Жоспар:

Кіріспе……..3

Негізгі бөлім

I. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері.

1.1. Жеке кәсіпкерлік туралы экономист ғалымдардының айтуы…..5

1.2. Жалпы кәсіпкерлік туралы: мәні, мазмұны және түрлері……..9

1.3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары…..13

II. ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі

2.1. ҚР жеке кәсіпкерлік мәселелері мен жетілдіру жолдары….19

2.2. ҚР жеке кәсіпкерлікте әйел адамдардың алатын ролі……23

2.3. ҚР-ның үкіметінің жеке кәсіпкерлікті қолдау құрылымы……24

2.4.     АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі…..27

III. ҚР жеке кәсіпкерліктегі мәселелерді қарастыру.

3.1.  Қ.Р. – дағы  кәсіпкерлікті басқару……28

3.2.  Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктертің мәселелер оны шешу мемлекеттік инститтың зерттеуі бойынша….31

Қорытынды……………33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……….35

КІРІСПЕ

Менің семестірлік жұмысымның тақырыбы «Жеке кәсіпкерлік». Бұл тақырыпты мен үш тарауға бөліп жаздым: «Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері», «ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлік», «ҚР жеке кәсіпкерліктегі мәселелерді қарастыру». Бұл жұмысымда мен кәсіпкерлік дегені не екен, оның атқаратын қызметтері, мазмұны мен түрлерін, ҚР жеке кәсіпкерліктің алатын орыны, мәселелерімен оның шешу жолдарын қарастырып жаздым.

Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.

Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.

Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады.

Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс.

Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі 3-7 проценке дейін оның сомасына байланысты бөлінеді.

Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді. Патентепн жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді. Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады, бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді. Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды.

Біздің Республикада кәсіпкерлікгі дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлік мемлекеттік қоргау және қолдау дегеніміз — аталғанқызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.

Республикада Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр.

Мақсаты: Кәсіпкерліктің: мәні, мазмұны және түрлерің қарастыру, ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігін салыстырып айырмашылықтарымен ұқсастығын қарастыру, ҚР жеке кәсіпкерлігіндегі  мәселелерді қарастыру және оның шешу жолдарын табу.

Міндеттері: жеке кәсіпкерліктің басты міндеттерің қарастырғанда, алдымен біз: мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдік және нарықтық қарым-қатынастардың барлық өкілдеріне занда ескертілген жәйттерден тыс жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру; шаруашылықты жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтың қажетті инфрақұрылымның қалыптасуы; қолда бар пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін де ашық болуы; бұрынғы заңдардың кәсіпкерлікке қарсы баптарын алып тастау, сондай-ақ, қажетті баптар мен жаңа заңдарды қабылдау тәрізді шарттардан тұруын қарастыру.

Өзектілігі: Жеке кәсіпкерліктің өзектілігі, ол егер де мемлекетте жеке кәсіпкерлік немесе кәсіпкерліктің басқада түрі қарқынды дамитын болса, онда ол мемлекетке экономика жағынан өте жағымды болады. Сонымен қатар халықтың әлауқатымен жұмыспен қамтылуына жақсы әсер етеді. Сондықтан қазіргі кезде жеке кәсіпкерлік өзекті сұрақ болып табылады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС / 35 бет


Тағы рефераттар