Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.

Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша әлемде төртінші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зеттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті тағы басқа маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына мемлекеттермен байланыста: Европалық  қауымдастық : 63%( Германия  16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия – Люксенбург 11%).

Бюджет сипаты: кірістер – 210  млрд доллар, шығыстар – 240 млрд доллар. Экспорт – 325 млрд доллар. Импорт – 320  млрд доллар.

Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының жоғарлағандығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік – тікелей  салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%). Ал, тікелей салықтар ішінде басты рөлде жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің  20% құрайды.Қазіргі кезде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде күрделі қадамдар жасауда.

Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.

Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен 4% үлесі тиеді.

Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы  мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.

Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы іс қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетке көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет  шығындарының  өсіп  отыруымен  сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

Францияның 2001 – 2015 жылдар аралығында көзделген мақсаттары мен жоспарлары. Кейінгі жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта байқалады.Бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 2002 —   2004 жылдарға аралығында еңбекке жарамды халықтың ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% дан 19,7% — ға төмендеді. 2004 жылдың қаңтар айында мемлекет   тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкенқадам жасалып  бағдарламасын жарияланады. Бағдарламадағы негізгі мақсат – салық ауыртпалығын азайтып, 2006 жылғы ЖІӨ — ң  43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.

Францияның қаржы минстрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан бекітілген болжамнан төменірек болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен асқан жоқ, 2004 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан 2005 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық  жоспар бойынша Франция 2006 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2006 жылы басталып кетті. Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы Батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4 – 2,6 % шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарлату қажет. Еңбек нарығын реттеу арқылы жұмыссыздықты әлде қайда төмендетуге болатынын Франция әлде қашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.


Тағы рефераттар