. Қоғам өз атынан мәмілелер (шарттар, келісім-шарттар) жасайды, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып алады және жасайды, сотта талапкер немесе жауапкер болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді атқарады.
4.5. Қоғам Қазақстан Республикасында және шет елде өз филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, өз мүлкі есебінен оларға негізгі және айналым қаражатын бөледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес олардың қызмет тәртібін анықтайды. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі олардың жеке балансында және жалпы Қоғамның балансында есепке алынады.
4.6. Филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметіне Қоғам тағайындайтын тұлға басшылық жасайды. Филиалдың басшысы және өкілдіктің басшысы Қоғамнан алынған сенімхат негізінде әрекет етеді.
4.7. Қоғам дербес сыртқы экономикалық операциялар жасай алады, бұған өз қызметіне қажетті экспорттық және импорттық мәмілелер де кіреді.
4.8. Қоғам өз қызметін жүзеге асыруға қажетті үй-жайларды, жерді, сондай-ақ әртүрлі жылжымалы және жылжымайтын мүлікті салуға, сатып алуға, алуға және жалға беруге құқылы.
4.9. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында және осы Жарғыда көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыра алады.
5. ҚОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Қоғамның акционерлері Қазақстан Республикасының заңды және (немесе) жеке тұлғалары бола алады.
Шетелдік заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қоғам қызметіне қатысуға құқылы.
5.2. Қоғамның акционері мыналарға құқылы:
1) осы жарғыда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысу;
2) дивидендтер алу;
3) Қоғам қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде осы Жарғыда белгіленген тәртіппен Қоғамның қаржылық есебімен танысу;
4) тіркеушіден немесе номиналды ұстаушыдан бағалы қағаздарға өз құқығын растайтын үзінді жазба алу;
5) Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысына Қоғамның Директорлар кеңесіне сайлау үшін үміткерлер ұсыну;
6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау;
7) Қоғам органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Жарғының нормаларын бұзатын әрекеттер жасаған жағдайда, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға хабарласу;
8) Қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұратулармен хабарласу және Қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауап алу;
9) Қоғам тараған жағдайда мүліктің бөлігіне;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен акцияларды немесе қоғамның өз акциясына айналдырылатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу.
5.3. Ірі акционердің төмендегілерге де құқығы бар:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда сотқа шағымдану;
2) Директорлар кеңесіне қолданыстағы заңдарға сәйкес акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуді ұсыну;
3) Директорлар кеңесінің мәжілісін шақыруды талап ету;
4) ірі акционердің есебінен Қоғамға аудиторлық ұйымның аудит жүргізуін талап ету.
Қоғамның Жарғысында белгіленген акционерлердің құқығын шектеуге жол берілмейді.
5.4. Акционерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарға да ие болуы мүмкін.
5.5. Қоғамның акционері:
1) осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген тәртіппен акцияларды төлеуге;
2) он күн ішінде қоғамның тіркеушісін және осы акционерге тиесілі акцияның номиналды ұстаушысын қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге;
3) Қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын басқа да құпия ақпаратты жарияламауға;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
5.6. Қоғам Қоғамның акцияларын сатқысы келетін адамдарға оны Қоғамның өзінің немесе басқа тұлғалардың ұсынылған бағадан асып түсетін бағаға сатып алу туралы ұсыныстар жасауға құқылы. Сатып алу туралы ұсыныста акциялардың саны, бағасы және үшінші тұлғалар сатып алатын жағдайда сатып алушылардың деректемелері болуы тиіс. Қоғамның бұл құқығы Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері ескеріле отырып іске асырылады.
6. ҚОҒАМНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
6.1. Қоғамның жарияланған акцияларының жалпы саны 100 000000 (бір жүз миллион) дана, олардың ішінде:
— жай акциялар — 100 000000 (бір жүз миллион) дана;
— артықшылықты акциялар – жоқ.
6.2. Қоғамның жарғылық капиталы акционерлердің номиналдық құны бойынша акцияларды төлеуі және инвесторларға (инвесторға) орналастыру бағасы бойынша акцияларды сату арқылы қалыптастырылады.
