Жаза ұғымы және оның түрлері туралы қазақша реферат
Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-пен көзделген айыру немесе оларды шектеу б.т.
Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.(ҚР ҚК 38-бап).
Жазаның түрлері:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 39-бап).
Айыппұл ҚК-те көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген АЕК-ң белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша өндіріп алу.
Айыппұл ҚР-ң аңдарымен белгіленген АЕК-ң жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол, ҚК-ң 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе тиісінше бір ай түзеу жұмыстары есебінен қамаумен немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе айыппұл орнына тиісінше АЕК-ң үш еселенген мөлшері есебінен он күндік қамаумен ауыстырылады.(ҚР ҚК 40-бап).
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан қосымша жаза ретінде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол ҚК-ң Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкін.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалаудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.(ҚР ҚК 41-бап).
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негігі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін белгіленеді және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Қоғамдық жұмыстардан әдейі жалтарған жағдайда олар ҚК-ң тиісінше 45 және 46 және 48-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледі.
Әскери қызетшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.(ҚР ҚК 42-бап).
Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.
Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгілен мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер ҚК-ң Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір АЕК-ке тең айыпұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының онына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарса сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыра алады.(ҚР ҚК 43-бап).
Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ жиырма проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады. Осы жазаны өтеу уақытында сотталған адамның лауазымын, әскери атағын көтеруге болмайды, ал жаза мерзімі кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдар мерзіміне есептелмейді.(ҚР ҚК 44-бап).
Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұғылықты жері бойынша өтеледі. Өзге жаза бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Сот бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін және оқитын жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндеттерін орындауды жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыу мерзіміне есептеледі.
Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға қолданылмайды.
Бас бостандығын шекеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сотталған адамға бұрын белгіленген міндеттердің күшін толық немесе ішінара жоя алады.(ҚР ҚК ҚР ҚК 45-бап).
Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау б.т.
Қамау бір айдан алты айға дейіінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Қамау үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке томаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
Әскери қызметшілер қамауды абақтыда өткізеді.(ҚР ҚК 46-бап).
Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады. Бұл жаза әскери қымыстар жасағаны үшін ҚК-ң Ерекшке бөліміндегі тиісті баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына дәл сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамдарға қолданылмайды.
Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау кезінде тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімі тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен белгіленеді.(47-бап).
Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.
Үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
ҚК-те көзделген қылмысарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыру алты айдан он бе жылға дейін, ол ҚК-ң 49-бабының бірінші бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру он жылдан аспауы тиіс. Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол аты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза
Тағайындау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі ҚК-ң 49-бабының үшінші бөлігінде, алпыс тоғызыншы бабының бесінші бөлігінде және 75-бабының төртнші бөлігінде көзделген жағдайларда жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолдануға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
Бас бостандығынан айыру:
а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – колония-қоныстарға;
б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға – жалпы режимдегі түзеу колонияларына;
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бастандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге – қатаң режимдегі түзеу колонияларына;
г) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамарға – ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.
Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауіпті қайталаны кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Үкіммен тағайындалған түзеу мекемесінің нысанын өзгертуді ҚР-ң құқықтық-атқарушылық заңдарына сәйкес сот жүргізеді.(ҚР ҚК 48-бап).
Өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.
Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адаммдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
ҚР-ң Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.
Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өкеннен кейін орындалады.
Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.(ҚР ҚК 49-бап).
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады.
ҚР-ң мемлекеттік наградалары, сондай-ақ ҚР-ң Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған ретте сот үкім шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, әскери шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы ҚР-ң Президенті ұсыныс енгізудің орындылығы туралы мәселені шешеді.(ҚР ҚК 50-бап).
Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі боп табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.
Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық-атқарушы заңдарда көзделген тізбеге сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбеуге тиіс.(ҚР ҚК 51-бап).
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары пәнінің түсінігі,жүйесі және құқық қорғау қызметi
- Педагогиканың зерттеулер туралы ұғым
- Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі дипломдық жұмыс
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инновацилық даму жағдайына талдау
- Логикалық программалау курстық жұмыс