Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті туралы қазақша реферат

Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне мемлекет жүктеген міндеттерді жүзеге асыруы үшін кең көлемде құзырет бірелген.

Құзыреттің негіздер республиканың Негізгі заңның 87 –бабында баянды етілген, ал «жергілікті өкілді және атқарушы органдар» туралы Заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалады.

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

Аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

Коммуналдық меншікті басқару,

Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату. Жергілкті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу,

Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін рсепубликалық заңдарында жергілікті  атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілетті жүзеге асыру

«… Жергілікті өкілді және атқарушы органдар» туралы заңда жергілікті әкімдердің, өзге де облыстық, аудандық, қалалық поселкелік және селолық әкімшілік органдардың өкілеттігі неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттелген.

Заңда жергілікті әкімдердің өкілеттігі баянды етілетінін, олардың өкілеттігін жүзеге асыру саласын бөліп көрсетілмейтінін атап өткен жөн.

Заңның 42 – бабында облыстық, аудандық, қалалық әкімдердің өкілеттігі баянды етілген. Атап айтқанда, жергілікті әкім: — облысты, ауданды, қаланы басқарудың бөлімдер, басқармалар және қызметтер жөніндегі үлгі тізбесін ескере отырып әзірленген схемасын мәслихаттың бекітуіне табыс етеді;

— тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің жобасын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді,

экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, мәслихаттың сессиясында олардың орындалуы туралы есеп береді.

— әкімшілік-аумақтық бөліністің меншігін басқаруды жүзеге асырады, қарамағындағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады,

— жоғары тұрған атқарушы орган берген өкілеттікке сәйкес республикалық меншіктегі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестреді;

— жергілікті әкімшілік органдарының басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады, республика министрлктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарының, аумақтық органдарының, республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың басшыларын тағайындауға келісім береді, оларды қызметтен босату және басқалар туралы ұсыныстар енгізеді.

— Поселкелік, селолық әкім поселке, ауыл, ауылдық округ азаматтары өкілдерінің жиналысын шақырады, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді,

-азаматтардың арыздарын, шағымдары мен өтініштерін қарайды.

—         ауыл, поселке, округ аумағының шеңберінде жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға байланысты мәселелерді шешеді.

—         Заңды жеке тұлғалармен шарттар жасасады, және банк құжаттарына қол қояды.

—         Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді шешеді. Өртке қарсы қауіпсіздік пен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асырады.

Жоғарыда келтірілген қызмет салаларында облыстық, аудандық, қалалық әкімшіліктердің өте кең өкілеттігі бар. Мәселен, жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік пен байланыс саласында, бюджеттің облысты, ауданды, қаланы дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлейді, әкімшілік-аумақтық бөліністердің меншігіндегі кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады, еңбек ресурстарын есепке қамтамасыз етіп, олардың бөлінуін реттейді, халыққа кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін байланыс қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асырады, оларға шарт негізіндегі почта, телефон, байланысы өзге де байланысты және басқаларын жақсартуда көмек көрсетеді.

Жер пайдалану, табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында: табиғатты қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, табиғат қорғау, экологиялық сараптама, қорғау объектілерін салу мен қайта құру жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады, экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы бар объектілерін салу мен қайта құруға тыйым салу және басқалар туралы қорытындылар дайындайды.

Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сәулет өнері, қаоа құрылысы саласындағы орталық мемлекеттік органмен міндетті түрде келісе отырып, аумақта құрылыс салуды жүзеге асырады, әлеуметтік-мәдени және өнеркәсіп объектілерін салу жөнінде тапсырысшы болуға құылы, жоспарлардың мемлекеттік сараптамасына, жеке және заңды тұлғалардың жобалау мен құрылыс салу қызметіне мемлекеттік лицензия беруге жәрдемдеседі.

Халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласында: білім беру ісін, балаларға мектепке дейін және мектептен тыс тәрбие беру жұмысын жүргізеді, облыстық, аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға қамқорлық жасайды; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды жүзеге асырып, пайдалануды ұйымдастырады.


Тағы рефераттар