6.3. Жарғылық капиталды қалыптастыру Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, мүлікпен, мүліктік құқықпен, оның ішінде жер пайдалану құқығымен, интеллектуалдық меншік нысандарына құқықтармен жүзеге асырылады.
6.4. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға акционерлердің жалпы жиналысының немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес сот шешімімен акциялар шығару және орналастыру арқылы жол беріледі.
6.5. Қоғамның мүлкі мыналардың есебінен:
1) акционерлердің Қоғамның акциясын төлеуге берген мүлкі;
2) оның қызметі нәтижесінде алынған кірістерден;
3) Қазақстан Республикасының заңдары тыйым салмаған негіздер бойынша сатып алынған басқа да мүліктен құралады.
7. ҚОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ
7.1. Қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
7.2. Акциялар бөлінбейді. Егер акция бірнеше адамның ортақ меншігі құқығында болса, олардың барлығы бір акционер деп саналады және өздерінің ортақ өкілі арқылы расталған акцияларының құқықтарын пайдаланады.
7.3. Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналымға шығару және өтеу талабы мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарымен белгіленеді.
7.4. Жай акция акционерге дауыс беруге қойылған барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға, Қоғамның таза кірісі болған кезде дивидендтер алуға, сондай-ақ ол таратылған кезде Қоғам мүлкінің бір бөлігіне құқықтар береді.
7.5. Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және Қоғамның акциясын орналастыру нәтижелері туралы есепті ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында және уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады.
7.6. Қоғамның акциялар ұстаушыларының тізілімін қалыптастыруды, жүргізуді және сақтауды бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарға сәйкес тіркеуші жүзеге асырады.
7.7. Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7.8. Акцияларды кепілге қою туралы мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.
8. ТАЗА КІРІСТІ БӨЛУ ТӘРТІБІ, ҚОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ
БОЙЫНША ДИВИДЕНДТЕРІ
8.1. Қоғамның таза кірісі (салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін) Қоғамның басқаруында қалады және акционердердің Жалпы жиналысының шешімімен белгіленген тәртіппен бөлінеді, оның ішінде дивидендтер төлеуге. Қалған бөлігі Қоғамды дамытуға немесе акционерлердің Жалпы жиналысының шешімімен көзделген басқа мақсаттарға жұмсалады. Акционерлердің Жалпы жиналысы жыл қорытындысы бойынша қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеудің ақылға сыйымсыздығы туралы шешім қабылдауға құқылы.
8.2. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер ақшамен немесе Қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді, бұл ретте дивидендтер төлеу туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында Қоғамның жай дауыс беруші басым даусымен қабылдануы тиіс, бұған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтет кірмейді. Қоғамның артықшылықты акциялар бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
Қоғамның акциялары бойынша бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге былайша төлеу акционердің жазбаша келісімі болған кезде Қоғамның жарияланған бағалы қағаздарымен жүзеге асырылу талабымен ғана жол беріледі.
8.3. Қоғамның акциялары бойынша мынадай жағдайда дивидендтер төлеуге жол берілмейді:
1) меншік капиталы теріс көлемде болған кезде немесе егер Қоғамның меншік капиталының көлемі акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесінде теріс мәнге ие болса;
2) егер қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе жағдайы жоқтығы белгілеріне жауап берсе не көрсетілген белгілер акциялары бойынша дивидендтер есептегеннен кейін байқалса;
3) егер сот немесе Қоғамның акциялонерлерінің Жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса.
8.4. Қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.
Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.
9. ҚОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫ
9.1. Қоғамның органдары мыналар болып табылады:
жоғарғы органы – акционерлердің Жалпы жиналысы;
басқару органы – Директорлар кеңесі;
атқарушы органы – Атқарушы директор.
Акционердердің Жалпы жиналысының шешімімен бақылаушы орган – Ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның өзге де органдары құрылуы мүмкін.
10. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
10.1. Қоғамның жоғарғы органы – акционердердің Жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы жылдық және кезектен тыс деп бөлінеді.
