Жеке тұлғаның оқуға деген ішкі ынта-күшін дамыту туралы қазақша реферат
Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып жатыр, білім берудің мазмұны жаңарып өзгертілді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылым жолдарының бірі — білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістердегі өзгертулермен тығыз байланысты. Дегенмен де, адам психикасының дамуындағы ең қажетті құрылым — оқыту болса, кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі түрі бойынша бала оқу арқылы дамиды:
1.Оқытуда даму концепциясында (З.Фрейд)
2.Дамыта оқыту концепциясында.
XX ғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғылымы — А.С.Выготский. Қазіргі заңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалы дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық технологияны — дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке тұлғаның дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады. Конциологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшықеттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды тағы басқа деген қорытындылар айтуға болады.
Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықтаймыз. Қазіргі кездей дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады, соның негізінде өзіндік талдау-жинақтау, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: «Педогогика бала дамуының ертеңгі емес, іштей күйіне сүйену керек», — деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады:
1) өзекті даму деңгейі — бала бойында қалыптасқан өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер;
2) жақын даму аймағы — бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс. Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын дамытуға дағдыланады. Г.К.Селевко өзіндік дамыта оқыту технологиясын жүйеге кетіріп, оны үш бөлікке бөлді:
1) «Теория» — өзін-өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп бағдарламасына енгізумен ұғындыру.
2) «Практика» — өзін жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-әрекет сабақтан тыс уақытта орындалады.
3) «Әдістеме» — ғылыми негіз жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі мен құрылысын жасап, жүзеге асыру.
Осы үш бөлікті бір жүйеге келтіріп, мектептерде өзін жетілдіру сабақтарын жүргізуге болады. Өзіндік дамыта оқытудағы негізгі мақсат — жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі басқара алатын механизм құрып, адамгершілік пен танымдық қасиеттерін дамыту. Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос — көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы. Оқушы ұстанымы: өзін анықтап, еркін, өз қалауы бойынша әрекет ету, дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі дамуын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек ету, оның балаға деген сүйіспеншілігі, «мұғалім» мен «оқушы» арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен негізін ашуға мүмкіндік беру. Қазіргі кезде осы бағыт бойынша Қазақстан мектептерінде «өзіндік таным» пәндік курсы жүргізілуде. Бұл курстың бала тәрбиесіндегі алатын орны аса зор. «Өзіндік таным» курсы оқу барысында өзін-өзі тануы, оны жетілдіруі, дамытуы, жалпы адамзаттық құндылықтарды даму бойынша меңгеру мен дағдыларын ақиқат өмірде қолдануына, өз көзқарасын, іс-әрекеттерін белсенді жүзеге асыруға дағдыландырады. Бастауыш сыныпта «өзіндік танымды» қалыптастыру барысында оқушыларды қызықтырып өзінің жасаған жұмысына өзі баға беріп, қорытынды шығара білуге дағдыландырудың маңызы зор. Ол үшін әр түрлі өз бетінше орындалатын қызықты тапсырмалар беру керек. Мысалы, бірінші сыныпта математика пәнінде мынадай тапсармаларды қолдануға болады:
н | 9 – 4 |
ы | 2 + 7 |
с | 3 + 4 |
д | 10 – 6 |
а | 6 + 4 |
6 – 6 |
Бұнда өрнектерден мүсін тауып, дөңгелекше жазады. Ал өрнектердің мәні астыңғы кестеде орналасқандықтан әріптерді тиісті торкөзге орналастырып, жасырын сөзді табады. Егер жасырын сөз дұрыс шықса, онда тапсырма дұрыс орындалған. Міне, осыдан оқушы өзін-өзі бағалай алады.
Бұл тапсырмалар оқушылардың математикалық дағдылары ғана емес, қазақ тілінде де дұрыс жазып, жаңа сөздер құрастыра білуін дамытады. Осындай әртүрлі қызықты тапсырмалар оқушылардың ынтасы мен белсенділігін артырады. Оқушы бойында өзіндік танымды қалыптастыруда тек жеке курстарда ғана емес, сонымен қатар оқыту үрдісінде де жүзеге асырған өте тиімді. Себебі бала әр сабақта, әр тақырыпта өзін-өзі жетілдіріп отырады. Мұны жүзеге асыруда дамыта оқыту технологиясының маңызы өте зор. Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды: сабақта дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни, күнделікті сабақта оқушылардың жоғары білімділік және адамгершілік құндылықтарын атқарса, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өз-өзіне баға беруге дағдыланады. Қорыта келе: дамыта оқыту арқылы оқушылардың, өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап, жан-жүрегімен сезіне алынатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген шешімге келеміз.
Тағы рефераттар
- Газды көмірлердегі жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережесі
- Ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау
- Айтыс туралы
- Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары курстық жұмыс