Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлар туралы қазақша реферат
Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлардың бірнешеуін атап көрсетуге болады:
1. Эндокринді жарылыс, жыныстық гормондардың кенеттен өсіп кетуі: ең бірінші, агрессивтіліктің өсуіне алғышарт болып табылатын ұл балалардағы тестостерон;
2. Бас миындағы органикалық сырқаттар – травмалар, менингиттер, арахноидиттер жəне т.с.с.
3. Агрессивтілікті дамыта түсетін бұқаралық ақпарат құралдары, кино, бейне жазбалар, компьютерлік технологиялар.
4. Ересектер қатынасы – мектеп, ата-аналар
Бұл біріншіден, өсіп келе жатқан адмдарға қойылатын жаңа талаптарға сəйкес, техника-технологиялық түзілестердің қарқыны мен ритммен тікелей байланысты. Екіншіден, анық өмірлік позициясы қалыптаспаған жеткіншекке қатты əсерін тигізетін, «шу» тудыратын ақпараттың толық сипатымен байланысты. Үшіншіден, балада үмітсіздік сезімін жəне үлкендердің оларға осындай мұра қалдырғаны үшін ызашылдық сезімін тудыратын, біздің қоғамда орын алған экологиялық жəне экономикалық дағдарыспен байланысты
Жеткіншектер бойында агрессивтіліктің дамуына итермелейтін бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі, сонымен қатар жеткіншек бойында агрессивтілікті тəрбиелейтін өтірік, зұлымдық, зорлық-зомбылыққа толы кинофильмдер ағысы. Көптеген жеткіншектер белгілі бір манераларға сəйкес жəне түрлі ақпарат құралдарымен ұсынылатын стереотиптерге, тіпті нақты бір адамдарға еліктейтіндерін атап өткен жөн болар. Бұл жерден «боевиктердің», «детективтердің», т.с.с. көбі жеткеншікті өз алдына ересек етіп көрсетіп, өз демонстрациясының маңыздылығының амалы бола отырып, əрекет-қылығының агрессивті формасын тудырады. Бұл сонымен қатар референтті топта белгілі бір орын алу, өзіндік мойындалуға жету, басып ұялтуға болмайтын өзін адам екенің сезінуге деген қалаудың болуынан да көрінеді. Ересектермен формальді не формальсыз қатынас жүйесінде жəне көптеген жанұяда микроклимат орын алған жағдайда, бөтендік, қаталдық, жағымсыз қасиеттерге ие болуы ықтимал. Мұндай жағдайда жеткіншектер ересектермен ерегісіп, барлығын керісінше орындайды, сөйтіп агрессивтіліктің объективті алғышартын тудырады. Жеткіншектердің агрессивті əрекет-қылығының неғұрлым толыққанды негізін оның мотивациясының анализі береді. Бұл мотивацияда айтарлықтай маңызды рольді негативті мінезге ие сезім мен эмоция атқарады. Олар: қаһар, ашу, үрей-қорқыныш, кек, қасшылдық, жаушылдық т.с.с. Жеткіншектік жастағы балалардың агрессивті əрекет-қылығындағы эмоциялар төбелес, ұру, балағаттау, дене жарақаттары, кісі өлтіру, дүние мүлікті бұзу, құрту түрінде көрінеді.
- Агрессивті жеткіншектермен жүргізілген жұмыстарындағы психологиялық-педагогикалық аспектілерде негізінен үш бағыт бар:
1. Жеткіншектің əрекет-қылығының бұзылуының типін диагностикалық тип арқылы анықтау;
2.Агрессивті жеткіншектермен жұмыс жасаудағы кеңестермен ұйымдастырылған іс-шаралар;
3.Осындай балалармен тəрбиелік жұмыстың мазмұны, сонымен қатар қоршаған ортаға оның ішінде отбасына əсері
Тағы рефераттар
- Туристік ұйымдардың түрлері
- Сана
- Пневмонияның жасқа байланысты ерекшеліктері
- Философия
- Табиғаттың ластануы