10.2. Қаржылық жыл аяқталғаннан кейін бес ай ішінде Қоғам жыл сайын акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізеді. Акционерлердің басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркегеннен кейін және акциялар ұстаушылар тізілімі жүйесін қалыптастырғаннан кейін шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
10.3. Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында:
1) қоғамның жылдық қаржылық есебі бекітіледі;
2) қоғамның өткен қаржылық жылы үшін таза кірісін бөлу тәртібі мен қоғамның бір жай акциясы есебімен дивидендтер көлемі белгіленеді;
3) акционерлердің қоғамның қызметіне және оның лауазымды тұлғаларына қатысты мәселелері және оларды қарау нәтижелері қарастырылады.
Директорлар кеңесінің төрағасы қоғамның акционерлерін қоғамның директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мөлшерін және атқарушы органының құрамын хабардар етеді.
10.4. Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы шешім қабылдау құқығы акционердердің Жалпы жиналысының құзыретіне берілген басқа да мәселелерді қарауға құқылы.
10.5. Акционерлердің Жалпы жиналысының түпкілікті құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) Қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа редакциясын бекіту;
2) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
3) Қоғамды ерікті қайта құру немесе тарату;
4) Қоғамның жарияланған акциялар санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;
5) қоғамның бағалы қағаздарын конвертациялау, сондай-ақ оларды өзгерту талабы мен тәртібін белгілеу;
6) есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
7) Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен талабын анықтау;
8) қоғамға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
9) жылдық қаржылық есепті бекіту;
10) Қоғамның есепты қаржылық жылға таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және дивидендтер көлемін Қоғамның жай бір акциясы есебімен бекіту;
11) осы Жарғыда және қолданыстағы заңдарда көзделген жағдайларда қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
12) Қоғамның басқа заңды тұлғаларды Қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада активтерінің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін бере отырып, құруы немесе қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
13) қоғамның акционерлерді акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлау нысанын анықтау және осындай ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыру туралы шешім қабылдау;
14) қолданыстағы заңдарға сәйкес акцияларды қоғам сатып алу кезінде акциялардың құнын анықтау әдісіне өзгерістерді бекіту (егер оны Жалпы жиналыс бекітпесе, әдістемені бекіту);
15) акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
16) акционерлерге Қоғам қызметі туралы ақпарат ұсыну тәртібін белгілеу, оның ішінде егер осындай тәртіп қоғамның жарғысында белгіленсе, бұқаралық ақпарат құралын анықтау;
17) «алтын акцияны» жүргізу және күшін жою;
18) осы жарғыда акционерлдердің жалпы жиналысының түпкілікті құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдау.
Акционерлердің Жалпы жиналысының осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша шешімі Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының білікті басым даусымен (төрттен үшінен кем емес) қабылданады. Акционерлердің Жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешімі Қоғамның дауыс беруші акцияларының дауыс беруге қатысып отырған жалпы санының жай басым даусымен қабылданады.
10.6. Акционерлердің Жалпы жиналысы Қоғамның басқа органдарының Қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша кез келген шешімінің күшін жоюға (өзгертуге) құқылы.
10.7. Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысын Директорлар кеңесі шақырады. Акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысы мыналардың бастамасы бойынша шақырылады:
1) Директорлар кеңесі;
2) ірі акционер.
10.8. Акционерлердің Жалпы жиналысын дайындауды және өткізуді:
1) атқарушы орган;
2) сонымен жасалған шартқа сәйкес Қоғамның тіркеушісі;
3) Директорлар кеңесі;
4) Қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.
10.9. Акционерлер («алтын акцияның» иесі) алдағы жалпы жиналыстың өтетінін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етілуі тиіс, ал сырттай немесе аралас дауыс берген жағдайда – жиналыс өтетін күнге дейін қырық бес күнтізбелік күн бұрын хабардар етілуі тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс не жазбаша хабарлама жіберу арқылы акционерге («алтын акцияның» иесі) жеткізілуі тиіс. Көрсетілген мерзімдерді есептеу акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған күннен бастап не оны акционерлерге («алтын акцияның» иесіне) жазбаша хабарлама ретінде жіберген күннен бастап жүргізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және басқа тілдерде жарияланған жағдайда, белгіленген мерзімді есептеу осындай соңғы жарияланым шыққан күннен бастап жүргізіледі.
