Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Мүлік салығын төлейтін жеке тұлғаларға да салық жеңілдіктері берілген. Атап айтқанда:
1.1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығынан мүлік құнының 1000 ең төменгі деңгей:
— кеңестер Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне,
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген
адамдарға, «Халық Қаһарманы» атағына ие болғандар, III дәрежелі
Даңқ ордені, «Отан» орденімен наградталған адамдар;
— «Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналар;
— I және II топ мүгедектер;
— Жеке тұратын зейнеткерлер.
- Бүгінгі таңда мүлік салығын төлеуден босатылатын жеке
тұлғалар:
1) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту
(оқу) кезеңінде;
2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы
құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіш шегінде (2007 жылы АЕК – 1030 теңге:
— Кеңес одағының Батырлары;
— Социалистік Еңбек Ерлері;
— «Халық қаһарманы» атағын алғандар, III дәрежелі Даңқ орденімен және «отан» орденімен наградталған адамдар;
— «Ардақты ана» атағын алғандар және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
— Жеке тұратын зейнеткерлер.
3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы
құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш шегінде. Осы аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойыншамүлік салығынан мұндай жеңілдік түрі қолданылмайды.
Салық салу объектілерін меншік иесі сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектілері меншік иесінің келісімі бойынша сенімгер басқарушы немесе жалгер берілген объектілер бойынша салық төлеуші болуы мүмкін.
Бұл ретте сенімгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуі салық салу объектілері меншік иесінің осы салық кезеңі үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынандай объектілер салық салу объектісі болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар,
саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар,
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс
объектілері – қоныстану (пайдалану) кезінен басталады.
Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Салық төлеуші жеке тұлғаның бірнеше салық салу объектілері болған жағдайда, салық базасы әр объек бойынша жеке-жеке есептеледі.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкалары:
1. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 24 желтоқсандағы «Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық туралы» Заңына сәйкес жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық жыл сайын құрылыстардың, үй-жайлар мен ғимараттардың түгенденген құнынан 0,1 пайыз нарқы бойынша, ал ол болмаған кезде – осы құрылыстардың мемлекеттік міндетті сақтандыруы бойынша төлемдер есептеу үшін қолданылатын бағамен төленеді.
2. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлкіне салық салынатын мүліктің түгендемелік құнынан 0,5 пайыз көлемінде мүлік салығын төлеген еді.
3. 2005 жылдың аяғына дейін жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай мынандай ставкалар бойынша есептелінді.
4. 22.11.2005 жылы №89 Заңымен жеке тұлғалардың мүлкін салығына өзгерістер өзгерістер енгізілді, салық ставкалары екі есе төмендеді, ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
700.02.011- жолда иеленуді нақты кезеңі үшін 700.02.010/12 * 700.02.003 ретінде анықталатын салық сомасы көрсетілді.
Егер нақты иелену кезеңі 12 айды құраса, онда 700.02.011-жолға 700.02.010-жолда көрсетілген сома ауыстырылады;
700.02.012-жолда олар бойынша осы нысан жасалатын көлік құралдарының саны көрсетіледі;
700.02.011 және 700.02.012-жолдарды көбейту арқылы анықталатын салық сомасы көрсетіледі.
Тағы рефераттар
- Оқиға болған жерді қараудың дайындық сатысы
- Мәліметтердің үш негізгі модельдері
- Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидің «Жами-ат-Тауарих» еңбегі
- D – триггерлер
- Шешендіктану ғылымының қағидалары