10.10. Қайтадан жиналысты өткізу бастапқы (өтпей қалған) Жалпы жиналысты өткізу белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте емес белгіленуі мүмкін. Акционерлердің өтпей қалғанының орнына өткізілетін қайталама жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселені қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы, егер:
1) кворум болмағандығы себепті өтпей қалған акционерлердің жалпы жиналысын шақыру тәртібі сақталса;
2) тіркеу аяқталған сәтте қатысу үшін оған Қоғамның дауыс беруші акцияларының қырық және одан да астам пайызын иеленуші акционерлер (немесе олардың өкілдері), оның ішінде сырттай дауыс беруші акционерлер тіркелсе.
10.11. Акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібін Директорлар кеңесі қалыптастырады және талқылауға шығарылған нақты тұжырымдалған мәселелердің түпкілікті тізбесінен тұруы тиіс.
10.12. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілмеген мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ.
10.13. Акционерлердің жалпы жиналысы, егер жиналысқа қатысушыларды тіркеу аяқталған сәтте оған қатысуға және ол бойынша дауыс беруге құқығы бар, Қоғамның жиынтығы елу және одан астам пайыз акциясын иеленген акционерлердің тізіміне енгізілген акционерлер немесе олардың өкілдері тіркелсе, күн тәртібі бойынша мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы.
10.14. Акционер акционерлердің Жалпы жиналысына қатысуға және қаралып отырған мәселеге жеке өзі немесе өз өкілі арқылы дауыс беруге құқылы. Акционердің өкілі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет етеді.
10.15. Акционерлердің Жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде ескерілмейді және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
10.16. Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған кезде жарияланған уақытта ашылады.
10.17. Акционерлердің Жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (президиумды) және хатшысын сайлайды.
10.18. Акционерлердің Жалпы жиналысы дауыс беру нысанын белгілейді – ашық немесе құпия (бюллетенмен). Акционерлердің Жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау кезінде әрбір акционер бір дауысқа ие, ал шешім қатысушылардың жай басым даусымен қабылданады.
10.19. Акционерлерінің саны жүзден аз Қоғамда есеп комиссиясының функциясын Акционерлердің Жалпы жиналысының хатшысы атқарады.
10.20. Акционерлердің Жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралғаннан және олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін жабық деп жариялануы мүмкін.
10.21. Акционерлердің Жалпы жиналысының шешімі сыртай дауыс беру арқылы да қабылдануы мүмкін. Сырттай дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы акционерлердің дауыс беруімен (аралас дауыс беру) бірге не акционерлердің Жалпы жиналысын өткізбей-ақ жүргізілуі мүмкін. Сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген.
10.22. Акционерлердің Жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» принципі бойынша жүргізіледі, бұған мыналар жатпайды:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда бір акционерге берілетін акциялар бойынша дауыстардың ең жоғарғы санын шектеу;
2) Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беру;
3) Акционерлердің Жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір тұлғаға акционерлердің Жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беру.
10.23. Кумулятивтік дауыс беру кезінде акциялар бойынша ұсынылатын дауыстар акционерге Директорлар кеңесінің мүшелігіне бір үміткерге толықтай берілуі немесе Директорлар кеңесінің мүшелігіне бірнеше үміткер арасында бөлінуі мүмкін.
10.24. Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс беру қорытындысы жөніндегі хаттама жасалып, қол қойылады. Акционерлердің Жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысы баспасөз басылымында жариялану немесе акционерлердің Жалпы жиналысы аяқталғаннан күннен бастап он күн ішінде әрбір акционерге жазбаша хабарлама жіберу арқылы назарына ұсынылады.
10.25. Акционерлердің Жалпы жиналысының хаттамасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының талаптарына сәйкес жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.
10.26. Акционерлердің Жалпы жиналысының хаттамасына мыналар қол қояды:
1) Акционерлердің Жалпы жиналысының төрағасы (президиум) және хатшысы;
2) есеп комиссиясының мүшелері;
3) дауыс беруші акциялардың он және одан астам пайызын иеленушілер және акционерлердің Жалпы жиналысына қатысушылар.
11. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
11.1. Директорлар кеңесі – Қоғамның қызметіне жалпы басшылық жасайтын Қоғамның органы, бұған акционерлердің жалпы жиналысының түпкілікті құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу кірмейді.
11.2. Директорлар кеңесінің түпкілікті құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) Қоғам қызметінің басым бағыттарын анықтау;
2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау, бұған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген жағдайлар кірмейді;
3) акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде жарияланған акциялар саны көлемінде орналастырылатындарының (өткізілетіндерінің) саны туралы, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
4) Қоғамның орналастырылған акцияны немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алуы туралы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;
5) Қоғамның жылдық қаржылық есебін алдын-ала бекіту;
6) Қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттарын анықтау;
7) Қоғамның атқарушы директорының өкілеттік мерзімін анықтау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
8) Қоғамның атқарушы директорының лауазымдық жалақасының мөлшерін, еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттарын анықтау;
9) ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, еңбекақы төлеу және ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне сыйлықақы беру мөлшерін және талабын анықтау;
10) корпоративтік хатшыны тағайындау, өкілеттік мерзімін анықтау, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысының мөлшері мен сыйлықақы төлеу шарттатын анықтау;
11) аудиторлық ұйымның қызметіне ақы төлеу мөлшерін, сондай-ақ Қоғамның акциясын төлеуге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушыны не ірі мәміленің мәні болып табылатындарды анықтау;
12) Қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту (Қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын қабылдайтын құжаттарды қоспағанда), оның ішінде аукциондар өткізу және Қоғамның бағалы қағаздарына жазылу шарты мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттар;
13) Қоғамның филиалдарын және өкілдіктерін құру және жабу туралы шешім қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;
14) Қоғамның басқа заңды тұлғалардың он және одан астам акцияларын (жарғылық капиталдағы үлесін) сатып алуы туралы шешім қабылдау, сондай-ақ олардың қызметі туралы мәселелер бойынша шешім қабылдау;
15) Қоғамның міндеттемелерін жеке капиталы мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын шамаға ұлғайту;
16) Қоғамның алдыңғы тіркеушілерімен шартты бұзған жағдайда, Қоғамды тіркеушіні таңдау;
17) Қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия ақпаратты анықтау;
18) ірі мәмілелер және Қоғамның жасауға мүдделі болып отырған мәмілелер жасау туралы шешім қабылдау;
19) комитеттер құру туралы шешім қабылдау, олардың сандық құрамын бекіту, комитет мүшелерін бекіту, сондай-ақ комитеттердің қызметін ретейтін ішкі құжаттарды бекіту;
20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген акционерлердің жалпы жиналысының түпкілікті құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер.
11.3. Қоғамның Директорлар кеңесінің түпкілікті құзыретіне жатқызылған мәселелер Қоғамның атқарушы органының шешуіне берілмейді.
11.4. Директорлар кеңесінің Қоғамның Жарғысына сәйкес оның атқарушы органының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
11.5. Директорлар кеңесінің мүшелігіне жеке тұлғалар сайланады. Директорлар кеңесінің мүшелері мыналардың ішінен сайланады:
1) акционерлер – жеке тұлғалар;
2) акционерлердің мүдделерін білдіретін өкілдер ретінде Директорлар кеңесіне сайлауға көрсетілген (ұсынылған) тұлғалар;
3) басқа тұлғалар (осы Жарғының 11-бабының 11.6. тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып).
11.6. Директорлар кеңесінің мүшесіне Қоғамның акционері болып табылмайтын және акционерлердің мүдделерін білдіретін өкілдер ретінде Директорлар кеңесіне сайлауға көрсетілмеген (ұсынылмаған) жеке тұлғалар да сайлануы мүмкін. Мұндай тұлғалардың саны Директорлар кеңесі құрамының елу пайызынан аспауы керек.
11.7. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кумулятивтік дауыс беру арқылы жүргізіледі. Қоғамның атқарушы директоры Директорлар кеңесіне сайлануы мүмкін, бірақ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
11.8. Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады.
11.9. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін акционерлердің Жалпы жиналысы сайлайды және егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында басқадай көрсетілмесе, шектеусіз бірнеше рет қайта сайлана алады.
11.10. Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін акционерлердің Жалпы жиналысы белгілейді. Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі жаңа Директорлар кеңесін сайлау өткізілетін акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу кезінде өтеді.
11.11. Акционерлердің Жалпы жиналысы Директорлар кеңесі мүшелерінің барлығының немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінінен бұрын тоқтатуға құқылы.
11.12. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату оның бастамасы бойынша Қоғамның Директорлар кеңесін жазбаша хабарлар ету негізінде жүзеге асырылады.
11.13. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау акционерлердің Жалпы жиналысыа ұсынылған кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшесінің өкілеттігі Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімінің өтуімен бірге бітеді.
11.14. Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы оның мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының басым даусымен сайланады.
11.15. Төраға Қоғамның Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, Қоғамның Директорлар кеңесінің мәжілісін шақырады және оған төрағалық етеді, мәжілістерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен хаттама жүргізуді ұйымдастырады.
11.16. Қоғамның Директорлар кеңесінің мәжілісі оның Төрағасының немесе атқарушы органының бастамасы бойынша не төмендегілердің талабы бойынша шақырылады:
1) Директорлар кеңесінің кез-келген мүшесінің;
2) Қоғамның ішкі аудит қызметінің;
3) Қоғамға аудит жүргізуші аудиторлық ұйымның;
4) ірі акционердің.
Қоғамның Директорлар кеңесінің мәжілісін шақыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген.
11.17. Қоғамның Директорлар кеңесінің мәжілісін өткізуге кворум Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелері санының жартысынан кем болмауы тиіс.
11.18. Қоғамның Директорлар кеңесі мәжілісіндегі шешімдер Директорлар кеңесі мүшелерінің мәжілісіне қатысушылардың жай басым даусымен қабылданады. Директорлар кеңесі мүшелерінің дауыстары тең түскен жағдайда, Төрағаның даусы шешуші болып табылады.
11.19. Қоғамның Директорлар кеңесі мәжілісінің хаттамасы ол өткеннен кейін үш күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының талаптарына сәйкес ресімделеді және төраға мен хатшы қол қояды.
12. АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР
12.1. Қоғамның атқарушы органының функциясын Атқарушы директор атқарады. Атқарушы директор Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайды. Қоғамның Атқарушы директоры акционерлердің Жалпы жиналысының және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды.
12.2. Қоғамның Атқарушы директоры Қазақстан Республикасының заң актілерінде және Қоғамның Жарғысында Қоғамның басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Қоғамның қызметіне қатысты кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға құқылы.
12.3. Атқарушы директор басқа ұйымдармен Директорлар кеңесінің келісімімен ғана жұмыс істеуге құқылы. Атқарушы директордың функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заң актілерінде, Қоғамның Жарғысында, сондай-ақ Қоғаммен жасалатын жеке еңбек шарттарында белгіленген. Қоғам атынан Атқарушы директормен жасалатын жеке еңбек шартына Директорлар кеңесінің Төрағасы немесе Жалпы жиналыс немесе Директорлар кеңесі арқылы осыған уәкілетті тұлға қол қояды.
12.4. Атқарушы директор:
1) акционерлердің Жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауды ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғаларға қатысты Қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) Қоғамды үшінші тұлғаларға қатысты білдіру құқығына сенімхат береді;
4) Қоғам қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және босатуды жүзеге асырады (осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда), оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады, Қоғам қызметкерлеріне Қоғамның штаттық кестесіне сәйкес лауазымдық жалақы және дербес үстеме ақы мөлшерін белгілейді, Қоғамның атқарушы органының және ішкі аудит қызметінің құрамына кірген қызметкерлерді қоспағанда, Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік пакеттер мөлшерін және түрлерін белгілейді;
5) өзі болмаған кезде өз міндеттерін орындауды өз қызметкерлерінің (орынбасарларының) біріне жүктейді;
6) міндеттерді, сондай-ақ қызметкерлер (орынбасарлар) арасында өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөледі;
7) Қоғамның ішкі тәртібін реттейтін құжаттарды бекітеді;
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органның келісімімен өкілдіктер мен филиалдардың басшыларын, басшылардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерін тағайындайды;
9) Қоғамның қызметкерлерін кәсіптік дайындау және қайта дайындау туралы мәселені шешеді;
10) қолданыстағы заңдарда, жеке еңбек шарттарында, акционерлердің Жалпы жиналысында және Директорлар кеңесінде анықталған өзге де функцияларды атқарады.
12.5. Атқарушы директорды сайлау, оның өкілеттігі, лауазымдық жалақысының мөлшері, сондай-ақ өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.
12.6. Қоғамның лауазымды тұлғалары:
1) өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайды және Қоғам мен акционерлердің мүдделерін барынша көздейтін тәсілдерді қолданады;
2) Қоғамның мүлкін Қоғамның Жарғысына және акционерлердің Жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы мақсатта пайдаланбауы немесе оны пайдалануға жол бермеуі тиіс;
3) тәуелсіз аудит жүргізуді қосқанда, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашуды және беруді бақылайды;
5) қоғам қызметі туралы ақпараттық құпиялылығын сақтауға міндетті, оның ішінде егер қоғамның ішкі құжаттарында басқадай көзделмесе, қоғамда жұмысты тоқтатқан сәттен бастап үш жыл ішінде сақтауға міндетті.
13. ҚОҒАМНЫҢ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
13.1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
13.2. Ішкі аудит қызметін құру және қызмет ету тәртібі, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы мен сыйлықақы мөлшері мен шарты Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.
13.3. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
13.4. Ішкі аудит қызметі Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және өз жұмысы туралы солардың алдында есеп береді.
14. ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТ
14.1. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есебін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңдарында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген.
14.2. Қоғамның Атқарушы директоры жыл сайын акционерлердің Жалпы жиналысына өткен жылға арналған қаржылық есепті талқылауға және бекітуге ұсынады, оларға аудит Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдарына сәйкес жүргізілген болуы тиіс. Қоғамның Атқарушы директоры қаржылық есептен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есепті ұсынады.
14.3. Қоғамның жылдық қаржылық есебі Директорлар кеңесінің алдын-ала бекітуіне акционерлердің жылдық Жалпы жиналысын өткізу күніне дейін отыз күн бұрын жатады. Қоғамның жылдық қаржылық есебін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында жүргізіледі.
14.4. Қоғам жылдық қаржылық есепке аудит жүргізуге міндетті. Қоғамның аудиті Директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша Қоғамның есебінен не ірі акционердің талабымен өз есебінен жүргізілуі мүмкін.
14.5. Қоғамның құжаттары, оның ішінде Қоғамның қаржылық есебі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзім ішінде және көлемде сақталады.Акционердің талабы бойынша Қоғам оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттардың көшірмелерін беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия ақпаратты беруге шектеу қоюға жол беріледі.
15. ҚОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ӨЗ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІНІҢ АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚОҒАМҒА АҚПАРАТ БЕРУ ТӘРТІБІ
15.1. Қоғам өз акционерлерінің назарына Қоғам қызметі туралы, Қоғамның мүддесін қозғайтын ақпаратты ұсынуға міндетті.
15.2. Қоғам акционерлерінің мүдделерін қозғайтын ақпарат деп мыналар танылады:
1) акционерлердің Жалпы жиналысы және Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпараттар;
2) Қоғамның акциялар және басқа да бағалы қағаздар шығаруы, уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру нәтижесі туралы есептерді бекітуі, Қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есептер, уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарының күшін жоюы;
3) Қоғамның ірі мәмілелер жасауы және Қоғамның жасалуына қызығушылығы бар жасалған мәмілелер;
4) Қоғамның меншік капиталының жиырма бес пайызын және одан да асатын мөлшерде заем алуы;
5) Қоғамның қандай-да бір қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алуы, Қоғамның қандай-да бір қызмет түрін жүзеге асыруға бұрын алған лицензиясының тоқтала тұруы немесе қызметін тоқтатуы;
6) Қоғамның заңды тұлғаны құруға қатысуы;
7) Қоғам мүлкінің тұтқындалуы;
8) баланстық құны Қоғам активтерінің жалпы көлемінің он немесе одан астамын құрайтын Қоғам мүлкінің жойылуына алып келген төтенше сипаттағы жағдайлардың орын алуы;
9) Қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапқа тарту;
10) Қоғамды еріксіз тарату туралы шешім.
15.3. Акционерлердің мүдделерін қозғайтын Қоғам қызметі туралы ақпарат акционерлерге былайша жеткізіледі:
1) заңда көзделген жағдайларда «Юридическая газета» және «Заң газетi» баспасөз басылымдарында жариялау;
2) акционердің жеке жазбаша өтініші бойынша ақпарат ұсыну.
15.4. Акционер ақпарат алу үшін Қоғамның атқарушы органына жазбаша нысанда хабарласады. Акционердің өтініші Қоғамның келіп түсетін құжаттарды тіркеу журналына тіркелуі тиіс. Қоғам акционерге талап еткен ақпаратын (талап етілген құжаттардың көшірмелерін) хабарласқан күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде беруге міндетті.
15.5. Құжаттардың көшірмелерін беру үшін ақы төлеу көлемін Қоғам белгілейді және құжаттардың көшірмелерін дайындауға және құжаттарды акционерге жеткізуге байланысты шығыстар төлемінен аспауы тиіс.
15.6. Қоғамның аффилирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қоғамға аффилирленгендігі туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өздерінің аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер беруге міндетті.
15.7. Қоғамның лауазымды тұлғасы қызметке қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Қоғамға жазбаша түрде өзінің аффилирленген тұлғалары туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
15.8. Акционерлер Қоғамға өздерінің аффилирленген тұлғалары туралы ақпаратты жазбаша түрде Қоғамның акциясына меншік құқығын сатып алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
15.9. Қоғамның акционерлері және лауазымды тұлғалары өздерінің аффилирленген тұлғалары туралы ақпаратқа өзгерістер жөнінде өзгеріс енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
16. ҚОҒАМДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
16.1. Қоғамды қайта құру (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта ұйымдасу) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
16.2. Қоғам қосылу нысанында қайта құрылуды қоспағанда жаңадан пайда болған заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қайта құрылды деп саналады.
16.3. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешімді акционерлердің Жалпы жиналысы қабылдайды, ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлардың келісімімен және олардың бақылауымен тарату рәсімдерін анықтайды.
16.4. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда Қоғамды мәжбүрлеп тарату жүргізіледі.
16.5. Соттың немесе акционерлердің Жалпы жиналысының Қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады. Тарату комиссиясы Қоғамды тарату кезеңі ішінде басқаруға және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әрекеттерді жасауға өкілетікке ие болады.
16.6. Тарату комиссиясының құрамына Қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де тұлғалар кіруі тиіс.
16.7. Қоғамды тарату рәсімдері мен оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
16.8. Қоғам мемлекеттік тізілімге тиісті жазба енгізілгеннен кейін таратылды деп есептеледі.
17. ҚОҒАМ МЕНШІГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
17.1. Қоғам мүлкін және оған тиісілі құқықты құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
18. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
18.1. Егер осы жарғының ережелерінің бірі жарамсыз болса, онда оның қалған ережелерге қатысы болмайды. Осы Жарғының жекелеген ережелерінің жарамсыздығы оның қалған бөлігін тұтастай жарамсыз етпейді. Жарамсыз ереже заң жол беретін және тиісті қатынастарды реттейтін ережеге ауыстырылады.
18.2. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша енгізілуі мүмкін.
18.3. Осы Жарғыда көрсетілмеген Қоғам қызметіне қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.
19. КҮШІНЕ ЕНУ
19.1. Осы Жарғы мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Акционерлердің Жалпы жиналысының 2007 жылғы «20» маусымдағы Хаттамасының негізінде Қоғам акционерлерінің атынан
Атқарушы директор _____________________________
Тағы рефераттар
- Манаш Қозыбаев
- Еңбекті нормалаудың еңбекақымен байланысы
- Қонақ үй қызметінің құрылымы және оларға сипаттама
- Менмендік және немқұрайдылық
- Қазақ халқының урбанизациялық дамуы